Бағдарламасы (аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат)



бет1/10
Дата19.09.2023
өлшемі47,03 Kb.
#181576
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5-сынып әдеб электив


БАҒДАРЛАМА

Ы.АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ


5- сынып оқушыларына арналған элективті курстың бағдарламасы (аптасына – 1сағат, барлығы – 34 сағат)


ТЛЕКЕЕВА ФАРИЗА АБЛАЕВНА


№15 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пікір жазғандар:
Көшекова А.А.,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры,филология ғылымдарының кандидаты.
Отарбекова Ж.К.,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессор м.а.,филология ғылымдарының кандидаты
Токанова Б.Н.,«№83 гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,педагог-шебер.

Түсінік хат мазмұны


Бүгінгі заман талабына сай оқушылар жан-жақты тұлға болып қалыптасуы керек.
Білім саласындағы өзгерістерге байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларымен жұмысқа бағытталған. Аталған дағдылар негізінен оқушының шынайы өмірде замандастарымен еркін араласуына ықпал етеді. Сонымен қатар өзгелермен пікір алмаса отырып, көзқарасын еркін білдіруге дағдыланады. Оқушы өзінің ойын және көзқарасын жүйелі түрде нақты жеткізуге машықтанады. Өзіне қажетті кез-келген ақпаратты тиімді қолданады. Және ұсынылған ақпаратты тек оқып қана қоймай, қажеттісін сараптай оқуына да мүмкіндігі болады. Тыңдалым, оқылым дағдыларын меңгерген оқушы оқығаны шығармасы бойынша өзіндік тұжырым жасай отырып, жаңа идеялар туындатады. Енді біз атаған дағдылардың маңыздысы – оқылым дағдысы. Оқылым дағдысы оқудың тиімді жолын меңгерген оқушы оқығаны бойынша талдау жасай алады, ойын еркін жеткізеді. Және сауатты жазады. Оқушы өзіне керекті ақпаратты тыңдайды және қорытынды шығарады.
Оқылым дағдысы қалыптастыруда оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оның мазмұнын, мақсатын, тілін түсіну арқылы негізгі ойды анықтайды. Сонымен қатар мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін, мәтіннің стилін, түрін ажыратады. Оқыға мәтіні бойынша әртүрлі сұрақтар құрастыруды дағдыға айналдырады. Және ұсынылған деректерден қажетті ақпаратты айқындайды, мәтіндерді талдауды меңгереді. Оқушылар үшін тиімдісі оқуға деген құштарлықтарын арттырады.
Ел ертеңі болатын, тәуелсіздіктің іргесін берік ұстайтын, саналы азаматтардың кітап оқуы үшін мүмкіндік жасау маңызды. Оқылым стратегиясын тиімді қолдана отырып, оқушыларды оқуға бағыттау олардың мәтінді еркін талдауына ықпал етеді. Сондықтан оқылым дағдысын дұрыс жолға қойып, дамыту мұғалім үшін құнды. Себебі оқылым дағдысы барлық дағдылардың негізі десек болады. Оқушыларды оқылым стратегияларын тиімді қолдануға бағыттай отырып, мәтінге талдау жасау дағдысының сапасын арттырған дұрыс.
Осы оқылым дағдысын Ыбырай Алтынсаринның әңгімелерін оқыту арқылы қалыптастыру және дамыту - аталған курстың негізгі мақсаты.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері - жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосатын қазақ әдебиетінің алтын қазынасы. Ұлы ұстаздың биылғы жылы 180 жылдық мерейтойы. Осыған орай шығармаларын тереңдете оқытып, әңгімелерінің негізгі идеясымен оқушыларды жіті таныстыру бүгінгі қоғам үшін пайдалы деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет