Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016



бет111/115
Дата06.02.2022
өлшемі185,92 Kb.
#51824
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Драма-әдістемелік
Драма-әдістемелік, Драма-әдістемелік
Мектепалды даярлық

Бастауыш мектеп

Мен кіммін және қандаймын?

Өзім туралы

Мектепке не үшін барамыз?

Менің мектебім

Менің айналамда кімдер бар?

Менің отбасым және достарым

Менің айналамды не қоршап тұр?

Қоршаған орта

Жолдар бізді қайда бастайды?

Саяхат

Салт-дәстүрді білу не үшін керек?

Салт-дәстүр және фольклор

Мен үшін не дәмді және пайдалы?

Тағам және сусын

Денсаулықты қалай күту керек?

Дені саудың – жаны сау

Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың


себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған сабақ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мек- тепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:

  1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).

  2. Жоспарда сабақтың сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.

Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоциялық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған.
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе- дәптердің барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер әліппе-дәптерде бір сабақта 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырма- лар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, сахналау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай- ақ әліппе-дәптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды сыныбы/тобының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:

  1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?

  2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?

Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма – өзі шешеді.
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мек- тепалды даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет