Бағдарламасы бойынша басылып шығарылды «Торғай кітапханасы»



бет13/19
Дата11.01.2017
өлшемі4,14 Mb.
#6804
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Тұтқындардың І мүнажаты

Жаратқан жан бар құдірет,

Жанабына бұл рет.

Иәиллаһа, иллалло

Кәлима айттым бір рет.
Пайғамбарым Мұхаммед.

Күндіз-түні көп айттым

Шафағат тілеп сан рет,

Зікір, тәшфит жана да

Гәллил айттым мың рет.
Біздің қазақ баласы,

Жалпы қоғам данасы,

Құдайға құл қашаннан,

Хақ расулге шын үммет.


Шахит болсақ біздерге,

Жақсылықты кәміл іздерге.

Кәләм шарипте бер еді,

Фарыз көп міндет.


Қадірін білмей дәулеттің,

Бастағы бақыт, сәулеттің.

Біздің қазақ білмеймін,

Болдық па ғаси әлде шет.


Қалыңға түсіп қамалып,

Қотырға шиқан жамалып.

Кездесіп тұр бұл кезде,

Басымызға бір індет.


Емдейтін мұны табиб жоқ,

Дұғасы қабыл хабиб жоқ.

Шипасы мұның табылып,

Шығар ма екен бұл індет.


Оңай қылсаң қиынды,

Шешсең темір түйінді.

Қиын емес өзіңе,

Шын шипа қыл зқұдірет.

Шын көңілмен жылаймыз,

Көздің жасын бұлаймыз.

Болашақ қауіп-қатерден,

Біз құлыңды халас ет. (Әмин).



Тұтқындардың ІІ мүнажаты

Ия, раббым, қабыл айла көздің жасын,

Қалдырма қасіретте мүмін басын,

Пандаңның гуна сұмдық фиғылынан

Шулатып шұбыртқанын, кәрі-жасын.

Тауфихқа қайтып енді тәубә еттік,

Танисың бұл құлыңның ихласын.

Сифатың қаламыңа ғафу раихт

Еркіңде бәрі өзіңнің не қыласың.

Болған іс бізге мүшкіл өзіңе аян,

Тау-тасты әмір етсең, құм қыласың.

Қараңғы, қалың тұман қаптаса да,

Нұр беріп, түнді раушан күн қыласың.

Тамызсаң рахымыңның бір тамшысын,

Дария шұқыр, шөлді көл қыласың.

Тарыққан таппай тамшы біз бір құлың,

Мархабат қашан енді бір қыласың.

Бұйрықты уақыт сағат бар шығар деп,

Күтеміз біз де хақтың рәдасын.
1929 жыл.

Қоштасу

Хош Торғай, тоқсан сала туған жерім,

Кірімді кіндік кесіп, жуған жерім.

Сарыторғай, Сары Тосын сала бойы,

Ардақты асыл отан, асқар белім.
Алысып балалықта асық ойнап,

Жастықта сауық-сайран құрған жерім.

Келгенше қырық жасқа жүз түрленіп,

Аллаға белді мықтап буған жерім.


Көз қимай, көңіл бармай, тілім келмей,

Тұрса да қоштасамын, қайран елім.

Сөз жазып ашық хатқа екі-үш ауыз,

Шығардым жол үстінде іштің шерін.


Баршаңа дұғай сәлем артқы халық,

Хастаймын дін-қарфындас жалпы халық.

Керуен жол үстінде біз барамыз,

Көзде – жас, ойда – уайым, көңіл – ғарып.


Болжаусыз бастағы бұл түскен тұман,

Аяқтап ашылады қайда барып?

Рахманның рахматынан үміт үзу,

Пәндаға басы жұмыр емес лайық.


Ағытса әдіо өкімет ақтан шешіп,

Қуаныш кірер кернеп, жүрек жарып.

“Белгі жоқ өткен күнде” дегендей боп,

Жетілер жем жегендей жетім, арық.

Күңіренген еөп тілегі қабыл болсып,

Илләһи алды-артымыз болсын жарық.


Науырызым, Батпаққара, Торғайменен,

Қарсақпай қашығырақ қалдың менен.

Ежелден Ырғыз елі ата көршім,

Шегініп кейін тұрсын, сен де менен.

Бұл нешік, тілек қабыл болмады ма,

Махрұм болдың халқым, мұнша неден?


Мен бұған жәбірленіп, жатырқаман,

Бұл мирас бұрын көрген бабам Шеген.

Оралған олар-дағы ордасына,

Байтұрсын Сібір кетіп Астаспенен.


Үміт көп әуелі алла өкіметтен,

Нақақтан күйдірмес деп тіпті неден.

Хайыр хош, тілектес боп тұрыңыздар,

Тар соқпақ, тайғақ кешу бқл бір кезең.


Майқарау, Шұбалаң мен ескі Тосын,

Науырызым екішекті мекен, қосым.

Қарсақпай ауданынан бес махалла,

Нақия қолдан ашқан нағыз досым.


Елу төрт дін ұясы мешіттерім,

Күңіренген азанменен көңіл хошым.

Мухаззин – мұнарада, мінберде – имам,

Әрқашан сіздерменен ақыл, күшім.

Мұнажат мұңды мақам мұң-зарларын,

Илләһи ғаршыға асып махбұл болсын.


* * *

Өкімет қамқор ата, халық баласы,

Еңбекші, кедей, батрақ нақ баласы.

Бай, кулак, атқа мінер, құйыршық деп,

Ат қою саясаттың тап қарасы.

Қыран көз қырын салып қарағанда,

Табылар олардың да тап-тазасы.

Үміт көп, өкіметтен шешер деген,

Ашылып алдағы істің ақ-қарасы.

Жол үстіндегі мүнәжат

Я, раббым, қабыл айла көздің жасын,

Қалдырма қасіретте мүһмүн басын.

Пәнданың........................ пиғылынан

Шулатып шұбыртқаның кәрі-жасын.

Тәупыққа қайтып енді тәуба еттік,

Танысын біз құлының ықыласын.

Сифатын қаламында зафурахам

Еркіңде бәрі өзіңнің неғыласың.
Болған іс бізге мүшкіл өзіңе аян,

Тау-тасты әмір етсең күл қыласың.

Қараңғы қалың тұман қаптасаң да,

Нұр беріп түнді раушан күн қыласың.

Тамызсаң рахымыңнан бір тамшы су,

Дария шұқыр шөлді көл қыласың.

Тарыққан таппай тамшы біз бір ғаріп,

Мархаббат қашан енді бір қыласың.

Бұйрықты уақыт сағат бар шығар деп,

Күтеміз біз де хақтың радасын.


Қаптаған қара бұлт аспандағы,

Түнеріп қабағыңды жапсаңдағы,

Сен-дағы биік тауға бір шөгерсің,

Мағрип пен марихқа ассаңдағы.

Сабаңа сен де қайтып бір құярсың,

Тау-тасты талқан етіп тассаңдағы.


Бәйтерек жапандағы зәулім биік,

Бағынған орман, ағаш басын иіп.

Сен-дағы бір күн жанып күл боларсың,

Кетсе егер бір шырпың басы тиіп.


Асқар тау тайталасқан аспанменен,

Оранған кеудеңе асыл тастарменен.

Сен дағы бір күн шөгіп жер боларсың,

Басқаны салмағыңмен басқанменен.


Сұм дүние

Сұм дүние, сырғақтаған сынаптайсың,

Секілді сұлу тазы бұлғақтайсың.

Талайды тасқа соғып, жарға жығып,

Енді сен қайда барып тұрақтайсың.
Сұм дүния, сырғақтаған сен бір сынап,

Аз уақыт мен де сені көрдім сынап.

Еліріп есі кетіп жүогендердің,

Жұртында қалғаны көп улап-шулап.


Сұм дүния, сен бір сынап сырғақтаған,

Секілді сұлу тазы сылақтаған.

Әр көштің артына еріп бір кетесің,

Опалы ісің бар ма тұрақтаған.


Сұм дүния, мұнша опасыз болдың неге?

Басына тақыр таздың қондың неге?

Бәлеге құлақ естіп, көз көрмеген,

Айтқандай Асан ата болдың неге?


Сұм дүния, болдың неге мұнша жалған,

Жүргіздің жұмысыңды ойына алған.

Қанішер, қаныпезер, қанағатсыз,

Жауыздық бар ма, сірә сенен қалған?


1930 ж.
Өлеңшілерге өлшеу сын
Азамат домбыра алып бастаса той,

Жадырап жаз болғандай жасылсын ой.

Тыңдауға түсінікті, тәтті келіп,

Шымырлап жүрек жылып, балқысын бой.


Өлең-жыр, ән мен күй ел сауығы,

Қазақтан ата мирас, ен сауығы.

Домбыра екі шекті, бір тиекті,

Құралы өлең-жырдың күй сауығы.


Оң қолың ор текедей тұрсын ойнап,

Бес саусақ пернесінде басын бойлап.

Нақышы түрлі күйдің түрлендіріп,

Келісіп келгендей-ақ кеннен ойлап.


Қаралдың қарап тұрсын қалыбында,

Сайраған сауығындай сауығында.

............................................................

Көмекей тіл оралып жаныбында.


Қисаңдап дене орнынан қозғалмасын,

Қызыл жүз қалыбынан ло жанбасын.

Жалтақтап жан-жағына жәудіреп көз,

Қыңырайып бас бір жақта ол қалмасын.


Өлшеусіз ұран-айқай – ол ұят қой,

Жұлыну жын қаққандай, мол ұят қой.

Азамат әнге салсаң, әдеппен сал,

Ұрыну оң мен солға ол ұят қой.

Азамат, домбыра алсаң “айт дегізбе”,

Құлағын бұрай бермей, “тарт” дегізбе.

Тарихын әр сөзіңнің айтып отыр,

Бұл бізге кімнің “жат” дегізбе.


Азамат, өлең айтсаң, әннен аттап,

Тыңдаушы қалсын десең, қанағаттап.

Мазмұнын, кімнің сөзі не туралы,

Баян ет, бастан мұны ұқсын жаттап.


Әндерің атын ата, айтпай тұрып,

Күйлердің тегін сөйле, тартпай тұрып.

Тыңдаса, сонда айтыңдар халық сүйініп,

Ұғынса ықыласы қайтпай тұрып.


Салғанмен ұран айтқан құр сабалап,

Болмай ма тілін жауыр, ернің жалақ.

Айтушы тыңдаушы мен надан келсе,

Дағдысы “пәлі” демек ежелден-ақ.


Болмайды өлең айтқан оныменен,

Өзінің өлшегенде жолыменен.

Айтқанмен құр айқайдың бәрі ән болмас,

Шықпаса шығанақтап тоныменен.


Өлең-жыр, мұң-мүнәжат, ән менен күй,

Бұларды сүйсең жан һәм тәнменен сүй.

Қазақтың әдебиет, тіл байлығын,

Тарихтан жоғалтпасқа қанменен сүй.



Қостанай түрмесінде отырған қазақ жастарының өлеңі

Дариға, еркін жүрген елдер қайда?

Біз мұнда, жан-жолдастар, ерлер қайда?

Сарғайып, сар даланы сағынамыз,

Хат келмей, тым болмаса екі-үш айда.
Ел қайда дегендерге ел орнында,

Елді ойлау лайық емес бұл орнында.

Болаттай болған іске болу керек,

Көз көріп, тұр ғой істің не зорын да.


Ел қайда, дегендерге, ел қоныста,

Барамыз біз де бір күн ол қонысқа.

Салалық сауық әнге сыңғырлатып,

Ұнатып отырған көп бірін ұста.


Салалық сал Мұхиттың “Айдайына”,

Көсем ат Көкшетаудың айдауына.

Әніне Ақан Сері, Біржан Салдың,

Қапаста “Қараторғай” сайрауына.


Салалық Зілғараның “Жиырма бесін”,

Уа, пәлі, тыңдаушылар кәні десін.

Көкшетау, Сібір, Семей, Қыр мен Сырдың,

Сауықсың салатұғын желдірмесін.


Салалық Орта жүздің айқайына,

Ажарлы болмаса да байқауына.

Ұраның ұлтымыздың ұрлаймыз ба?

Басқаның бәсеке бас шайқауына.


Айталық әуелі арғын әнін бастап,

Ат қойып, айдар тағып, атыластап.

Сыналық сыр-сымбатын сынға салып,

Кетпелік керексіз деп кейін тастап.


Екінші шөмекейдің шұбыртпасын,

Ыңыранған ырғағы мен құбылтпасын.

Сұлу ән, мұңды дыбыс, жүрек жылтып,

Тартатын табиғаттың жыр-ынтасын.


Әр елдің ән-күйі бар өзі салған,

Табылған табиғаттың тұрмысынан.

Пернесі домбыраның бір түр емес,

Белгілі басқалығы мінеу сыннан.


Айырсын ән құмарлар әділдікпен,

Аңдамас алаңғасар әңгілікпен.

Ән мен күй шығар сауық шат көңілден,

Жыр толғау, мұң-мүнәжат қасіреттен.


Қай түрін бұл әндердің айт дейсіздер,

Көп күйдің қайсыбірін тарт дейсіздер.

Әлеумет бәрімен де базар етсек,

Қалайша жоқты бізге тап дейсіздер.


1931 жыл.

Ақ түрмеде бірге отырған азаматтарға жұбату

Болыңыз болған іске болаттай-ақ,

Бостықты бойға жуық жолатпай-ақ.

Қайғы ойлап, қасірет шегіп, қажымаңдар,

Шіріген шырғай құсап құлатпай-ақ.

Күн санап көндігіңіз, гүл-гүл жайнап,

Пірлерден болған жәрдем қуаттай-ақ.

Шыдаңыз, шын жібектей ширатылып,

Бұйыға мінген байлап құр аттай-ақ.

Сыр бермей, сергелдеңді сайран етіп,

Өтіңіз, сар өткелден сынатпай-ақ.

Болыңыз, әрқашанда ауызға ие,

Қылышқа қидырмаған қынаптай-ақ.

Артылып ацысарлық болса ақыл,

Беріңіз бір-біріңе сұратпай-ақ.

Жолдасты жақсы сөзбен жұбатыңыз,

Көпке ортақ қолдан ойған суаттай-ақ.

Жылы жүз, жұмсақ сөзді болыңыздар,

Түндіктен түскен жазғы шуақтай-ақ.

Жөн сөйлеп, жолдастарға жол сілтеңіз,

Қандырған шөл мейірін жол сілтеңіз,

Жүрмеңіз жамандыққа үйір болып,

Өткізіңіз ол мінезді ұнатпай-ақ.

Борышы ақсақалдың адамшылық,

Құлпырып көңіл бөлу жанаттай-ақ.

Ар-ұят, әдеп-әр кез азаматқа,

Жарасар жаңа таққан манаттай-ақ.

Жастарға жарасатын жақсы мінез,

Өтімді өткір болу сынаптай-ақ.

Бүгін бар, ертең жоқ боп туған заман,

Сыйлаңыз бір-біріңді қонақтай-ақ.

Біреу кеш, біреу ерте, біреу түсте,

Ширеттен өтіп жатыр санатпай-ақ.

Алдағы жақсылардың жол жобасы,

Көрініп тұрған жоқ па сораптай-ақ.

Досқа – күлкі, дұшпанға – таба болып,

Уайым ойламаңыз, олақтай-ақ.
1931 ж.

Кел қолым, қалам ұста, қылып ермек



І тарау
Кел, қолым, қалам ұста, қылып ермек,

Пұрсатың бар тұрғанда, сынбай шөлмек.

Қалаулы халық ақыны болмасаң да,

Қалсайшы қаламыңды сен де сермеп.

Маржан тақ мәдениет майданына,

Мазмұнды мысалдардан салып өрнек.

Білгендер маржан, білместер арзан десіп,

Қиыннан қиыстырып қияға өрлеп.

Елудің шығып тұрсың екісіне,

Елу жыл енді саған жоқ қой жүрмек.

Із қалдыр аз да болса арт жағыңа,

Тумақ хақ және де рас, туған өлмек.

Заңы жоқ табиғатың, оны да ойла,

Қалды деп артымда арман қайтып келмек.

Ғафылдық соның үшін ұнамайды,

Болған соң, шам-шырағың бір күн сөнбек.

Алдыңда тоқсан төртте Жамбыл атаң,

Өлеңмен беріп отыр әлемге өрнек.

Көргенде Сталиндей көсем ерді,

Көңіліңе шаттық еніп, кеткен кернеп.

Қажымас қайран ерге тең таба алмай,

Әлемнен тапса кейін болған бермек.

Тоқтатқан сөз аяғын соныменен,

Кетіліп, кемімейтін, кемеңгер деп.

Үлгі алып, сол Жәкеңнен өлең жазсақ,

Кім айтар дейсің саған кейін тұр деп.

Азамат, сөз тыңдаған арттағы іні,

Сіздерге бір ермегім мынау бермек.

“Жақсы сөз – жан азығы” деген нақыл,

Ұнаса, аларсыңдар, аздап өрнек.

Жобасыз құр өлеңнің жөні осы деп,

Талабым, жоқты-барды емес термек.

“Айтады дос жылатып” дегенде бар,

кей сөзім, кейімеңдер, болса кермек.

Шын мақсат, тіршілікте, шырақтарым,

Үйреніп өнер-білім, өрге жүзбек.

Түзетіп мінез-құлық, тұрмысыңды,

Бір уақыт шын дос – жармен ойнап күлмек.

Халық үшін болсын қылған қызметің,

Іңкәрің, еңбекші елге көмек бермек.

Мансапқор, жалақорлық жолменен,

Жігітке өнер емес, өсек термек.

Құрбыңның сайла жолдас қымбатынан,

Басына не күн туса, бірге көрмек.

Құрбыңның алсаң жолдас арзанынан,

Басыңды бір пәлеге байлап бермек.

Жұпардың жақпасаңғ да исі жақсы,

Қарамай, жуып кетсең ол бүлдірмек.

Мысалы, жақсы-жаман сол секілді,

Олар да өз кәдесін тез білдірмек.

Жақсы кім?-Ол аяулы, әдепті адам,

Айырып мұның парқын білмек керек.

Жаман кім?-Тәрбиесіз ол бір надан.

Секілді қисық-қыңыр, өскен терек.

Алды-артын ой жіберіп, абайламас,

Белгісі надандықтың көппен дүрмек.

Ақылмен қорытынды айтатұғын,

Әрқашан, абыроймен жүрмек керек.

Ары бар, ұяты бар азаматтың,

Жолында жолдас болып өлмек керек.


ІІ тарау

Жастарға, жаңа талап екіні ермек,

Талабым болды менің тағы бермек.

Беретін бұл ермегім менің мынау,

Борышы, білімпаздық-сынап көрмек.

Бұл күнде жолдастықтың жолы арзан,

Бар шарты-шақырысып арақ бермек.

Бермесең, мас болғанша, өкпелейді,

Қонаққа көңілі жоқ деп тамақ бермек.

Мас қылсаң тура өзіңді тепкілейді,

Алғыс айту орнына азап бермек.

Қонағың құрметтеген қас болады,

Шақырып нендей мақсат шарап бермек.

Бір бастап ішкеннен соң қоюға жоқ,

Кәдесі ішкіліктің құя бермек.

Біріңнің аузынан бірі сүйіп,

Қосылып екеу-екеу жырлап бермек.

Арт жағы – айқай-ұйқай, ал төбелес,

Алған соң, ақылын ішіп, әбден жерлеп.

Қайталап, қайдағы мен жайдағыны,

Шығарар іштегісін, жүрген шерлеп.

Қиратып шәй әбзелі, кесе-аяғын,

Шығады терезеге одан да өрлеп.

Шулатып қатын-бала, кемпір-шалын,

Кетеді көрместей боп досын жерлеп.

Белгілі азғындықтың бұл белгісі,

Шын білім, емес бұған еш жол бермек.

Біреулер күліп тыңдар, біреу-жылап,

Ұялып, өз-өзінен, маңдай терлеп.

Кеудесін кей мырзаның кім біледі,

Отыр ма, осы кезде ашу кернеп.

Аз емес, осы арақтың олжасы да,

Жамандап, жібермелік онша жерлеп.

Олжасын, ортаңызға, мен салайын,

Азамат, араққұмар, ал бір-бірлеп:

Ішкіліктің олжасы

Бірінші –ішкен соң бір пайдасы, бай қылады,

Көңілді хошландырып жай қылады,

Және де сөйлер сөзге сүрінбейтін,

Ерліккке, билікке де сай қылады.

Екінші – ерегеске екіленіп,

Бетіне жан қарамастай қылады.

Үшінші - өзін асқар тауға теңеп,

Өзгені жырақана сай қылады.

Төртінші –төбелеске төсін ашып,

Таяқ жеп, басын-көзін қан қылады.

Бесінші – бересіге белшесінен,

Батырап, өмірде оңбастай қылады.

Алтыншы - әлін алып әлсіретіп,

Үйіңе әрең барғандай қылады.

Жетінші – жетелесең, жөнге жүрмей,

Орнына құсып-тышып, лай қылады.

Сегізінші – сексендегі шал болса да,

Ішкен соң жас бозбаладай қылады.

Тоғызыншы – тоқсан келіп тұрса-дағы,

Терлетіп тіпті, тоңбастай қылады.

Оныншы – олжасының өнімі көп,

Сан жетіп, санап болмастай қылады.

Дос бола жүріп, алдап, арақ беріп,

Орнынан досын тұрмастай қылады.

Орындап ойына алған жамандығын,

Артына бір қарамастай қылады.

Сондықтан ақылыңды ішпе десең,

Азамат, араққұмар шам қылады.

Отырып ат басында өлмелі шал,

Осының бәрін көріп қайғырады.

Дегенмен ол дауасыз дерт болған соң,

Қайғырып шал бишара не қылады?
ІІІ тарау
Жайылды арақ ауыл арасында,

Қазақтың ішпейтін аз баласында.

Маскүнем, бірлі-жарлы пьяншікті,

Көруші-ек бұрын орыс қаласында,

Бұл күнде, ішіп-құсып есіргенді,

Көресің әр ауылдың қорасында.

Жатқаны от басында ойран салып,

Шулатып, қатыны мен баласын да.

Бара алмай маскүнемнің маңайына,

Көз көріп, қайран қалып тұрасың да.

Алған соң ақылын ішіп, ақымақ болып,

Сыйламас атасы мен анасын да.

Қалаға қай жердегі қазақ барса,

Сылдырап шыны жүред шанасында.

Жатқаны жанжалдасып, жағаласып,

Көшеде, пивнойдың даласында.

Жанына жаның ашып, жақын барсаң,

Бәлеге құтылмастай қаласың да.

Кетуге және тастап, жаның қимай,

Шанаңа салып басып, аласың да.

Алысып, арпалысып, түсе қашып,

Жол үсті, кең сахара даласында.

У жеген, қара басып, қасқырдай ғып,

Сұлатып, үйіңе әкеп саласың да.

Азамат ұйықтап тұрып, есін жиып,

Базардан алып келген базарлық деп.

Сыйлайды үйдегі ата-анасына,

Ұнатпай кемпір мен шал отырса да.

Айта алмас, “әрі кет”- деп баласына,

“Қоймаған ескі салтын, діншіл” деген,

қорқады қалам ба деп жаласына.

Кейбір шал ар-ұяттан әбден безген,

Жастардың кіріп кеткен арасына.

“Алалық, ал ақсақал, көтер!” десе,

Демейді: “Обалыма қаласың ба?”.

Балалрға өзі бастап бергеннен соң,

Сілтейді сиғанынша қанасына.

Алған соң ақылын ішіп ақсақалың,

Не қылсын ар-ұятын, санасын да.

“Кел, қатын, төсек салшы”,- деген бір шал,

Бойжеткен, өзінің қыз баласына.

Соны айтқан келініне және бір шал,

Сірәдә, көз көрмесе, нанасың ба?

Аз емес, әзіл айтқан азамат та,

Өзінің “әйелім”- деп анасына.

Осының бәрі арақтың әрекеті,

Кел, қарттар, құмарлықты қоясың ба?

Әлеумет, менің ат-тон айыбым бар,

Осының болса өтірік арасында.
1938 ж.

НҰРХАН АХМЕТБЕКОВ

(1903-1964)
Торғай ақындарының ішінде шығармаларының жарық көруі жағынан да, зерттелуі жағынан да басқаларына қарағанда "айы оңынан туған" ақын – Нұрхан Ахметбеков. Оның жырлары кезінде одақтық көлемде тарайтын басылымдарда да жарияланған. 1958 жылы желтоқсан айында Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан республика мәдениет қайраткерлерінің арасында ерекше көзге түскен Нұрханның "Бастаушымыз партия" өлеңі Павел Дружининнің аударуымен "Известия" газетінің 1958 жылғы 12 желтоқсанындағы санында жарияланды. Осы жылдың 14 желтоқсан күнгі санында Кеңестер Одағының бас газеті "Правда": "Мәскеу жұртшылығы Қазақстанның халық ақыны Н. Ахметбековті жылы қабылдады," – деп жазды. Ал, "Литературная газета" 18 желтоқсанындағ санында Нұрханның қазақы бешпент пен дөңгелек бөрік киіп, домбыра тартып, жыр толғап тұрған шабытты шағында түскен суретін басып, суреттің тұсына былай деп түсініктеме берген: "Қазақстанда ақын Нұрхан Ахметбековтің әнін естімеген, дастандарын оқымаған адам жоқ шығар..."

Шығармаларының зерттелуі жағынан да Нұрхан ақынның "жұлдызы жанды". "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты еңбектің І томының 2-кітабында қазақ халық поэзиясы алыптары Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақовтармен қатар Нұрхан өмірі мен шығармашылығына жеке тарау арналған. Осы еңбектің "Қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы", "Қазақ совет фольклорының даму жолдары", "Фольклор және әдебиет", "Ақын, жырау, жыршылар", "Жанрлар" бөлімінің "Айтыс", "Халықтық дастандар", "Ақындық толғаулар" атты тарауларында Нұрханның кеңес дәуірінде қазақ халық поэзиясын дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланып, оның шығармашылығы туралы құнды пікірлер айтылған [70, 93 б.].

Ақынның шығармашылығынан Сапабек Әсіпов кандидаттық диссертация қорғап, "Топжарған" атты монография жазды. Ардақ Абдуллина "Нұрхан Ахметбековтің әдеби мұрасы" атты зерттеу еңбегін арнады. Бұлардан басқа да толып жатқан зерттеу мақалалары мен очерктер мерзімді жазылып, баспасөз беттерінде жарияланды.

"Қазақ әдебиетінің тарихы" атты еңбектің ІІ томының 2- кітабындағы "1916 жыл туралы поэзия" атты бөлімде 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісті тақырып еткен халықтық поэзияда Нұрхан шығармашылығы көрнекті орын алатындығы айтылады. Ақынның "Амангелді дастаны" поэмасы осы тақырып төңірегінде туған шығармалардың ішіндегі ең тәуірі деп бағаланады. Ақын осы поэмасы арқылы халық ауыз әдебиетінің жақсы дәстүрлерін творчестволықпен дамыта отырып, жазба әдебиетке тән кейбір сипаттарды игере білгендігін танытты [70, 95 б.].

Нұрхан Ахметбеков 1936 жылы "Үрпек соғысы" дастанын жазады. Бұл дастанда Ұлт-азаттық қозғалыс, оның көсемі Амангелді жырланады. Арада шамалы уақыт өткенде "Июнь жарлығы" дастаны дүниеге келеді. Кейіннен екі дастанның басын қосып автор "Амангелді дастаны" атты көлемді поэмаға айналдырған. Поэманың бірінші кітабы 1951 жылы басылып шықты. Редакторы – Қасым Аманжолов. Екінші кітабы 1962 жылы "Амангелді" деген атпен жарияланды.

Бұл дастанның алғашқы бөлімі сюжеті жағынан Омар Шипиннің дастанымен желілес. Мұнда да дастан Амангелдінің Таутабай байдың жалшысы болған бала кезіндегі жайттар – кедейлік, жалшылық өмірі, байдан көрген қорлықтары, қорлыққа шыдамаған байдың жалшылары Амантай (Амангелді), Қанатбай, Әлжан, Қияқбай, Бекеттердің Таутабайдан кек қайыруы секілді оқиғалардан бастау алады. Амангелді қасына қырық жігіт ертіп Таутабайдың ауылын шабады. Осыдан кейін Таутабай әртүрлі жала жауып Амангелдіні ұстатып, түрмеге жаптырады. Оқиға одан әрі Амангелдінің түрмеде орыс досы Токаревпен кездесуі, оларды Сібірге айдалып бара жатқанда Нарымбет жігіттерінің босатып алуы, Амангелдінің достары – Әкімбек, Омар, Бекеттердің істі болып, сотталуы, оларды құтқару үшін Амангелдінің Петерборға баруы, онда Таранмен кездесіп, Ресейде болғалы жатқан төңкерістен хабардар болуы сияқты сюжеттермен өрбіп отырады.

Дастанның келесі бөлімінде патша жарлығының шығуы, елдің наразылығы, Амангелдінің қол жинап, оларды әскери тәртіпке үйретіп, жүзбасы, мыңбасыларды жасақтауы туралы айтылады. Амангелді сарбаздарының көтеріліске шығып Торғай қаласын басып алуымен бірінші бөлім аяқталады. Дастанда батырдың азаттық жолындағы сенімді серіктері Қияқбай, Нарымбет, Қанатбай, Әкімбек, Алдаш сынды ерлердің ерлік істері де оқиға барысында шебер суреттеліп отырады.

Поэманы осы тақырыпта жазылған Омар Шипин, Сәт Есенбаев дастандарынан ерекшелейтін эпизодтар – Амангелдінің Әліби Жангелдинмен кездесуі, Амангелді мен Балымның арасындағы махаббат хикаялары, Амангелді, Әбдіғапар, Қанапиялардың Орынбордағы Алаш съездіне қатынасуы, онда Әлихан Бөкейхановтың басшылыққа сайлануы сияқты сюжеттер. Дастан Торғайдағы Уақытша өкіметті құлату үшін болған ұрыста Амангелдінің мерт болуымен аяқталады.

Поэмада Әбдіғапар, Кейкілердің бейнесі солғын көрсетіледі. Дей тұрсақ та, оқиғаларының шебер өрілуімен, тілі мен көркемдігі жағынан Нұрхан Ахметбековтің бұл поэмасы осы тақырыптағы көп шығармалардан оқ бойы озық тұрған туынды.

Нұрхан соңғы поэмасында күшті ақындық талантымен Амангелді образын түйіндеп беруге батыл қадам жасаған. Нұрхан жазба ақындарға тән сипатпен дастанды Амангелді бейнесін уақиғаны дамытып айту жағынан да, ішкі сезімді, сыртқы өмір, табиғат көрінісін суреттеу жағынан да шебер жырлаған [1, 263 б.].

Қалайда "Амангелді дастаны" халықтық поэзияның асқақ артықшылықтарын кеңінен пайдала отырып, көркем жазылған желілі арнасы бар, бейнелері шебер сомдалған туынды [72, 43 б.].

ӨЛЕҢДЕР

ТОРҒАЙДАН СӘЛЕМ

Алқалы топқа келгенде

Ақын әр кез толғайды,

Топтан озған өрендер

Кұттықтап сізді жырлайды.

Алдарыңа келгенде

Айтпасам бір сөз болмайды,

Махаббатты бір қиял

Көкірегімді қорғайды.

Бүрлеуі жоқ сары алтын

Сапырып судай шашсаң да

Бағасы кетіп тозбайды.

Әділетті заманда

Ай төбеден орнайды.

Бақыт деген бір менмен

Еңбексізге еңкейіп

Сірә де мойын бұрмайды.

Құрметі үшін халқымның

Мадақтайын азырақ

Сонау бір жатқан Торғайды,

Торғайда жатқан туғандар,

Сіздерге сәлем жолдайды.


Торғайдың тұнық балынан

Талайлар сусын қандырған,

Алтынды сұлу беліне

Әркімдер атын шалдырған.

Бұл заманның шағында,

Сандуғаш сайрап бағында

Бақыттың шамын жандырған,

Көркін айтсам мадақтап

Көргендей жұртты таң қылған,

Алпыс сала сағалап

Жағалай мекен салдырған.

Жарында жалбыз аңқыған,

Суында балдай балдырған.
Қошалақ пенен Тосынның

Қоңыр бұйрат кұмы бар,

Жапырағынан бал тамған

Мұнар тартқан нұры бар,

Көдесі мақпал түгіндей,

Көсіліп жатқан белі бар,

Бел астында кені бар

Шортаны атан түйедей,

Ақ балығы биедей,

Айдында шалқар көлі бар.

Еңсесін созған аспанға

Арқасын күнге төсеген

Ақиректің шыңы бар.

Теріс аққан Тегене

Құзды айналып бұрылар

Қарақұмның бойында

Айрықша суы, желі бар.

Күздікүні болғанда

Отарлап малым жайылар.

Қаңтарда көлге қаз қонып,

Отынсыз бетің жылынар,

Аққұм менен Жыланшық

Жер шұрайы соны бар,

Күнде көшіп күздікке

Қонған сайын тынығар.

Таңы қулап тайлақтың

Мойны түлеп бойдақтың,

Арқандаулы арданың

Құндыздай түгі құбылар,

Албарбөгет бөгеті

Асқар таудың орындай,

Қазыбай мен Шәкіртам

Арыстанбайдың желіндей.

Адам айтса нанғысыз,

Табиғаттың тегіндей,

Ат шаптырым бөгетті,

Азамат соққан өрінбей.

Көк долы жойқын асау су

Қайтсін мұнан шегінбей?

Алас ұрған тасқын сел,

Айналып келіп бас иді,

Ұялшақ бір жас келіндей


Тегін суды жетектеп,

Суарды сансыз егісті,

Қыс қыстаулық, жаз жайлау

Кеңейтіп кетті өрісті.

Бестамақтың бойында,

Белден бал төгіп шықтаған,

Ондағы біткен өрім тал

Оралға да шықпаған.

Майғарау менен Шұбалаң

Нуында малым ықтаған,

Сужарғаның қамысын

Сүйкеніп сиыр жықпаған,


Қоңыраулы менен Сарықопа

Сарқырай өзен аққан жер.

Қызбелдің сұлу белінен

Дәннен моншақ таққан жер,

Текенің бойын бөгдерлеп,

Үйірлі құлан жортқан жер.

Адамға жаннат, малға жай

Іздегенін тапқан жер.


Өлкейек пенен Қабырға

Өндірістің анасы,

Малға толды ыңырсып,

Бестаудың мамық даласы

Сарқырап аққан салаға,

Төсінде бұлақ мамасы.

Мекендеген колхоздың

Қырықтан артық шамасы.


Мал суарды колхозым

Қаянды менен Милыдан.

Облыста колхоз озбайды,

Аманкелді, Шиліден.

Шұбалаң мен Тамқамыс,

Өткізді бастан сан жарыс

Түйемойнақ, Тосыннан,

Шығарды жұртқа зор дабыс,

Атағы шыкқан «Шөмішкөл»,

Айналы суы жеміс көл,

Кешегі соғыс кезінде

Атанып еді жеңіс көл.


Біраз ғана әлеумет

Мадақтадым жерлерді,

Жер иесі елдерді,

Ел бастаған ерлерді,

Көк алалы көп жылқы

Күмпілдетіп көлдерді,

Ақтылы қой алқапта,

Қайырусыз желге өрді,

Ен даласы егістің

Кемімейтін кен болды,

Москваға жазған хат,

Жанға медеу дем берді.

Бір топ қолдың жұмысын,

Бір-бір кісі меңгерді,

Сәлем айтып сіздерге

Уағдасына қол берді.

Социалды жарыста,

Жетуге үлкен табысқа,

Сәлем айтып жалынды

Шақырады сендерді.





Каталог: media -> upload
upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
upload -> Жандарбек з
upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Боранбаева б. С
upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
upload -> Қазақстан тарихы
upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет