Бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аударма теориясы» пәні



бет2/5
Дата13.06.2023
өлшемі78 Kb.
#178739
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
переводческое фил каз

Аудармада аударылмайтындар. Адам аттары, жер-су аттары, фразеологизмдер, идиомалық тіркестер, мақал-мәтелдерге мысал келтіре отырып дәлелдеу. Аударма және термин сөздер. Жарнамадағы халықаралық сөздердің орны. Калька тәсілі.

  • Аударма тәсілдері. Аударма мәтініңде қолданылатын тәсілдерді анықтау. Балама, еркін, сөзбе-сөз тәсілдеріне тоқтала отырып, аударманың функционалдық-семантикалық жақтарына назар аудару.

  • Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары. Түпнұсқадағы сөзбен сөйлем мағынасын аударудың басты жолдары. Коннативтік мәнді жеткізудің ерекшеліктері. Аударма шығармалардан мысалдар келтіру.

  • Аудармадағы тілдік белгілер. Аударма кезіндегі семантикалық дәлме-дәлдіктер. Аудармадағы грамматикалық мағыналардың рөлі. Аударма кезіндегі контекст пен жағдай. Аудармадағы грамматикалық белгілер.

  • Аударманың прагматикалық мәселелері. Прагматика түсінігі. Аударма прагматикасы курсының негізгі мақсат-міндеттері.



    «Тілі оқылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері» пәні
    1. ХІ – ХIХ ғғ. ағылшын әдебиеті және аударма мәселелері. Англосаксон эпосы. Беовульф. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиеті. Шекспира шығармашылығы. «Король Лир» трагедиясы және оның қазақ тіліне аударылу тарихы.
    2. ХVII ғасырдағы ағылшын әдебиеті. Д.Мильтона шығармашылығы. XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағылшын әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы.
    3. XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағылшын әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы. Еңбек тақырыбы және оның Д.Дефоның «Робинзон Крузо» романында көрініс табуы. Ағылшын романтизмі. Лейкистер шығармашылығы.
    4. Дж.Г.Байрона шығармашылығы. Қазақ тіліне аударылу тарихы. Байронның «MY SOUL IS DARK» өлеңінің түпнұсқасы мен қазақ аудармаларын салғастыра талдау.
    5. П.Б.Шелли және Д.Китс шығармашылығы. В.Скотта өмірі мен шығармашылығы. Ағылшын реализмі. Ч.Диккенс шығармашылығы. Ч.Диккенстің «Оливер Твист» романындағы реалийлердің қазақ аудармаларында берілуі.
    6. XX- XXІ ғ. басындағы ағылшын әдебиеті және көркем аударма мәселелері. Ғасырлар тоғысындағы ағылшын әдебиеті.О.Уайльд шығармашылығы.
    7. Р.Киплинг туындылары және олардың қазақ тіліне аударылуы. Р.Киплинг прозасының қазақ тіліне аударылуы. Ағылшын және үнді реалилерінің берілу ерекшеліктері.
    8. ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс. Ағылшын әдебиетіндегі реалистік әдіс. Д.Джойс шығармашылығы және модернистік әдебиетті аударудың ерекшеліктері.
    9. ХХ ғ. ағылшын әдебиетіндегі утопия және антиутопия дәстүрі. ХХ ғ. ағылшын әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы. Ғасырлар тоғысындағы ағылшын әдебиеті.О.Уайльд шығармашылығы; Ағылшын неоромантизмі. Р.Киплинг туындылары және олардың қазақ тіліне аударылуы; ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс. Ағылшын әдебиетіндегі реалистік әдіс; Д.Джойс шығармашылығы және модернистік әдебиетті аударудың ерекшеліктері; ХХ ғ. ағылшын әдебиетіндегі утопия және антиутопия дәстүрі; ХХғ. ортасы - ХХI ғ.басындағы ағылшын әдебиеті және көркем аударма мәселелері
    10. ХХғ. ортасы - ХХI ғ.басындағы ағылшын әдебиеті және көркем аударма мәселелері. Ағылшын әдебиетіндегі философиялық роман жанры.
    11. Ағылшын романтизмі. Лейкистер шығармашылығы. Романтизм әдеби бағыт ретінде. Еуропалық романтизмнің қалыптасуы. Француз революциясы туралы идеяның күйреуінің кейінгі жалпы мәдени кризистің әдеби дамуға тигізген әсері. Әлем және адамзат туралы романтикалық дүниетанымдағы болып өткен катастрофалар бейнесі. Романтиктер поэтикалық шығармашылығында жеке сана мен жеке стильдің үйлесімділігі.
    12. ХІХ ғасыр әдебиеті: сыншыл реализм. Ағылшын әдебиетіндегі реалистік романның негізін салушы Чарльз Диккенс (1812-1870)– Ұлы Британияның ұлттық мақтанышы. Ол Портсмут маңындағы Лендпортта теңіз ведомоствосының шенеунігінің жанұясында дүниеге келген.
    Диккенс өзінен кейінгі әдебиетке зор ықпалын тигізген жазушы. Бұл туралы орыс әдебиетінде Достоевский, Лесков, неміс әдебиетінде Кафка, АҚШ-та Фолкнер, т.б. айтып өткен.
    13. Ғасырлар тоғысындағы ағылшын әдебиеті. О.Уайльд шығармашылығы. Викторианство және ағылшын әдебиеті. Англия әдебиетіндегі реализм, романтизм и натурализм. Ғасырлар шегіндегі Британ империясы. Ағылшын буржуазиялық мәдениетінің дағдарысы. Символизм. 1880–1890-жылдар және ағылшын әдебиетіндегі викториандық дәуірдің күйрей бастауы. Әдеби сананың ерекшеліктері: христиандық социализм дәстүрі, позитивистік және эволюциялық идеялар (Милль, Дарвин, Г. Спенсер, Хаксли), ағылшын эстетизмі.
    14. ХХ ғ. ағылшын әдебиетіндегі утопия және антиутопия дәстүрі. Дэвид Герберт Лоуренстің өмірі мен шығармашылығы (1885-1930). «Любовник Леди Чаттерлей» романының проблематикасы. Жазушының тілі мен стилі. Д.Г.Лоренс- «20 ғасырдың 1-жартысындағы ең көрнекті... қарама-қайшы және қиын ағылшын жазушыларының бірі».

    «Мәдениетаралық қарым-қатынастың теориясы мен практикасы» пәні


    1. «Мәдениет»- «культура» термині және оның мән- мағынасы, құрылымы. Көркем аударманың шығармашылық сипаты туралы жалпы түсінік.Түпнұсқа және аударма: саймасайлық сипаты.
    2. Аударманың тіл және мәдениетаралық коммуникациядағы қызметі. Көркем аударманың шығармашылық кезеңдері.Түпнұсқа мен аударма: көркемдік бейнелеу құралдарының саймасайлығы.
    3. Аударманың коммуникативтік, эстетикалық, қоғамдық талаптары. Көркем шығарма авторы мен аудармашы еңбегі: ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер.Түпнұсқа мен аударма: мағыналық құрылым, компазиция саймасайлығы.
    4. Аудармашы мәдениеті. Көркем аударма теориясы және оның аударманың лингвистикалық теориясынан ерекшеліктері.Түпнұсқа мен аударма: сюжеттік даму сатыларының саймасайлығы
    5. Мәдениет әлемі және аударма маңызы. Көркем аудармсаны зерттеу мен зерделеудің деңгейлері және олардың негізгі сипаттары. Түпнұсқа мен аударма: идея саймасайлығы.
    6. Халықтар мәдениетін жақындастырудағы аударманың ықпалы. Көркем аудармадағы тілдік ұстаным және әдеби тұрғы. Түпнұсқа мен аударма: тақырып саймасайлығы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет