Бағдарламасы (бұдан әрі бағдарлама)



бет1/3
Дата13.12.2021
өлшемі26,9 Kb.
#125160
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ, Невро сириус жасаган 2, Ертаева К. тест тұмау, 5-лекция. ОТБАСЫ және қазіргі заман, 7EE98781-0713-49CD-A6F1-8D483E07C28B






Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы

№ 496 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 175-1-қосымша




Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған


«Ана тілі»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)


1-тарау. Жалпы ережелер





  1. «Ана тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама)

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

  1. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:

  1. оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

  2. білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.

  1. «Ана тілі» пәнінің мақсаты – білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту.

  2. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:

  1. сөзді тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға және шапшаң оқуға машықтандыру;

  2. жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, көркем жазу) қалыптастыру;

  3. сөздік қорын байыту;

  4. коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;

  5. тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдау дағдыларын дамыту;

  6. тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;

  7. кітап оқуға қызығушылығын ояту, сөз өнеріне баулу;

  8. танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;

  1. ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

  2. жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;

  3. тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

  4. физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет