Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Білім және Мемлекеттік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет157/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Білім және Мемлекеттік оқу бағдарламасы
1988 жылғы «Білім беру туралы» заң Англия мен Уэльстегі бас
-
тауыш білім берудің бет-бейнесін өзгертті. Мемлекеттік оқу бағдарла
-
масы арқылы үкімет кімге нені қашан оқыту бойынша өз саясатын таң
-
ды. 1988 жылдан бастап мемлекет қаржыландыратын барлық мектеп
-
тен кеңейтілген және теңгерімді оқу бағдарламасы талап етілді, сөйтіп:
y
мектепте және қоғамда оқушылардың рухани, адамгершілік, мәдени, 
ақыл-ои� және физикалық дамуына ықпал етеді
y
оқушыларды болашақ мүмкіндіктер, міндеттер мен тәжірибелерге 
даи�ындаи�ды 
(DfE, 2013)


Кәсіби білім мен түсінік 
203
Англия мен Уэльсте оқу бағдарламасы негізгі және базалық пән
-
дерге жіктелді. Арнайы жұмыс топтары әр пәннің оқу бағдарламасы
-
ның мазмұны бойынша жұмыс істеді. Олардың міндеттерінің көптігін 
ескермеуге болмайды, сондықтан олардың оқыту бойынша ұсыныс
-
тарына қатысты келіспеушіліктер болды. Мысалы, Филлипс (1998) 
баспасөз беттерін мыңдаған мақалаға, хаттарға толтырған тарих пә
-
нінің оқу бағдарламасының мазмұнын (британ бірегейлігі мен білімге 
қатысты дағдылар) қайта қарау туралы ұсыныстарға тоқталды. Бұл 
жай академиялық пікірталас емес, жоғары деңгейдегі саяси пікірталас 
болды. Премьер-министр Маргарет Тэтчер өзінің білім беру ісі жөнін
-
дегі хатшысы Кеннет Бэйкермен тарих және басқа да базалық пәндер
-
де нұсқаулардың шамадан тыс көп берілуіне қатысты қарсы пікірде 
болды. 
90-жылдары ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пән
-
дерін оқытудың өз қарама-қайшылықтары болды. Мысалы, бастауыш 
білім берудің оқу бағдарламасында математика мен ағылшын тілі стан
-
дарттарын көтеруге баса мән берілуі жаратылыстану пәндерінің дәре
-
жесінің түсуіне себеп болды (Boyle and Bragg, 2005; Tymms 
et al
., 2008). 
Тестілеу мен бағалауға байланысты жоғары талаптар Мемлекеттік оқу 
бағдарламасы туралы «тұжырымдамадағы арманға қарап, қорқыныш
-
ты әлемге енесің» деген ойлар тудырды (Campbell, cited in Alexander and 
Flutter, 2009: 6). Дэвисон (2004: 84) атап өткендей, Мемлекеттік оқу бағ
-
дарламасының қызық жері сол: мұғалім қолындағы бұл оқу бағдарла
-
масы оқушының да, мұғалімнің де мүмкіндігін шектейді. ХХІ ғасырдың 
бірінші онжылдығында Біріккен Корольдіктің оқу бағдарламасы кең 
көлемде қайта қаралды. Англияда сэр Джим Роуз бастауыш мектептің 
оқу бағдарламасына тәуелсіз шолу жасады (Rose, 2008). Ол «Оқу мен 
өмір сүру негіздерінде» (сауаттылық, қарапайым математикалық амал
-
дар, АКТ дағдылары, оқу және ойлау қабілеттері, жеке және эмоциялық 
дағдылар, әлеуметтік дағдылар) ұсынылған мазмұнды қысқартуды 
жақтады. Роуз өз шолуында бұл дағдыларды жеті оқу бағыты бойын
-
ша дамытуды ұсынды, алайда Коалиция үкіметі бұл мәселені негізгі бі
-
лім анық белгіленген пәндік оқу бағдарламасының пайдасына шешті. 
Роуз шолуы күрделі әрі ауқымды оқу бағдарламасын құрудағы ең үлкен 
қиындықтардың бірін атап көрсетті, ол балалар бір пән бойынша ал
-
ған білімі мен дағдыларын басқа пәнді жақсы түсіну үшін қолдана ала
-
ды дей келіп: «Бастауыш мектеп мұғалімі 13 пәнді оқытатын әрі қажет 
кезде жеткілікті деңгейде терең діни білімді болуға тиіс, бұл мәселені 
шешуге қалай көмектесе аламыз?», – деді (5.4-қосымша). Кембридж ко
-
мандасы (2006–2009) профессор Робин Александрдың басшылығымен 
Англиядағы бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына шолу жасап, 
келесі болжамдарға күмән келтірді:


Кәсіби білім мен түсінік 
204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   510




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет