Бағдарламасы арқылы электрондық оқулықтар жасау


AutoPlay Media Studio бағдарламасының интерфейсімен танысу



бет3/4
Дата24.08.2020
өлшемі1,84 Mb.
#76776
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулықтар жасау
кенесары, кенесары, Психологиялық концепсия, 11-лекция-Лесб, ВСРЗ 9 сынып геометрия каз, Презентация Кунделик
AutoPlay Media Studio бағдарламасының интерфейсімен танысу.

Қондырылған бағдарламаны іске қосамыз, ол үшін жұмыс үстеліндегі AutoPlay Media Studio белгішесінде тінтуірдің сол жағын екі рет шертеміз.



Ашылған терезеде(1-сурет) «Создать новый проект» үлгісін таңдаңыз және жоба атауын көрсетіп «Шаблон» тізімінде «Blank Project» таңдап, ОК батырмасын басамыз.(2-сурет)



2-сурет

1-сурет

Енді ашылған бағдарламаның жұмыс үстелінің көлемін енгіземіз.



Ол үшін:

Бағдарлама жұмыс үстелінен тыс жерде тышқанның сол жақ батырмасын басып, ашылған мәзірде Параметры... үстіне әкеліп тышқанның оң жақ батырмасын басамыз, Параметры проекта терезесі ашылады, Параметры проекта терезесінде Размерности тізімінде өзімізге қажет өлшемді жазамыз және бағдарлама толық экранда ашылу үшін, астында орналасқан Изменить размеры тізімінде Окно изменяемого размера құс белгісін(галочка) қойып өзіміз қалаған өлшемді жазып ОК батырмасын басамыз.

Электронды оқулық өлшемін қойып болғаннан кейін, енді электронды оқулықтын басты бетін жасауға кірісейік.



Алдымен, басты бетіміздін фон түсін және бет парақшамыздың атауын өзгертеміз, ол үшін жұмыс бетіміздің үстіне тышқанды апарып, оң жақ батырмасын басамыз, ашылған мәзірден Свойства белгішесін басамыз.

Ашылған Свойства страницы терезесінде, Имя деген жерге бетіміздің атауын енгізіп, Фон деген жерде Использовать свои параметры тізімінде құс белгішесін орнатып(галочка), қалаған түсімізді таңдаймыз. Таңдап болғасын ОК батырмасын басамыз.



Енді, бет парақшамызға түйме, суреттер, видео және т.б. салайық.



Түйме кірістіру үшін: Тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған мәзірден Кнопка белгішесін таңдаймыз. Ашылған түйме тізімінде өзімізге ұнаған түймені таңдап ОК батырмасын басамыз.

Түйменің үстінен тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып қалаған жерге орнатамыз.



Батырмамызға мәтін енгізу үшін, таңдаған түйменіздің үстіне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертеміз. Ашылған Свойства кнопки терезесінде Текст деген жерге өз мәтінімізді енгіземізде ОК батырмасын басамыз.



Сурет кірістіру үшін: Тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған мәзірден Изображения белгішесін басып, қалаған суретімізді таңдап ОК батырмасын басамыз. Бет парақшамызға кірістірілген суреттің үстінен тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, қалаған жеріңізге орналастырамыз.



Келесі бетті қосу үшін: Бет парақшамыздың үстінгі жағында орналасқан Басты бет белгішесінің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басып Добавить басамыз. Келесі бет қосылады.



Келесі бетіміз Әдеби үдеріс беті, осы бет парақшамызға сурет, мәтіндер кірістіреміз.

Енді, басты беттегі Әдеби үдеріс түймемізді басқанда, Әдеби үдеріс парақшасы ашылу үшін, түймеміздің үстінен тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп, ашылған Свойства кнопки терезесінде Быстрое действие мәзіріне өтеміз. Действие для запуска тізімінде Показать страницу басамыз. Астында ашылған Страница для отображения тізімінде Определенная страница басамыз, осы түймені басқанда қай бетке өтетінімізді көрсетіп, ОК батырмасын басамыз.



Осылайша қалған беттерімізге мәтін, суреттер кірістіре отырып, түймелерімізге беттердін ретін енгіземіз.

Бейне ролик енгізу: Мультимедиа парақшамызға бейне ролик енгізейік, ол үшін, бет парақшамыздың үстіне тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған мәзірден Видео белгішесін басамыз. Қалаған бейне ролигімізді таңдап ОК батырмасын басып. Мультимедиа парақшасына кірістірілген бейне ролигіміздің үстінен тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып қалаған жерге орналастыра аламыз және көлемін өзгерте аламыз.



Беттерімізді аяқтағаннан кейін, электронды оқулығымыздың іске қосылатынына көз жеткізейік, ол үшін: Бағдарламаның үстінгі мәзірінде орналасқан белгішесін тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шертеміз.

Енді, дайын болған электронды оқулығымыздың іске қосылатынына көз жеткізген болсақ, толықтай аяқтау үшін дербес компьютерімізге сақтаймыз.

Ол үшін: Бағдарламамыздың үстінгі мәзірінде белгішесін басып, ашылған тізімнен Публикация проекта терезесінде, Папка жесткого диска тізімін таңдап Далее батырмасын басамыз. Сақтайтын орынды таңдап, Сборка батырмасын басамыз.



3. Қорытынды бөлім: Біз сіздермен, AutoPlay Media Studio бағдарламасымен электронды оқулықты жасауды және қыр-сырларын меңгеріп, сурет, бейне, т.б. материалдарды салуды, онымен қалай жұмыс жасауды үйрендік. Алдағы уақытта, осы білімдеріңізді пайдалана отырып, әр мұғалім өз пәніне кез келген тақырыпта жедел және тез электронды оқулық жасауға мүмкіншілігі бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет