Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата03.12.2019
өлшемі0,61 Mb.
#52945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
suret-salu metodika kaz 6-let
000429f7-9534d368

II. Өмірлік тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Педагог балаларға Қ. Жаңабаевтың 
«Құмырсқа» өлеңін оқиды:
Сендер бұл өлең не туралы не ойлайсыңдар? 
Дұрыс, әркімнің оған қамқорлық көрсететін және 
бір-бірін сыйлайтын отбасы бар. Әр отбасында 
өз дәстүрлері бар. Отбасы дәстүрлері дегеніміз 
не? Бұл – ата-анадан балаларға ауысып отыратын 
мінез-құлық мәнері, ережелер, ортақ іс, т.б.
Қ.Жаңабаевтың 
«Құмырсқа» өлеңі.
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомды ашып, сұрақтарға жауап 
беруді және бірінші тапсырманы орындауды 
ұсынады. Үй жұмыстарын отбасы мүшелері 
арасында бөліп береді. 
(Ұ) Педагог қазақ отбасының дәстүрлері туралы 
иллюстрацияларды қарауды ұсынады. Суретте не 
салынғанын балалармен бірге талқылайды. 
Балаларға өз отбасыларының дәстүрлері туралы 
сюжет салуды ұсынады. Сұрақ қояды: сабақ 
тақырыбы бәріне түсінікті ме? Сюжеттер бойынша 
көмектеседі: отбасы демалысы, сүйікті отбасылық 
қызығушылық, т.б. 
Балаларға сюжет салу ережелерін еске салады.
(Ұ) Саусақ жаттығуы
Бір, екі, үш, төрт!    (алақандарын соғады)
Менің үйімде кім тұрады?
Бір, екі, үш, төрт, бес!    (алақандарын соғады)
Бәрін санап шығамын:
Әкем, анам, інім, қарындасым, мысығым Мурка,
Екі марғау, менің тотықұсым, шегіртке және  
мен   (барлық он саусақты кезекпен сипайды, 
массаж жасайды).
Міне, менің бар отбасым!
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог балалардан қарындаш пен борды қолда 
қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетуді сұрайды.
Жеке гигиена ережелерін бекітеді.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Әліппе-альбоммен жұмыс
Өз қалауларыңа қарай түстер мен құралдарды 
таңдаңдар. Кімді салғыларың келетінін 
ойластырыңдар. Иллюстрацияларға назар 
аударыңдар, өз суреттеріңде қандай сюжет 
болатынын ойластырыңдар. Суреттеріңде 
отбасы мүшелерінің не істеп жататындығын 
ойластырыңдар. 
Алдымен адамдарды, отбасы мүшелерін салу 
керек. Артынан суреттеріңді сюжетті суретке 
айналдыратын заттар мен әрекеттерді қосу қажет.
Әліппе-альбом.
Қазақ халқының 
отбасы дәстүрлері 
туралы 
иллюстрациялар.
Қазақ халқының 
салт-дәстүрлері. 
Алматыкітап 
баспасы, 2014 ж.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті 
қарындаштар, 
балауыз борлар.

46
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Сурет галереясы ұйымдастырылады. 
Педагог: Енді бәріміз де отбасы дәстүрлерінің не 
екендігін білеміз. Өз суреттеріңе қараңдар. Олар 
бізге әрқайсымыздың тату отбасымыз туралы 
әңгімелейді. 
Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Қалауына 
қарай өз сюжеті туралы әңгімелейді. 
Салғылары келген суретті сала алды ма? 
Қиындықтар болды ма, неліктен?
Кімнің суреті көбірек ұнады? Неліктен?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс 
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш 
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар 
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай 
алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды 
бояңдар. 
Балалардың 
жұмыстарын 
орналастыруға 
арналған стенд. 
Әліппе-альбом
11-ҰОҚ. ата-анама 
арналған тосын сый
(сәндік)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.1.2 .Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ 
өрнектерінің түрлерін салу.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы 
ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• 
түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді салады;
• 
жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• 
қазақ өрнегінің элементтерін бейнелейді;
• 
безендірілетін бұйымның өрнегі мен формасы арасындағы байланысты 
ойластырады (киімдегі өрнек). 
Кейбір тәрбиеленушілер:
• 
шығармашылық дағдыларды пайдалана отырып, суретті адамгершілік 
тұрғыдан сала алады.  
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• оқу міндетін түсінеді және оны орындауға ұмтылады;
• өрнекті безендірілетін нысанда орналастыру жөнінде идеялар ұсынады;
• жұмыс тәсілдері мен бірізділігі туралы әңгімелейді;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын 
бекітеді;
• киімді безендіруде өрнек жасау мысалдарын келтіреді;
• сабақта қорытынды сұрақтарға жауап береді және өз жетістіктерін 
бағалайды.
Көптілділік: ата-аналар – родители – parents.

47
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• әдемі ұлттық киім, киім дизайнері, өрнеулік, өрнек, өрнектің орналасуы.
талқылауға арналған сұрақтар:
Ұлттық киім нені білдіреді? 
Киім дизайнері немен айналысады?
Өрнек қалай орналасуы керек?
Сәндік сурет дегеніміз не?
Өрнек салу кезінде қылқаламды қалай ұстау керек?
Бастапқы білім
Өрнектің дұрыс орналасуы, сәндік өрнеулік жасау туралы білімді 
қолданады.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
Педагог балалардан шеңберге тұруды 
сұрайды: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен 
өз достығымды сендерге жолдаймын, ол 
менен Алмаға, Алмадан Русланға, одан әрі 
қарай жүреді және аяғында маған қайтып 
келеді. Мен достықтың көбейе түскенін 
сеземін, өйткені, әрқайсың өз достығыңның 
бір бөлігін қостыңдар. Ол сендерді тастамай, 
күні бойы жылытсын.
(Ұ) Педагог балалардан киім дизайнерінің 
кім екендігін біліп-білмейтіндігін 
сұрайды. Балалармен бірге дизайнердің 
немен айналысатынын талқылайды, 
оның әдемі киімдерді тігіп қана қоймай, 
оларды безендіретінін де нақтылайды. 
Балаларды дизайнерлік киім шеберханасына 
шақырады. «Қазақ киімдерінің көрсетілімі» 
бейнесюжетін көрсетеді.
Әңгіме жүргізеді: Қалыпты киім ұлттық 
киімнен несімен ерекшеленеді? Балаларды 
әр халықтың ұлттық киімдерінің 
болатындығын, оларды өрнегі, киім стилі, 
бас киім формасына қарай анықтауға 
болатындығын түсінуге бағыттайды. 
Дәстүрлі қазақ ұлттық киімі – бұл қалпақ 
(ерлердің бас киімі), сәукеле (қыздардың бас 
киімі), қамзол, көйлек, шапан және шалбар.
Музыкалық сүйемелдеу.
Бейнеүзінді
https://www.youtube.
com/
watch?v=texVJZ5a4Vo;
Ою-өрнекпен 
безендірілген қазақ ұлттық 
киімдері бейнеленген 
иллюстрациялар.

48
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен 
жұмыс.
Педагог әліппе-альбомды ашып, киімдерді 
қарауды және олардың атауларын бекітуді 
ұсынады. Кейіпкерлерге (ата-ана) мейрамға 
дайындалуға көмектеседі. 
(Ж) Балалар жұппен талқылайды: Бұрыннан 
таныс өрнек түрлерін еске түсіріңдер, 
байланысты суреттер бойынша оларды 
атаңдар. Киім безендіруде қолданылатын 
жаңа өрнек түрлерін талқылаңдар. Олардың 
неге ұқсайтындығын ойластырыңдар. 
Балаларды жаңа өрнектермен таныстырады: 
қазмойын, балдақ, түйетабан, тарақ. 
(Ұ) Сергіту сәті
Саусақтарымызды әрі-бері айналдырамыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес!
Алақанымызды бір-біріне соғамыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес!
Олар бізге еш өкпелемейді.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс  жасау техникасы
Балалардан қылқалдамды қолда қалай 
дұрыс ұстау керектігін көрсетуді сұрайды. 
Бояулармен жұмыс барысындағы жеке 
гигиена ережелері туралы еске салады.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог шығармашылық тапсырманы 
нақтылайды – таңдауына қарай әйел не ер 
адамның киімін безендіру. Балаларға сәндік 
суретті орындау алгоритмін түсіндіреді. 
Өрнекті безендірілетін бұйымның 
формасына қарай орналастыратынын еске 
салады. Көйлек, қамзол, шалбарда өрнектің 
орналасуын көрсетеді. Киімдегі өрнеулік 
әдетте элементтерді өзара кезектестіре 
отырып, бір-бірінен бірдей қашықтықта 
шетінен орналастырылады. Рең мен 
өрнек түсін қалауларыңа қарай таңдаңдар. 
Алдымен киімнің реңін салу керек.
Әліппе-альбом.
Қазақ ұлттық өрнектерінің 
бейнелері: қазмойын, 
балдақ, түйетабан, тарақ. 
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті қарындаштар.

49
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Дефиле-көрме ұйымдастырылады. 
Балалар өз жұмыстарын талқылайды. 
Педагог сұрайды:
Өрнек дұрыс бейнеленді ме?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият 
орындалмады ма?
Қай кезеңде қиындықтар болды?
Өзіңді не үшін мақтай аласың?
Ата-аналарың сендерге тамаша дизайнерлік 
жұмыстарың үшін алғыс білдіреді және 
мейрамға жақсы көңіл күймен барады.
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс 
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, 
үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не 
қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; 
тапсырманы орындай алмадым деп 
ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар. 
Балалардың жұмыстарын 
орналастыруға арналған 
стенд.
Ата-ананың ұлттық 
киімдердегі бейнелері.
Әліппе-альбом.
12-ҰОҚ. Достық 
ағашы 
(түпкі ой бойынша)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен 
және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, 
заттардың текстурасын бейнелеу.
0.2.1.4. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш 
жүргізу арқылы суретті бояу.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы 
ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• 
алақанмен дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолданып, заттың (ағаш) 
текстурасын бейнелейді;
• 
қылқаламды түрлі бағытта жүргізу арқылы суретті бояйды; 
• 
жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• 
алақанмен дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолданып, ағаш 
бейнесін салады;
• 
қылқаламды жоғары-төмен жүргізіп, ағаш діңгегін бояйды; 
• 
суреттің көңіл күйін жеткізу үшін түс таңдайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• 
сюжет қосады, сурет бөлшектерін салуда қалыпты емес тәсілді 
қолданады;
• 
шығармашылық және ойын қарым-қатынасы жағдаяттарын 
қалыптастырады.

50
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• сюжет құру жөнінде идеялар ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• құрдастар арасындағы өзара қатынастарды талдайды; 
• тақырып бойынша ой толғайды, әрекеттерді бөлісу туралы келіссөздер 
жүргізеді;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.
Көптілділік: бірге – вместе–together.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• достық ағашы, достармен бірге, алақанмен сурет салу.
талқылауға арналған сұрақтар:
Достық ағашын қалай бейнелеуге болады? 
Достарыңмен бірге бірдеңе істеген кезде қандай көңіл күйде боласыңдар?
Алақанмен не салуға болады?
Бастапқы білім
Қарапайым заттарды дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I.Оң көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәріңді сау 
және жақсы көңіл күйде көргеніме қуаныштымын! 
Алақандарымызды қосып, бір-біріміздің атымызды 
жылы сөзбен атайық. Балалар кезекпен алақандарын 
біріктіреді және достарының аттарын жылы сөзбен 
атайды.
(Ұ) Педагог шағын ертегі әңгімелейді және 
иллюстрацияларды көрсету арқылы сүйемелдейді: 
«Атызға кішкентай дән түсті, өсіп, жарыққа созыла 
бастады. Сен кімсің? – дегенді естіді Өскінше. – 
Білмеймін, – деп жымиды ол. Атыздағы өсімдіктер 
дауласа бастады: бірі Өскіншенің арамшөп екендігін 
айтып, оны лақтырып тастауды ұсынды, келесілері 
оны қорғаштады. Өскіншенің көңіл күйі жабырқады, 
ол өзін қолайсыз сезінді, оның үстіне күннің астында 
тым ыстық еді. Осы кезде Өскінше өзінің үстінде 
көлеңке пайда болғанын сезді. Бұл оған өз жапырағын 
созған үлкен Түйежапырақ болатын.– Назар аударма! 
– деді ол Өскіншеге, - өсіп, тіршілік ете бер. Уақыт 
өтті, өскінше өсіп, ғажайып алма ағашына айналды. 
Ол өзін ренжіткендерді ұмытты. Бірақ ол әрқашан да 
қарт Түйежапырақ өсіп тұрған шарбаққа қарай бір 
бұтағымен иіліп тұрды. Оны желден қорғап, ешкімге 
ренжітуге жол бермейтін».
Педагог сұрайды: Бұл ертегі бізді неге үйретеді? 
Достарсыз өмір сүрген жақсы ма, әлде жаман ба? 
Неліктен? 
Музыкалық 
сүйемелдеу 
(бірқалыпты 
ғажайып әуен).
Иллюстрациялар: 
жүйектегі 
кішкентай 
өскінше, әсем 
алма ағашы, 
түйежапырақ

51
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, т) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Педагог Айсұлу мен Қуаныш отырғызған Достық 
ағашын сипаттауды сұрайды. Оның басқа ағаштардан 
немен ерекшелетінін әңгімелейді. Сендер Достық 
ағашын қалай бейнеледіңдер? Достық ағашы қандай 
пайда әкелуі мүмкін?
Бүгін бізге жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет 
болады? Біздің алақандарымыз, гуашь, қылқалам және 
шығармашылық қиял! Жұмысқа кірісеміз!
(Ұ) Саусақ жаттығулары
Сол қолдың бас және сұқ саусақтары жүзік түрінде 
біріктіріледі. Ол арқылы оң қолдың саусақтарынан 
жасалған жүзікшелер өтеді: үлкен сұқ, үлкен ортаңғы, 
т.б. Бұл жаттығуды саусақтардың орнын ауыстырып 
өзгертуге болады. Бұл жаттығуға барлық саусақ 
қатысады.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог жеке гигиена ережелерін, өткір құралдармен 
жұмыс істеу тәртібін еске салады. Бала алақанмен 
таңба жасағаннан кейін қолын жуып, жұмысын 
жалғастыра алатындығын ескертеді.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Қандай түстерді қолдануға болатындығы туралы 
ойланыңдар. Сендердің Достық ағаштарыңның 
көңіл күйі қандай? Педагог қылқаламның көмегімен 
гуашьты алақанға қалай жағуды, артынан тік қойылған 
қағаздың жоғарғы жағына жақын таңбаны қалай 
жасауды көрсетеді. Осылайша жапырақтардың негізгі 
бөлігі бейнеленеді. Соңынан балалар қолдарын жуады 
да жұмысқа қайта кіріседі, қылқаламды пайдаланып, 
ағаш діңгегін салады.
Педагог балаларға ұжымдық жұмыс нұсқасын ұсына 
алады (балалар алақандарының таңбасын үлкен бір 
ортақ ағашта қалдырады).
Бұл ағаштың сиқырлы екендігін және оны өз 
бөлшектерімен толықтыруға болатындығын еске 
салады.
Әліппе-альбом.
Қылқалам 
№6, гуашь, 
төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлық.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Достық бағы ұйымдастырылады. 
Педагог балаларға өз қалауына қарай суреттері туралы 
әңгімелеуді ұсынады.
–Саған өз суретіңде не ұнайды? Нені өзгертуді қалар 
едің?
–Ойлағаныңды сала алдың ба? Сала алмаған болсаң, 
не бөгет болды? 
– Бүгінгі сабақтан кейін достарыңа не тілеуді қалар 
едің?
Педагог балаларға алдын ала қағаздан дайындалған 
алманы үлестіріп береді. Егер сабақ ұнаса, қызықты 
болса – алмаағашқа қызыл алманы, ал қызықсыз 
болса – жасылын іліңдер.
Балалардың 
жұмыстарын 
орналастыруға 
арналған стенд,  
(коллаж).
Әліппе-альбом.

52
13-ҰОҚ.  
Домбыраның үні
(сәндік)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.1.1 .Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б.) пайдаланып, 
қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу.
0.1.1.2. Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ 
өрнектерінің түрлерін салу.
0.2.1.2. Жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу 
нүктелерді салғанда тік ұстау.
Күтілетін 
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• 
түрлі сызықтарды пайдаланып, күрделі емес сұлбаларды салады;
• 
түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді салады;
• 
жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу ұстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• 
музыкалық аспапты бейнелейді;
• 
сызықтардың бірқалыптылығы мен бірігуін, олардың жіңішкелігін 
жеткізеді, өрнек қосады; 
• 
қылқаламды қағаз бетінде сенімді жүргізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• 
домбыра бейнесінің сипатты ерекшеліктерін жеткізеді;
• 
өрнекті домбырада дұрыс орналастырады;
• 
қылқаламға басуды реттейді, пропорцияларды сақтайды.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• орыс және ағылшын тілдеріндегі таныс сөздерді естіп таниды;
• ұлттық дәстүрлермен танысу барысында сөз қорын байытады;
• оқу міндетін түсінеді және оны орындауға ұмтылады;
• тақырыпқа деген қызығушылық тудыратын көркем сөзге құлақ салады;
альбомда дұрыс жауап нұсқасын белгілейді, өз таңдауын негіздейді.
Көптілділік: ән-күй – музыка – music.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• домбыраның сыңғырлаған ішегі, қазақ ұлттық ішекті аспабы, музыка, 
домбыра.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай қазақ ұлттық аспаптарын білесіңдер? 
Домбыраны сипаттаңдар.
«Домбыраның сыңғырлаған ішегі» сөзін қалай түсінесіңдер?
Бастапқы білім
Заттың формасы, оның нышандары мен түсін, әшекейлерді ұлттық өрнекпен 
дұрыс жеткізу дағдысы бар.

53
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2-5 минут
(Ұ) Оң  көңіл күй қалыптастыру
Педагог балаларға көздерін жұмып, музыканы 
тыңдауды ұсынады. «Өздеріңді жайлауда 
жүргендей елестетіңдер, айналада шөп көктеп 
келеді, қашықта қарлы тау шыңдары көрінеді, 
бұлттар секілді аппақ қойлар тыныштықта 
жайылып жүр, күн астында жарқырап жатқан 
жылға ақырын сылдырлап ағады (үзіліс). Жайлап 
көзімізді ашамыз. Бір-бірімізге жымия қарап, 
шығармашылыққа кірісейік.  
(Ұ) Педагог өлең оқиды:
Ұзын мойын, екі ішек, 
Қатар-қатартепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
Педагог балаларға бүгін қонақ – ақын келгенін 
хабарлайды. 
Балалар ақынның кім екенін біле ме?
Ақын – домбырада ойнап, ән айтатын адам. 
Ол қолайсыз жағдайға ұшырады, оның сүйікті 
домбырасы жоғалып кетті. Педагог балалардан 
қалай көмектесуге болатынын сұрайды. Балалар 
домбыра салуды ұсынады.
Музыкалық 
сүйемелдеу. «Домбыра 
дыбыстары».
Ақын бейнесі бар 
сурет.
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды 
орындап, қазақ ұлттық аспаптарын табуды 
ұсынады. Оларды атайды. 
Проблемалық сұрақ: домбыра үнін қандай түске 
бояр едің?
Педагог балаларға «Домбыра» қазақ ұлттық 
аспабы туралы презентация көрсетеді. Артынан 
балалар нені еске сақтағандарын әңгімелеуді 
сұрайды. 
Балалармен бірге қорытынды жасайды: Домбыра 
– 2000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған 
ішекті музыкалық аспап. Оны қолдан жасаған. 
Екі ішегі ғана болады. Қазақ халқының өміріндегі 
ешбір маңызды оқиға домбыраның әсем әуенінсіз 
өтпейді.
Әліппе-альбом.
Қазақ ұлттық 
аспабының 
иллюстрациясы, 
презентация. http://
infourok.ru/prezentaciya-
k-uroku-zvuchi-moya-
dombra-472675.html

54
(Ұ) Сергіту сәті
Балалар түрлі қарқындағы домбыра әуеніне қарай 
білезіктерін қозғалтады. Музыка қарқынымен 
домбырада ойнауға ұқсатады. 
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс  жасау техникасы
Педагог қылқаламды қолда қалай дұрыс ұстауды 
еске салады. Қауіпсіздік техникасын сақтауды 
сұрайды. Балаларды жұмыс орнын тазалықта 
ұстауға ынталандырады. 
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.) 
Педагогтің бейнені көрсетуі балалардың әңгімесі 
және жұмысымен сүйемелденеді). 
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог балаларға музыкалық аспап – домбыраны 
көрсетеді. 
Қарындашты нобай жасаймыз: шеңбер, оған 
жоғарыдан созылған жіңішке тікбұрыш қосамыз, 
геометриялық пішіндерді біртіндеп біріктіреміз. 
Домбыраның кескінін бояумен бояймыз. Қандай 
түсті таңдайсыңдар? Неліктен? 
Тағы да нені салу керек? Саңылау және ішектер. 
Қанша ішек саламыз?
Қалауларыңа қарай домбыраны өрнекпен 
әшекейлеңдер.
Домбыра әуені (түрлі 
қарқындағы үзінділер).
Ұлттық өрнегі бар 
домбыра.
Әліппе-альбом.
Жай қарындаш, 
қылқалам №3, 
акварель, гуашь, 
төгілмейтін стақан, 
мақта майлық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет