Бақ ЖӘне экология оқу құралы Алматы 2013


II-ТАРАУ. Семей полигоны – қазақ елінің қасіреті



бет8/18
Дата29.12.2021
өлшемі329,5 Kb.
#106001
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
treatise7069
Әтак 5 дарис
II-ТАРАУ. Семей полигоны – қазақ елінің қасіреті

6 ДӘРІС. Қазақ елінің қасіреттері.

Дидар 1997 жылғы 20 қыркүйек

Жуықта Курчатов қаласылда ядролык қаруды таратлау және сынактардың зардабы туралы үш күндік халыкаралың симпозвум өткізілді. Әлемнің 300-ден аса мемлектінен көрнекті ғалымдар, экологтар, кайраткерлер бас косқан бұл жиында көп мәселе әңгімеленді Сол симпозиум матерлалдары негізілде жазылған тілшіміздідң макаласын оқырман назарына ұсылып отырмыз.

Бұрынғы Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары туралы аз жазыпып жүрген жоқ. Әйтсе де, оны егемендік алған еліміздің кай халык өкілі болмасын естен шығармауы тиіс. Семейдегі Радиациялык-экологиялык ғылыми орталықтың және баска да ғылыми деректерге сүйенсек, сынақ токталғанға дейін жалпы Кеңестер Одағында 670-тей ядролық жарылыс жасалған. Мұның 95 проценті Семей атом полигонында өткізіліпті. Сынак 1964-65 жылдардан бастап кана жер асты шахталарына көшірілген. Ал, 1949 жылдың тамызынан бастап жер үстінде, ауада жүргізіліп келген.Ресми түрде тіркелген сынактар саны - 124. Бірак кейбір архивтік кұжаттарға карасаң, бұл алдамшы цифр ғана сиякты.Шындығында, тек кейінгі жылдарда ғана полигонда 345 жер асты сынағы


болғанға ұксайды.Олар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы
Дегелең тауының койнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда
жарылған 600-ден астам сынактың 467 бомбасының заряд күші, тіпті,
белгісіз кұпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық «қарулардың сыналғандығы туралы деректер бар.Жетпісінші жылдарға дейін заряттар салынған штольнялар мен скважиналардың түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қакпактармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылып жаткан. Мұны мамандардың өздері де жокка шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең кауіптілері -«Стронций-90», «Плутоний-238»,

«Цезий-137»,тағыбаскалары.Мәселен,стронцийдіңұсақ микробөлшекке айналып қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал, цезийге - 30, плугонийге - 90 жыл кажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мең косындылардың пайда болатының ескерсек, барлық сынактан кейінгі жеріміздің, ел-журтымыздын денсаулығын ойлап көріңіз. Осыншама сынакты қойнына тығып жаткан кара жер койнауының әлі алда не әкелерін кім білсін. Бұл жақта сирек те болса өтетін жер -сілкінісінің өзі күдікті мың еселей түседі.

Қазак көнбіс те шыдамды жұрт кой. Әйтеуір, ку жанын шүберекте
түйіп алып, атам заманнан бері мекең етіп келе жатқан атажұртың тастап кетер емес. Қайнар (Абыралы) полигоннан 120-ақ шакырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын жерде, Абыралы ауданы ұйымдастырылғалы, полигон түбінен тағы екі шаруашылык ірг етепті. Оған, әдейі істегендей Монғолиядан келген қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрен шыдап, ауруға шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты ғана трактормен тартсаң да, козғалар емес.

Бір кезде кайнарлық кайсар азамат Болат Жәкішев ауылында полигон зардаптарынан қайтыс болғандардың тізімін жасап жүрген. Ол кайтыс болғалы да екі жылдан асыпты. Оның сол кездегі деректеріне жүгінсек -1963 жыддан бері, қатерлі ісік ауруларынаналақандай Қайнардың өзінде 200-ден астам адам кайтыс болған. 20- дан астам кыз-жігіт өзіне-өзі қол жұмсап, 18 адам ақ қан ауруынан қайтпас сапарга аттанған.Осы күні көзі тірі Жарма ауданының «Қалбатау» ұжымынде тұратын Мүтән Аймақов та сол кездің куәгері. «Қайнар» синдромын» көзімен керген адам. 1953 жылы 12-тамызда түңғыш сутегі бомбасын сынау кезінде

Қайнар селосында 42 адам әдейі тәжірибе үшін қалдырылған. Бұл күнде солардың екеуі-ақ жер басып тірі жүр.

Көрішлес Саржал ауылының да түпкілікті тұрғыны Қабден Есенғариннің айтуынша, (кейбір архив қүжаттары растайды) осы ауылда 120-ға таяу адам қатерлі ісік, тағы басқа ауыр металдар туғызған науқастардан қайтыс болған. Мұнда ауруханада 1962 жылдан бері радиация зардаптарынан қайтыс болғандардың да тізімі жасалыпты. Оқи бастасаң жаның түршігіп, жағанды ұстайсың! 1962 жыпдан бері Саржаддың 40-тан астам адамдары өзіне-өзі кол жұмсаған, мұның басым бөлігі, он екіде бір гүлі ашылмаған бозбала мен бойжеткен. Иә. өзекті өртеген өкініш осымен тынса бір сәрі ғой. Сол ауылдағы дәрігерлердің айтуынша қазір мұндағы әрбір жас балада қан жетімсіздігі, жүйке ауытқушылық, көз ауруы сияқты ауыр дерттерге шалдығушылық факторлары байқалады. Саржал ауылының 250 адамы радиологиялык диспансер есебіне тіркелген. Медициналык тексеруден өткенде1083адамнынның 500-ден астамының денсаулығында түрлі ауыткушылыктар аныкталған. Аулдағы орта мектептің 880 оқушысын тексеруден өткізгенде, -төрт жүзінен астамынан қатерлі ісіктің белгілері байқалған. Үш баланың бірі көз жанары ауруымен ауырады

Радиациялык сәуле алу кесірінен бұрын естіп білмеген сұмдыктарды керу пешенемізге жазылыпты. Мәселен, Қарауыдда өткен жылдары бір әйел босанып, қол-аяғы жок, басында екі көзі мен аузы ғана бар мутагенді жан иесін дүниеге әкелген. Мұндай бір колы, бір аяғы жок, не аяқ-қолы істемейтін кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі.

Осындай кемтар суретші карағандылык Күйіковтың есімі, кескіні қазір бүкіл әлемді шарлап кеткен.

Жалпы Семей өңіріндегі полигонга жакын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ -жүйке ауруына шалдыккандар саны(1995 жылғы деректер)-1650-ге таяу, ақыл-ойы кемдер - 4700-ге жетіпті. 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыкқан. Әсіресе, екі, әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың – иммунитеттері нашарлығы байкала бастаған. 1995-1996 жылдары бұрынғы Семей облысында туғандар санынан өлгендер саны басым түсе бастауы дабыл көтерерлік жағдайдың босағадан аттағанын керсетеді.1990 жылдан бастап полигон маңайындағы бес аудан халкы медициналық тексерулерден жыл сайын өтіп келсе, бұл жұмыс қаржы жетіспеушілігінен 1992 жылдан тоқтатылған. Ал, колда бар цифрларға жүгінсек, полигон манайындағы 100 мыңнан астам ауыл-село тұрғындары 100-ден 200 бэрғе дейін радиациялық сәуле алғандығы мәлім болып отьір. Ол «Қайнар синдромы» деген атпен кұпия тұрде Мәскеудегі әскери ведомствоға жинақталған. Осы медидиналық тексерулерді сол кездегі Кеңес Одағына мәлім радиолог ғалым А. Ф. Цыб басқарып келген.Кезінде осы.ғалымның медициналық комиссия саралтамасы

баспасөзде жарияланды. Оны негізге алсақ. - полигондағы адам сынақтары болған аймақта тұрғандардың канында қызыл түйіршіктер азаюы (ак қанға айналуы), хромосомдық, өзгерістер 4-5 есеге артқан;

- 1970 жылмен салыстырғанда әр тұрғынның орташа жасы үш жылға кыскарған;

- медициналык тексеруден өткендердің 45-50 процентінін организмдерінде ауруға карсы тұрушьшык (иммунитеті) темендеген.

-1969 жылмен салыстырғанда аққан ауруымен наукастанып, қайтыс болушылар саны үш есе көбейген;

- полигонмен жапсарлас тұрғанаудандарда туған балаларар арасында ақыл-ойы кемістер сол кездегі Одактық көрсеткіштен (әр мың . адамға шаққанда) бес есе көп;

- әр мың адамға шақканда осы бес ауданда қатерлі ісік аурулары 445-460
адамға жеткен;

- екі қабат әйелдердің науқа-стануы, түсік тастауы, үш әйелдің бірінің басындагы қасірет, тағысын- тағылар, оқи берсең таусылмайды. Кеңестер Одағының әскери ведомствосы қолмен туғызған сорақылық, кылмыскерлік 40 жыл бойы Қазакстанның ең құйкалы өңіріңде үнсіз қырғын ұйымдастырып келген.Біздің бағымызға орай Радиологиялык зерттеу орталыгының бас дәрігері В. Гусев семейлік болды..Ол республикамыз тәуелсіздік аласалысымен, көптеген кұжаттардың көшірмесін алып қалып, жантүршігерлік жағдайлардың бет пердесін ашты.Атом сынактарынан кейін пайда болатын 600-700 микрорентген бүкіл тіршілікті жояды. Ал, 300-400 рентген дозасын бойына сіңіргендер ак қанға шалдығып, аз уақыт ішінде өмірмен қоштасады. Радиологиялық орталык дәрігерлерінің зерттеуінше бұрынғы Семей облысы, көршілес Шығыс Қазакстан, Қарағанды, Павлодар, Аптай өлкесі тұрғындарының көпшілігі 25-30 бэр, кей аудандарда 40 бэрге дейін залал шеккен көрінеді. Мұндай сұмдыктың растығын Семей жеріне келіп, радиациялық деңгейді өлшеп жүрген ғалымдар да аракідік айтып жүр. Мәселен, семейліктер ішіп жүрген қымызда стронций нормадан 28 есе көптігі, ет, сүт, бау-бақша өнімдерінде басқа да ауыр металдар құрамы аз еместігі енді-енді анықталуда. Осындай жағдай Ертіс пен Шаған суларынан ауланған балық түрлерінде де байкалуда.

Бұрынғы Кеңестер Одағыныі әскери ведомствосы Қазакстанда 20 миллион гектар жерді әскери сынақ алаңдары ұшін бауырына баскан екен. Соның 2 миллион гектары Семей полигоны төңірегіндегі сынақтар алаңына жатқызылған. Осы алкапка,полигонға жапсарлас аудаңдардың жері мен еліне сынактардан қандай зиян келді? Кейбір шетелдік басылымдардың, әсіресе,американдык және жапондық ғалымдардың деректері бойынша -Семей өңіріне атом сынактары салдарынан келген зиян мөлшері 45-50 миллиард доллар көрінеді. Күні кеше Ресей Кенестер Одағының жалғыз мұрагері ретіңде, барлык әскери қуатты каруды езі жеке иемденіп кетті. Тіпті, стратегиялык атом қаруымен жарақталған бірнеше полкты да жеке дара меншіктеніп, өз территориясына көшіріп алды. Ал, күні бүгінге дейін Кенестер Одағының осы мүрагерлеріне атом полигоны зардаптарын жою жөнінде талап коймауымыз неліктен? Қаржылай көмек бере алмағанның өзінде, ағаш, мұнай, энергетикамен қараса алады ғой. Атом полигоны зардаптарынан кайтыс болғандардын толық тізімін жариялайтын «Қаралы кітап»шығаруды да колға алатын мезгіл жетті..Келешекте сынақ өткен жерлерді цеолит араласқан топыракпен өңдеуді осы бастан ойластырғанымыз жен. Өзіміздің облыста Тарбағатай ауданында цеолиттің мол кен орыны бар. Полигонды сол маңдағы елді мекендерді, атқарушы органдар мен медициналык орындарды гейзер, дозиметрлермен қамтамасыз еткен ләзім. Әлі күнге дейін полигон аймағындағы радиациялык деңгейдің картасы көпшілік қолына берілмеуі де зардаптарды молайта түсуде. Қай жерлерде тіршілік етуге болады, кай жерлерде қауіпті, оны халық білмейді. Радиациялык қауіпті аймақтардағы торлар алынып тасталған, мал жаюшылар, түрлі-түсті металл сынықтарын іздеушілер ол жерлерде еркін жүреміз деп, кенеттен кайтыс болуда. Чернобыль апаты кезінде зардап шеккен отбасындағыларға сомның құндылығы кезінде - 120 мыңнан қаржы бөлінгөні мәлім. Ал, Қазакстан үкіметі каражат жетімсіздігін сылтауратып, полигон зардаптарын жоюға байланысты барлық төлемдерді, жеңілдіктерді уақытшатоктатыптастады.Семейде біркезде ядролық сынақтар зардаптарын жою үшін18медициналық әр түрлі емдеу орталықтары іске косылған-ды. Қазір көпшілігі біріктіріліп, кейбіреулері жекешеленіп кетті. Қалай болғанда да, Семей полигоны аймағындағы Халық тағдырын естен шығармай, оларға әлеуметтік, экономикалык жеңілдіктерді сактау, дамыту елдігімізге сын. Семейде тұғырынан тайдырылған Ленин ескерткіші орнына атом полигоны сынақтарынын құрбандарына ескерткіш ашу- уақыт талабы. Казакстан мемлекеті бейбіт кезеңде халқымызды канды кырғынға ұшыраткандарды тегіс Гаагадағы халыкаралык сотқа беруі тиіс. Сонда ғана әділеттік орнап, өлі де, тірі дз риза болмак.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет