Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты


Шағын және орта бизнес, сауда



бет4/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2.1.1.4 Шағын және орта бизнес, сауда



Шағын және орта бизнес

Алматы шағын және орта бизнестің (бұдан әрі - ШОК) нақты өнім шығару көлемі бойынша елде бірінші орында болып келеді.

Тіркелген және белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2014 жылы өсу үрдісін сақтаған (2012 жылмен салыстырғанда 25% артқан). ШОК субъектілерінің жалпы көлемінде республика бойынша 2014 жылы Алматы 13,8 % үлесімен екінші орынға иеленеді.

2012-2014 жылдардағы кезеңде ШОК белсенді субъектілерінің үлесі тіркелген субъектілердің жалпы көлемінде тұрақсыз үрдіс көрсеткен. Бұл жағдайда 2013 жылы біршама өсім байқалады (53,1%) және әрі қарай 51% дейін төмендеген.


2.1.1.4.1. кесте. ШОБ негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

өл.бір.

2012

2013

2014

Тіркелген ШОБ саны

Бір.

202 745

224 831

251 912

Белсенді ШОБ саны

Бір.

102 173

119 462

128 107

Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі белсенді ШОБ үлесі

%

50,4

53,1

50,9

ШОБ-тағы жұмыспен қамтылғандар саны

Адам

323 810

412 571

474 864

ШОБ субъектілерінің өнім өндіруі

Млрд. теңге

2 019,3

2 159,7

3 799,8

Дереккөз: «ҚР шағын және орта бизнес» Санақ жинағы, 2015
«Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының (бұдан әрі – БЖК-2020) шеңберінде 2012-2014 жылдары ШОБ-ты қолдау және дамыту үшін республикалық бюджеттен 7 769,2 млрд. теңге бөлінді. Осы шаралардың есебінен 323 жобаға субсидия бөлінді, 48 несие бойынша ішінара кепілдік ұсынылды, 27 грант берілді, 10 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
2.1.1.4.2. кесте. Жобалардың саны, құралдардың бөлігінде «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының шеңберінде ӨҮК


Қолдау құралдары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

3 бағыт бойынша субсидия бөлу

113

85

125

Кепілдік

3

7

38

Гранттар

7

9

11

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

10

15

-

Дереккөз: «Даму Кәсіпкерлік қоры» АҚ жылдық есептері

БЖК-2020 іске асыру нәтижесінде 2012-2014 жылдары қосымша 5 мың жаңа жұмыс орны ашылды, 10 мыңнан астам жұмыс орны сақталды. Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шеңберінде қаланың 5 мыңнан астам кәсіпкерлері оқытылды.


2.1.1.4.3. кесте. Компоненттер бөлігінде «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының шеңберінде оқытылған қатысушылардың саны


Қолдау құралдары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Бизнес кеңесші 1

1 636

1 416

1 374

Бизнес кеңесші 2

-

55

146

Топ-менеджмент оқыту

29

62

58

Іскерлік байланыстар

79

78

80

Аға сеньорлар

-

1

1

Жас кәсіпкер мектебі

-

-

85

Дереккөз: «Даму Кәсіпкерлік қоры» АҚ жылдық есептері

2.1.1.4.1 сурет. Жалпы тіркелгендер санындағы Алматы қаласының ШОК субъектілерінің үлесі, бірлік

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2.1.1.4.2 сурет. 2014 жылы Алматы қаласының ШОК ұйымдастыру-құқықтық формасы бойынша құрылымы

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті


Алматы қаласының тіркелген және белсенді ШОК субъектілері құрылымында жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК) басым болып келеді.

Белсенді ШОК субъектілерінің салалық құрылымы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басымдығымен сипатталады. Қаланың ЖӨӨ құрылымының жалпы динамикасына сәйкес болатын ең жоғары үлеске сауда саласы ие болып отыр. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, өнер және т.б. салалардағы кәсіпорындардың үлесі 5% кем, бұл аталған салаларды дамыту әлеуетін білдіреді. Бұл жағдай көбінесе сауда қызметі барысында құрылатын ШОК құрылымында ЖК басымдығымен де түсіндіріледі.



ШОК қалада жұмыс орындарын құрудың маңызды көзі болып табылады (62,1% қалада жұмыс жасайтындардың жалпы санынан 474,8 мың адам) соңғы үш жылда барынша өсу қарқыны байқалады.
2.1.1.4.3 сурет. ШОК жұмыспен қамтылғандар үлесі


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті

2014 жылы ШОК субъектілерінің өнім өндіруі 3 799,9 млрд. теңгені құраған, бұл 2013 жыл деңгейінен 12,5% жоғары. Алматы қаласының ШОК өнім шығару деңгейінің көрсеткіші өсу үрдісін көрсетіп отыр, бұл шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өз өнімдерінің алуан түрлілігін арттыру, өндірісті түрлендіру, сапаны жоғарылату және өткізу нарығын кеңейту арқылы дамытудың алғышарты болып табылады. 2014 жылы ЖӨӨ ШОК меншікті үлесі 34% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет