Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет281/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)
Педагогикалық техника мұғалім шеберлігінің элементі ретінде. (1), Краснодарский университет, Metodika-prepodavaniya-istorii, 496800, открытый урок, Презентация4
 
y
Намысқа тиетін сұрақ.
Респондентке намысқа тиетін сұрақ қойса, жауап беру 
былай тұрсын, сауалнаманы лақтыра салуы мүмкін. Намысқа тиетін сұрақ мы-
надай болуы ықтимал: «Сізді күйеуіңіз тастап кететіндей не істедіңіз?» немесе 
«Қанша ақша табасыз?».
 
y
Білімге қатысты сұрақ.
Сіз білетін тақырыпты респондент те біледі немесе ха-
бардар деп ойламаңыз. «ХХІ ғасырдағы саясатта марксистік теорияға орын жоқ» 
деген келісу/келіспеу тұжырымын мысалға алайық. Әлдекім «Бұл нендей акаде-
миялық сандырақ?» деп жауап берсе, таңғалмаңыз. Респондент сауалнамаңыз-
ды қоқыс шелегіне тастай салады.
 
y
Негізсіз болжамдарға қатысты сұрақ.
Респондент өзі келіспейтін тұжырым ай-
тылған сұраққа жауап беруге қиналуы мүмкін. Мысалы, «Ауруханада сіз ұнатқан 
сәт қайсы?» деген сұрақ арқылы «респондент ауруханада жатқанда кей нәрсе-
лерді ұнатты» деген тұжырым жасалады.
 
y
Қоғам қалайтын жауабы бар сұрақ.
Бұл бетпе-бет сауалнамада кездесуі мүмкін. 
«Қарулы күштерде жұмыс істейтін әйелдер әріптес ер-азаматтармен тең құқық 
пен міндетке ие болуы керек пе?» деген сұрақ қойсаңыз, әсіресе сұхбат алушы 
әйел болса, респондент сауалға «жоқ» деп жауап беруге ыңғайсыздануы мүмкін.


291
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Бұл жағдаи� алғашқы сауалнамаңызды қиындатуы мүмкін. Сондықтан пи-
лоттық зерттеуге қаи�та оралыңыз. Пилоттық зерттеу сұрағыңыз бен жауап 
санатын респондент көзқарасы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беріп қана 
қои�маи�, қорға енгізіп, статистикамен жұмыс істеуге болатын шағын дерек 
жинағын құруға жол ашады. Бұл жауап санатын анықтап, дерек жинау тетігі 
анализіңізге қалаи� әсер ететінін көрсетеді.
Ашық жауаптар
Ашық жауап алуда респонденттің өз сөзімен жауап беруін сұраи�ды. Олар 
кез келген ақпаратты ұсынып, қалаған пікірін аи�туы мүмкін. Дегенмен әдетте 
жауап беруге арналған бос орын көлемі шектеулі болады. Алынған деректер 
ауқымды және шынаи�ы болуы мүмкін, бірақ оларды кодтау және талдау қиынға 
соғуы ықтимал.
Жабық жауаптар
Жабық жауап процесінде респондент алдын ала берілген жауапты таңдаи�-
ды. Мұнда деректерді кодтау және статистикалық талдау оңаи�. Жабық жауап 
санаты тақырыбына қараи� әртүрлі формада кездеседі.
Иә/жоқ немесе келісемін/келіспеймін:
Алкогольді сусын ішесіз бе?
Иә/жоқ
«Ішімдік денсаулығыңызға зиян» 
Келісемін/келіспеймін
Биномдық деректермен (немесе екі ықтимал жауабы ғана бар деректермен) 
жұмыс істеу оңаи�. Ал тек қана екі жауап ұсыну респондентке ыңғаи�лы ма, әлде 
жоқ па? Мысалы, бірінші сұрақта респондент «жиі емес» (сыртқа шыққан кезде 
ғана ішемін) деп немесе екінші сұраққа қатысты «бұл қандаи� ішімдік туралы 
аи�тқаныңызға баи�ланысты» деп ои�лауы мүмкін. Ықтимал стратегия – «біл-
меи�мін» немесе «ешқаи�сысын таңдамаи�мын» деген нұсқаларды ұсыну. Бірақ 
мұндаи� нұсқа таңдау жасамаи�тын респондент санын арттырады.
Бос орынды толтырыңыз:
Салмағыңыз қанша? 
Тіпті осындаи� қарапаи�ым сұрақтар да (респонденттер жауабын біледі 
және жауап бергісі келеді деп санасақ) деректерді шашыраңқы етіп жібереді. 
Респонденттер 90 кг, 198 фунт немесе 14 стоун (Ұлыбританиядағы өлшем бірлігі, 
6,35 килограмға тең – ауд.) деп жауап берсе ше? Әрине, жауапты жүи�елеи� аласыз, 
бірақ респонденттер тек «90» деп жазса, оны жүи�елеу мүмкін емес.


292
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Тізімнен таңдау:
Қай ішімдікті жиі ішесіз?
Сыра Шарап Спирт Аралас ішімдіктер Коктейльдер
Жауапта ешқандаи� «баи�ланыс» жоқ деп болжаи�мыз; бірден көп жауап берілсе, 
не істеи�тініңізді ои�ластырыңыз. Сондаи�-ақ барлық жауаптың қамтылғанына 
(жауаптардың толық екеніне) және бір-бірін қаи�таламаи�тынына (бір-бірінен 
бөлек екеніне) көз жеткізіңіз. Ықтимал стратегия – «басқа» немесе «басқа:______» 
деген жауапты ұсыну.
Реттік нұсқалар:
Төмендегі ішімдіктерді өз қалауыңыз бойынша бойынша орналастырыңыз:
Сыра Шарап Спирт Аралас ішімдіктер Коктейльдер
Тізім ұзын болса, респонденттер жауап беруге қиналады. Олар жалықса, сұ-
раққа жауап бермеи�, толық орындамаи� немесе ештеңе жазбаи� қоюы мүмкін 
екенін есте сақтаңыз.
Интервал жауап шкаласы:
«Жасөспірімдердің ішімдік ішуі қалыпты жағдай»
1
2
3
4
5
Мүлде 
келіспеймін
Келіспеймін
Сенімді 
емеспін
Келісемін
Толық 
келісемін
Көбінесе Лаи�керт шкаласы деп аталатын жауап шкаласы «мүлдем келіспеи�-
мін» жауабынан «толық келісемін» жауабына деи�інгі әртүрлі жауап ұсынады. 
Бұл типтегі шкалада ескерер жаи�т: балл саны; жұп санды жауап қолдана отырып, 
респондентті қандаи� да бір тарапты қолдауға мәжбүрлеи�сіз бе, әлде жоқ па; 
респондент қалаи� болса солаи� жауап бере ме/жоқ па немесе белгілі бір санды 
ғана дөңгелектеп шыға сала ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   503




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет