Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


ресурстар 92 І. Оң көңіл күй



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата03.12.2019
өлшемі0,61 Mb.
#52945
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
suret-salu metodika kaz 6-let
000429f7-9534d368

ресурстар

92
І. Оң көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
Педагог шаттық шеңберін құруды ұсынады. 
Н.Айтовтың өлеңін оқиды.
Қызыл-жасыл, қарасын
Қолға кезек аласың.
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді.
Ұштай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек төгеді.
(Ұ) Педагог сурет галереясына баруды ұсынады. 
Жылдың бір мезгілінің галереясына шақырады.
Суреттерде қай жыл мезгілі бейнеленген?
Сендерге осы сөзді әрлендіретін неғұрлым көп 
анықтама табу қажет.
Галереяда қай сурет артық? Неліктен?
Музыкалық 
сүйемелдеу. 
Қазақстанның   
белгілі суретшілерінің 
картиналарының 
көшірмелері. 
Н. Хлудов, Ә.Қастеев, 
Қ. Телжанов, 
Н. Крутильников
Көктем пейзажының 
суреттері бар 
слайдтар.
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
(Ж) Айсұлу дүкеннен пайдалы тағамдарды сатып 
алды.
Досыңа олардың несімен пайдалы екендігін айтып 
бер.
Айсұлу мен Қуаныш дәмділік елін салды. Суретке 
атау беріңдер. Суреттен дәмді не көріп тұрсыңдар? 
Дәмділік елінде қандай пайдалы тағамдар бар? 
(Ұ) Саусақ жаттығулары
Қолымда менің бес саусақ,
(Жұдырықты ырғақпен жұмып ашады.
Санау арқылы саусақтарын бүгеді.)
Бес қармауыш, бес ұстауыш.
Кесу үшін, сүру үшін.
Беру үшін, алу үшін.
Оларды санау қиын емес:
Бір, екі, үш, төрт, бес..
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта 
ұстау қажеттілігіне ынталандырады.  
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог қалыпты емес сурет салу техникаларын 
пайдаланып, пайдалы дәмді тағамдар елін 
бейнелеуді ұсынады. 
Ағаштар алақанның көмегімен, пайдалы тағамдар 
тығын таңбасымен, жидектер мақта таяқшалар 
көмегімен салынған өз елдеріңді ойластырыңдар. 
Педагог топпен жұмыс істейтіндігімізді түсіндіреді. 
Сурет қайталанбауы үшін кімнің нені салатыны 
және қандай техникамен жұмыс істейтіні туралы 
ақылдасып алу  керек.   
Әліппе-альбом.
Музыкалық 
сүйемелдеу.
  
Әліппе-альбом.
Түрлі өлшемдегі 
қылқаламдар №3, №6,  
суы бар төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар, гуашь, 
мақта таяқшалар, 
пластик шөлмектер 
мен жіп тығындары.

93
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө)   «Пайдалы дәмді тағамдар» балалар 
жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады.
Педагог балалардан өз пейзаждары туралы 
әңгімелеп, суретке атау беруді сұрайды.
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, 
жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; 
бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі 
қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп 
ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.
Балалар 
жұмыстарының 
көрмесіне арналған 
стенд. 
Әліппе-альбом.
29-ҰОҚ.  Мен 
спортшымын
(пәндік)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың 
саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
 0.1.2.1. Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар 
мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет 
салу.
0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру, 
материалдарды үнемдеп жұмсау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  қарапайым заттарды бейнелейді;
• дәстүрлі емес сурет салу тәсілдерін меңгереді;
• жұмыс орнын таза ұстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• «шашырату» тәсілімен сурет салу технологиясын сақтайды; 
• суреттегі көңіл күйді ырғақ және түстің көмегімен жеткізеді.  
Кейбір тәрбиеленушілер:
• композицияны алгоритмге сәйкес орындайды;
• кейіпкерге арналған ұсынылатын тілектерді айтады.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;
• түпкі ойды салынатын нысанмен салыстырады;
• өз таңдауын түсіндіреді;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын 
бекітеді;
Көптілділік: спортшы–спортсмен–athlete.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• спорт түрлері, спортшылар, жеңімпаздар
талқылауға арналған сұрақтар:
Олимпиада ойындары дегеніміз не?
Қай ел Олимпиада ойындарының отаны болып саналады?
Қандай спорт түрлерінің спортшылары Олимпиада ойындарына қатысады?

94
Бастапқы білім
Рең мен сурет түсін таңдау, композицияны айқындау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
  
Шаттық шеңберін құрады.
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға,
Сәлем деймін ұстазға. 
Ашық болсын аспанымыз, 
Тату болып халқымыз,
 Аман болсын еліміз!
(Ұ) Педагог балаларға Олимпиада ойындарының 
қашан және қайда болғандығы туралы әңгімелейді. 
Педагог сиқырлы әңгімені тыңдауды ұсынады. Бұл 
оқиға стадионда болған. Спортшылар спорт жарысына 
дайындалып жатты. Көп көрермен шақырылған 
болатын. Бұл туралы  сиқыршы әйел біліп қояды. Ол 
өзін шақырмағандығына қатты ренжиді, сондықтан 
кек алмақшы болады. Жарыс тамаша достық 
жағдайында өтті, қазылар жеңімпаздарды анықтады, 
кенеттен спортшылар стадионнан біртіндеп жоғала 
бастады. Олар айғайлап ысқырып жатты, алайда бәрі 
бекер еді, спортшыларды марапаттау болмай қалды. 
Көрермендер қатты жабырқады, ал сиқыршы әйел 
ойының іске асқанына қуанды. 
Бірақ мен сендерге құпия ретінде айтайын, 
сиқыршының сиқырын бұзып, спортшыларды 
көрінетін етіп, оларды босатуға болады. 
Музыкалық 
сүйемелдеу.  
  
Олимпиада 
ойындары 
туралы 
слайдтар 
тамашалау.
Түрлі спорт 
түрлерінің 
спортшылары 
туралы 
презентация.
Ертегі.
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Суреттерге қараңдар. Қуанышқа спорт түрлерін атауға 
көмектесіңдер.
(Ж) Досыңмен ақылдасып, мына заттардың не 
екендігін айт.
Проблемалық сұрақ: Біз спортшыларға қалай 
көмектесе аламыз? Оларды қалай көрінетін етуге 
болады?  
  (Ұ) Динамикалық үзіліс 
  Мен спортшы боламын,
Алтын медаль аламын.
Биік-биік  тұғырдан,
Өз елімді көркейтіп,
Көк байрағы желбіреп,
Ел алғысын аламын.
(қолдарын иықтарына, жандарына қарай көтереді.
Кішкентай саусақтан бастап саусақтарын жұдырыққа 
жұмады.)
Әліппе-альбом.
 
Музыкалық 
сүйемелдеу.

95
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Сабақтағы қауіпсіздік техникасы ережелерін еске 
түсіріп, атауды сұрайды. 
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты 
сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог спортшыларды жеңімпаздар ретінде салу 
керектігін түсіндіреді. 
Геометриялық пішін – тік төртбұрыш көмегімен 
тұғырды бейнелеңдер. Спортшыны басынан бастап, 
сопақша формада сала бастаймыз. Артынан денесін 
саламыз. Адамның денесі пропорционалды болуы 
үшін басынан беліне дейінгі денесінің ұзындығы 
қандай болуы қажет? Ненің көмегімен өлшеуге 
болады? Бас ұзындығының көмегімен. Жоғарыдан 
белге дейін бас ұзындығы 3 рет сыюы тиіс. Ал белден 
табанға дейін – 4 рет.
Қалыпты емес сурет салу техникасы – «Шашырату» 
көмегімен жеңімпаздың құрметіне отшашу 
бейнейлеміз.
Шашырату тарақ пен тіс щеткасының көмегімен 
жасалады.
Әліппе-альбом.
Түрлі 
өлшемдегі 
қылқаламдар 
№3, №6, 
акварель, суы 
бар төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар,  
акварель, тарақ, 
тіс щеткасы.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
• (Ұ, Ө)  «Мен спортшымын» балалар суреттерінің 
көрмесі ұйымдастырылады.
• Педагог жұмыстарды талқылауды ұйымдастырады.
• Кімнің адамы нағыз спортшыға ең көп ұқсайды? 
Неліктен?
• Қай суретте пропорцияда қателік жіберілген? Неге 
олай ойлайсыңдар?
Балаларға ең көңілді спортшыны табу ұсынылады.
Залым сиқыршы әйелдің сиқырының күші жоғалды. 
Сендер спортшыларға көмектестіңдер, марапаттар өз 
иелерін тапты. 
Сабақтағы іс-әрекеттеріңді «Бағдаршамның» 
көмегімен бағалаңдар (жасыл – бәрі түсінікті, сары – 
қиындықтар болды, қызыл – жұмыс дұрыс болмады).
Балалар 
жұмыстарының 
көрмесіне 
арналған стенд. 
Әліппе-альбом.
30-ҰОҚ. Серуенде
(сюжетті)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың 
саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
 0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша 
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, 
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын 
бейнелеу.
0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс 
үйлесімділігін таңдау.
0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті 
көркем материал мен құралдарды таңдау.

96
Күтілетін 
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;
• қағаз реңін таңдайды және түстерді үйлестіреді;
•  сюжетке қарай қажетті материалдарды таңдайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• сюжетті сурет жасайды;
• түпкі ойды жүзеге асырады; 
• материалдарды тиімді жұмсайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• композицияны түрлендіреді;
• суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• сұрақтарға жауап береді, бұрын меңгерілген іскерліктерді еске түсіреді; 
• түпкі ойды салынатын нысанға айналдырады;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын 
бекітеді;
• сәндік сурет салудың ерекшелігін ауызша формада айқындайды; 
• бейнеленетін нысанның сырт келбетіне сипаттама береді.
Көптілділік: көше–улица–street.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
 • көше, достар, серуен 
талқылауға арналған сұрақтар:
Серуенде немен айналысқанды жақсы көресің?
Кіммен ойнайсың?
Достарыңмен қандай ойындар ойнағанды қалайсың?
Алаңдағы заттар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Бастапқы білім
Адамның күрделі емес сипатты қимылдарын суретте жеткізу дағдысы.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
Балалар бір-бірінің қолынан ұстасып, шаттық шеңберін 
құрайды. Бір-біріне жылы сезім сыйлайды.
(Ұ) Педагог ауруханада жатқан ұл баладан хат алғанын 
айтады. Оның көшеге шығып, достарымен серуендегісі 
келеді. Ол төбешіктен сырғанауды, велосипед тебуді 
жақсы көретінін айтады. Серуенде өз уақыттарыңды 
қалай өткізетіндерің туралы әңгіме-суретте бөлісіңдер.
Музыкалық 
сүйемелдеу.   
Әртүрлі жыл 
мезгілінде 
үйдің 
жанындағы 
алаңда 
серуендеп 
жүрген 
балалардың 
бейнесі бар 
слайдтар.

97
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Иллюстрацияға қараңдар. Балалардың не істеп жатқанын 
айтыңдар. Сендер серуенде немен айналысқанды жақсы 
көресіңдер? Сендермен бірге кім серуендейді? 
(Ұ) Суреттегі құрылғылардың қандай геометриялық 
пішіндерге ұқсас екендігін талқылаңдар.
 (Ұ) Динамикалық үзіліс
Қалаушы да табылды,
Үй салынды, жабылды.
Қосыпқұмға лайды,
Сылақшылар сылайды.
Терезе,есік,едені,
Қиюласты әдемі.
Құрылысшы боламыз
Зәулім үйлер саламыз.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау  техникасы
Педагог жеке гигиена ережелерін еске түсіруді ұсынады. 
Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта ұстау 
қажеттілігіне ынталандырады.  
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты 
сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог серуендегі тәрбиеленушінің өзін салуды 
ұсынады.
Алдымен нені салатындарыңды анықтап алыңдар. 
Сурет салу үшін қандай құралдарды таңдайсыңдар? 
Суреттеріңде суық реңктер басым бола ма, әлде жылы 
ма? Қандай ағаштарды саласыңдар? Ағаштардың жерден 
өсетінін есте сақтаңдар, демек, оларды төменнен жоғары 
қарай салатын боламыз. 
Біз акварель бояумен саламыз. Бірінші кезекте біз не 
істеуіміз керек? 
Әліппе-альбом.
Әліппе- 
альбом.
Қылқалам №3, 
акварель, суы 
бар төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар.
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) «Серуенде» сурет галереясы ұйымдастырылады.
Педагог талқылауға шақырады.
Кімге өз жұмысы ұнады? 
Салғылары келген суретті сала алды ма? Қиындықтар 
болды ма, жұмыс аса мұқият орындалмады ма? 
 Аса қиын болды ма? 
Кімнің суреті көбірек ұнады? 
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы 
орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе 
ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; 
тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір 
қылқаламды бояңдар.
Балалар 
жұмыстары-
ның көрмесіне 
арналған стенд. 
Әліппе-альбом.

98
31-ҰОҚ. Денсаулық 
гүлі (пәндік)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
 0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен 
және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, 
заттардың текстурасын бейнелеу.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы 
ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын 
бейнелейді;
• жеке гигиена ережелерін сақтайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• алақанмен сурет салуды қолданып, суретті бейнелейді;  
• суреттегі көңіл күйді түстің көмегімен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• композицияны алгоритмге сәйкес орындайды;
• суретте өз ойын жүзеге асырады.
тілдік мақсаттар
 Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;
• өз таңдауын түсіндіреді;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын 
бекітеді;
• сурет салу ерекшелігін ауызша формада сипаттайды; 
• сабақта қорытынды сұрақтарға жауап береді және өз жетістіктерін 
бағалайды.
Көптілділік: денсаулық–здоровье–health.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• денсаулық, гигиена, дәрумендер, жаттығудың пайдасы.
талқылауға арналған сұрақтар:
«Денсаулық» дегеннің не екенін қалай түсінесіңдер?
Денсаулық жақсы болуы үшін не істеу қажет?
Сендерде барлық аурудан емдейтін денсаулық гүлі болғанда оны кімге 
сыйлар едіңдер?
Бастапқы білім
Адамның күрделі емес сипатты қимылдарын суретте жеткізу дағдысы.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
«Мейірімділік шоғыры». Балалар шеңберге тұрады. 
Әрқайсысында бір гүл бар, оны көршісіне жақсылық 
тілей отырып береді. Нәтижесінде мейірімділік 
шоғырын бастаған адамға мол тілектер шоғыры 
жетеді. 
Музыкалық 
сүйемелдеу  
гүлдер.

99
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ)  Педагог тілектерден құралған шоғырға назар 
аударады, гүлдердің қандай әдемі екендігін айтады. 
Тілек гүлдері. Барлық тілектер орындалу үшін не 
қажет? (Мейірімді болу, сау болу)
Бүгін гүл салуды ұсынамын. Ол ерекше және 
сиқырлы болады. Оның жапырақтарына қарайық.
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
 (Ұ) Денсаулық гүліне қараңдар.
Әрбір жапырақ нені білдіреді?
 
(Ж) Қуаныш салған суреттерді дострыңмен 
бірге қараңдар. Ол ненің көмегімен салды деп 
ойлайсыңдар?
(Ұ) Динамикалық үзіліс 
Қылқаламды қолға алып, (саусақтарымен 
қылқаламмен қимылдарды бейнелейді)
Сиқыршы мен боламын: (қолдарын жоғары 
көтереді)
Қағаз алып, (білезіктерімен айналмалы қимылдар 
жасайды.)
Құстың, (қолдарын айқастырып, тарбиған 
саусақтармен құстардың қанатының қимылын 
бейнелейді).
Машинаның, (рульді бұрап жатқандай қимылдар 
жасайды)
Мұнараның, (бастарынан жоғары созылған 
қолдарды «шатыр» түрінде біріктіреді)
Жалаудың (алақандарын сыртқа қаратып, бас 
бармақтар тудың ұстағыштары ретінде төмен 
бағытталады).
Суретін мен саламын.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы.
Педагог сабақтағы қауіпсіздік техникасы ережелерін 
еске түсіріп, атауды сұрайды.
Жұмысты орындауда ұқыптылыққа, материалдар 
мен құралдарды дұрыс қолдануға назар аударады.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог балаларға сабақ пен жапырақтарды салуды 
ұсынады. Сурет салуда қолданатын сызықтарды 
анықтайды. Гүл салу үшін алақанды пайдаланамыз.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.
Қылқалам №3, 
акварель, суы 
бар төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар, гуашь.
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) «Денсаулық гүлдері» көрмесі 
ұйымдастырылады.
Педагог балаларды суреттерді талқылауға 
шақырады.
Кімге өз жұмысы ұнады? 
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият 
орындалмады ма?
Аса қиын болды ма?
Кімнің суреті көбірек ұнады? 
Балалар 
жұмыстарының 
көрмесіне 
арналған стенд, 
әліппе-альбом.

100
Балалар педагогтен алдын ала  қағаздан дайындалған 
қызыл және көк түсті гүлдерді алады.   Тақтада  
гүлсауыттың суреті салынған.  Егер сабақ ұнаса, 
көк гүлді жапсырады, ал егер ұнамаса – қызыл гүлді 
жапсырады. 
32-ҰОҚ.  Мен 
мектепке барамын
(ұжымдық)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың  саны: 
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
 0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша 
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, 
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын 
бейнелеу.
0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс 
үйлесімділігін таңдау.
0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру, 
материалдарды үнемдеп жұмсау.
Күтілетін 
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• 
заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді; 
• 
қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;
• 
жұмыс орнын таза ұстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• 
суретті сюжетті желімен толықтырады;
• 
суреттегі көңіл күйді түстің көмегімен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• 
 өз таңдауын түсіндіре отырып, берілген материалдарды жұмыста 
пайдаланады; 
• 
көркем материалдарды ажыратады және пайдаланады.
тілдік мақсаттар
 Дағдыларды дамыту.
• сюжетті өз естеліктерімен толықтыруды ұсынады; 
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өз жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір 
білдіреді;
• қажетті түс реңктерін таңдау себептерін атайды;
• сюжетті жасау кезеңдерін ауызша сипаттайды.
Көптілділік: сабақ–урок–lesson.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• қоңырау соғылады, мектеп өмірі, демалыс.
талқылауға арналған сұрақтар:
Мектепте нені үйретеді?
Бір сыныпта оқитын балаларды қалай атайды?
Сабақтың қашан басталып, қашан бітетінін қалай білетін боласыңдар?

101
Бастапқы білім
Түс ерекшеліктері, реңктер туралы түсініктер, өң іріктеу.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет