Бағдарламасы 2009 ж. Халықаралық оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау



бет1/12
Дата09.03.2022
өлшемі405 Kb.
#134707
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бағалау критерийлері (2)
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И., Doctors, Бас жиын, 1.1-үлестірме материал Тренер міндеті, Математика 5-11 сынып. КТЖ 2022-2023ж.ж., Pisa Есептер жинағы





ЭЫДҰ (ОЭСР) бағдарламасы 2009 ж.
Халықаралық оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау _______________________________________________________


Өмір үшін оқимыз!






Қазақстан
Эксперименттік материалдар PISA 2009



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ





Бағдарламаның Халықаралық консорциумы:
Australian Council for Educational Research (ACER)
Unité d’analyse des systèmes et des pratiques d’enseignement (aSPe)
cApStAn Linguistic Quality Control
Deutsches Institut für Internationale Pädagogische Forschung (DIPF)
National Institute for Educational Policy Research (NIER, Japan)
Westat (USA)





pisa Халықаралық зерттеуінің ашық тапсырмаларды бағалау критерийлері




Құрметті ұстаздар!

Сіздерде 15 жастағы оқушылардың математикалық, ғылымижаратылыстану дайындықтары мен оқу сауаттылығы бағаланатын PISA халықаралық зерттеуінде қолданылатын тапсырмалар пішіндері және типтерімен танысу мүмкіндігі бар. Бұл үшін ҚР БҒМ Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығының мамандары арнайы дәптер дайындады.


Дәптерде PISA халықаралық салыстырмалы зерттеуінің бұрынғы циклдарын жүргізуде қолданылған проблемаларды шешудегі біліктіліктен, оқуға, жаратылыстанудан, математикадан арналған сұрақтар бар. Бұл тапсырмалар PISA зерттеуінде бұдан кейін қолданылмайды.
Сіздер осы дәптерді қолдану арқылы оқушыларға сабақтар ұйымдастыруларыңызға болады.
Дәптерде барлығы 18 тапсырма бар:
9 тапсырма математикалық сауаттылықты тексеруге арналған («Алма ағаштары», «Жарыс машинасының жылдамдығы», «Үшбұрыштар», «Ойын кубиктері», «Бойдың өсуі», «Айырбас курсы», «Тонау», «Скейтборд», «Бақшы»)
3 тапсырма оқу сауаттылығын тексеруге арналған («Граффити», «Жұмыс күші», «Полиция»)
3 тапсырма ғылымижаратылыстану сауаттылығын тексеруге арналған («Семмельвайстың күнделігі», «Толық жарық күн», «Клондау»)
3 тапсырма проблеманы шешудегі біліктілікті тексеруге арналған («Киноға бару», «Балалар лагері», «Суландыру жүйесі»)
Дәптерде тапсырмалардың екі түрі берілген – жауапты таңдау тапсырмасы және жауапты өз еркіңмен құрастыру.
Тапсырмалардың аздаған бөлігін Сіздің білім беру ұйымыңыздағы 15 жастағы оқушылар әлі оқымаған материалдарды тексереді. Бұл халықаралық тестілеу әр түрлі елдегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналғанына және барлық қатысушы елдердің бағдарламасын ескере отырып құрылғанына байланысты. Дегенмен барлық елдердің бағдарламаларына толық сәйкес келетін және біруақытта әр түрлі елдердегі оқыту ерекшеліктері туралы ақпараттар беретін тест жасау тәжірибе жүзінде мүмкін емес. Сондықтан барлық қатысушы елдер үшін тапсырмалардың кейбір бөліктері оқу бағдарламасына сәйкес келмейді. Оқушыларға оларды шешуге тырысуларына кенес беріңіз. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, бағдарламадан тыс тапсырмаларды әдетте, оқушылардың 10 %-нан 80%-на дейінгілері дұрыс орындайды.
15 жастағы оқушыларға арналған барлық тест тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт – 5 минут үзілісті қосқанда 120 минут.
Дәптерде жұмысты қалай орындауды сипаттайтын, оқушыларға арналған нұсқаулық бар. Уақытты есептеу нұсқаулықты оқып болғаннан кейін және оқушылардың нұсқаулықпен байланысты туындаған сұрақтарына жауап бергеннен кейін басталады.
Сіз төменде берілген Бағалауға арналған нұсқауды пайдалана отырып, оқушылардың жұмыстарын тексере аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет