Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



бет6/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

2013 жылы Алматы қаласының көтерме сауда айналымының жалпы көлемі басқа өңірлермен салыстырғанда 1 294 291,8 млн. теңгені құрады. Алматы қаласының резиденттеріне 23,5% келеді, ҚР өзге облыстарының резиденттеріне - 18%, резиденттер еместеріне – 58,5%.



Қазіргі уақытта Алматы қаласының өңіраралық ынтымақтастығы барлық салаларда ҚР-ың барлық өңірлерімен тығыз сауда-экономикалық байланыстарымен сипатталады. 2013 жылы Алматы қаласына ҚР-ың өзге облыстарынан 232 402,7 млн. теңгенің азық-түлігі жеткізілді.
2.1.1.5.1. сурет – Алматы қаласындағы заңды тұлғалардан – ҚР резиденттерінен сатып алынған көтерме сауда тауарларының құрылымы



Дереккөз: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі-1 Вт (қосымша)» бюллетенінің деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Жеткізілетін өнімнің жалпы көлемінің 56,7% қала ішінде өндірілген тауарларды құрайды.

Алматы қаласының нарығына жеткізілген барлық өнімнің 14,1% Атырау облысының үлесіне тиеді. Оңтүстік-Қазақстан облысынан жеткізілген тауарлардың үлес салмағы 8,3% құрайды, Батыс Қазақстан облысы – 6,5%, Маңғыстау облысы – 5,1%, өзге өңірлер – 2,6% құрайды.



2014 жылы Алматы қаласынан ҚР-ың өзге өңірлеріне 347 074,7 млн. теңге сомасының өнеркәсіп өнімдері тиеліп жеткізілді, Алматы қаласынан жеткізілетін жалпы өнімнің - 35,8% Алматы облысына, Астана қаласына 10,8%, Оңтүстік Қазақстан облысына – 9,0%, Шығыс Қазақстан облысына – 6,7%, ҚР өзге өңірлері – 37,7% жеткізілді.
2.1.1.5.2 сурет – Өнеркәсіп өнімдерін жөнелтудің құрылымындағы өңірлердің үлесі



Дереккөз: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі-1 Вт (қосымша)» бюллетенінің деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
2.1.1.5.1. кесте SWOT-таладу

Күшті жақтары:

- өсу драйвері бола алатын сервиске-бағытталған шағын және орта бизнестің үлесі жоғары дамыған экономика;

- ішкі сауданы дамыту үшін институционалдық негіздің болуы;

- елдің көптеген қалаларымен және жалпы Орталық Азиямен салыстырғандағы халықтың төлем қабілетінің жоғарылығы;




Әлсіз жақтары:

- кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;

- нарықта тұрақсыз жағдайға байланысты тәуекелдің жоғары деңгейі;

- сыртқы нарықтарға шағын және орта кәсіпорындардың шығу қиындығы;

- отандық кәсіпорындар өнімдері түрлерінің аздығы, оның шет елдік тауарларға қарағанда әлсіз бәсекеге қабілеттілігі.


Мүмкіндіктер:

- Қазақстанның қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту;

- отандық өнімді өндірудің өсуі;

- әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

- көлік-логистикалық орталықтар желісін дамыту;

- бәсекелестіктің өсуі, сауда желілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру;

- экспорт/импорттың сауданың реттелуін жетілдіру.


Қауіп-қатерлер:

- ұсақ сауда кәсіпорындарының ықтымал банкроттығы;


-шетелдік сауда желілерінің өнімдеріне сұраныс жоғары болғанда отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
- заманауи сауда форматтарының шағын бизнес кәсіпорындарын ығыстыруы.




Түйткілді мәселелер:

- қаржы ресурстарына қолжетімділіктің төмен деңгейі.

- бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерінің шаралары туралы кәсіпкерлерді хабардар етудің жеткіліксіздігі;

- айналым қаражатын толтыру бойынша сауда кәсіпорындарын екінші деңгейлі банктердің несиелеудің жеткіліксіздігі және т.б.;

- сауда нарықтарын жаңғыртуға кәсіпкерлердің ақша қаражатының жетіспеушілігі.

2.1.1.6 Инновациялар және инвестициялар



Инвестициялар

Алматы Қазақстанның инвестициялық тұрғыда тартымды аймақтарының бірі болып табылады, себебі қала қажетті еңбек, тұтынушылық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие.



2010-2014 жылдардағы нақты өсім 6% болған жағдайда инвестицияның нақты өсімі орын алған жоқ, нәтижесі 2014 жылы олардың 5,2% төмендеуі.

2.1.1.6.1 сурет. Инвестициялар серпіні

Дереккөз: АлматықаласыСтатистикадепартаменті


2012 - 2014 жылдардағы кезеңде жалпы инвестиция көлеміндегі мемлекеттік және жеке қаражаттардың үлесі артқан, несие қаражаттарының үлесі біршама төмендеген. Әлеуметтік салаға негізгі капиталға инвестицияның үлесі өте аз екенін айта кету керек.

2.1.1.6.2 сурет. Қаржыландыру көздері және шығындар бойынша негізгі капиталға ивестициялар

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті

2012-2014 жылдары ЖӨӨ негізгі капиталға инвестиция үлесі 8%-дан 6,4% дейін төмендеген (АДБ мақсатына жету коэффициенті 0,94). Аталған үрдіс экономиканың өсіуінің бәсеңдеуімен байланысты:

Осы орайда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыр, сондай-ақ қаладағы қаражатты көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларға стратегиялық серіктестерді тарту бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылуда . Атап айтқанда,

*Әкімдік муниципалдық сектрға ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін тұрақты негізде халықаралық қаржы институттарымен (Еуроап даму және қайта құру банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және т.б.) ынтымақтастық жасасады;

*Инвестициялық жобалардың тізбесі жасалды.

2012-2014 жылдардағы инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестицияның үлесі құлдырау үрдісін байқатқан. 2014 жылы негізгі капиталға инвестицияның жалпы артуы жағдайында сыртқы инвестиция көлемі мен үлесі біршама азайған, бұл 2014 жылғы сыртқы инвестицияны арттыру бойынша мақсаттың орындалмауына алып келген (жетістік коэффициенті 0,84).

Инвестициялардың басым бөлігі талданатын кезеңдеқұрылыс және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарға, сондай-ақ көлік және жабдық сатып алуға бөлінді.


2.1.1.6.3 сурет. Негізгі капиталға инвестицияның технологиялық құрылымы

Дереккөз: Алматы қаласы Статистикадепартаментінің Санақ жинағы


2.1.1.6.1 кесте. Инвестициялық қызмет көрсеткіштері


Атауы/жылдар

Өл. бір.

2012

2013

2014

Негізгі капиталға инвестиция

млрд.теңге

458,3

482,9

511,6

Өсу қарқыны

%

106,3

102,5

94,8

Қазақстан Республикасының көрсеткіштеріндегі инвестицияның үлес салмағы

%

8,4

8

7,8

Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға инвестицияның үлесі

%

8

6,4

7,4

Дереккөз: Алматы қаласыСтатистикадепартаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы
2.1.1.6.2 кесте. Негізгі капиталға инвестицияны қаржыландыру көздерінің үлес салмағы


Атауы/жылдар

Өл.бір.

2012

2013

2014

Негізгі капиталға инвестициялар

%

100

100

100

оның ішінде, қаражат есебінен:













Республикалық бюджет

%

20.1

13.5

21,9

Жергілікті бюджет

%

5.7

5.4

8,3

Меншік қаражаттары

%

50.7

59.2

54,7

шетелдікинвестициялар

%

0.4

1.0

2,9

Қарыз қаражаттары

%

23.1

21.9

15,1

Дереккөз: Алматы қаласы Статистикадепартаменті

Ғылым

Алматыда көптеген ғылыми мекемелер, жобалау институттары және жоғары оқу орындары орналасқан. Қаланы дамытудың алдында тұрған негізгі міндет ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу үшін ғылым, білім және өндірісті біріктіруді қамтамасыз ету болып табылады. 2012-2014 жылдардағы кезеңде кәсіпорындардың технологиялық инновация шығындары 6 есе артқан. Сонымен қатар 2014 жылғы ҒЗТҚЖ сыртқы және ішкі шығындар 35,4 млрд. теңгені құраған, бұл елдегі жалпы жұмыстар көлемінің 48% болып табылады. ҒЗТҚЖ ішкі шығындардың 75% бюджет қаражатынан тұрады.


2.1.1.6.4 сурет. Қаржыландыру көздері бойынша ҒЗТҚЖ шығындары

Дереккөз: Алматы қаласыСтатистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы
2.1.1.6.5 сурет. ҒЗТҚЖ ішкі шығындары, 2014 ж., млрд. теңге және %

Дереккөз: ҚазақстанРеспубликасыныңСтатистикакомитеті
Ғылыми-техникалық әзірленімдердің жеткіліксіз үлес салмағы кезінде, шығындардың айтарлықтай бөлігі қолданбалы зерттеулердің үлесіне тиеді.


2.1.1.6.6 сурет. Жұмыс түрлері бойынша ҒЗТҚЖ ішкі шығындары

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистикакомитеті


Таблица 2.1.1.6.3. Показатели развития науки

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2012

2013

2014

Ғылыми-техникалық жұмыстарды орындайтын ұйымдар саны, бірлік

бір.

119

369

428

ҒЗТҚЖ сыртқы және ішкі шығындары




24 217

30 991

35 369

Ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерді орындайтын мамандар саны, адам

адам

8 644

9 654

11 094

Дереккөз:Алматы қаласыСтатистика департаментінің санақ жинағы
Инновациялар

Ұлттық инновациялық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты экономикалық өсімді, жоғары технологиялық өндірістердің дамуын қамтамасыз ету, ғылымды қажет ететін өнімдер көлемін арттыру есебінен бюджетке түсімдерді ұлғайту, жаңашыл технологияларды пайдалану арқылы экологиялық және әлеуметтік мәселелердің шешімін табу болып табылады.

Мемлекет өңірдегі инновациялық дамуға қолдау көрсетеді. Мұндай шаралардың бірі инновациялық және ғылыми-зерттеушілік әлеуетті дамыту платформасын қалыптастыруға арналған «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру болып табылады.

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын салықтарды төлеуден босату түріндегі жеңілдіктер қарастырған. Негізгі мақсат жаңа технологияларды тарту, қолдау және ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация, электроника және құралдар жасау, ресурс үнемдеу, табиғатты тиімді пайдалану және т.б. салаларда жаңа кәсіпорындардың артуы болып табылады.



2.1.1.6.7 сурет. «АТП» АЭА құрылысы

Дереккөз: Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы


«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр, бұл үшін коммуникациялар бар аумақ 169,2 га көбейтілген (қазіргі көлемі – 14 га). Қазіргі кезде 151 компания қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде 35 компания «эксаумақтылық» ұстанымы бойынша жұмыс жасайды. Жұмыс істеп отырған компаниялар ішінде 14 кәсіпорын шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс жасайды (Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Израиль, Қытай, Германия, Италия).
Арнайы экономикалық аймақтың АЭА дербес кластерлік қор – инновациялық кластердің атқарушы органы құрылған. Аталған қор қатысушыларды қолдауға арналған басқару органы түрінде болады. Инновациялық кластер қатысушыларының Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған жобалары Мақсатты қордан қаржыландыру құралдарын ала алады.

Сонымен қатар «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дәрежесі біршама артады – Қамқоршылық кеңесін ел Президенті басқарады.


2.1.1.6.4 кесте. Инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өл.бір.

2012

2013

2014

Жұмыс жасайтын кәсіпорындар санындағы инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

6,7

8,0

5,0

Инновациялық өнімдер көлемі,

млн.теңге

12 579

12 504

22 089

Жалпы Өңірлік өнім көлеміндегі инновациялық өнім үлесін арттыру

%

0,21

0,17

0,27

Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларына жалпы шығындар,

млн.теңге

8 345

33 686

50 891

Дереккөз:Алматы қаласыСтатистика департаментінің санақ жинағы

2.1.1.6.5. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық (Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, және т.б.)

- ғылыми – зерттеу және инновациялық әлеуетті дамыту платформасын қалыптастыру үшін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру;

- инновациялық кәсіпкерлік және қолданбалы ғылым өңірлік орталығын құру.




Әлсіз жақтары:

- экономика өсуінің бәсеңдеуі және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі;

- қаланы басқарудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жеткіліксіз қолдану.


Мүмкіндіктері:

- шетелдік инвестицияларды тарту;

- инновациялық кәсіпкерліктің және қолданбалы ғылымның өңірлік орталығын дамыту


Қауіп-қатерлер:

- ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нарықтағы сұранысыынң төмендігі;

- алматылық кәсіпорындарының тартылатын инвестицияларға, технологияларға және адам ресурстарына тәуелділігі;

- отандық кадрлардың біліктілігінің төмендігі себебінен технологияларды импорттық алмастыру мүмкіндігінің жоқтығы.




Түйткілді мәселелер:

- ұзақ мерзімді инвестицияларды қолдау және қорғау бойынша әлсіз кепілдемелер;

- Алматы қаласындағы инвестицияллардың келешегі туралы шетелдік іскер топтарының жеткіліксіз хабардар етілуі;

- технологиялық сипаттағы инновацияларға бизнесті қабылдау деңгейінің төмендігі;

-техникалық, инженерелік мамандықтар және инновациялық менеджмент бойынша ғылыми кадрлардың тапшылығы;

- кәсіби стандарттардың білім стандарттармен үндестірудің жеткіліксіздігі;

- инновациялық жобаларды іске асырудағы бақылау жүйесінің жетілдірілмеуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет