БАҒдарламасы 2013 жыл мазмұны №


Шахтинск аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау



бет2/13
Дата29.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#36175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.2. Шахтинск аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау.
Өнеркәсіп
Аймақтың өнеркәсібі кен өндіру, өңдеу салалары және газ, су электр энергиясын бөлу және өндіріс саласымен көрсетілген. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Шахтинск ЖЭО-сы» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері, 4 шахтілер және 2 зауыт: «Қазақстандық» ш., «Шахтиндік» ш., «Тентекті» ш., «Ленин» атындағы ш., кіші механикаландыру және стандартталмаған жабдық өндірісі – «НОММ» зауыты және «Бірлескен машина құрылыстық зауыты» кен машиналарын дайындау және жиынтықтау.

Орташа кәсіпорындар қатарына етті қайта өндіру бойынша – «Апрель-Құлагер» ЖШС.

Айта кету керек, Шахтинск аймағында экономиканың негізі болып, газ, су электр энергиясын қайта бөлу, өндіріс, өңдеу саласы табылады.

2008 және 2012 жылдар кезеңінде әрекет ету бағаларында Шахтинск аймағындағы өнеркәсіптік өнімнің көлемі  22201,5-ен 9228,5 млн. теңгеге дейін немесе 4 есеге көбейді. Өнеркәсіптегі жұмыс істейтін халықтың саны 1272 адам немесе 1,7 есеге көбейді.



Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн.теңге

2201,5

2119,8

2787,2

3538,9

9228,5

Еңбек ақы төлеу қоры, мың теңге

Деректер жоқ.

Жыл бойына орташа есеппен жұмысшылардың орташатізімдік саны, адам

755

842

845

860

1272

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2915

2603

3298

4115

7255

Бес жылдық кезеңде аймақ экономикасына 38,3 млрд теңге инвестицияланған, оның ішінде өнеркәсіпке 34,2 млрд теңге.

2012 жылы әрекет етуші бағалардағы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 9228,5 млн. теңгені құрды немесе 2008 жылға 419,2 %.

Жалпы 2008-2012 ж.ж. талдау кезеңінде өнеркәсіптік өндіріс көлемінің жыл сайын өсуінде оңды тенденциясы байқалуда. 2012 ж. – 419,2% аса мәнді өсу қарқыны көрсетілді.

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШС № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.
Кен өндіру өнеркәсібі.
Саланың негізгі кәсіпорындары ретінде «АрселорМиттал Темиртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері табылады: «Қазақстандық», «Шахтинский», «Тентекский», «Ленин» атындағы шахтілері. Жоғарыда аталған кәсіпорындар қызметтерінің негізгі түрі болып көмір өндіру табылады.

Осы кәсіпорындардың тұрақты дамуы тек қана қала емес, сонымен бірге жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етеді.

2012 жылы аймақ шахтілерімен 4695,1 мың тонна өндірілген, осы кәсіпорындардағы жұмыс істейтін халық саны 6411 адамды құрды.

2008 – 2012 жылдар аралығында тау- кен өнеркәсібіне 33,0 млрд. теңге инвестиция тартылған.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап статитикалық есепке «Ленин», «Қазақстандық», «Шахтинский», «Тентекский» шахталарының өнімі енгізілген.

2012 жылы аймақ шахталарымен 4695,1 мың тонна көмір өндірілген. Осы өнім ішкі тұтынуға бағытталған.



Көрсеткіш

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Көмір өндіру көлемі, мың тонна

4294,6

4501

4594,5

4695,2



Қайта өңдеуші өнеркәсіп.

Өңдеуші өнеркәсіп келесідей кәсіпорындармен көрсетілген «Апрель-Құлагер» ЖШС, «Курылысмет» ЖШС № 2 өндіріс.

2008 жылдан 2012 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1771,9 –тен 5767,8 млн. теңгеге дейін немесе 3,3 есеге өсті.

2008 және 2012 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыс істейтін халық саны 764 адамға дейін немесе 254,6 %. көбейді. Көрсетілген кезеңде өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыскерлердің еңбекақы төлеу қоры 4934 мың теңгеден 8995 мың теңгеге дейін немесе 1,8 есеге дейін жоғарлауы байқалады.




Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Өңдеуші өнеркәсіп көлемі, млн.теңге

1771,9

1744,5

2143,5

2926,6

8168,5

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңделетін саланың үлес салмағы, %

80,4

80,0

77,0



82,7

88,5

Еңбек ақы төлеу қоры, мың теңге

300

299

244

244

764

Еңбек өнімділігі, мың теңге

5906

5834

8784

11994

10691

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШС № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.

2012 жылы өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8168,5 млн теңгені 2011 жылдың деңгейіне 93,8 % құрды.

2009 жылы өңдеуші өнеркәсіп көлемінің төмендеуіне ұқсас 2008 жыл кезеңімен салыстырғанда «Апрель-Құлагер» ЖШС өнімін өткізу нарығының қысқаруы және әлемдік қапжылық дағдарыс салдарынан «Еңбек Қарағанды» РМК №40,41 филиалдарында тапсырыстардың азаюы әсер етті.

2015 жылы қайта өндеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсімінің болжамы Қарағанды облысының ірі кәсіпорындарымен ет және ет өнімдерін жеткізуге келісім шарттар жасауға байланысты болуда және шығаратын өнім түрлері көбейген.
Тамақ өнеркәсібін өндіру.

Тамақ өнеркәсібінің негізі ретінде «Апрель-Құлагер» ЖШС етті қайта өңдеу ыстамалары және шұжықтық бұйымдардың өндірісімен көрсетілген. Кәсіпорын өз қызметін 1998 жылдан бастап Шахтинск аймағының аумағында жүзеге асырады.

«Апрель-Құлагер» ЖШС Европа елдерінің финскалық-неміс «Эке-Хенкель» фирмасының жабдығымен жинақталған ет комбинатын білдіреді. Өз құрамына келесілерді жатқызады: ірі мүйізді мал және шошқаларды қайта өңдеу бойынша сойыс цехі, ауысымда 7 тонна өнімділігімен; шұжықтық цех, ауысымда 6 тонна өнімділігімен, 200 тонна мұздалған етті сақтау сиымдылығымен суытқыш; мұздағыш камерасы, тәулігіне 13 тонна өнімділігімен, суыту камерасы – тәулігіне 25 тонна.

Шұжық цехі шикізатты сапалы өңдеу және тұрақты технологиялық режимдерін қамтамасыз ететін жаңа жоғары өнімділігімен қамтылған. Кондиционерлер, калориферлер ауа суытқыштары автоматты режимде қызмет атқарады. Шикі ысталған шұжықтарды өндіру үшін суық ысымамен үш камералар және шикі ысымалы шұжықтарды кептіру үшін үш климкамералар бар. Шұжық цехінда шикізатты массаждау, шприцтау тумбылау үшін жабдық орналастырылған. «Кремер-Гребе» фирмасының вакуумдық куттері, «Робот-500» шприцтері, КН-23 клипсаторлары шикізатты сапалы әзірлеуін қамтамасыз етеді.

Өндірістік қорлардың жиі түрленуі кәсіпорын үшін 2008 жылдан 2012 жылға дейін 1284 млн. теңгеден 1587,6 млн теңгеге дейін немесе 4 есе өндіріс көлемін көбейюі еңбек өнім 123,6 %.

Кәсіпорын өзінің қызметі барысында шұжықтар және ыстаулардың 100 түрінің өндірісі меңгерілген.

«Апрель Кулагер» ЖШС өнім сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі, өндіріс техникалық қамтамасыз етілген. Шахтинск қаласында «Апрель Кулагер» ЖШС ет өнімдерін өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Сонымен қатар, 2013-2014 жылдары мемлекеттік тіркелген индустриалды- инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде Шахтинск аймағында келесі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған:

1.«Астана Power Ingeniring» ЖШС. Осы кәсіпорын Шахтинск қаласы бойынша салық органдарында тіркеуден өткен.

Жоспарлық қуаттылық – жылына 400 тонна ұн өндіру.

Толық іске қосылған кезде 40 адамға жұмыс орындарын құру.

Жоспарлық қуаттылыққа шығу 2014 жылға жоспарланған.

Бүгінгі күні кәсіпорында жұмыспен 15 адам қамтылған.

2013 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша 8,8 млн. теңгеге 270 тонна ұн өндірілген, 4 тоқсан қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемі 3 тоқсан деңгейінде қалған.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі бойынша «Астана Power Ingeniring» ЖШС ұсыну жоспарланған.
«Апрель - Кулагер» ЖШС негізгі өндірістік көрсеткіштері


Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Өңдеуші өнеркәсіп көлемі, млн теңге

1284

1265,8

1381,1

1708,3

1587,6

Еңбек ақы төлеу қоры, мың теңге

Деректер жоқ.

Жыл бойынша орташа есеппен жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, адам

245

244

244

244

244

Еңбек өнімділігі, мың теңге

5240,8

5187,7

5660

7001

6507

Шахтинск ет комбинатының жұмыскерлерінің орта айлық еңбекақысы 2012 жылы 72 мың теңгені құраған.

2010 жылы кәсіпорында жандандыру, негізінен Шахтинск ет комбинатының өнім өндіру көлемін өсіру үшін: жалпы соммасы 41,8 млн. теңгеге бір «Клипсатор», екі «Климокамера», төрт «Термокамера» және бір «Волчок» сатып алынған.

2015 жылға «Апрель- Кулагер» ЖШС өнім өндіру көлемі 1856,7 млн. теңгені құрайды. Жаңа технологияларды әзірлеу (рецептер), кәсіпорынды жандандыру, шығаратын өнім түрлерін көбейту.

2012 жылы аймақта сұйық майды, ас қышасын және бір жылға 15 тонна өнім өндіру қуаттылығы бар медициналық қышаны өндіру жоспарланған. Осы өндірісті іске асыру 20 адамға жұмыс орның құруға мүмкіндік береді. Жоспарлық қуаттылыққа шығу 2013 жыл.

2012 жылдың басынан бастап 1,5 тонна өнім өндірілген (0,05%).

2013 жылдың басынан бастап қыша майын өндіру көлемі жоспардан 10 тоннаны немесе 100 % құраған. Осы өнім «Сельпром» және Қарағанды облысының көтерме объектілерінде сатылған.

4 тоқсан қорытындысы бойынша қыша майының көлемі жоспардан 15 тоннаны немесе 100 % құраған.


Химиялық өнеркәсіп.
Бұл сала «Монета Дитерджентс» ЖШС синтетикалық түйіршіктелген жуғыш құралдарды оңалту» атты жобаны білдіреді, өндіргіш қуаты жылына 60 мың тонна.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде зәкірлік жоба «Монета Дитерджентс» ЖШС қайта құру жоспарланған.

Бас директор – Ержан Оразгали Сантаевич.

Заңды мекенжайы Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы.

Жоспарлық қуаттылық жылына 60 тонна өнім өндіру.

Жеке меншік нысаны «Наурыз Банк Казахстан» АҚ ликвидациялық комиссиясында тұр.

«Наурыз Банк Казахстан» АҚ ликвидациялық комиссиясы өздігінен ағылшын әдісімен мүлікті саудаға шығарған. Осы сауда – саттық болмаған деп саналады. Голандық әдіс бойынша (төмендетілген бағада) қайталап мүлікті саудалау үшін «НБК» АҚ ЛК кредиторлар комитеті 2013 жылдың қаңтар айының соңында өздерінің отырыстарында кешеннің кепілдік мүлігінің шектік құнын анықтау керек. Төменгі құнын анықтағаннан кейін ресми түрде БАҚ сауда күні, голландық әдіс бойынша деп хабарландыру берілетін болады.

Өзекті мәселелер.


  1. Әлеуетті сатып алушылардың жоқтығы.

  2. Кепілдік мүлікті іске асыру ұзақтығы.

  3. Әлеуетті инвесторларды іздеу.




Шешу жолдары:

Кепілдік мүлікті іске асыру үдерісін жеделдету бойынша сот орындаушылармен жұмыстар жүргізіледі, қосымша негізгі қарызды шегеру бойынша жұмыс жүзеге асырылады.



Зауытт реанимациялау тұрақты негізде 250 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Шахтинск қаласының 2013 -2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамытудың әлеуметтік – экономкиалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру бойынша іс- шаралар жоспарына сәйкес зауытты жобалық қуаттылыққа шығару үшін 2,0 млрд. теңге инвестиция салымы қажет.
Металлургия өнеркәсібі.
Аймақтағы металлургиялық сала келесі кәсіпорындармен бейімделеді: кіші механикаландыру және стандартталмаған жабдық өндірісі – «НОММ» зауыты; «АрселорМиттал Темиртау» АҚ «Бірлескен машина құрылысытық зауыты» - жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс, кен машиналарын дайындау және жиынтықтылау және екі кіші кәсіпорындар «Шахтинск металқұрылыстық зауыты» ЖШС, «Технология» ЖШС, «Темирлайн» ЖШС.

№ 2 өндірістің негізгі қызметі болып, келесілер табылады: кен-шахтілік жабдықты күрделі жөндеу, конвейерлер үшін жабдықты дайындау, ГШО бөсалқы бөлшектерін дайындау, метал құрылыстарды сваркілеуді дайындау, кіші механизация құралдарын дайындау.

Жұмыс істейтіндердің саны 520 адамды құрайды. 2012 жылы шығарылған өнім көлемі 5,2 млрд. теңгені құрды.


Көрсеткіш__2012_жыл__2013_жыл_10_ай'>Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл 10 ай

«Курылысмет» № 2 өндірісі өнім өндіру көлемі млн. теңге.

5284,5

4227,0

Кен машиналары зауыты қызметінің негізгі түрлері болып келесілер («Бірлескен машина құрылыстық зауыты» - жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс, кен машиналарын дайындау және жиынтықтылау) табылады: металл ұстағыштар элементтерін жөндеу; шахтілер үшін конвейерлік құралдарды дайындау, тарнспортерлік ленталар үшін роликтерді дайындау, калофилерлерді дайындау, темір жол вагондарына құралдарды дайындау және жандандыру, механикалық өңдеу (конвейерлердің роликтерін дайындау). 2009 жылы шығарылатын өнім көлемі 1030,0 млн теңгені құрды. Зауыт өз қызметін Шахтинск аймағында 1961 жылдан бастап жүзеге асыруда. Жұмыс істейтіндердің саны 169 адамды құрайды.

«Шахтинск металқұрылыс зауыты» ЖШС келесідей өнімдерді дайындайды: анкерлік ұстағыштар үшін металликалық ауқым ету, плиталар үшін сферикалық шайбаларды дайындау, төбетоп В-300, штыктык күректер және металл бұйымдарының басқа да түрлері дайындалады. 2009 жылы өндіріс көлемі 54,0 млн теңгені құрды. Кәсіпорындағы жұмыс істейтіндердің саны 25- адам.

«Технология» ЖШС бүл кәсіпорын қызметінің негізгі түрі болып, жылу беретін қазындықтарды дайындау, және де халықтық тұтынудағы металл бұйымдарының басқа да түрлері. Осы кәсіпорындағы жұмыс істейтін халық саны 22 адамды құрайды.

Осы сала бойынша тоқтап тұрған кәсіпорындардың бірі болып «Ак Тобе К.Т.» ЖШС табылады, олар штрипс шығаруды жүзеге асырады.

Құрылыс индустриясы.

Шахтинск аймағында статистика органдарының деректері бойынша құрылыс материалдарн шығару бойынша 15 кәсіпкерлік субъектілері орналасқан. Оның ішінде:

- Пластикалық терезе, жақтаулар және бөлме аралық қоршаулар шығаруды 5 жүзеге асырады («SUMBILE- SIRIUS»ЖШС, «VIP СТРОЙ 2010» ЖШС, «АЗИЯ ПОЛИМЕР ПЛАСТ» ЖШС, «OMEGA DESIGN PLAST» ЖШС, «АЛЕНУШКА - БЛЕСК» ЖШС);

- құрылыс кірпішін, қабырға блогын, пенопласт және пенопластан блок шығаратыны 4 («DUVAER» ЖШС, «Мерей және К» ЖШС, «Қарағанды кірпіш зауыты» ЖШС, «Теміртау пенопласты» ЖШС);



Анықтама:

«Теміртау пенопласты» ЖШС өзінің мүлкін осы кәсіпорынның құрылтайшысы ЖК Матюхинге береді, осыған байланысты басқа екі құрылтайшы шаруашылық қызметіне қатысады және ҚР аумағында жоқ.

Кәсіпкерлік бөлімімен шағын кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өнім көлемін өсіру мақсатында, «Теміртау пенопласты» ЖШС құрылтайшысы ЖК Матюхинмен осы ЖШС жұмысын қарастыру туралы жұмыс жүргізіледі.


  • Өзге де құрылыс материалдарын өндіретін – 6 кәсіпорын (темір бетонды және бетонды бұйымдар, шлакоблоктар, брусчатка және т.б.) («АБАЙЛИТМАШ» ЖШС, «ЮТЕКС СТРОЙИНВЕСТ» ЖШС, «INTER INVEST GROUP» ЖШС, «АМАНДЫҚ – МУРАТ - КОМПАНИЯСЫ» ЖШС, «ТЕМИРЛАЙН» ЖШС, «ШАХТИНСК МЕТАЛОКОНСТРУКЦИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС, «АҚ ТӨБЕ К.Т.» ЖШС).

Шахтинск аймағының аумағында бетон бұйымдарын, шлакоблок, шыны артамураларын өндіретін кәсіпорын «КаРЭМ» ЖШС. Осы кәсіпорын Қарағанды қаласында тіркелген, жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша статитикалық есепте жеке көрсетіледі.

Құрылыс кірпішін шығаратын маусымдық кәсіпорын «Қарағанды кірпіш зауыты» ЖШС.

Анықтама: Шатырды салу бойынша жұмыс аяқталған.

Кірпішті сапалы шығару үшін бөлмеде плюс температура қажет, бүгінгі күні кәсіпорынның ондай бөлмесі жоқ, осыған байланысты 2013 жылдың 15 қарашасынан бастап «Қарағанды кірпіш зауыты» ЖШС қысқы уақытта өз қызметін тоқтатқан.


Бетон және домалақ бетон өндіру мақсатында «Версия» ЖШС осы кәсіпорынды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.Осы кәсіпорынды ашу Шахтинск аймағының өнеркәсіптік көлемін өсіруге мүмкіндік береді.



Анықтама:

Осы зауытты ашу моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған.



Жеңіл өнеркәсіп саласында Шахтинск аймағында жөндеу, аяқ киім және киім тігу бойынша қызметті бірнеше жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады (Москаленко ЖК, Сактаганов ЖК, Павленко ЖК, Тюрин ЖК және т.б.), бірақ осы кәсіпорындар өнеркәсіп көлемін өсіруге кірмейді және үлкен көлемде киім тігуді қамтамасыз етпейді.
Электрэнергияны, газ және суды бөлу.
Қаланы жылумен, электр энергиясы және сумен қамтамасыз етуді «Шахтинсктеплоэнерго» АҚ жүзеге асырады.

2008 жылдан 2012жыл аралығындағы өнім өндіру, тарату көлемі.



Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Электр энергияны, газ және суды бөлу, өндіріс көлемі, млн теңге

290,3

351,1

399,5

425,9

411,5

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі электр энергияны, газ және суды бөлудің өндіріс көлемінің үлес салмағы, %

14,5

17,3

22,5

20

5,2

Еңбек ақы төлеу қоры, мың теңге

510

598

560

570

590

Жыл бойына орташа есеппен жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, адам

639,7

679,2

713,3

748

697

2008 жылдан 2012 жылдар кезеңі аралығында электр энергиясын, газ және суды бөлу, өндіріс көлемі 290,3-ен 411,5 млн теңгеге дейін немесе 1,4 есе көбейді. Сонымен қатар, жұмыс істейтіндердің саны 89,9 % көбейді. Бұған қарамастан осы саладағы еңбек өнімділігі 639,7 мың теңгеден 587,1 мың теңгеге дейін немесе 8,2 пайыздық пунктіге азайды.

2009 жылы «Шахтинская ТЭЦ» АҚ 1,3 және 4 қазандықтарда ағымдағы жөндеу жүргізілген.

Сонымен қатар, 2009 жылы бірінші турбинаны күрделі жөндеуі жүргізілген және екінші турбинаның кеңейтілген жөндеуі жүргізілген.

2013 жылдың 10 маусымынан бастап сумен қамту және су бөлу қызметін «Шахтинскводоканал» ЖШС атқарады.

Индустриалды- инновациялық даму.
2012 жылы индустриализациялау картасына Шахтинск аймағы бойынша 2 жоба енгізілген:

1. «Қыша майын өндіру жобасы» Лобов В.М. ЖК өндіріс қуаттылығы: жылына 30 тонна май.

Жобаның жалпы құны: 90 млн. теңге.

Жұмыс орындарын құру: 20 (прессовщик – 6, электрослесарь – 2, подсобник – 3, элеваторщик – 2, механик – 2, водитель – 2, тракторист – 2, менеджер - 1).

Жобалық қуаттылыққа шығу: 2013 жыл.

2012 жылдың басынан бастап 1,5 тонна (0,05%) өнім өндірілген.

Бүгінгі күні кәсіпорын басшысымен қыша дәнін салу және жобаның жобалық қуатылығына шығу бойынша жұмыстар жүргізіледі.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет