Бағдарламасы (бұдан әрі бағдарлама)


-тарау. «Ана тілі»пәнінің мазмұны



бет2/3
Дата13.12.2021
өлшемі26,9 Kb.
#125160
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ, Невро сириус жасаган 2, Ертаева К. тест тұмау, 5-лекция. ОТБАСЫ және қазіргі заман, 7EE98781-0713-49CD-A6F1-8D483E07C28B

2-тарау. «Ана тілі»пәнінің мазмұны





  1. «Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 102 сағатты құрайды.

  2. Оқу пәнінің мазмұны:

  1. негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);

  2. қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

  3. орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен;

  4. балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады.

  1. «Ана тілі» пәнін оқыту әліппеден кейінгі кезең бойынша ІІ жартыжылдықта «Ана тілі» оқулығы арқылы жүзеге асырылады.

  2. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:

  1. тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу;

  2. ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту;

  3. мәтінді дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;

  4. ауыз әдебиет үлгілері мен көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу;

  5. тілдік білімнің алғашқы негіздерін меңгерту;

  6. бастапқы жазу нормаларын сақтап, сауатты жазуға дағдыландыру;

  7. көркем жазу дағдыларын дамыту;

  8. мәтінмен жұмыста дереккөздерді пайдалана білуге машықтандыру. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруда

А.Байтұрсынұлының жалқылаулы-жалпылау әдісі, тұтас сөзді әдісі, жазу-оқу әдісі басшылыққа алынды.

  1. «Ана тілі» пәнінің базалық білім мазмұны. Тыңдалым мен айтылым:

  1. тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;

  2. сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

  3. орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;

  4. сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;

  5. тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;

  6. сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау, рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену;

  1. Оқылым:

  1. сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

  2. сөйлемді, мәтінді дауыстап оқу; мәнерлеп, түсініп оқу, мұғалімнің қолдауымен мәтіннен қажет ақпаратты тауып оқу;

  3. айтылу мақсатына қарай сөйлемнің интонациясын (хабарлы, лепті, сұраулы) сақтап оқу;

  4. сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;

  5. сөздердің мағынасын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер) ажырату, сөздік қорын байыту;

  6. мәтін тақырыбын «Кім (не) туралы?» деген сауалдар арқылы анықтау, оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

  7. оқыған мәтіні бойынша өз ойын, алған әсерін білдіру;

  8. әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (суретті кітап, сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпараттарды табу;

  9. сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;

Ескерту: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөз.

ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.



  1. Балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) тілі жеңіл, Отан, туған жер, табиғат, жан-жануарлар, отбасы, еңбек, денсаулық туралы мәтіндер беріледі.

  2. Жазылым:

  1. әріптерді талапқа сай көркем жазу; әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;

  2. әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;

  3. көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы сөздерді (7-10 сөз), жай сөйлемдерді (3-4 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру;

  4. сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;

  5. сауатты және көркем жазуға дағдылану;

  6. заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолдану;

  7. бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;

  8. сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу;

  9. мұғалімнің қолдауымен сөзді тасымалдау. Ескерту:

2-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 10-15 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөз, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (10-15 сөз). Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет