Бағдарламалық басқару жүйелері



бет10/24
Дата08.07.2018
өлшемі1,32 Mb.
#48529
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

3.2.2 Даярлау функциялары

СББ Н22 – 1М құрылғыларда келесі даярлау функциялары пайланылады:

G01, G10, G11 – сызықтық интерполяция режімі;

G02, G20, G21 – сағат тілі бойынша шеңберлік интерполяция режімі;

G03, G30, G31 – сағат тіліне қарсы шеңберлік интерполяция режімі;

G04 – өңдеудегі үзіліс;

G25 – станоктың жұмыс органын (құралкүймешік, күймеше) нольдік күйге қайтару;

G26, G27 – өлшемдік ақпаратты сәйкесінші салыстырмалы және абсолютті координаттар жүйелерінде программалау;

G33 – бұранданы кескішпен кесу режімі;

G40 – басқару пультынан енгізілген түзетуді жою;

G58 – станок «нолінің» жылжуы, оның шамасы басқару пультынан енгізіледі.

G10, G20, G30 даярлау функциялары өлшемді сөздердің ұзартылған форматтарды пайдалануды белгілейді; G11, G21, G31 – қысқартылған форматтар, ал G01, G02, G58 функциялары – қалыпты өлшемдер.

G25, G33, G58 функциялары сөздердің тек ұзартылған форматтарын пайдалануды жібереді.

ББ даярлау функцияларын енгізу кезінде олардың әрекет ету уақыты мен енгізу тәсілін ескеру қажет:

1) сызықтық және шеңберлік интерполяция режімін анықтайтын даярлау функциялары бағдарламаға жеке кадрмен немесе M, T, S, F мекен-жайлары бар сөздерді құрайтын кадрмен, сонымен бірге геометриялық ақпаратпен X, Z, I, K енгізіле алады. ББ енгізілген қандай да бір даярлау функцияның әрекет ету уақыты ББ басқа G функцияны – осы топтың функциясын енгізуге дейін таралады. Осы G функцияларының қайта енгізуін G25 және G33 функцияларынан соң жасау жөн;

2) G04 және G25 функциялары ББ кадрының кез-келген жерінде енгізіледі, ал олардың әрекет ету уақыты осы кадрды өңдеу уақытымен шектелген;

3) G33 функциясы ББ әрбір кадрында бұранда кесудің геометриялық ақпаратымен бірге енгізілед;

4) G40 функциясы жеке кадрмен L мекен-жайы бар сөздің алдында енгізіледі;

5) G58 функциясы жеке кадрмен енгізіледі;

6) G26 және G27 функциялары ББ бірінші кадрында технологиялық ақпаратпен бірге енгізіледі.


3.2.4 Көмекші функциялар

Көмекші функциялар үш мағыналы санмен кодталады. Үлкен дәреже екі мәнді «0» және «1» қабылдай алады, сондағы «0» көмекші функцияның станоктан осы команданы орындау туралы ескертусіз енгізуге сәйкес келеді, ал «1» – осындай ескертуді СББ құрылғысында берумен. Келесі көмекші функциялар пайдаланылады:

М000, М100 – ББ жетілдірудің шартсыз кідірісі;

М001, М101 – растаумен кідіріс;

М002 – ББ соңы;

М003, М103 – айналдырықтың сағат тілі бойынша айналуын қосу;

М004, М104 – айналдырықтың сағат тілне қарсы айналуын қосу;

М005, М105 – айналдырықты қосу;

М008, М108 – салқындатуды қосу;

М009, М109 – салқындатуды өшіру.


3.2.5 Технологиялық ақпаратты программалаудың ерекшеліктері

Беріс жылдамдығы ББ Ғ мекен-жайы және бес дәрежелі санның көмегімен енгізіледі. Осы санның үлкен дәрежесінң үш мәні бола алады:

«1» – 1-1200 мм/мин диапазонда беріс жылдамдығына сәйкес келеді;

«2» – 0,05-60 мм/мин диапазонда беріс жылдамдығына сәйкес келеді;

«7» – тез жүрістің жылдамдығына сәйкес келеді.

Қалған төрт дәрежелер бірінші диапазон үшін мм/мин-та беріс шамасына сәйкес келеді, және екінші диапазон үшін 20 есе кіші болады.

Мысалы:

Ғ10500 – 500 мм/мин беріске сәйкес келеді;



Ғ10500 – 500 : 20 = 25 мм/мин беріске сәйкес келеді.

Тез жүрістің Z координатасы бойынша жылдамдығы 4800 мм/мин тең боалды, ал Х координатасы бойынша – 2400 мм/мин және Ғ70000 кодталады.

Құралкүймешіктің керіқимылы ұстауды програмалауынсыз жіберілетін беріс 300 мм/мин аспау керек.

Айналдырықтың айналу жылдамдығы 3 дәрежелі кодты санмен программаланады, оның үлкен дәрежесі көмекші функцияларды енгізгенде секілді «0» және «1» мәндерді қалбылдай алады. Қалған екі дәрежелер айналдырықтың (айн/мин) айналу жылдамдығының кесте сәйкес коды болып келеді.


3.1 кесте – Айналдырықтың айналу жылдамдықтарының кодтары

Диапазон №

Кодтар мен жылдамдықтар мәндері

1

Код

S11

S12

S13

S14

S15

S16

S17

S18

S19

Айналымдар саны

12,5

18

25

35,5

50

71

100

140

200

2

Код

S21

S22

S23

S24

S25

S26

S27

S28

S29

Айналымдар саны

50

71

100

140

200

280

400

560

800

3

Код

S41

S42

S43

S44

S45

S46

S47

S48

S49

Айналымдар саны

125

180

250

355

500

710

1000

1400

2000

Диапазонды ауыстырып қосу қолмен жасалады.

Аспаптық функциясы үш мағыналы санмен кодталады, үлкен дәреже жоғарыда айтылғандай «0» немесе «1» мәнін қабылдайды (М, S және басқа функциялар). Қалған екі қатарлар аспаптың револьверлік бастиекте орналасуына сәйкес келетін номеріне сәйкес келеді. Аспапты ауыстыру Т функциясын енгізу кадрында іске асырылады.
3.2.6 Жұмыс органдарының орын ауыстыруларын программалау

Тікелей тетіктің өңдеуімен байланысты жұмыс органдарының орын ауыстыруын программалау тек қана салыстырмалы координаттар (G26 функциясы) жүйесін пайдаланумен жасалады. Тек құралкүймешік пен күймешенің олардың нольдік күйінен бастапқы күйге абсолютті жүйені пайдаланумен жасалады (G27 фнукциясы).

Қарастырылатын станоктың берістердің қадамдық жатағы болады, сонда орын ауыстырудың шамасы бағдарламаға басқару импульстер (дискрет) саны түрінде енгізіледі.

Өлшемдерді импульстерге аудару келесі формулалар бойынша жасалады:


немесе
немесе

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет