Реферат Тақырыбы: Жеңіл атлетика ережелері



Дата08.02.2022
өлшемі82,38 Kb.
#117369
түріРеферат
Байланысты:
жеңіл атлетика
руп, грамматика тест, жеңіл атлетика, жеңіл атлетика, IntroToPR, Ата-аналармен жұмыс презент



Реферат
Тақырыбы: Жеңіл атлетика ережелері









Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика – ежелден келе жатқан спорт түрі.Жеңіл атлетикалық жаттығуларды ерте балалар бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына дейін ауқымды түрде қолданады. Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді.Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор.Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді.Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді.Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады:.

  • барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі;

  • ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы;

  • келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы;

  • дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы.

Жеңіл атлетика бұқара көп айналысатын спорт түріне жатады.Жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысу адамның қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады.Жеңіл атлетика дене мәдениеті және спорт жүйесінде спорттың ең басты түрінің бірі болып саналады. Себебі оны игеру өте оңай.


Жеңіл атлетика түрлері
Жүгіру, секіру, лақтыру тағы басқаларының бірнеше түрлері мен қолданбалы белгілері жетерлік. Осылардың барлығы жеңіл атлетика сабағында үйретіледі.Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары.Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру,секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған.
Жеңіл атлетика бойынша әйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған –56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі.
Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт алаңдары мен залдары.
Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондай-ақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік.
Сонымен қатар, жеңіл атлетиканы классикалық (К) (олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі. Қазіргі таңда олимпиада ойындары бағдарламаларына ерлерге арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24 түрі, ал әйелдерде 22 түрі кіреді.
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.

  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.

  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

  • Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

  • Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.

  • Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.

  • Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.

  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  • Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

  • Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
З. А. Абдрахманов,А. Ш. Смаилова Жеңіл атлетика кітабы



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет