Бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) «Білім туралы»



бет1/3
Дата24.11.2023
өлшемі41,34 Kb.
#193452
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
5 сын Айналадағы әлем көмекші новый КТЖ



Түсінік хат
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-сыныбы үшін «Айналадағы әлем» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.«Айналадағы әлем» пәнін оқу мақсаты – білім алушыларға табиғат туралы қарапайым түсінікті меңгерту, олардың табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсініктерін жинақтау және жүйелеу, алған білімді күнделікті өмірде қолдана білулерін дамыту.«Айналадағы әлем» пәні бойынша келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1)жалпы және сөйлеу тілі дамуындағы кемшіліктерді түзету;
2)танымдық әрекеттерді дамыту;
3)қоршаған әлем туралы түсініктерді кеңейту және байыту;
4)негізгі оқу пәндерін оқу барысында қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
5)көру, салыстыру, жинақтау, нақтылау, қарапайым тұжырымдама жасау, қарапайым себеп-салдарлық байланысты табу қабілетін дамыту;
6)білім алушылардың сөздік қорын байыту;
7)әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру;
8)өз халқының, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға деген сыйласымдылық сезімін қалыптастыру;
9)өмірлік іс-әрекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаратылыстану ғылыми білімді күнделікті өмірде қолдану, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау дағдыларын дамыту;
10)қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына жағымды қатынасты қалыптастыру.
«Айналадағы әлем» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта– аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.Бағдарламаның мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарынан құралған бөлімшелерден тұрады.
Оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім «Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер. Жыл мезгілдері»;
2-бөлім «Табиғат»;
3-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан»;«Сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыру».
«Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер. Жыл мезгілдері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1)күзгі жемістер – денсаулық көзі. Күзгі өзгерістер туралы мәліметтерді қорытындылау;
2)қысқы табиғаттағы өзгерістердің адамдар еңбегіне тигізетін әсері;
3)көктемнің әр түрлі кезеңдеріндегі табиғаттағы өзгерістер;
4)табиғаттағы жаздық байқалымдар туралы мәліметтерді қорытындылау.
«Табиғат» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1)тірі табиғаттағы процесстер;
2)өлі табиғаттағы процесстер.
«Менің Отаным – Қазақстан» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1)Қазақстанның өнеркәсібі;
2)Қазақстандағы ауыл шаруашылық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет