БАҒдарламасы 2013 жыл мазмұны №


Жоба «Дегазациядан метанды пайдалана отырып электрқуатын өндіру жобасы»



бет3/13
Дата29.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#36175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Жоба «Дегазациядан метанды пайдалана отырып электрқуатын өндіру жобасы» В.И. Ленин атындағы шахта, КД «АрселорМиттал Темиртау» АҚ.

Өндіріс қуаттылығы: 1,1-1,4 Мгвт.

Жобаның жалпы құны: 251,6 млн. теңге.

Жұмыс орындарын құру: 2 (механик –генераторға қызмет көрсетуші слесарь - 1).

Жобалық қуаттылыққа шығу: 2013 жыл.жабдық автоматты түрде жұмыс істейді, 1,1-1,4 Мгвт. Электрқуатын өндіреді. Өндірілетін электрқуаты топтық станция «Олимпийскиға» келіп құяды. Бүгінгі күні кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді.

Жабдық автоматты режимде жұмыс істейді және жобалық 1,1- 1,4 Мгвт метанды концентрациялау арқылы 25- 50 % электрқуатын өндіреді және минутына 10 куб. м таза метан шығыстайды. Өндірілетін электрқуаты «Олимпийская» станциясына келеді және шахта қажеттілігінің 20 % жабады.

Бүгінгі күні кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 2013 жылы аймақтық өңіраралық Индустриализация картасына енгізу үшін «Құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту» ЖК Матюхиннің жобасы ұсынылған. Ағымдағы жағдайда қауіпсіздікті (токсинділік) ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен келісу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына хат жолданған.

Индустриализация картасына «КаРЭМ» ЖШС шыны арматураларын шығару бойынша кәсіпорынды енгізу жоспарланған, оның жобалық қуаттылығы жылына 1100 км өнім шығарады.

Осы өнімнің техникалық сипаттамасы өнеркәсіптік – азаматтық және жол құрылысында пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні құрылыс объектілерін жобалау барысында жобалық ұйымдастыру шына арматураларын қолдануға тиым салады, себебі осы өнімге мемлекет аралық стандарттардың жоқтығына байланысты.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 23 бабына сәйкес «КаРЭМ» ЖШС мекеменің стандартын бекітті, сәкесттіке келтіру үдерісін жүргізді және сәкестік сертификатын алған, бұл өз кезегінде өнімнің қауіпсіздігін және сапасын көрсетеді, шыны арматура өнеркәсіптік – азаматтық және жол құрылысында пайдалануға болады.

2013 жылдың 9 тамызында «дөңгелек үстел» шеңберінде Қарағанды облысының әкімі Б.Т.Әбдішевтың төрағалығымен Қарағанды облысының құрылыс кешенің дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізілген, онда Құрылыс басқармасына, Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне мынадай тапсырма берілген: Жобалық ұйымдармен жергілікті өндірушілердің жаңа құрылыс материалдарын әзірленетін жобалық құаттарға енгізу мүмкіндігін қарастырмын.

Сонымен қатар, осы іс- шара шеңберінде Техникалық ертету және метрология Департаментімен «НАЦЭкС» АҚ және РГП «КазИнСт» бірлесіп Қарағанды облысының жобалық және мердігерлік ұйымдарымен түсіндіру семинарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі күні «КаРЭМ» ЖШС шыны арматураларын стандартау мәселесі шешілмей қалуда.

Мәселе оң шешілмеген жағдайда осы өнімді іске асыру бойынша «КаРЭМ» ЖШС Индустриализация картасына енгізілетін болады.



Ауыл шаруашылық саласы бойынша:

  • «Поликорбонаттан жылу кешенің салу». Жоба құны – 1,0 млрд. теңге. 20 жұмыс орындарын құру.

  • «Жеміс қоймасын салу» «Шахтинск металлоконструкция зауыты» ЖШС. Жоба құны – 225,0 млн. теңге. 15 жұмыс орындарын құру.

- Шошқа кешені «ОРТАЛЫК ОНІМ» ЖШС, жоба бәсекеге қабілетті шошқа өнімін шығаруға бағытталған. Жоба құны – 2,0 млрд. теңге. 42 жұмыс орындарын құру.

Қазақстандық мазмұнның дамуы.
2011 жылы ірі және орта кәсіпорындармен өндірілетін тауардың қазақстандық мазмұн көлемі 1642,5 млн. теңге, жұмыс және қызмет көлемі 616,1 млн. теңге.

Тауар, жұмыс және қызмет бойынша қазақстандық мазмұнды өсіру мақсатында Шахтинск қаласы бойынша 2 кәсіпорын анықталған – «апрель Кулагер» ЖШС және «Шахтинскэнерго» ЖШС,олар қазақстандық мазмұн мониторингіне енгізілген.

Осы мақсатта кәсіпкерлік бөлімімен ай сайынғы негізде қазақстандық үлесті өсіру бойынша мониторинг жүргізіледі.

2012 жылы тауар, жұмыс және қызмет көлемі 2 млрд. 735 млн. 700 мың теңгені құраған, оның ішінде қазақстандық мазмұн – 2 млрд. 525 млн. 400 мың теңге немесе 92,3 %.

Оның ішінде:


  • Сатып алынған тауар көлемі – 1 млрд. 943 млн. 700 мың теңге, оның ішінде қазақстандық мазмұн 1 млрд. 733 млн. 400 мың теңге немесе 89,2 %.

  • Сатып алынған жұмыс көлемі – 681 млн. 100 мың теңге, оның ішінде қазақстандық мазмұн 681 млн. 100 мың теңге немесе 100 %.

  • Сатып алынған қызмет көлемі – 110 млн. 900 мың теңге, оның ішінде қазақстандық мазмұн 110 млн.900 мың теңге немесе 100 %.

«Шахтинскэнерго» ЖШС

Сатып алынған тауар көлемі – 822,9 млн. теңге, оның ішінде қазақстандық мазмұн 646,2 млн. теңге немесе 100 %.

Сатып алынған жұмыс және қызмет көлемі – 702,0 млн. теңге, оның ішінде қазақстандық мазмұн 702,0 млн. теңге немесе 100 %.

«Апрель Кулагер» ЖШС

Сатып алынған тауар көлемі – 1120,8 млн. теңге, оның ішінде қазақстандық мазмұн 1087,2 млн. теңге немесе 97 %.

Сатып алынған жұмыс және қызмет көлемі – 91,0 млн. теңге, оның ішінде қазақстандық мазмұн 91,0 млн. теңге немесе 100 %.


2013 жылы ірі және орта кәсіпорындарда өндірілетін тауар, жұмыс және қызметте қазақстандық мазмұн пайызы 2012 жылғы деңгейден төмен емес.
Инвестициялық қызмет.

2008 жылдан 2012 жылға дейінгі талдау кезеңінде Шахтинск аймағының экономикасына 38,3 млн теңге соммасында негізгі капиталға инвестициялар салынған.

2012 жылы Шахтинск аймағының негізгі капиталына 12 949,6 млн. теңге инвестицияланған, 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Қарағанды облысы бойынша инвестициялардың жалпы көлемінен 4 % құрды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ЖКИ 2011 жылдың ұқсас кезеңіне 183,7 % құраған.

Оның ішінде: 2012 жылы жеке нысандағы ұйымдар және кәсіпорындар инвестициясы 11553,5 млн. ттеңге, 2012 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың инвестициясы 1396 млн. теңгені құраған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қайнар көзі – 87 % «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрамына жататын кәсіпорындардың инвестициялары табылады.


Көрсеткіш атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жылдың 10 айына

Негізгі капиталға инвестиция көлемі, оның ішінде:

6122,1

4137,3

6700,7

12949,6

9403,8

Өткен жылдың сәйкес кезеңіне ЖКИ %


68,9

63,8

151,8

183,7

100,2

  • Бюджеттік қаражат

224,7

393,4

796,4

1396,0

516,3

  • Жеке қаржысы

5897,4

3739,7

5881,6

11553,4

8887,5

  • Шетелдік инвестиция

-

-

-

-

-


Шағын және орта кәсіпкерлік.

2013 жылдың 1 қантарына Шахтинск қаласының орта және кіші бизнесі 1875 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2,3 % (1.01.2012 ж 1832 бірлік). Кәсіпкерліктегі жұмыс істейтіндердің басым бөлігі жеке кәсіпкерлерге немесе жалданған жұмыскерлерге келеді – 91 % қалғаны немесе Шахтинск аймағының экономикалық белсенді халық санынан сәйкес кезеңіне 1884 бірлікте кіші және орта бизнес субъектілері 1697 бірлік.

2013 жылдың 1 қантарына кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінде өндірілген өнім көлемі 3280 млн теңгені немесе өткен жылдың теркелген, 2013 жылдың 1 қантарынан 18732 бірлік. Оның ішінде кіші бизнес субъектілерінің жалпы санынан аса үлес салмағы жеке кәсіпкерлерде – жеке тұлғалар – олардың үлесіне 86% (1531 бірлік). Заңды тұлғаларға 13% (229 бірлік).

Кіші және орта бизнестің белсенді субъектілерінің өсуі байқалуда, егерде 20013 жылдың 1 қантарына 1528 болса, 2010 жылдың 1 қантарына олардың саны елеулі өсті және 1541 бірлікті құрды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 %. (Өндірілген өнімнің жалпы көлемінде олардың үлес салмағы 72,5% құрды (2012 жылы 2392 млн. теңге). Жеке кәсіпкерлердің үлесіне – заңды тұлғалар - 25%.

Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының негізгі шаралары, кіші кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың инфрақұрылымын құру үшін бағытталған. 2007 жылдың қантарында Шахтинск қаласында «Шахтинск аймағының кәсіпкерлер Ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігі Шахтинск аймағының кәсіпкерлеріне әр түрлі қызметтер мен қеңестерді ұсына отырып, үш жыл бойы белсенді жұмыс ітеуде.

Шахтинск қаласының кәсіпкерлері жаңа өндірістердің қалыптасуына қаражаттар салуды бастауда. Ондай мысалдар аса көп емес, бірақта олар бар.

Аймақтағы кәсіпкерлер өз қаражаттарын салудың негізгі саласы бұл пластикалық терезелер өндірісі (VAVILON ЖШС, Байтас ЖШС) («ШЗМК» ЖШС; «Технология»), брусчатка, кірпіш және пеноблок өндірісі (ЖК Савенков, Дуваер ЖШС) және т.б.

Жұмыстың басым көлемі кіші кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық-консалтингтік қолдау саласында жүргізілген.

2008-2012 жж. кіші кәсіпкерліктің дамуына салықтық комитет, «Даму» кіші кәсіпкерлікті қолдау аймақтық қорының, ОМҚ өкілдірінің қатысуымен, кәсіпкерлер үшін семинарлардың жиі жүргізілуі 2008-2009 жж. кіші кәсіпкерліктің дамуына және ИСО – 9000 халықаралық сапа стандартын енгізуге жол ашты. 2009 жыл бойы Шахтинск аймағында 70 астам адам оқытылды.

Кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету шеңберінде, өздігінен жұмыспен қамтылған жұмыссыздар және аз қамтылған тұрғындар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін 584,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту келісім- шарты «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша сервис орталығы» ЖШС жасалған. Нәтижесінде 32 әлеуетті кәсіпкер сертификат алған.

Кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге бағытталған жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларын іске асыру шеңберінде 30000,0 мың теңге соммасында микрокредит берілген. Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 70/01 қаулысымен «Национальная компания «Социально – предпринимательская корпорация «Сарыарка». Ақ микрокредиттеуді ұйымдастыру бойынша уәкілетті аймақ аралық орган анықталған. Бүгінгі күні осы мекемемен келісім- шарт жасалған, 30000,0 мың теңге сомасында қарастырылған қаражат компанияның есеп шотына аударылған.

Серіктестік бағдарламаларды іске асыру бағыты бойынша, «2012 – 2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде «Апрель Кулагер» ЖШС және «For-Signg» ЖШС және «ПроСервис» ЖШС арасында дайын өнімді іске асыру бойынша келісім- шарт жасалған. «For-Signg» ЖШС, «Апрель Кулагер» ЖШС шығарылатын ет өнімімен «АрселорМиттал Темиртау» АҚ қамтамасыз етеді, ал «ПроСервисВосток» ЖШС - «Корпорация Казахмыс» ЖШС Жезқазған алаңы.

Бәсекелестік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Карэнергоуголь» ЖШС.

Бүгінгі күні дайындық жұмыстары жүргізіледі, өндірісті қалпына келтіру мақсатында жер телімін ұсыну бойынша іс- шаралар жоспары әзірленген. Дайын өнімді Қазақстан Республикасына және одан тыс жерлерге сату жүзеге асырылады. Осы жобаны іске асыру Шахтинск аймағында өнеркәсіп көлемін өсіруге мүмкіндік береді және жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды. Бүгінгі күні «Карэнергоуголь» ЖШС ұсыну үшін жобаның тұсау кесерін дайындауда.

«ШЗМК» ЖШС (металөнімдерін дайындау) және «АрселорМиттал Темиртау» АҚ арасында өзара серіктестік келісім- шартын жасау туралы қосымша жұмыс жүргізіледі. Арнайы киім тігу бойынша ЖК Сактаганов, Шахтинск аймағының ірі және орта кәсіпорындары және «АрселорМиттал Темиртау» АҚ келісім- шарт жасалған.

Бүгінгі күні ЖК Сактагановпен «АрселорМиттал Темиртау» АҚ ұсынатын өнім тізімі қайта жасалуда.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ағымдағы жағдайда пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі бойынша «2012 – 2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңбберінде облыстық үйлестіру кеңесінде келесі жобалар мақұланған:

1.«Гостинично – развлекательный комплекс» ЖК Омарбекова А.К жобасы.




Анықтама:

Туристік саланы дамыту және сауықтыру саласында қызмет ұсыну мақсатында және қоғамдық ауқаттануды ұйымдастыру мақсатында 16 орынды қоңақ үй кешенің салу жоспарланған, 3 жастан 14 жас аралығындағы балалар демалыс орталығын салу және балалар кафесі «халал» ашу жоспарланған. Бүгінгі күні «Ертегі» балалар кафесі ашылған. Осы жобаны іске асыру 2014 жылдың наурыз айына дейінгі мезгілге жоспарланған. 30 жұмыс орнын ашу жоспарланған.


2. ЖК Петраков Г.Г. «Сауда базарын қайта жөндеу (жандандыру)» жобасы.



Анықтама:

Сатушылар және сатып алушылар үшін сауда жасауға жағдай жасау үшін сауда базарын жандандыру және қайта жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланған. Жаңадан 5 жұмыс орнын құру.



3. ЖК Конуров автокөлік сатып алу және оны ГАЗ машинасына айналдыру» жобасы.



Анықтама:

Дайын өнімді тасымалдау үшін 5 «Газель» автокөлігін сатып алу. Бұл автокөлікті ГАЗ автокөлігіне қайта жабдықтау. Жаңадан 5 жұмыс орнын құру.



4.ЖК Матюхин «Құрылыс материалдарының базасын кеңейту» жобасы.

Анықтама:

Дайын өнімді сату үшін 1 фура және 1 камаз сатып алу, пенопласт шығару жабдығын сатып алу. Жаңадан 15 жұмыс орнын құру жоспарланған.



5.ЖК Зимницкидің «Наубайханасы және шеберханасы бар сауда орталығын салу» жобасы. 2013 жылдың7 тамызында осы жоба аймақтық сараптама комиссиясымен қарастырылған. Жоба соммасы 300 млн. теңге.

Анықтама:

150,0 млн. теңгеге сәйкес жабдық сатып алу. Жаңадан 54 жұмыс орнын құру жоспарланған.



Мақұлданған жобалар бойынша 109 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Қала кәсіпкерлеріне ақпараттық- кеңес қызметін көрсету мақсатында, біріккен бұйрықтың негізінде Шахтинск қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылады. Осы орталық «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық- кеңестік қызмет көрсетілетін болады.

Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуге жауаптыларды іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асады.

Кәсіпкерлікті дамыту картасына келесілер болуы керек: - күтілетін нәтижелер, нақты аумақтар үшін жобаларды тиімді іске асыру нақты нәтижелер көрсеткіштері (индикаторлар);



  • Кәсіпкерлік белсенділікке нақты аумақ үшін басым қызмет түрлері;

  • Басқа да мемлекеттік органдарға, салалық бағдарламаларға және аумақты дамыту бағдарламаларымен байланыс;

  • Картаны іске асыруға болжамдалатын бюджет;

  • Басым бағыттағы қызмет түрлерін дамыту.

Қаланың шағын бизнесінің жағдайы дамудың динамикалық көрсеткіштері, жаңа және кеңейтілген қолданыстағы кәсіпорындарды құру, тұрғындардың қаржылық табысын өсіру, мемлекеттік қолдау шараларын қарқындату.

Шағын бизнес қала экономикасының аумағындағы экономика саласының барлығын қамтиды: құрылыс, өнеркәсіп, көлік, сауда, қамту саласы. Шығарылатын өнім көлемінің түрі және көлемі өскен.



Шахтинск аймағында жүк тасымалдау келесі өнеркәсіптік субъектілермен ұсынылған: «Союз» ЖШС, Хоменко ЖК, Меллятов ЖК, Баскаков ЖК, Матюхин ЖК, Григорян ЖК.

Шахтинск қаласында дәрімен қамтамасыз ету саласын келесі кәсіпорындар жүзеге асырады: Сенина ЖК, Соболевская ЖК, Рябченко ЖК, Севальнева ЖК, Салуянова ЖК.

Корпустық жихазды дайындау және жөндеуді келесі кәсіпкерлер жүзеге асырады: Пузырев ЖК, Ворощюк ЖК, Степанович ЖК, Наконечный ЖК.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен басшылық ететіндер: Петраков ЖК, Плещенков ЖК, Мусаев ЖК, Тишкова ЖК, Бурцев ЖК, Орлов ЖК, Керимкулов ЖК, Деева ЖК.

Қызмет саласы келесі кәсіпорындамен ұсынылған:



  • Мойыншалар (Таймазов ЖК, Петраков ЖК, Шербаков ЖК, Остапекно ЖК және т.б.);

  • Автокөліктің техникалық қарауы («Колек тексеру» ЖШС, Севальнев ЖК);

  • Қоңақжай қызметтері (Алхамин ЖК, Омарбекова ЖК);

  • Шаштараз қызметі (Клименко ЖК, Давыдова ЖК, Ергачева ЖК, Курило ЖК, Тлегенова ЖК және т.б.);

  • Автокөлікті жөндеу (Хурматулин ЖК, Низаля ЖК, Сон ЖК);

  • Такси қызметтері (Инкарбеков ЖК, Марченко ЖК, Ахметжанов ЖК, Дегинбаев ЖК, Кирилов ЖК, Киныбаев ЖК және т.б.);

  • Стаматолог қызметтерін (Нургалиев ЖК, Нурмаганов ЖК, Франтышев ЖК, Хамзин ЖК және т.б.);

  • Көрнекі жарнаманы дайындау қызметі (Степанович ЖК, «Еж» сурет студиясы);

  • Жаңар- жағармай қызметі («Азия Ойл» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Газойл Пром» ЖШС, «Мунайсервис KZ», «Белага» ЖШС, Ихсанов ЖК, «Казмунайгаз» ЖШС).

  • Кабелді телекоммуникация қызметі («Альтаир» ЖШС, «Шахтинск ИНФО» ЖШС);

  • Ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері («Альтаир» ЖШС, «Шахтинск ИНФО» ЖШС);

  • Электрқуатын қуатын жеткізу қызметтері (Мусаев ЖК, «Жарык» ЖШС);

  • Қоқысты шығару бойынша қызметтер (Алиев ЖК, Крамарева ЖК, Кропачев ЖК).

Бірақ, шағын бизнес әлеуетті толық көлемде іске асырылмаған. Шағын инвестициялық шектеуге тән бір қатар мәселелер бар, қажетті жабдықты сатып алуға алғашқы капитал депозиті және айналымдық қаражаттың, шикізаттың, материалдардың, жарнаманың жоқтығы.

Шахтинск қаласында несиелеу мәселесімен кәсіпкерлер соқтығысады.

Банк кредиттерін кәсіпкерлердің алмау себебі:


  • Кредитті рәсімдеу үдерісінің ұзақтығы;

  • Ақшамен қамтамасыз ету жағдайында қатал талаптар (кепілдікті қосқанда);

Шахтинск аймағында орналасқан кепілдік мүлік екінші деңгейлі банктермен қабылданбайды немесе төмен бағаланады.

Кіші және орта бизнесті дамыту саласындағы мәселелер мен міндеттерді шешу үшін кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық, білім беру, әдістемелік көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру жоспарланады:

кәсіпкерлікті кең масштабты мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, кіші және орта бизнес жағдайын кеңейту және нығайту, кіші кәсіпкерлікті құқықтық қорғау, кіші кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау, кіші кәсіпкерлікті өндірістік қолдау, кәсіпкерлікті ақпараттық және кадрлік қамтамасыз ету;


  • кіші кәсіпкерлікті қолдау және қорғау бойынша инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру;

  • жаңа технологиялар негізінде жаңа кәсіпорындарды енгізу.

Осы қойылған міндеттерді орындау үшін келесідей шаралар өткізіледі:

нақты шараларды өңдеу үшін заңды бұзу сұрақтары бойынша кәсіпкерлердің шағымдарын талдау;



  • қолдау және қорғау бойынша инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру бойынша;

  • қаржылық институттар арқылы кіші кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуында қатысу, яғни аймақтағы кіші және орта бизнес субъектілері үшін қолданылатын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасындағы негізгі пунктілерін анықтау бойынша аймақ кәсіпкерлерімен жұмысты белсендіру;

  • кіші бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;

сала қиылысында кіші бизнестің жаңа ашылған кәсіпорындарымен мониторингті жүзеге асыру;

  • экономиканы дамытудағы облыстық Бағдарламаларды орындау мақсатында қазыналық және орындаушы органдардағы басқарушылардың қатысуымен кәсіпкерлер үшін «домалақ столдарды» ұйымдастыру, кіші кәсіпкерлікті дамытудағы бағалау көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету;

  • кіші кәсіпкерлікпен байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында қамтамасыз ету.

Туризм

Шахтинск аймағының аумағында туристтік қзметпен 2 туристтік фирмалар айналысады: «Наталитур» туристтік агенствосы, Қарағанды филиалы «Квин тур» туристтік фирмасы, олардың негізгі қызметі кіретін туризмге бағытталған.

2012 жылы «Наталитур» туристтік фирмасымен (2010 жылы ашылған) 58 адамға қызмет көрсетілген, оның ішінде шығу туризмі бойынша 8 адам және ішкі туризм бойынша 50 адам. «Райхерт» туристтік фирмасымен (2009 жылы ашылған) 50 адамға қызмет көрсетілген, оның ішінде шығу туризмі бойынша 30 адам, ішкі туризм бойынша 20 адам.

Шахтинск қаласында 2008 жылы ашылған 1 қонақ үйі қызмет етеді. 2010 жылы қонақ үйі 28000 адамды қабылдады. Аймақтың жолдық инфрақұрылымы тамақтанудың 4 объектісі мен ГСМ 4 станциясын үсынады.

2007 жылдан бастап Шахтинск технологиялық колледж базасы негізінде туризмнің спорттық түрлері бойынша секцилар қызмет етеді (спорттық бағдарлану, жүріс туризмі). Секция спортсмендері жыл сайын туризмнің спорттық түрлері бойынша жарыстарға қатысады. Сонымен, 2008 жылы команда 2 туристтік жүрілімдер мен туристтік спорт бойынша 3 жарыстарға қатысты. 2009 жылы 9 жарыстарға қатысты, туристтік көпсайыстылық Кубогында және «Менің Отаным-Қазақстан» экспедициясының Республикалық кезеңінде.

Аймақтағы туризмнің дамуындағы негізгі бағыттары болып, спорттық туризм (жүрістік, спорттық бағдарлану, спорттық тауға шығу), мәдени-танымдық туризм. Олардың дамуына ауданы 3 500 квадрат метрді құрайтын КГКП «Долинка поселкесіндегі саяси жазалауға ұшырағандарды еске алу Мұражайының» бар болуы әсер етеді. Мұражай Қазақстан аумақтарында орналасқан, кең ауқымды адамдар массаларының кінәсіз адамдарды еске алуды жүзеге асыруға ниеттері бар, халықтардың моральді әлуеті, Қарлаға ескерткіштерін зерттеу және сақтау, жүйелендіру, жиынтық зерттеу негізінде тарихи-мәдени ақпаратты тапсыру және аккумуляциялау ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етумен айналысады.

Ескере кету керек, аймақ туризмінің экологиялық және жағажай түрлерін дамытуға географиялық жағынан орналаспаған.


Аймақтың экологиялық мәселелері.

Қазіргі таңда Шахтинск қаласының экологиялық факторлары шектеме ретінде бет алыспайды және аймақтың индустриалды дамуына соңғы шешулі әсер етпейді. ахтинск аймағындағы экологиялық жағдай Қарағанды облысының бірнеше тұрғылықты жерлерімен салыстырғанда аса шиеленісті емес. Ш

Шахтинск аймағының кәсіпорындарымен 20 мың тоннада ластанған заттарды жинақталған токсикалық заттар көлемі қатынасына облыс бойынша 0,08% құрайды.

Сонымен қатар, Шахтинск қаласының тазалау ғимараты апатты жағдайда. Қатты тұрмыс тасталынды, облыс бойынша тастаулар 0,56% құрайды (1 кесте, 1 Қосымша).

Атмосфераға ластанған заттардың тасталуының негізгі қайнар көзі «Шахтинск ЖЭО» АҚ.

Жыл сайын өндірістің 20 мың тонна қалдықтары қалыптасуда. 1 млн тонна жиналған, облыстағы қалдықтарының өсу мәселесі бар. Тазалау ғимараттары мен кәріз жүйелерінің жоғары тозуы Санитарлық-эпидемиялық сипатта қауіп төндіруде.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет