Бағдарламасы Барлығы: 4 сағат. Аптасына сағат



бет1/5
Дата13.09.2022
өлшемі35,38 Kb.
#149397
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
элект.курс ХVІІІ-ХХ ғғ.ұлт-азаттық көтерілістер.Асанбекова 11 сынып
Документ (42), Педагогика, 0 дік.Нбақылау, Ақжол (копия), stud.kz-32755, 1528950435542

Қазақ тілінде оқытатын арнайы мамандандырылған
білім ұйымдары үшін
11 сынып
элективті курс: «ХVІІІ-ХХ ғғ. ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы» бағдарламасы
Барлығы: 34 сағат. Аптасына 2 сағат.

Бағдарлама авторлары:


Г.С. Асанбекова –Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның тарихы және құқық пәндерінің мұғалімі, «Атаулы мектеп» иегері.

Рецензия жазған:А.Б.Айтбаева- Ұлттық аударма бюросының редакторы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент


Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 30 жылдай уақыт болды. Осы жылдар аралығында тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашылып, ұлттық құндылықтарымыз жандана бастады. Ғасырлар бойы бұл жолда қисапсыз тер мен қан төгіп, қол бастаған есіл ерлеріміз бен жаужүрек батырларымыздың ерен ерлігі тарихымызда алтын әріптермен жазылды. Тарих тамырына бойласақ, тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқының бірнеше жүздеген көтерілістері болған екен.


Дегенмен, бұндай көтерілістердің әлі де ашылмай, ақиқаты айтылмай келе жатқан ақтаңдақ беттері қаншама? Міне, осының бәрін зерттеп, саралау үшін қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілістердің тарихын мектеп табалдырығынан зерделеп оқытуды мақсат етіп отырмыз. Еліміздің әр тарапында, әр жылдары орын алған барлық көтерілістердің түпкі мақсаты-азаттық болатын.
Өткенімізді түгендемей, болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Бүгінгі азаттықтың ақ таңына жеткендегі жолымыздың айшығын айқындап, жоғымызды түгендеп, барымызды тағы бір мәрте саралауды көздеп отырмыз.
Элективті курстың өзектілігі- қазақ тарихындағы азаттық жолындағы күрестердің ақиқатына үңіліп, мектеп қабырғасынан оқушыларға тарихи ақиқат пен шындықты, нақты тарихи айғақ пен дәлелдер арқылы оқыту.
Элективті курстың негізгі мақсаты-тағдырлы тарихымызда таңбаланып қалған қазақ халқының ұлт-азаттық күрестерінің рөлі мен маңызына баға беру және оның тек тарихын ғана айтып қана қоймай, саяси астарына үңілу, тәуелсіз ұрпақтың ұлттық санасы жаңғырту.
Курстың мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді анықтайды:

  • Тәуелсіздік үшін болған ұлт-азаттық көтерілістер туралы нақты мәліметтерді меңгеру;

  • Ұлт-азаттық көтерілістерді сараптау;

  • Ұлтымыздың тарихындағы қозғалыстарды саралай алу;

  • Ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің көшбасшылары мен тарихи батырлары, қайраткерлерінің рөлін ашу мен оған баға бере алу;

  • Қозғалыстарға қатысты тарихи материалдарды сауатты түрде сипаттай алу;

  • Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау;

  • Көтерілістердің әлеуметтік себептерін анықтап, саяси сабақтарына баға беру;

  • Көтерілістер мен қозғалыстардың себеп-салдарына жеке-жеке үңілу;

  • Тақырып аясында сыныптастармен еркін пікір алмасу;

  • Қазақ көтерілістері мен қозғалыстарын зерделі зерттеу;

  • Көтерілістерге ғылыми талдаулар жасай алу;

  • Ұлт тарихына жаңаша көзқараспен қарау;

  • Тарихи шындықты аса жауапкершілікпен зерделеу;

  • Дерек пен дәйектерді меңгеруде тарихи сананы оң қалыптастыру;

  • Алған білімді оқу-тәрбие үрдісінде қолдаан алу;

  • Қазақ даласында еркіндік үшін болып өткен көтерілістер туралы объективті пікір қалыптастыру;

  • Төл тарихымызды жаңаша көзқараспен зерделеу;

  • Ұлт –азаттық көтерілістер мен қозғалыстарды ғылыми қалыпқа салу;

  • Көтерілістер мен қозғалыстар тарихын зерделеуде шынайы айғақтарға сүйену.

Оқушыларды осы элективті курс бағдарламасы бойынша оқыту үшін төмендегідей оқу мақсаттары қойылады:

  1. Ұлт-азаттық күрестің алғышартын анықтау;

  2. Ұлт-азаттық күрестегі тұлғаның тарихта алатын орнын анықтау;

  3. Ұлт-азаттық күрестің рөлін көрсету;

  4. Ұлт-азаттық күрестің маңызына баға беру;

  5. Ұлт-азаттық күрестің саяси астарына үңілу және бағалау;

  6. Ұлттың қаһарманы ретінде бағалау;

  7. Ұлт-азаттық қозғалыс тарихы арқылы ұлттық сананы жаңғырту;

  8. Ұлт Батыры ретінде бағалау;

  9. Ұлт-азаттық қозғалыстың салдарын саралау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет