БАҒдарламасы 17 қазан 2019 жыл Атырау қаласы Кештің тақырыбы



бет2/2
Дата30.10.2019
өлшемі405,83 Kb.
#50814
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
китаптар кеши


Жүргізуші: Абай Құнанбайұлы – 10 тамыз 175 жыл

Жүсіпбек Аймауытов – 9 шілде күні 130 жыл

Қаныш Сәтбаев – 12 сәуір 120 жыл

Бердібек Соқпақбаев – 15 қазан 95 жыл

Сәкен Сейфуллин – 15 қазан 125 жыл

Әбдіжамал Нұрпейісов- 22 қазан 95 жыл

Фариза Оңғарсынова – 25 желтоқсан 80 жыл

Роза Мұқанова – 14 қазан 55 жыл

2-Жүргізуші: Міне, достар осындай артына мол мұра қалдырып, жас ұрпақтың саналы да білімді болсын деп тілеп, бар өнерін шебер сөзбен көркем өрнектеп кітап бетіне түсіріп, бізге жеткізген дарындарымыздың шығармашылығымен танысу бүгінгі мақсаттың бірі.


  1. Жүргізуші: Олай болса, кешіміз 2 бөлімнен тұрады:

І бөлім : «Кітап- достық көпірі». Бұл бөлімде оқушылар авторлар шығармаларының мазмұнын талдайды.

ІІ бөлімде : «Жазушылар жаңғыруға үндейді» . Бұл бөлімде оқушылар ақын –жазушыларымыздың таңдалған еңбегінен топтық жұмыс орындайтын болады.


1-жүргізуші: Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл ойының жемісі тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Бірінші бөлімді бастайық!

(оқушылар кезектесе отырып, өздері оқыған кітаптан шығарма мазмұнын талдауға кіріседі. Өзгелерге ұсынады.)





2 – жүргізуші: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

1- жүргізуші: Кітап нәзік те, тұнық әлем! ( Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған), деп Стефан Малларме айтқандай, адам тарихының өзі кітап. Кітап- білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін рухани қазына. Қорын қалай қастерлейтіні мен өлшенетін тұста мұндай шараны өткізілуі ізгілікті де, игілікті қадам.

2 - жүргізуші: Бүгінгі әдеби кешіміз көңілдеріңізді көріктендіріп, жүректеріңізге нұр құйсын!

Білесің бе кітап білім ұясын,

Оқып оны өмірге азық жиясың.

Оқып - біліп, зерттеп кіріп санаға,



Терең білім, ой маржанын құясың. Олай болса ІІ бөлімге келіп жеттік. ІІ бөлім «Жазушылар жаңғыруға үндейді» деп аталады. Бұл бөлімнің ерекшелігі оқушылар өздері оқыған кітаптарындағы шығармадан топтық жұмыс орындайтын болады.



1-жүргізуші:

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге - деп, Абай атамыз айтқандай «Білімнің қайнар бұлағы- кітап». Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Баланы жас кезінен кітапты сүюге және оны күтіп, ұқыпты ұстауға баулыған жөн.

2 – жүргізуші: Әдеми әдеби кешімізді қорытындылау үшін және оқушыларға мадақтама қағазын табыс ету үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Әзіғали Шолпан Себепқалиқызына беріледі.
1 –жүргізуші:

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интелегент бола бастадым деп санауына болады» - деген екен Мұхтар Әуезов. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз. Қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы данышпандар, ақын- жазушылар аз айтып, аз жазбаған. «Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақын досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің»,- деп орыс жазушысы Шолохов айтқандай, кітап сенің досың ғана емес, өмірлік серігің де бола алады. Кітап жан айнасы, оған қарап бойыңды, ойыңды түзейсің. Өмірде көп нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне қарап, ғасырлар бойы жасамақ, Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.



2-жүргізуші: Осыменен «Бір ел- бір кітап -2019» әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға бек рақмет. Кітап оқи жүрейік, танбайық, талмайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет