Бағалы қағаздардың мәні және жіктелуі


Тікелей қаржыландыру тәсілі



бет5/8
Дата08.12.2022
өлшемі118,19 Kb.
#161918
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бағалы қағаздардың мәні және жіктелу1
cillabus vet hir 10.09.19, Новая презентация
1. Тікелей қаржыландыру тәсілі - артық қаржысы бар субъ­ект басқаға қаржысын несиеге береді. Сөйтіп, несие берушінің біреу берген қарыз міндеттемелері бойынша талабы көбейсе, не­сие алушының міндеттеме қайтару портфелі үлғаяды.

  1. Делдалдар арқылы қаржыландыру - бұнда делдал ретінде брокерлер мен дилерлер жүреді. Бұл тәсіл бойынша қор биржасы қызмет жасайды. Себебі не брокер, не дилер өзінің қарыз мін-деттемелерін шығармайды. Олар қор биржасы атынан делдалдык қызмет атқарады.

  2. Қаржы институттары, яғни коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы корлары, инвестициялық компаниялар қаржы жағдайлары қарама-қарсы субъектілерді қаржыландыруда делдалдық қызмет атқарады. Бұл ұйымдар несие алушының қарыз міндеттемелерін (алғашқы қарыз міндеттемелерін) өздері сатып алып, оларды қаржы жағдайы артық субъектке қайта сатады.

Бұндай жанама түрде қаржыландырудың артықшылығы - қаржы институттарының несие берушіні қызықтыратын өзінің қарыз міндеттемелерін шығаруы. Мысалы, банктік депозиттер (банктік шотқа салынған ақша қаражаты), өмірді сақтандыру по­листері, зейнеткерлікке шыққаннан кейін берілетін қаржы ту­ралы зейнетақы бағдарламалары. Міне бұл міндеттемелер не­сие берушіні әрі сенімділігімен, әрі кайтарымдылығымен, әрі алуға оңайлығымен және қолайлығымен өзіне тартады. Бірақ бұл жағдайда қаржы институттары қарыз міндеттемелерінің қайтарылмау (өтелмеу) қаупін өздеріне алады.
Қарыз міндеттемесі белгілі бір мезгілге шығарылады. Ол мезгіл қарыз міндеттемесін шығарған күнмен оны өтеген күн аралығына тең. Қарыз міндеттемесінің қызмет мезгілі үш кезеңнен түрады:

  • шығару уақыты;

  • айналым мезгілі немесе алғашқы нарықта сату;

  • өтеу мезгілі немесе қолма-қол ақшаны қорға өткізу. Қарыз міндеттемесі иемденушіге кіріс түсіреді.



1.4. Бағалы қағаздардың жіктелуі

Қарыз міндеттемелерінің анықтамасы бағалы қағаздар анық-тамасымен тығыз байланысты. Олардың экономикалық мәні tiip-біріне сай келеді. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының бағалы қағаздар сияқты арнаулы құжатгық формасы болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында (шартта) 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар тура­лы дәл және маңызды мағлүмат алуға көмектеседі. Сол арқылы ин­вестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.


Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне, эмитентіне, айналыс жеріне байланысты жіктеледі (1.1. Сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет