Бағдарламасы Дайындаған: Қалиев Ерден Құсманияұлы Түсінік хат


Өзін – өзі құрбандыққа шалуға байланысты ұшқары пікірлер



бет5/17
Дата08.02.2022
өлшемі217,5 Kb.
#121073
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
авторлык багдарлама
ИКТ
Өзін – өзі құрбандыққа шалуға байланысты ұшқары пікірлер:
Мына сөздер жалған, шындыққа жанаспайды:
Қанында бар, тұқым қуалайды. Мұны әлі ешкім дәлелдеген жоқ.
Ақыл – ойында кемістік барлар ғана өзін – өзі өлімге қияды. Зерттеу олардың 80 – 90 пайызы мүлдем дені сау екенін көрсетеді.
Өзіне – өзі қол салушылықты алдын ала білу мүмкін емес, оны тоқтата алмайсың. Дағдарыс уақытша құбылыс, адам бұл кезде жанына жылу, көм ек, қолдау күтеді.
Егер көмек дер кезінде болса ол өз райынан қайта алады.
Көмектесу үшін не істеу керек?

  • Жылы қарым – қатынас орнатыңыз.

  • Оны мұқият тыңдай біліңіз.

  • Жанама сұрақтармен тексеріңіз.

  • Жалған ақыл – кеңес беруші болмаңыз.

  • Тығырықтан шығу жолын көрсетіңіз.

  • Үмітін оятыңыз.

  • Осындай жағдайға ұшырап, бірақ кейін жол тапқандар туралы айтыңыз.

  • Баланы жалғыз қалдырыңыз.

Сіздің кішкентай адам ұрсу мен ұру, ащы айқай мен жекіруден, жазалаудан гөрі, ата – ананың пайдалы кеңестерін, қаталдық пен таяқтан гөрі мейірім мен қамқорлықты, ата – ана сүйіспеншілігін қажет етеді.
Бірақ өкінішке қарай өмірде осындай сүйкімді жандарға біз сүйіспеншілікпен қарай бермейміз.
Бала өзін үлкендер тарапынан жасалатын психологиялық қысым мен күш көрсетуден қорғауға дәрменсіз келеді.
Бірақ балалар біздің қылығымызды, бір – бірімізге қарым – қатынасымыздағы айқайға, дөрекілігімізге, қаталдағымызға, егер осының бәрін көзінше істесек тез үйреніп алады.
Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады, керісінше жанұяда жақсы қарым – қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін қорқыту – үркіту емес, оның еркін өсуі жан – жақты дамуына игі әсер етеді. Біздің үйдегі балаға абайламай айтқан сөзіміз, ойланбай істеген қылығымыз кей кезде баланың қылығына байланысты емес, өзіміздің шаршағандығымыздан, келеңсіздіктерімізден, жолымыз болмаудан, реніштерден болуы да мүмкін.
Осындай сәттегі балаға деген айқайымыз, оны ештеңеге үйретпейді, оны қорлайды, жасық қылайды, өмірге деген құштарлығын тежейді.
Ата – ана баланың жон арқасын тілу арқылы баланың тәрбиесіне тез қол жеткіздім деп ойлайды, бірақ тәртіпке салу көз бен құлақ арқылы келетінін қаперіне алмайды. Аз уақыт тәртіпке қол жеткізген ата – ана бала жүрегіне өтірік пен жалғандықтың дәнін екенін, баланың қалыпты дамуын қанша уақытқа тежегенін, байқай алмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет