Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»



бет4/9
Дата25.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12366
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Суға жүзу. Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылдану тұлға түзулендіреді, бұлшық еттерді үйлесімді дамытады, тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметтерін жақсартады, жалпақтабандылықты болдырмайды. Судың, ауаның температуралары әртүрлі болатындықтан адам ағзасын шынықтыру рөлін де орындайды.

Суда көлденең қалыпта болып (омыртқа тік жүрген кездегі дене ауырлығы қысымынан босайды), тура және біркелкі жүзу қимылдарын орындайтындықтан суда жүзу кездерінде тұлға түзуленеді, әртүрлі қисаюлар болса дұрыс қалыптарға келеді.

Жүзу жаттығулары жүрек-қан тамыры жүйесіне өте жақсы әсерін береді. Судағы көлденең дене қалпы, үлкен бұлшық еттер тобының үйлесімді қимылы, терең, ретті тыныс алу венадағы қандардың қайтуына, қанның систоликалық көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Жүзу кезіндегі жүрекке түсетін жүктеменің жеңілдігі кәрі жастағы адамдардың осы спорт түрімен шұғылдануына мүмкіншілік береді.

Суға жүзу тыныс алу бұлшық еттері мен кеуде клеткасын дамытады. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасы мен бұлшық еттер үлкен жүктемемен жұмыс істейді. Тыныс алып, ауаны ішке сорған кезде судың кеудені қысу күшін, ауаны сыртқа шығарған кезде судың итеру күшін жеңу арқылы тыныс алу жүйесі жоғары деңгейде дамиды.

Сауықтыруға арналған суға жүзу жаттықтыруымен айналысу екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде жаттықтырулар жүзу жаттығуларының техникасын үйрену, жетілдіру түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңде біртіндеп жүзу қашықтығын өту, ағзаның жалпы төзімділік қасиетін дамыту түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңдегі жұмыс адам суда 20-30 минут уақыт жүзе алатын кезден бастап қана басталады. Суда жүзудің сауықтыру әсерінің ең тиімді қашықтығы тоқтамай 800-1000метр жүзу болып есептеледі. 50 жастан асқан адамдарға қашықтық қысқартылады. Жүзу кезіндегі жеңіл жүктеме жүрек соғу жиілігі 120 соғу/минуттан, орта жүктеме – 130 соғу/минуттен, үлкен жүктеме 140 соғу/минуттен аспайтын жұмыс істеу тәртібі болып есептеледі.

51-70 жастағы адамдарға жүктеме шектелген түрде берілуі керек. Оларға жаттықтыру кезіндегі ЖСЖ 120-130 соғу/минуттан аспауға тиісті.

Мамандар суға жүзу жаттықтыруларының әдістемесінің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Ең негізгі мәселе жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметтерін жақсарту, жетілдіру үшін кем дегенде бір жетіде үш -төрт рет, 20-30 минут тоқтамай суға жүзу жаттығуларын орындау қажет.

Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К.Купер ұсынған 12 минуттық суға жүзу тест-сынағы арқылы анықтауға болады (39-кесте).



Шаңғы тебу. Спорт жаттығуларының ішінде ағзаны оттегімен еркін қамтамасыз етіп, ұзақ уақыт аэробты тәртіпте орындалатын жаттығулар денсаулыққа пайдалы әсер береді. Сондай жаттығуларды бірі шаңғымен жүгіру. Жүгіру, велосипед тебу секілді жаттығуларды орындағанда аяқ бұлшық еттеріне көп күш түсетін болса, шаңғымен жүгіру кездерінде қол және кеуде бұлшық еттеріне де көп күш түсіріледі. Шаңғымен жүгірген кезде ағзаның бүкіл бұлшық еттері симетриялы, біркелкі дамиды. Біркелкі ырғақты қимыл, жұмысқа қатысатын көп бұлшық ет топтары, таза ауада жаттығу ағзаның тыныс алу, қан айналу жүйесіне жағымды әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылайды.

Шаңғымен жүгіру кездерінде үлкен энергия күші жұмсалады. Адам ағзасы бір сағат уақыты кезінде жүктеме мөшеріне, жер жағдайына, ауа райына, жүгіру қарқынына, дене қуаты дайындығына байланысты шамамен 500-900 ккал жағады. Жас ерекшеліктеріне байланысты шаңғымен жаттығушылардың жүктеме мөлшері 36-кестеде көрсетілген.


36-кесте – Әр түрлі жастағы шаңғымен жүгіретін адамдардың жүрек соғу жиілігіне байланысты жүктеме мөлшері (В.Е. Капланскийдің зерттеуі бойынша)


Жасы

Орта жүктеме, соғу/мин

Үлкен жүктеме, соғу/минут

Ең жоғарғы жүктеме, соғу/минут

20

25

30



35

40

45



50

55

60



65

150

145


140

137


133

129


126

122


118

114


177

172


168

164


160

155


150

145


141

137


200

195


190

185


180

175


170

165


160

155


Сауықтыру мақсатындағы шаңғымен жүгірулерді 5-6 км бастап біртіндеп 10-25 км дейін жеткізуге болады. Жүгіру қарқыны сағатына 4 километрден 5-6 км/сағатқа дейін жоғарылайды. Жаттықтыру бастаған кездегі уақыт ұзақтығы 30-60 минут болса, бірте бірте көбейтіп 2-3 сағатқа дейін созуға болады.



Велосипедпен тебу. Велосипед тебу жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесін нығайтады. Денсаулықты нығайту үшін жетісіне 3 рет, ең аз дегенде 30 минут уақыт, тоқтамай велосипед теуіп отыру керек. Жаттықтырудың жақсы әсері сағатына 25 км/сағат жылдамдықпен жүру. 15 км/сағат жылдамдықпен жүру төмен аэробты әсер береді. Кәрі жастағы адамдарға сағатына 4-5 км/сағат жылдамдықпен ақырындап жүрсе жеткілікті.

Велосипед тебу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық тест-сынағы арқылы анықтауға болады (40-кесте).



Аэробика. «Аэробика» сөзі гректің аэро – ауа, биос – өмір деген сөзінен алынған. Оны ең алғаш Американ физиологі, профессор Кеннет Купер өзінің «Аэробика» - деген 1968 жылғы шыққан кітабында жазған. Ол оттегіні адам ағзасына жеткілікті аэробты тәртіпте қолданып төзімділікті дамыту арқылы жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартуға негізделген. Негізгі аэробты сауықтыру жаттығулары: жүру, жүгіру, суға жүзу, велесипед тебу, шаңғымен жүгіру және т.б. Аэробты жаттығуларға қойылатын негізгі талап – бүкіл жаттықтыру ұзақтығы кезінде жүрек соғу жиілігі 130 соғу/минуттан төмен түспеуі.

Аэробты жаттықтыру төрт бөлімге бөлінеді:



  • дене қыздыру. Денені қыздыру жаттығуларын орындау, ағзаның жүрек соғу жиілігін ақырындап көтеріп аэробты жаттығу деңгейіне әкелу;

  • аэробты жаттығу. 20 минут бойы негізгі аэробты жаттығуларды тоқтамай жеткілікті қарқында орындау;

  • ақырын жаттығу. 5 минут ақырын қарқында тоқтамай қимылдау. ЖСЖ біртіндеп азайтамыз;

  • күш жүктемесі. Буындарға арналған, буын жылжымалылығы, икемділік, бұлшық еттерді нығайту жаттығуларын орындау. Ұзақтығы 10 минут.

Аэробты жаттықтыру жетісіне 3-4 рет, жалпы ұзақтығы 30-40 минут уақытында орындалады.

Әдебиет: негізгі [1-12]



қосымша [1,2,4,6]
Емтихан сұрақтары:
1 модуль бойынша сұрақтар:

  1. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.

  2. Дене мәдениеті, оның бөлімдері.

  3. Дене мәдениетінің қызметтері.

  4. «Дене тәрбиесі», «дене қуаты дайындығы » дегеніміз не?

  5. «Спорт» дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?

  6. «Дене дамуы », «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдарға жауап беріңіз ?

  7. Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері.

  8. Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.

  9. «Президенттік сынама» - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.

  10. Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары.

  11. Дене тәрбиесі жаттығулары.

  12. Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері.

  13. Қозғалыс техникасының сипаттамасы.

  14. Жаттығуларды топтау.

  15. Табиғаттың табиғи күші – дене тәрбиесінің қосымша амалы.

  16. Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.

  17. «Әдістемелік тәсіл», «Әдіс», «әдістеме» дегеніміз не?

  18. Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері.

  19. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері.

  20. Қимыл- әрекетке үйрету әдісі.

  21. Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері.

  22. Ойын әдісі.

  23. Жарыс әдісі.

  24. Сөз қолдану әдісі

  25. Көрнекілікті қолдану әдістері.

  26. «Жүктеме» , жүктеменің көлемі, қарқыны.

  27. Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері.

  28. Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары.

  29. Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі.

  30. Қайталап және өзгермелі орындау әдістері.

  31. Қимыл әрекетіне таныстыру кезеңі.

  32. Қимыл әрекетіне үйрету кезеңі.

  33. Үйрету кезеңінде кезігетін қателер.

  34. Қимыл әрекетін жетілдіру кезеңі.

  35. Жоғары қимыл ептілігі.

  36. Дене тәрбиесі мен спорттың қағидалары.

  37. Саналылық және белсенділік қағидасы.

  38. Жүйелілік қағидасы.

  39. Біртіндеушілік қағидасы.

  40. Реттілік қағидасы

  41. Даралық қағидасы

  42. Дене қуаты қасиеттері. Анықтама.

  43. Күш, күштің түрлері.

  44. Күшті дамыту амалдары мен әдістері.

  45. Жылдамдық, оның түрлері.

  46. Қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

  47. Күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

  48. Жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі.

  49. Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту.

  50. Төзімділік, оның түрлері.

  51. Аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

  52. Анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

  53. Ептілік және оны дамыту әдістемесі.

  54. Икемділік, оның түрлері.

  55. Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.

2 модуль бойынша сұрақтар:



  1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.

  2. Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау.

  3. Сабақтарды мазмұны мен міндеттеріне байланысты топтау.

  4. Дене тәрбиесі сабағының құрылымы мен мазмұны.

  5. Дене тәрбиесі сабағының бөлімдері, сипаттама.

  6. Дене тәрбиесіндегі үй тапсырмасы, оның маңыздылығы.

  7. Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.

  8. Денсаулығы нашар балалардың дене тәрбиесі.

  9. Денсаулығы нашар балалармен сабақтар жүргізу ерекшеліктері

  10. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.

  11. Сабақта жүктемені мөлшерлеу.

  12. Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау.

  13. Дене тәрбиесіндегі жоспарлау.

  14. Мектептің оқу бағарламасы.

  15. Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

  16. Оқу ағымының жылдық жоспар графигі.

  17. Тоқсандық оқу жоспары.

  18. Әрсабақтық оқу жоспары.

  19. Сабақтың жоспар - конспектісі.

  20. Мектептегі бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.

  21. Мектептің дене мәдениеті ұжымы, жұмыс сипаттамасы.

  22. Мектептің есепке алу және бақылау құжаттары.

  23. Үлгі ретінде берілген есепке алу құжаттары, оны жүйелеу.

  24. Азкешенді ауыл мектебіндегі дене тәрбиесі.

  25. Мектептегі сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.

  26. Сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру.

  27. Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі сауықтыру жұмыстар

  28. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.

  29. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.

  30. Балалар жасөспірімдер спорт мектебі.

  31. Сауықтыру лагерлеріндегі дене тәрбиесі жұмыстары

  32. Ж.О.О дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру.

  33. Ж.О.О дене тәрбиесі кафедрасы мен спорт клубының жұмыстары.

  34. Ж.О.О дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

  35. Арнайы орта оқу орындарының (колледж) оқушыларының дене тәрбиесі.

  36. Кәсіптік- техникалық оқу орнындағы дене тәрбиесі.

  37. Ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері

  38. Ересек, адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі

  39. Ересек, орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтырулары сабақтарын жүргізу ерекшеліктері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. – М.: «ФиС», 1970 г.

  2. Матвеев Л.П. Теория и методика физической. – М : «ФиС», 1991 г. - 336 с.

  3. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 272 б.

  4. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с

  5. Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: «ФиС» 1990 г. - 234 с.

  6. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: «ФиС» 1977 г.

  7. Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, «Санат», 2000г – 125 б.

  8. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2002 г. - 478 с.

  9. 5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Телегалиев, С. Тайжанов) - А-Ата , 2000 г. - 47 с.

  10. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.

  11. Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2001 г. - 143 с.

  12. Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесі және спорттың ңегіздері. -Өскмен, КАЕУ баспасы, 2011г – 125 б.

  13. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 325 с.

Қосымша әдебиеттер:
13. Уанбаев Е.К. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. /Е.К.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева. – Өскемен: БАЙ баспасы. 2006 – 225 б.

14. Озолин Н.Г. Настольная книга тренера наука побеждать. - М.: изд-во «Астрель», 2002 г. - 854 с.

15. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. - М.: «ФиС», 1977 г. - 195 с.

16. Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: «ФиС», 1990 г. - 255 с.

17. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. - М.: «ФиС», 1980 г.- 136 с.

18. Ленченков И.С. Физкультурно- оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. / И.С. Ленченков. Усть-Каменогорск: из-во ВКГУ, 2003

19. Евсеев Ю.И. Физическая культура. - Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002 г. - 381 с.

20. Русанов В.П., Беляков Н.И. Модульно- рейтинговая технология физическом воспитании студентов. - У-Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 34 с.




«Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі»

пәні бойынша СОӨЖ сабақтарының жоспары

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗБЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСҚАРУЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

1- ші тақырып

1-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Дене тәрбиесінің амалдары мен әдістері.

ДТ амалдары және әдістері туралы білімдерін тереңдету. Оларды іс-тәжірибеде қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: СӨЖО кіші конференция түрінде өткізіледі. Студенттерге тақырып бойынша дайындалып келіп баяндама жасаулары керек болады. Олар өздерінің баяндамаларында дене тәрбиесінің амалдары, әдістері, дене қуаты қасиеттерін дамыту туралы жазылған әртүрлі авторлардың пікірлерін айтуы, қорытынды жасауы керек болады.

Әдебиет: негізгі – 1-13

қосымша – 1-7



Қосымша тапсырмалар: Дене тәрбиесінің амалдары. Жаттығуларды топтау.
Сабақ мақсаты: Әртүрлі белгілеріне қарап жаттығуларды топтауға үйрету. Негізгі жаттығуларға жақындататын, дайындық жаттығуларын таңдай алу іскерлігін қалыптастыру.

Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:

1. Жаттығуларды топтау не үшін қажет?

2. Қандай жаттығу топтарын білесіз?

3. Жаттығу топтарына жеке-жеке сипаттама беріңіз.

Жұмыс ағымы:

1. Мына жаттығуларды қай топқа жатқызасыз?

А. Шаңғымен жүгіру.

Б. Орнынан ұзындыққа секіру.

В. Қозғалмалы ойын «тышқан - мысық».

Г. Екі әдіспен арқанға өрмелеу

Д. Волейбол. Допты жоғарыдан беру.

2. Мына жаттығуларды негізгі, жақындататын, дайындық деп бөл:

А. Алдыға аунап түсу.

Б. Шалқадан жатып кеудені көтеру.

В. Артқа, алдыға арқамен аунау, группировка жасау.

3. Мына жаттығуларға жақындататын және дайындық жаттығуларын ойластыр:

А. Жүгіріп келіп, «аяқты бүгіп секіру».

Б. 100 метрге жүгіру.

В. Граната лақтыру.


Әдебиеттерді оқу, жазу.

Тақырып бойынша кездесетін негізгі ұғымдарды білу.


Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]


Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.

ДТ амалдары және әдістері туралы білімдерін тереңдету. Оларды іс-тәжірибеде қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

2- ші тақырып: Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістемесі
5, 9, 11 сынып оқушыларының күш, икемдік, жылдамдық, төзімділіктерін

дамыту амалдарын, әдістерін, жұмыс тәртібін құрастыру.


Әдістемелік ұсыныстар: Оқушылардың дене қуаты қасиеттерін дамытудың іс-тәжірибелік әдістемесін меңгеру.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]
3- ші тақырып


2-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Мектепте дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.

Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері туралы дайындалып келіп баяндама жасау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: СӨЖО кіші конференция түрінде өткізіледі. Студенттер тақырып бойынша дайындалып келіп баяндама жасаулары керек болады. Олар өздерінің баяндамаларында дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері туралы айта келіп қайсы түр оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін арттыруға көмектесетінін айтып дәлелдеулері керек болады.

Әдебиет: негізгі – 1-13

қосымша – 1-7


4- ші тақырып


3-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Дене тәрбиесі сабағын бақылау, бағалау.

Мектептің дене тәрбиесі сабағының тығыздығын, жүктеме мөлшерін анықтау және педагогиқалық талдау жасау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖӨ сабағында бекітілген мектепке барып дене тәрбиесі сабақтарының тығыздығын, жүктеме мөлшерін және педагогикалық талдаулар жүргізу қажет болады. Ол үшін хаттамалар жасап, әдебиеттерді оқып арнайы дайындалып келу керек болады.

Әдебиет: негізгі – 1-8

қосымша – 1,7

5- ші тақырып


4-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Оқу үрдісін жоспарлау.

Мектептегі оқу жоспарлау, есепке алу құжаттарын талдау. 7 сынып оқушыларына арналған тоқсандық жоспар кесте құрастыру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖО жұмыстарын орындау алдында мектеп бағдарламасын, бағдарламадағы теория және іс-тәжірибелік материалдарды оның керекті сыныбын оқып, ұғыну, жылдық жоспар кестені қарау, оқу материалдарын жылдық жоспар кестемен байланыстырып әр сабаққтарға бөлу қажет болады. Сонымен қатар студент мектептің тұрған жерінің ауа-райын, мектептегі бар құрал жабдықтар мен спорт базасының жағдайын ескеруі керек болады. Тоқсандық жоспар кесте міндетті түрде кесте түрінде сызылады.

Әдебиет: негізгі – 1-12

қосымша – 1,7


6- ші тақырып


5-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Мектептің дене

тәрбиесі


сабағы

Дене тәрбиесі сабағының 7 сынып оқушыларына арналған жоспар-конспектісін құрастыру.


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖО тапсырмаларын орындау алдында мектеп бағдарламасының 7 сыныпқа арналған бөлімін оқып, танысу, тоқсандық жоспарды қарау, сабақтың негізгі міндеттерін белгілеу, оған керекті құрал жабдықтарды анықтау керек болады. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе – 8-15 минут, негізгі – 25-30 минут, қорытынды – 3-5 минут. Мазмұнына байланысты пәндік (волейбол) немесе кешенді (жеңіл атлетика, спорт ойындары т.б.) болып бөлінеді.

Әдебиет: негізгі – 1-12

қосымша – 1,7


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:




  1. Матвеев Л.П. Теория и методика физической. – М : «ФиС», 1991 г. - 336 с.

  2. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 325 с.

  3. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2006 ж. 272 б.

  4. Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, «Санат», 2000г – 125 б.

  5. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың ілімі мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 260 б.

  6. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2002 г. - 478 с.

  7. Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: «ФиС» 1990 г. - 234 с.

  8. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2001 г. - 143 с.

  9. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. – М.: «ФиС», 1970 г.

  10. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: «ФиС» 1977 г.

  11. 5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Тилеугалиев, С. Тайжанов) - А-Ата , 2000 г. - 47 с.

  12. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.

  13. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с

Қосымша әдебиеттер:



  1. Уанбаев Е.Қ. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. /Е.К.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева. – Өскемен: БАЙ баспасы. 2006 – 225 б.

  2. Озолин Н.Г. Настольная книга тренера наука побеждать. - М.: изд-во «Астрель», 2002 г. - 854 с.

  3. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. - М.: «ФиС», 1977 г. - 195 с.

  4. Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: «ФиС», 1990 г. - 255 с.

  5. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. - М.: «ФиС», 1980 г.- 136 с.

  6. Ленченков И.С. Физкультурно- оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. / И.С. Ленченков. Усть-Каменогорск: из-во ВКГУ, 2003

  7. Русанов В.П., Беляков Н.И. Модульно- рейтинговая технология физическом воспитании студентов. - У-Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 34 с.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет