Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты


Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау



бет2/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау

2.1.1. Экономика

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика



Жалпы өңірлік өнім

Алматы қаласы еліміздің ірі қаласы, Алматы агломерациясының ядросы, республикалық бюджеттің доноры болып табылады және ұзақ жылдар бойы жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі - ЖӨӨ) көлемі бойынша елдің басқа аймақтары ішінде көшбасшы орынды иеленіп келеді. 2014 жылы қаланың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі (бұдан әрі - ЖІӨ) 20,9% құраған.

Қала ЖӨӨ нақты өсімінің орташа жылдық қарқыны 2012-2014 жылдардағы 18,6% құраған. Бұл жағдайда нақты өсімнің 12% орташа жылдық қарқынына 2012-2014 жылдардағы кезеңде (инфляцияны шегергендегі нақты өсім) негізінен сауда және қызмет көрсету саласы есебінен қол жеткізілген.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде инфляция деңгейі 7% аспаған.

Алматы - сервистік экономикалық қала. 2014 жылғы ЖӨӨ құрылымындағы сауда және қызмет көрсету салаларының үлесі 85%-дан астам болған.

2.1.1.1.1. Инфляция деңгейінің серпіні:


Атауы/жылдар

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Кезең соңындағы инфляция деңгейі, өткен жылдың желтоқсан айы, %


%


106,1

104,4

107,0

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Көтерме және бөлшек сауда секторы қала экономикасына зор үлес қосады және 2010-2014 жылғы нақты өлшемде орташа жылдық өсу ырғағы (бұдан әрі - ОЖӨЫ) 18,3% болғанда ЖӨӨ 33,5% құрайды. Аталған өсім сауда – ойын-сауық орталықтары санының көбеюімен түсіндіріледі.
Елеулі көлемі басқа қызметтер секторының үлесіне тиеді – 28,7% ЖӨӨ (ОЖӨЫ – 24,9%). Басқа қызметтердің өсуі тұтас алғанда халық кірісінің біршама артуымен және осының салдары ретінде қызметтерді тұтыну және жылжымайтын мүліктер операциялары мөлшерінің артуымен сипатталады.

Көлік және қоймаларда жинап қою секторларының ақпараттың және байланыстың ЖӨӨ-дегі жалпы көлемінің үлес салмағы 1 021 млн.теңгені немесе ЖӨӨ-ің 12,5% құрады (ОЖӨЫ – 9%). Өнеркәсіптің үлесі ЖӨӨ-дегі 5,8% айналады, құрылыс - 3%, ал ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығы – 0,04%.


2.1.1.1.1 сурет. ЖӨӨ экономика секторлары бойынша нақты өсімі

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті, Алматы қаласының Статистика департаменті



Секторлардың мұндай қатынасы әлемнің көптеген ірі қалаларына тән жағдай болып табылады. Сауда және қызмет көрсету экономиканың дамуын белгілейтін негізгі факторлар болып табылады. Алайда Алматы өнеркәсібінің дамуы теңдес қалалармен салыстырғанда біршама төмен, сол себепті аталған сектордағы өсу әлеуеті бар. Экономикадағы өнеркәсіптің меншікті үлесін ескере отырып, оның біршама артуының өзі қаланың жалпы ЖӨӨ деңгейіндегі өзгерістерге алып келмейтіндігін айтуға болады.

2.1.1.1.2 сурет. Әлемдік қалалардағы ЖӨӨ құрылымы


Дереккөз: Алматы қаласының Статистика департаменті, салыстырылатын қалалардың ресми Статистика ұйымдары
2.1.1.1.2. кесте. ЖӨӨ көлемі және құрылымы

Атауы/жылдар

Өлш. бір.

2012

2013

2014

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млрд. теңге

5 730

7 152,4

8154

Нақты көлемінің индексі

%;

109,6

115

107,2

Жан басына шаққанда ЖӨӨ

мың. теңге

3 917,6

4 795,6

5023

ҚР ЖӨӨ-ің жалпы көлеміндегі қаланың үлес салмағы

%

18,9

20,2

20,9

Дереккөз: Алматы қаласының Статистика департаменті, салыстырылатын қалалардың ресми статистика ұйымдары

Еңбек өнімділігі

Орта есеппен алғанда Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласындағы еңбек өнімділігін дүниежүзінің басқа қалаларымен салыстыруға болады. Алматы қаласының көрсеткіші жұмыспен қамтылған жан басына есептегенде 61,9 мың АҚШ долларын құрайды, бұл Мәскеу қаласынан 15% артық және Варшавадан 42% кем.



Алайда ішкі секторлар арасында өнімділік бойынша біршама айырмашылықтар байқалады. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты адамның қатысын көп қажет ететін секторлар көшбасшылардан ондаған есе (жылжымайтын мүлік операциялары және сауда) артта қалып отыр.
2.1.1.1.3 сурет. Салалар бойынша еңбек өнімділігі



Дереккөз: Алматы қаласының Статистика департаменті, салыстырылатын қалалардың ресми Статистика ұйымдары
Алматы нақты сектордағы еңбек өнімділігі бойынша дүниежүзіндегі басқа қалалардан біршама артта қалып отыр, мұнда еңбек өнімділігі Алматыдағы сауда және қызмет көрсету секторларынан айтарлықтай төмен. Бұл жағдайда егер ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндіруші өнеркәсіптің деңгейі есептеу базасының төмендігіне байланысты көрсетілмеген деп алатын болсақ, құрылыс (2014 жылы 19 мың АҚШ доллары) және өңдеуші өнеркәсіп (37 мың АҚШ доллары) салалары біршама жақсару аймағы болып табылады. Аталған салаларда жұмыспен қамтылған халықтың 15% астамы жұмыс жасайды және олардың үлесіне ЖӨӨ 8,8% тиесілі болады. Сонымен, 2014 жыл қорытындылары бойынша Алматы қаласын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасының өңдеуші өнеркәсіптің өнімділігі бойынша негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жеткен жоқ. Аталған көрсеткішке қол жеткізу коэффициенті 0,81 құраған. Көрсеткіштердің төмен болуы заманауи өндірістің жеткіліксіз дамуына, сонымен қатар, көлемінің салыстырмалы шағын болуына байланысты болып отыр.
2.1.1.1.3. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- халықаралық деңгейдегі постиндустриалдық мегаполис ретінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ өсім факторларының бірі инвестициялар болып табылады;

- еңбек өнімділігінің өсуін жеделдету, өндірістің одан әрі дамуына қолайлы жағдай;

- Алматы агломерациясының елді мекендерінің тұрақты еңбек, мәдени-тұрмыстық және рекреациялық байланыстары бар.




Әлсіз жақтары:

- жалпы республика экономикасын дамытуға сыртқы факторлардың ықпалы, сондай-ақ теңгенің құнсыздануы, ол халықтың сатып алу қабілетін төмендетуі мүмкін;

- Қазақстанда жоқ, өзіндік бәсекелестік басымдықтары бар көрші елдер тарапынан инвестициялық ресурстарға бәсекелестік деңгейінің жоғарылығы;

- әсіресе өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің төмендігі.




Мүмкіндіктер:

- бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану (мемлекет активтерін);

- нақты экономика секторын қолдау және және кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру;

- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляция деңгейін төмендету;

- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қолдау;

- қалада инвестициялық белсенділікті жақсарту және басым жобаларды іске асыру.




Қауіп-қатерлер:

- дағдарыс үдерістері экономиканың барлық дерлік салаларын қамтиды, қаланың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өсімнің теріс мәніне әлеуетті енеді. Өндіріс құлдырайды, жұмыссыздық көбейеді, халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді, капиталдың сыртқа кетуі, тұтыну құнының артуы. Қаланың ЖӨӨ бұл жағдайларда тоқыраушылық жағдайда болады.

- Қаржылық сектордың елдің астанасына кетуі қаланың ЖӨӨ төмендеуіне және білікті мамандардың кетуіне әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ басқа секторлардан (қызметтер, сауда) түскен пайданы қосымша алып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет