БАҚ-тың стилистикалық қырларын жетілдірудің заманауи бағыттары



Дата25.02.2018
өлшемі95,36 Kb.
#38267
Майкотова Ғ.Т.1, Мергенбаева Қ.2, Әлімжанова А.3

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

e-mail: maikotova.040571@mail.ru


БАҚ-тың стилистикалық қырларын жетілдірудің  заманауи бағыттары
Журналистика – өмір шындығын ешбір боямасыз қоғамға жеткізетін, шығармашылық орта қалыптастыратын қызмет түрі. Ол өмір шындығын сипаттап қана қоймай, жалпы қоғамда атқарылып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, бағыт-бағдар алуға жол сілтейді. Журналистік қызмет жұртшылықтың қажеттілігіне жауап беріп, әлеуметтік даму жағдайларды өзінің жазған ақпараттары арқылы жариялап отырады. Журналист барлық саладан да хабардар бола біліп, оның түрлі қыр-сырын игере алатын, әлеуметтік үрдістерге белсенді түрде араласа алатын, жан-жақты толық білімділікті бойына сіңірген маман иесі.

«Қандай да бір қоғам, саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтің, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі мен рөлі зор, өйткені қоғамның қалыпты саяси-әлеуметтік өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету қиын. Ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары дегенде, ең алдымен теледидар, радио, газет-журналдар мен ақпарат агентттіктерінде қызмет істеп жүрген төртінші билік өкілдері – ақпаратты жинап, оны миллиондаған көрерменге жеткізетін журналистерді ойға алатынымыз даусыз. Алайда ақпаратты жинау өз алдына, оны өңдеп содан кейін халыққа жеткізу шығармашылық процесс екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Мысалы, экрандағы 2 минуттық сюжет үшін қанша адамның еңбегі сарп етілгені жайлы көзі қарақты әр көрермен көбіне-көп ойлана бермейтіні де негізсіз емес. Өйткені бүкіл ұжымның жұмысы кадр сыртында қалатыны белгілі. Газет – журналдарда да сол. Материал редакциялаудан өтпейінше, тұтынушыға жол тарта алмайды. Ал көрермен сол еңбектің тек жемісін ғана көріп қабылдайды, яғни дайын өнімді қабыл алады».

Стилистика ұғымы тіл білімінің бір саласы ретінде ерте дәуірлерден бастап дамып келеді. Стилистиканың мәселелері жайлы 1954 жылы «Вопросы языкознания» журналының материалдарында кездесті. Стиль - бұл тарихи категория ретінде қалыптасып, стилистиканың негізгі ұғымдарына айналды. «Стиль» термині әдебиет тану, бейнелеу өнері, музыка сияқты ғылым салаларына да қатысты. Себебі, стиль терминінің мазмұны ауқымды болғандықтан, оның қолданыс табатын аясы кең.

«Стиль сөзі – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген мағынаны білдіреді. Оның осы мағынасы Еуропа білімпаздарының арасында көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде стиль – сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика – риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген.

Сөйтіп, лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келеді. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек ХХ ғасырдың бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды.

Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу үрдістерін айтамыз.

Тіл – қоғамдағы адамдар арсындағы аса маңызды қатынас құралы. Тіл, ең алдымен, ойды жарыққа шығарып, жетілдірудің құралы болу арқылы ойлаумен тікелей байланысты. Мысалы, сөз ұғымды білдіріп, соның тілдік көрсеткіші болса, ойды білдірудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем болып табылады. Тіл айналадағы дүние, объективтік шындық туралы адамның санасын қалыптастырады, оларды есте сақтауға негіз болады.

Ойды білдірудің ең кіші тілдік единицасы – сөйлем. Сөйлемнен кіші тілдік единицалар (сөз, сөз тіркесі) ойды білдіре алмайды. Ал сөйлем сөздерден, сөздер жиынтығынан немесе сөздер тіркесінен тұратыны белгілі. Сөйлемнен кіші единицалар ойды құрайтын жекелеген немесе күрделі ұғымды білдіреді. Сол ұғымдар жүйеленіп барып, сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы ой білдіріп, сөйлем құрайды. Грамматиканың объектісі – сөз. Грамматиканың салалары: морфология және синтаксис.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қайсысында болса да, негізгі материал – сөз. Әр сөзге жауапкершілікпен қарау, сөз мағынасын ерекше білу тілдік шеберлікті құрайды. Әрине, радио, телевизиядағы сияқты дыбыс, көрініс газет-журналдардағы сөзге көмекші рөл атқара алмайды.Сондықтан,баспасөз өнімдерінің тілдік,стильдік жағынан сәтті шығуы үшін тұщымды,оралымды тілдің орны ерекше. Ал, радио мен телевизиядағы сөздің орны айрықша.Тілдегі жаңалықтар халыққа осы электронды журналистика арқылы жол тартады.Тіл мәдениетінің де танылар тұсы осында.Тіл шеберлігі, стиль ерекшелігі мерзімді басылымның, телерадио хабарларының сапасын арттырады, әр журналисті басқалардан даралап тұрады.

Ал редакцияға келіп түскен алғашқы өніммен жұмыс жасайтын кім? Осындай қиын да күрделі, аса жауапкершілікті талап ететін шығармашылық қызметті кім атқарады? Бұл қызметті БАҚ ұжымдарында ерекше орын алатын мамандық иесі – редактор.

Қазіргі редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық заманауи технологиялық әдістерін де білуі шарт. Баспа полиграфиясының негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білу редакторға шығарманың әсерлілігін арттыруға көмектеседі. Редакциялау – шығармашылық қызмет, оны редактордың жеке дара ерекшеліктері айқындайды. Бүгінгі таңда тәжірибеде редакциялаудың жалпы әдістемесі заманауи үлгілер негізінде қалыптасып келеді /1/.

Жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінде оқытылатын «Мерзімді баспасөздің тілі мен стилі» деп аталатын студенттерге таңдап оқытылатын пән теледидар, радио, баспасөз бетіне жарияланатын журналистік материалдың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысуға бағытталған. Мысалы, мәтіннің мазмұндық тұтастығын сақтай білу, тілдік-стильдік, логикалық қателерден аулақ болу, оқырманның түйсігіне сай оқиғаны суреттей алу қабілеті журналистің кәсіби шеберлігін танытады. Сондықтан әдеби редакциялау теориясының журналистік шығармашылықты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратыныносы факторлардан-ақ аңғаруға болады.

Пәнді оқыту барысында студенттерге мәтінмен жұмыс жасаудың белгілі теориялық негіздемелері мен практикалық әдіс-тәсілдері жайлы, сонымен қатар редактордың қызметтік міндеттеріне арналған мәселелер жан-жақты қарастырылады. Пәннің негізгі міндеттері ретінде әдеби редакциялау ұғымына жалпы түсініктемелер беріліп, мәтінді түзетудің әдістерімен таныстырылады. Редактордың басты міндеттері айқындалып, оның тәжірибелік мақсаттары айқындалады.

Жаһандану жағдайындағы БАҚ құралдарының түрлі өзгерістерге ұшырауы, заманауи жаңа талаптардыңпайда болуы мен қоғамның өмір сүру жағдайының өзгеруі —журналистика саласын да жаңаша бағыттарға бастады.

Бүгінгі таңда редакторлардың жұмысы мәтінді түзету мен тексеруді ғана жүзеге асырмайды. Заманауи конвергентті журналистиканың қалыптасуына байланысты оның іс-әрекеті оны телебағдарламаларды, газет материалдарын жасаудағы шығармашылық үрдістердің көшбасшысы, әрі ұйымдастырушы негізгі тұлға ретінде көрініс табады. Жалпы пәннің теориялық және тәжірибелік мәнін ашуға байланысты студенттерге редакторлық қызметтің тарихы жайында да мәліметтер ұсынылады. Пәннің мәні мен мазмұнын ашу барысында студенттерге осы мәселелер бойыншаалғаш зерттеулер жасаған, ой-пікірлер айтқан, редакциялаудың жалпы әдістемесінің негізін қалаған А.Мильчин, Н.М. Сикорский, К.И.Белинский, М.П.Сенкович, К.М. Накорякова секілді т.б. ғалымдардың еңбектері қарастырылады /2/.

«Адамзат қоғамы өркениетке иек артқаннан бері, жемісін көріп, жетістігіне тәнті болған нәрсе – жазу. Жазудың қазақ қоғамында алар орны толық ашылды деуге болмайды. Газеттер – бұл өркениеттер жетістігінің айнасы іспеттес рөл атқарады. Газет – халықтың рухани, мәдени өмірінің айнымас бөлшегі.

Лингвист-ғалымдар арасында қазақ баспасөзінің тілі жөнінде алғаш арнайы еңбек жазған Н.Қарашева болған. Бұл зерттеуде «Айқап» жорналы тілінің грамматикалық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.

«Баспасөз тілін зерттеуге арналған екінші еңбек – Б.Әбілқасымовтың кандидаттық диссертациясы. Әдеби тілді зерттеуге байланысты жазылған ғылыми ізденістер қатарына қосылған бұл сүбелі еңбекте газет тілінің фонетикалық-орфографиялық жүйесі, лексикасы, грамматикалық ерекшеліктері бойынша жан-жақты қамтылып, талданған.

Газет тілі С.Исаев зерттеулерінің де нысаны болды. Ғалым еңбектерінде ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы мерзімді баспасөз тілі грамматикалық тұрғыдан олардың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктері ашыла отырып талданады және тіл мәдениеті мәселелері қамтылады.

Сондай-ақ, А.Алдашева «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» (1991) атты кандидаттық диссертациясында 1970-1990 жж. аралығындағы мерзімді басылымдар тіліндегі жаңа қолданыстарға шолу жасайды. Газет тіліндегі жаңа қолданыстарды талдауға арналған енді бір кандидаттық диссертация зерттеуші Қ.Қадырқұловтың еңбегі екенін айта кету керек.

«Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканы жүйелеген Б.Момынованың еңбектері болса, «Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі» атты кандидаттық диссертацияның авторы О.Бүркітовты ерекше атауға болады.

Орыс ғалымдарының ішінде К.И. Былинскийдің «Язык газеты. /М., 1996/, В.Г. Костоморовтың «Русский язык в газетной полосе. /М., 1971/, И.П.Лысаковтың «Тип газеты и стиль публицистики. /Л., 1989/, Г.Я.Солганиктің «Лексика газеты». /М., 1981/, т.б. еңбектерді атап өтуге болады.

Қазақтың алғашқы мерзімді басылымдарының тілі С.Исаевтың зерттеулері бойынша жазба әдеби тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасып кете қоймады. Оның басты себебін алғашқы газеттердің көршілес татар, башқұрт, өзбек халықтарымен қарым-қатынаста болуымен байланысты түсіндіреді. Сондай-ақ аударма тілінің әдеби тілге ықпал етуі және журналист мамандарының тапшылығы да өз салқынын тигізбей қоймады.

Ғалым Б.Әбілқасымов патша үкіметінің қазақ халқын ағартуды мақсат тұтпағандығын, орыстандыру саясатын жүзеге асыруды көксегендігін тілге тиек етті.

Журналистерге оқытылатын «Мерзімді баспасөздің тілі мен стилі» атты пәнін оқыту әдістерін жетілдіру кезінде студенттер сырттай қарағанда сөйлем білдіретін ой түсінікті сияқты болғанмен, ол сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібі жоғарыдағы айтылған жалпы қағидаға қайшы келмесе де, сөйлем құрылымының дұрыс еместігі, айтайын деген ойдың айқын, түсінікті еместігі, сөйлем түсінуге қиын, орашолақ құрылғандығын айқындауға тырысады. Оның себебі сөйлемдегі сөздердің дәл өз орындарында қолданбауы, сөздердің бір-бірімен байланысындағы орын тәртібінің бұзылуы қазіргі БАҚ құралдарында жиі кездеседі /3/.

Интерлингвистикалық деңгейдедегі тілдік процестердің қозғалысындағы БАҚ-тың рөлін үйрену тілдердің өзара ықпалдасуындағы медиақамтамасыз ету механизмдеріне талдау жасауды қажет етеді, оның ішінде, нақты айтқанда лексикалық бірліктердің ауысу тәсілдеріне, коммуникативтік-ақпарат стилінің өзара ықпалдасуына да әсер етіп, ықпал жасайтын фактор болып табылады. Ақпараттық қоғам жағдайында мәдени тілдік ықпалдастық (әсер ету) бұқаралық ақпарат құралдарының арналарында белсенді көрініс береді, әлемдік ақпарат кеңістігіне ағылшын тілді медиасөйлеудің басым ықпал жасауы, оның ішінде оған деген қазақтық сегмент жоғарыдағыдай медиадискурcтарды талдау барысында айқын көрініс беруде.

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына ағылшын-американдық бұқаралық медианың тигізіп отырған ықпалын олардың формат деңгейі мен мазмұнынан, сондай-ақ тілінің деңгейінен де байқауға болады. Ағылшын тілді үлгілердің теледидар және радиоөнімдеріне кең тарауы (олардың қатарында лицензияланған, сондай-ақ лицензияланбаған пираттық өнімдер де байқалады), форматы мен мазмұнының көшірілуі, ағылшын тілдік кірме элементтердің орасан зор толқыны, коммуникативтік-ақпараттық еліктеу стилі – қазіргі қазақ медиамәтіндеріне тән белгілер болып келеді.

Ресейдің ақпарат хабарларын белгілі батыс бағдарламаларының үлгісімен жүргізуі олардың ағылшын тілді медиақұбылысының форматтарынан да, мазмұнынан да, ақпарат құралдарының тілінен де анық байқалатындығының ашық үлгісі. Ал Қазақстан ақпарат құралдары ағылшын-американдық медиақұбылыстарды Ресей ақпарат құралдары арқылы сатылап қабылдап отырғаны байқалады.

Орыс ақпарат құралдары арқылы келген англо-американдық белгілі теле және радиохабарлар Қазақстанда жаңа заман талабына сай нәтижелі бейімделуде: мұндай ағылшын тілді бұқаралық медиаформаттарының қатарына: «Шоу-бизнес» (reality show), «Таңшолпан» (Доброе утро), «Біздің көршілер» (Наши соседи), «Алаң» сияқты хабарларды жатқызуға болады және олардың қатары күннен-күнге артуда /4/. Тілдік деңгейде англо-американ бұқаралық медианың әсерімен ағылшын тілінен енген орасан зор ағылшын кірме лексикасы енді. Бизнес, менеджмент, маркетинг брокер, диллер, спонсор, спикер, спичайттер, трейдер, киллер, диджей, драйв, рейв, шоумен, промоушн, пати, файл, электорат және басқа ағылшын кірме сөздері қазіргі қазақ тілінің құрамды бөлігі ретінде сөздік қорға еніп, қалыптаса бастады. Көзқарастар жүйесі бойынша бағамдасаң, қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттің кез-келген аясында кірме лексиканың енуі байқалады.

Әдебиеттер
1. Шыңдалиева М. Әдеби редакциялау. Оқу-әдістемелік кешен. –Алматы: Еуразия ұлттық университеті, 2007.

2. Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқулық, 3-ші басылым. –Алматы: «Дәуір», 2005 ж. -256 б.

3. Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). –Алматы: Арыс, 1999. 22 б. 224 б.

4. Өтебеков Б., Мағжан С., Данияров Т. Бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі жаңа сөз қолданыстары мен лексикалық бірліктер.- Алматы: 2015.


Referenses
1. Shyndalieva М. Adebi redakzialau. Оku-adistemelik keshen. –Аlmaty: Еyrazia ulttyk universiteti, 2007.

2. Balakaev М., Tomanov М., Zhanpeisov Е., Manasbaev Б. Kazakhtilininstilistikasy. Okylyk, 3-shi basylum . –Аlmaty: «Daur», 2005 g. -256 b.



3. Momunova B. Gaset leksikasy (guiesi zhane kurulymy). – Аlmaty: Аrys, 1999. 22 b. 224 b.

4. Otebekov B ., Мagzhan S., Daniyarov Т. Bykaraluk akparat kuraldaru gana sos koldanystaray men leksikalyk birlikter.- Аlmaty: 2015.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет