Б. С. Оралбекова 05 ж


ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



бет17/27
Дата07.02.2022
өлшемі123,06 Kb.
#90043
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
09cbc67e-b6b8-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД конфл
1️⃣-2️⃣сұрақ.
ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Түсінік хат
Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология” курсы қарымқатынас психологиясының пән ретінде мәнін ашудағы ғылыми-әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, сонымен қатар отандық және әлемдік психологиялық, әлеуметтік ғылымдардың жетістіктерін негізге алады.
Курстың мақсаты: Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология курсының білімін зерттеу және меңгерудің негізінде студенттердің психикалық ойлауы дамиды, семинар және практикалық сабақтарда қарым-қатынас психологиясы мен шиеленісті шешу бойынша іскерлік және дағдыларын қалыптастыру.
Курстың міндеті:

  1. қарым-қатынас психологиясының заңдылықтарын зерттеудің негізінде студенттердің білімін жүйелеу;

  2. әртүрлі теория және фактілерді жүйелі-психикалық талдау процесі негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін, іскерлік және дағдыларын дамыту;

  3. әлемдік және отандық зерттеулердің негізгі принциптерімен, бағыттары және идеяларымен таныстыру.

Курстың жоғары кәсіптік білім берудегі орны.
Ұсынылып отырған курс білімгерлерге қарым-қатынас психологиясы мен конфликтология ғылшымдары бойынша өзбетімен психологиялық тәжірибелер жүргізуге, қоғамда және жеке тұлғааралық қатынастарда кездесетін шиеленістік жағдайларды кәсіби біліктілікпен шеше алуға септігін тигізеді.
Пререквизиттер: Психологиялық кәсіби білімі “Қарым-қатынас психологиясы” курсымен таныстықтан басталады. Нақты пәнді оқып-үйрену барысында алынған білім, Сізге қарым-қатынас психологиясы және конфликтология ғылымдарының негізін меңгеруге көмегін тигізеді. “Қарымқатынас психологиясы және конфликтология” курсын жемісті меңгеру үшін “Социология”, “Тұлға психологиясы”, “Халықаралық қатынастар” пәндерімен таныс болу қажет.
Постреквизиттер: Студенттердің осы курста алынған білімдері басқа мамандарға пәндерді жеңіл білуге көмек береді, олар: “Жалпы психология”, “Жас ерекшелік психологиясы”, “Педагогикалық психология” және тағы басқа.
Негізгі дидактикалық бірліктер мен түсініктер:
Қарым-қатынас: вербалды және вербалды емес қарым-қатынас; позитивті және негативті қарым-қатынас; конфликт объекті және пәні; конфликт тпологиясы; конликт құрылымы және динамикасы; конфликт элементтері; себептері; конструктивті және деструктивті қызметтері; конфликт алды жағдайлары; ашық конфликт; конфликт соңындағы кезең; тұлғаішілік конфликт; стресс; түрлі әлеуметтік ортадағы конфликттер; алдын алу; шешу жолдары; келіссөздер және оларды жүргізу жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет