Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»


Дене қуаты қасиеті ептілікті дамыту үшін орындау керек



бет6/9
Дата25.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12366
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

24. Дене қуаты қасиеті ептілікті дамыту үшін орындау керек:

А) ерте меңгерілген жаттығуларды; В) жаңа дене тәрбиесі жаттығуларын

С) ойын жаттығуларын; Д) дайындық жаттығуларын; Е) жарыс жаттығуларын

25. Өзінің бұлшық ет күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындай алу қабілеттілігін қалай атаймыз?

А) белсенді икемділік; В) арнайы икемділік; С) буын жылжымалылығы икемділігі

Д) қозғалыс икемділігі; Е) енжар икемділік

26. Мына көрсетілген түсіндірмелердің қайсысы күшті сипаттайды ?

А) күш жаттығуларын қысқа уақытта орындай алу мүмкіншілігі

В) сыртқы қарсылықты жеңу немесе оған бұлшық ет күшімен қарсылық көрсету

С) күш жаттығуларын оның тиімділігін азайтпай орындау

Д) адамның үлкен бұлшық ет күшін көрсету мүмкіншілігі; Е) ауыр салмақ көтеру

27. Мына көрсетілген түсініктемелердің қайсысы жылдамдықты сипаттайды ?

А) спортшының уақыт кесіндісінде жылдам қозғалу мүмкіншілігі

В) қозғалысты оның тиімділігін азайтпай орындау мүмкіншілігі

С) қозғалысты ұлкен жылдамдықпен, үдей орындау

Д) үлкен жылдамдықты мүмкіншілігінше жылдамдығын азайтпай орындау

Е) ойын кезінде жылдам қозғалуы



Тақырып: Жас спортшылар даярлығының көпжылдық жүйесі
Дене тәрбиесі үрдісінде әртүрлі әдістер қолданылады: тәжірибелік, сөздік, көрнекілік. қазіргі таңда жүйелілік неғұрлым нақтыланған, біз Л.П.Матвеев, Ж.К.Холодов, В.С.Кузнецов бойынша жаңа сұрыптау келтіру қажет деп санаймыз.

Кез келген педагогикалық құралдың әрекеттілігі оны қолдану әдісіне қатысты. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері дене жаттығуларынан бөлек емес. Бірақ, тәрбиедегі ешқандай оқыту жалпы педагогикалық құралдарды қолданатын әдістерісіз мәнсіз болып табылады, дене тәрбиесі үрдісінде бұл әдістер өзіндік ерекшелікке ие болады. Осыны ескере отырып, арнайы және дене тәрбиесі үрдісіне үйлесімді қосылатын жеке әдістерді сипаттау қажет.

Дене тәрбиесінің барлық әдістерінің бір маңызды негізін жүктемені реттеп, оны демалыс пен қиюластыратын таңдаулы әдіс құрайды. “Жүктеме” деп ағзаға әсер ететін дене жаттығулары көлемін, оның субьекті және обьекті қиындықтарды жеңу деңгейін айтады. Жүктеме әсері оның көлемі мен қарқынына тікелей пропорционалды.

Дене тәрбиесінің әдістерінде жүктеме стандартты және үзілісті, үзіліссіз (перманентті) және интервалды болады. Дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде демалыс енжарлы (пассивті) және белсенді болады. Сондайақ, жүктемелер бөліктері арасында интервалдар болу мүмкіндігі: біртекті, қатаң, экстремальды.

Тәжірибелік әдістерді оқығанда, меңгеруге қиындарын спорттың түріндегі тәжірибеге қатысты нақты мысалдарын іріктеп алу қажет. Тәжірибелік әдістер үш топқа бөлінеді: басқару әдісі, ойын және сайыстық. Әр түрлілігі ауқымымен жаттығу әдісі ерекшеленеді.

Қимылды жаттау үрдісінде бұл әдіс қимылды толық орындау және оны бөліктерге бөлу түрінде қолданылады.

Қимыл машықтарын және дене сапалық тәрбиесін жетілдіру үрдісінде жаттығу әдісі көп нұсқауда қолданылады. Әдіс нұсқаулары келесіге тәуелді: біріншіден жаттығу түріне (стандартты немесе ауыспалы жаттығу), екіншіден жаттығуды орындау тәсілінен (үздіксіз немесе демеалыс үзілістерімен).

Стандартты және ауыспалы жаттығулардың келесі нұсқауларын айырады.



  1. Стандартты жаттығу.

Стандартты - үздіксіз жаттығу:

А) біркелкі жаттығу, дене жүктемесін орындау барысында қарқыны өзгемейді (мысалы: шаңғыда ұзақ жүгіру, жүзу т.б.);

Б) стандартты ағынды жаттығу (мысалы: қарапайым гимнастикалық жаттығулар легін ағынды қайталау).

Стандартты интервалды жаттығу – қайталамалы:

А) демалыстың қалыпты интервалдарымен, яғни ағзаның толық қалпына келуіне дейін (мысалы: 200 м жүгіру. 3-4 рет шектеулі жылдамдықпен, 7-10 мин демалыс интервалдарымен);

Б) демалыстың қатал интервалдарымен, келесі жүктеме ағзаның толық емес қалпына келуіне дейін беріледі (мысалы: 900 м жүгіру. 20 рет шектеулі жылдамдықпен, 90 с демалыс интервалдарымен);

В) демалыстың экстремалды интервалдарымен, келесі жүктеме ағзаның жоғары қалпына келу фазасына түседі (мысалы: 200 м жүгіру. 2-3 рет шектеулі жылдамдықпен, 15-20 мин демалыс интервалдарымен);


  1. Айнымалы жаттығу.

Айнымалы үздіксіз жаттығу – демалысқа үзіліссіз қарқындылықтың алмасуымен орындалатын жаттығу:

А) циклдік қозғалыстағы айнымалы жаттығу (мысалы: жүгіру, ескек, жүзу және т.б.);

Б) айнымалы-ағынды жаттығулар (мысалы: әртүрлі формадағы және күшті қажет ететін, гимнастикалық жаттығулардың кешенді тізбегін орындау).

Айнымалы интервалды жаттығу – формасы бойынша әртүрлі немесе интервалды демалысы ауыспалы қарқынды жаттығу:

А) ілгерінді дамушы жаттығу (мысалы: жүйелі бір қайтара 60-65-70-75 салмақтағы белтемірді көтеру және т.б. әр талпыныс арасында тиімді интервалды демалыспен);

Б) айнымалы интервалды демалыспен төмен түсетін (сыртқы жүктемемен) жаттығулар (мысалы: келесі тәртіпте қашықтықтағы жүгіріс: 800+400+200+100 араларында қысқартылған интервалды демалыспен);

В) айнымалы интервалды демалысты вариативті жаттығу – жүктемені кеміту және көбейтумен жұмысты орындау (мысалы: белтемірді көтеру, салмағы толқымалы өзгеретін 60-70-80-70-80-90-50 кг 3-тен 5 мин аралықтағы талпыныстағы демалыс интервалы тербелісінде).

Көрсетілген жаттығу әдістемелері нұсқалары, ерекше топ құра отырып құрамдаса алады.



  1. жаттығу әдісінің туынды түрі.

Бұл әдістер тобы өте әртүрлі, сондықтан біз кейбір түрлеріне тоқталамыз:

А) қайталамалы-айнымалы жаттығу (мысалы: субмаксимальді жылдамдық пен жүгіру 200 м+100 м еселі қайталаудағы жеңіл жүгіріс);

Б) ілгерінді-дамушы жаттығу (мысалы: белтемірді көтеру 2 рет 80 кг, 2 рет 90 кг, 2 рет 100 кг, және 2 рет 120 кг);

В) қайталамалы жаттығу демалысы кемуші интервалмен (мысалы: 200 м жүгіру – демалыс 7-8 мин, 200 м жүгіру – демалыс 5-6 мин, 200 м жүгіру – демалыс 3-4 мин және тағы да 200 м жүгіріс);

Г) сериялы-шеңберлі жаттығу (мысалы: 8-10 әр түрлі жаттығулар, шеңбер тәріздес бір-бірінен кейін ағымды қайталанатын);

Осы сынды, әдістемеде айналысушының әрекеті қатаң түрде регламентацияланған жаттығуда ұйымдасады және толық регламентация арқылы жүйеленеді –бекем түрде алдын ала жазылған қозғалыс бағдарламасында; демалыс интервалымен және жүктеменің нақты мөлшерімен; сыртқы жағдайды құрау және қолдануда.

Ойын және сайыстық әдістер оқу- әдістемелік әдістемелерде жақсы көрсетілген. Оның сипаттық ерекшеліктерін, білімдік және тәрбиелік мағынасын және қолдану талабын меңгеру қажет.

А) Ойын әдісі: дене тәрбиесі жүйесінде білімдік, сауықтыру және тәрбиелік есептердің шешімі қолданылады. Ойын әдісінің мәні, жаттығушының қозғалыс әрекеттілігі ойынның ережесі, мазмұны, талаптары негізіне сүйенеді. Дене тәрбиесінде ойын әдісі келесі түрде сипатталады: “көріністік” ұйым (ойынның жоспары, ойы); мақсатқа жету тәсілдердің әртүрлілігі және әрекеттің кешенді түрі (ұтыс); жаттығушының өздігінен еркін әрекет жасау және олардың бастамалығына, тапқырлығына, ептілігіне жоғары талаптар; кернеулі топаралық және тұлғааралық қатынастарды моделдеу, жоғары эмоциялылығы; әрекеттерді ықтималды бағдарламалау және жүктемені дәл мөлшерлеудің шектеулі мүмкіндігі.

Ойын әдісінің негізгі әдістемелік ерекшеліктері:

- Ойын әдісі дене сипаттамаларының жан-жақты, кешенді дамуын және қимыл біліктері мен машықтарын жетілдіруін қамтиды.

- Мақсатқа жету әртүрлі тәсілдердің кең таңдауы, адамның өздігін, бастамалығына, тапқырлығына, ептілігін және т.б. құнды тұлғалық сипаттамалары қалыптасады.

- Ойын ережелерін сақтау оқытушыға жаттығушыларының адамгершілік сипаттамаларын мақсатты түрде қалыптасуға мүмкіндік береді: адамгершілік, ынтымақтастық, өзара көмек сезімін, саналы тәртіптілік, ерік және т.б.

- Ойын әдісіне тән қанағаттанарлық, тартымды және эмоционалды факторы жаттығушыларда денешынықтыру сабақтарына тұрақты жағымды қызығушылықты және әрекеттілік сарынды қалыптастырады.

Ойын әдісінің кемшілігіне жаңа қимылдарды жаттаған кезде және ағзаға жүктемелерді мөлшерлеу кездегі шектеулігі жатады.

Б) Сайыс әдісі – жаттығуларды сайыстар формасында орындау тәсілі. Дене тәрбиесі үрдісінде сайыс әдісі әр түрлі формада қолданылады: жеке жаттығуларды орындау кезінде белсенді қызығушылығын ынталандыру тәсілі. Бақылау-сынақты, ресми спорттық және оларға ұқсас сайыстар.

Сайыс әдісінің негізгі анықтаушы сипаты – жоғарғы көрсеткішке жетудегі немесе біріншілікке күресте, реттелген бәсекелестік шарттарында күштердің қатарлануы; сайыс пәнін жеңіске күресудегі ретін және жетістікті бағалау тәсілдерін бір келкіге келтіру.

Денетәрбиелеу тәжірбиесінде сайыс әдісі көрінеді:

- Әр түрлі деңгейдегі ресми сайыстар түрінде (олимпиадалық ойындар, әлем чемпионаттары, іріктеу сайыыстары т.б.)

- Сабақты кез-келген денешынықтыру-спорттық сабақты, осымен қоса спорттық жаттығу ұйымдастыру элементі ретінде.

Сонымен сайыс әдісі келесі мүмкіндіктерді береді:

- Қимыл-қабілеттерін максималды көрсетуін ынталандыру және олардың даму деңгейін анықтау;

- Максималды дене жүктемесін қамтамасыз ету;

- Еріктілік сипаттамаларын тәрбиелеуге;

Дене тәрбиелеуде жалпы педагогиканың әдістері кең қолданылады, ішінара сөздік әдістері және көрнекілік әдістері. Дене тәрбиелеуде жалпы педагогикалық әдістерді қолдануы оқу материалының мазмұнына, дидактикалық мақсаттарға, функцияларына, жаттығушылардың дайындықтарына, олардың жастарына, оқытушы-жаттықтырушы дайындығына және тұлға ерекшеліктеріне, материалдық базаның бар болуына, қолдану мүмкіндіктеріне тәуелді.

Сөздік әдісті қолданудың әртүрлі формалары мен ерекшеліктері:


  • Дидактикалық әңгіме, әңгімелесу, талқылау және т.б.

  • Нұсқаулар беру.

  • Бұйрықтар мен нұсқаулар.

  • Сөздік бағлар.

  • Сөздік есептер және өзара түсінісу.

  • Өзіне бұйрық беру.

  • Өздігінен ойлау, талдау, талқылау және т.б.

Көрнекілік әсер ету әдістері қатарына көру көрнекілігін қамтамасыз ететін әдістерімен бірге, қажетті бейнелерді тудыруға өзгеде сезімдермен (есту, қозғалыс және т.б.) ықпал ететін әдістерде жатады. Олар тікелей және аралық көрнекілік әдістеріне бөлінеді.

Бұл әдістердің негізгі ерекшеліктері. Тікелей көрнекілік әдісіне: жаттығушыда қозғалыс әрекетін орындау техникасы жайлы дұрыс ұсынуды құруға арналған. Қимылды оқытушы, немесе бір жаттығушы тарапынан көрстеуде сөзді қолдану әдісімен сәйкестенуі қажет.

Аралық көрнекілік әдісі: жаттығушы тарапынан қозғалыс қимылдарын қабылдауда қосымша мүмкіндікті тудырады. Оған: көрнекілік құралдарды көрсету, оқу бейнефильмдерін, сурет, бейнелі үлгілер т.б.

Қимыл қозғалыс бағытын сезіну әдісі: жұмыс істеуші бұлшық еттерінен белгіні қабылдауды ұйымдастыру. Оған: оқытушы тарапынан қимыл қозғалысты орындау барысында қате жәрдем берілуі; жаттығуды орындау сылбыр екпінмен жүрсе;

Жылдам ақпарат әдісі: оқытушы тарапынан жаттығушыдан әртүрлі құрылғылар көмегімен жылдам ақпарат алуға бағытталған, яғни қажеттілік барысында бірқалыпқа түсіру мақсатында.

Қортындыда ескеру қажет, сабаққа дайындық барысында және тиімді әдіс кезеңін таңдау барысында оқытушы құрылымы қандай болу қажет, екіпінін өсіру керекпе, жалпы қажеттілігіне қарай мән беруі қажет.


Негізгі әдебиет

  • Теория и методика физического воспитания. Учебник для институтов физической культуры. Под редактированием А.Д.Новикова, Л.П.Матвеева., том І, “ФиС”, 1976стр.87-113.

  • Теория и методика физического воспитания и спорта Ж.К.Холодов, В.С.Кузнецов. Учебное пособие., М., 2001.стр.40-52.

Қосымша

  • Ашмарин Б.А. Теория и методикафизического воспитания. Учебное посбие. М., 1979, 1990., стр. 75-96.

  • Шиян Б.М. Теория иметодикафизического воспитания. Учебное пособие М., 1988, стр.50-65.

  • Русанов В.П. Основы теории и методики физической культуры и спорта Учебное посбие. Усть Каменогорск, 2003, стр. 22-34.

Бақылау сұрақтары

  1. Дене тәрбиесі әдістерінің жалпы классификациясы қандай?

  2. Негізгі тәжірибелік әдістер қандай?

  3. Оқу әдістеріне не жатады және олардың өзіндік сипаты қандай?

  4. Қозғалыс қимылдарын жетілдірудің және дене сапасыны тәрбиелеудің негізгі әдістері қандай?

  5. Ойын әдісінің ерекшеліктері қандай?

  6. Сайыстық әдіс ерекшеліктері қандай?

  7. Оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі сөз ролі қандай және оқу-тәрбие үрдісінде қандай сөздік әдістер қолданылады?

  8. Дене тәрбиесі үрдісінде көрнекілік әсер етудің қандай әдістері қолданылады?


Тақырып: Спорттық машықтануды жоспарлау және тиімділін есептеу ( 2 сағат)

Бұл тақырып дене тәрбиесі ілімі курсында негізгі тақырыптардың бірі саналады. Онда дене тәрбиесі оқытушысы өз тәжірибесі барысында басшылыққа алатын ілімдік және әдістемелік жағдайлар ашылады. Тақырыпты оқи отыра, қимыл икемі, машықтары, арнайы нұсқаулар, оқу үрдісі құрылымы мәні неден тұрады, әр этап кезеңі ерекшелігі жекелей және аралық байланыстары қандай есте сақтау қажет. Қимыл икемі мен машықтары қалыптасуы заңдылығын меңгеру қажет.

Қимыл қозғалыстары оқу пәні ретінде: қимылдық қабілеттілік, машықтары – қимылдық қабілет мәні туралы түсінік бірқатар сұрақтарды анықтау нәтижесінде қалыптасуы қажет. Алдымен келесі ұғымдарды анықтап алу қажет:

Қимыл қабілеттілігі – қимылды қозғалысты меңгеру деңгейі, қозғалысты саналы басқарумен сипатталады.

Қимылдық машығы - әрекет техникасын меңгерудің оңтайлы деңгейі, қозғалысты автоматты басқарумен сипатталады, орындау барысында жоғары нақтылық пен сенімділікпен ерекшеленеді.

Студентке меңгеру қажет, қимыл әрекетін меңгеру үшін келесі әдістемелік тізбелікте жүзеге асырылады:



  1. жаттығушыда жағымды оқу сарынын қалыптастыру, әсер етуші формула бойынша: “жетістікке ұмтылу” – белсенділік-мақсат- “жетістікке жету”;

  2. қимыл әрекетінің мәні жайлы білімді қалыптастыру;

  3. оқылатын қозғалыс жайлы әрбір негізгі тірек нүктесі бойынша түсінік қалыптастыру (көру, логикалық, қимылдық бейне);

  4. оқылатын қимыл әрекетін толық меңгеру.

Одан кейін машықтардың сипаттық ерекшеліктерін және олардың құрылу заңдылығын меңгеру қозу және тежелу) – иррадиациялар, концентрациялар және автоматизациялар.

Осымен қатар мән беру қажет, қозғалыстың автоматтандырылуы және біртұтастығы, мығымдығы және машықтың ұзақ сақталуы бас миының үлкен жартышарындағы әрекеттілік қабығындағы динамикалық стереотиптің бекуімен және пайда болуымен байланысты.

Динамикалық стереотип – функционалдық жүйенің стационарлы сипат алатын жағдайы, қимылды көпқайтра қайталау барысында бекіп қалатын нәтижесі, яғни қимыл машығының барлық негізгі сипатын ескертеді – қозғалыспен автоматты түрде басқару, қимылдың біртұтастығы, қимыл сенімділігі.

Түсіну қажет, қозғалыстың автоматтандырылуы сананың кез-келген қимыл әрекетіне араласуынан босатуға, назарды өзге обьектілерге аударуға мүмкіндік береді. Машықтың келесі бір сипатын бағалау қажет – қозғалыстың мығымдылығын меңгеру, әрқандай қолайсыз жағдайда оларды орындауға тұрақты мүмкіндік береді.

Қимыл машықтарының қалыптасу заңдылықтарын оқу қажеттілігі бар. Қимыл машықтарының қалыптасуы бірқатар заңдылық негізінде жүреді: машықтың дамуында жылдамдықты өзгерту заңы, машықтың дамуындағы заңдылық, машық дамуындағы шектеуліктің жоқтық заңдылығы, машықтың көмескілену заңдылығы, машықты жылжыту заңдылығы т.б.

Шартты рефлекстердің пайда болуы заңдылығынан шыға отырып, негізінде қимыл реакциялары қалыптасатын дене тітіркендіргіштерінің нақты тектерін ұғынуға болады.

Осы негізде, динамикалық стереотиптердің қимылдарының құрылу үрдісі жүйке үрдістерінің (иррадиация, концентрация және олардың өзара индукциясы) нақты динамикасымен бірге жүруші бірқатар фазадан өтеді. Кеңістіктегі, уақыттағы қимыл нақтылығы анализаторлардың кешенді жұмысы негізінде қол жеткізіледі. Бұл үрдіс ішкі диффренциясы және кешеуілді тежелгіш дамуы жолында болады. Осыған байланысты көру, тыңдау және қимыл анализаторларының машықтардың қалыптасуының әр кезеңдеріндегі ролін елестетуге болады. Тұрақты машық динамикалық стереотиптің бас миының үлкен жартышарындағы сақталуы жағымды ғана емес, жаттанды қателерді шеттетуде және оларды қайта орындауда өзіндік кері жақтарыда бар. Шартты рефлекстердің тұрақтылығы мен өзара байланысын ескере отырып оқу барысындағы дайындық жаттығуларының маңызы мен машығын “жылжытпалы” құбылыс мәнін ұғыну қажет. Аталған сұрақтарды меңгеру барысында қосымша әдебиеттер тізіміндегі деректерді қолдану қажет.

Сұрақты оқу барысында – оқу үрдісінің құрылымын толық елестету қажет, одан кейін әр кезеңді жекелей. Оқу құралының материалы қазіргі таң тұрғысынан қарастырылатын сұрақтарға толық түсінік бермейді. Студенттерге міндетті түрде қосымша әдебиеттер тізіміндегі деректерді қолдану қажет. Осы орайда келесі мәселелерге мән беру қажет. Алдымен – оқу түсінігі – әлеуметтік субьектілерде сапалық қандайда бір қызметті орындауды дамытуды қалыптастыратын нақты мақсатты, жүйелі және ұйымдастырылған үрдіс. Оқу өз құрамына (оқушының әрекетін) және оқытылуын қамтиды (оқытушының педагогикалық қабілеттілігін).

Қимыл қозғалыс оқу үрдісінде өз қимылдарын басқару есебі алға қойылады. Бұл дегеніміз қозғалыс бағытын, түрін, орындау шапшаңдығын басқару.

Қимыл қозғалыстың жалпы оқу үрдісі үш кезеңді қамтиды, әдістеме негізінде бір-бірімен ерекшеленеді.

Алғашқы жаттау кезеңі - өз қысқалығына қарамастан келесі оқу тиімділігі үшін ерекше әсері бар. Мақсаты – оқушыда оқылатын қозғалыслыс техника негіздерін қалыптастырады және оның жалпы сипатта орындалуына қол жеткізеді.

Негізгі мәселелер:



  1. Қимыл қозғалысты орындау жайлы мағыналы және көру түсінігін қалыптастыру.

  2. Оқылатын қимыл элементтерінің құрылымы немесе жаттығуларды негізгі тірек нүктелері арқылы меңгеру жолында қимылдық түсініктерді құру.

  3. Жалпы сипатта қимыл әрекетінің біртұтас орындалуына қол жеткізу.

  4. Қимыл әрекеті техникасында мән берілмес ауытқуларды ескерту және жою.

Осы кезеңде оқылатын қимыл әрекеті жайлы алдын-ала түсініктің пайда болуы жайлы, психологиялық және физиологиялық күй туралы анық түсінік болуы қажет. Осыған байланысты сөздік, көрнекілік және тәжірибелік әдістердің аталған кезеңдегі ерекшелігін анықтау қажет.

Қимыл қозғалыстың алғашқы жаттау кезеңнің ұзақтығының қатыстығы:



  • Оқылатын қимылдың техникасы мен күрделілік деңгейі;

  • Жаттығушының дайындық әзірлігі;

  • Даралық ерекшелігі;

  • Машықтардың жылжытпалы жағымды әсерін қолдану мүмкіндігі.

Тереңдетіп оқу кезеңі: алғашқы қабілеттілік пен оны жетілдіруден тұрады. Мақсаты – толық қимыл машығын қалыптастыру.

Негізгі мәселелер:



  1. Негіздегі барлық негізгі тірек нүктелерінде, техника бөлімдерінде әрекеттерді нақтылау.

  • Қимыл әрекетінің толық орындалуына ққл жеткізу, кеңістіктегі, уақыт және техниканың динамикалық сипатын саналы бақылау негізінде.

  • Техникада және оның негізгі тізбегінде ұсақ ақаулықтарды жою.

Егер бірінші кезеңде мәселені шешу кезекпен жүзеге асса, екінші кезеңде мәселелер бірмезетте шешілуі мүмкін.

Яғни екінші кезеңде ұқыну қажет: қимылдық әрекеттің толықжәне бөлшектерге бөліп жаттау әдістері қашан және қалай қолданылады. Қимылдық әрекетті жаттау кезінде қателерді жою қалай жүзеге асырылады. Оқытудың әртүрлі сәттерінде сөздік және тәжірибелік әдістердің ролі қандай.

Мысалы, әртүрлі жаттығуларды қолдану тиімділігі келесі сәттерді бұлжытпай орындау барысында қол жеткізіледі:


  • Жаттығудың мақсаты және мәселелері;

  • Негізгі қимыл әрекеттерімен құрылымдық өзара байланыс;

  • Жаттығуды мөлшерлеу;

  • Орындауды бақылау және өзара бақылау.

Осы кезеңдегі бір сабақ шеңберінде оқытуды сабақтың негізгі бірінші жартысында жоспарлау қажет, ерекше енжарлық күй пайда болғанға дейін.

Сондай-ақ осы кезеңде жаттығуды үйрену барысында бағытталған көмекті және сақтандыру шараларының маңызын анықтап қажет.

Бекіту және жетілдіру кезеңі. Мақсаты – қимыл біліктілігін машыққа айналдыру, тұтас қолдану мүмкіндігіне ие.

Негізгі мәселелер:



  • Қимыл әрекетін автоматты орындау және тұрақтылығына қол жеткізу.

  • Техниканың даралық бедерлерін қажетті деңгейге жетілдіру.

  • Қимыл әрекетін тәжірибелік қолдануда талапқа сай орындауға қол жеткізу (максималды күш және жылдамдық, үнемділік, нақтылық, рационалды мақам т.б.).

  • Нақты тәжірибелік жағдайға байланысты әрекетті қолдануды қамтамасыз ету.

Бұл мәселелер бірмезетте, тізбектеліп шешілуі мүмкін, себебі олар өзара тығыз байланысты.

Аталған кезеңді оқи отыра, түсіну маңызды. Қозғалысты жетілдіру қай бағытта жүзеге асу қажет, қай мөлшерде бекуі қажет, сондай-ақ оқу әдістемесін, осы кезеңде әртүрлі әдістемелік тәсілдерді меңгеру қажет: снарядтардың биіктігін көтеру, қозғалыстың жылдамдығын және амплитудасын өсіру, жаттығуды ағынды орындау, сайыс түрінде нәтижелі және сапалы орындау, ойын түрінде қайталау және т.б.

Оқылатын жаттығуды жетілдіруін дене сапасының дамуымен байланыстыру қажет.
Негізгі әдебиет


  • Теория и методика физического воспитания. Учебник для институтов физической культуры. Под редактированием А.Д.Новикова, Л.П.Матвеева., том І, “ФиС”, 1976 стр.141-168.

  • Теория и методика физического воспитания и спорта Ж.К.Холодов, В.С.Кузнецов. Учебное пособие., М., 2001.стр.64-74.



Қосымша

  1. Боген М.М. Обучение двигательным действиям. М., “ФиС”, 1985, стр. 69-105.

  2. Шиян Б.М. Теория и методика физического воспитания. Учебное пособие М., 1988, стр.80-101.

  3. Русанов В.П. Основы теории и методики физической культуры и спорта Учебное посбие. Усть Каменогорск, 2003, стр. 43-53.

Бақылау сұрақтары

  1. Оқу үрдісі неден құралады?

  2. Қимылдық біліктілік, қимылдық машық дегеніміз не, олардың айырмашылығы неде, машықтың өзіндік ерекшеліктері қандай?

  3. Адазаттың еңбек, дене мәдениеті және қорғаныс қайраткерлігі үшін қимыл біліктілігі мен машықының маңызы қандай?

  4. Қимыл машығының қалыптасуының негізгі заңдылықтары қандай?

  5. Денетәрбиесі үрдісінде машықтың жылжытпалы құбылысының мәні мен маңызы қандай?

  6. Қозғалыспен оқыту үрдісінің жалпы құрылымы қандай?

  7. Бастапқы даму кезеңінің белгісі қандай?

  8. Бастапқы оқу кезеңінде жаттығуды көру не үшін қажет?

  9. Бастапқы оқу кезеңінде жалпы мәселе қандай?

  10. Тереңдетіп оқу кезеңінде жалпы мәселе қандай?

  11. Тереңдетіп оқу кезеңінде тұтас және бөлшектік жаттығулар әдістері қалай қолданылады?

  12. Тереңдетіп оқу кезеңінде сөздік және көрнекілік әдістердің қолданылу ерекшелігі қандай?

  13. Тереңдетіп оқу кезеңінде қателіктерге ұмтылу қандай тізбекте жүреді?

  14. Бекіту және жетілдіру қозғалысы кезеңінде қандай мәселелер шешіледі?

  15. Қимылдық машық төзімділігіне қалай қол жеткізеді?

  16. Қозғалысты жетілдіру мәні неде?

  17. Қозғалысты жетілдіру қандай әдістермен қамтамасыз етіледі?

  18. Оқу нәтижесін бағалауда және талдауда қандай әдістер қолданылады?

  19. Қателерді жою үшін әдіс және ережелер қандай?


Тақырып: Кейбір спорт түрлеріндегі машықтану ерекшеліктері
Әр сапаны тәрбиелеудіњ әдістемесін оқу үшін алдымен, дене сапаларын тәрбиелеу әдістемесі сияқты жаттығулар мағынасы және демалыс, жүктемеге қатысты жалпы сұрақтарды анықтап алу қажет. Осы орайда ағзаның бейімделуі үшін жүктеменіњ қарқындылығы мен көлеміне мән беру қажет.

Жекелей сапаларды тәрбиелеу әдістемесі нақтыланған тізбелік негізінде оқылады:



  • Берілген сапаны тәрбиелеу мәселесі;

  • Сапаны дамытуға қатысты жаттығулар;

  • Дене сапаларын тәрбиелеудегі негізгі және қосымша әдістер;

  • Демалыс пен жүктемені реттеу ерекшеліктері;

  • Берілген сапаны дамытуда жаттығулардың сәйкестілігі;

  • Жаттығушының жасы және жынысына байланысты сапаны тәрбиелеу ерекшеліктері.

Иілгіштікті дамыту адамзат үшін дене мүсінін сақтауда және оған өмірге қажетті қозғалыстарды жүзеге асыруда қажет. Арнайы иілгіштікті меңгеруде тірек-қимыл аппараты қозқалысында спорттық және өзгеде қозғалыстар игеру үшін қажетті қозғалыс амплитудасына қол жеткізу керек. Шектен тыс иілгіштікті дамыту керек еместігін түсіну қажет. Студенттер иілгіштікті дамыту жайлы сабақты өткізу әдістемесімен және жаттығулардың әртүрлілігімен (жүктеменің ауырлығы және демалыс интервалы, жаттығушылардың жас ерекшелігіне қатысты иілгіштік деңгейіне мән беру), ерекшелігіміен танысуы қажет. Тақырыпты оқуды қортындылай келе, қимыл әрекетінде әртүрлі дене сапалықтарының даму үрдісіндегі байқалатын өзара байланысын анықтау қажет. Оқу мен тәрбие үрдісінің біртұтастығын қарастыра келе, дене сапалықтары икемділік пен машық арқылы көрінеді, жаңа қозғалыстарға оқыту сапаның белгілі деңгейдегі дамуына байланысты.

Дене сапаларының мәнділігі жайлы түсінік “қимыл қабілеттілігі” және “дене сапалығы” жайлы түсініктерді меңгеруден басталады.

Қимыл қабілеттілігі – адамның қимыл мүмкіншіліктерінің анықтамалық деңгейі, индивидуалдық ерекшеліктері.

Дене сапалықтары – туа біткен морфофункционалды сапалар, осыған байланыста адамның дене белсенділігі қимыл әрекеті барысында өзің толық көрсету мүмкіншілігін алады.

Адамның қимыл қабілеттерінің негізін дене сапалықтары құрайды, көріну формасы – қимыл икемділігі мен машықтары. қимыл қабілеттеріне күш, жылдамдық, күштік-жылдамдық, қимыл-координациялы қабілеттер, жалпы және арнайы төзімділік жатады.

Одан кейін сапалық белгілері оқытылады: ептілік, иілгіштік, шапшаңдық және төзімділік. Сапаларды сипаттау барысында үнемі бір схеманы ұстанған жөн: сапаны анықтау; оның байқалу түрі, оның байқалуына әсер етін факторлар (физиологиялық, биомаханикалық, биохимиялық және т.б.).

Бұл тұста көрсетілген сапаға тән сапалық даму динамикасымен танысу, қимыл әрекеттілігі мен фазалық демалыс пен жүктеменің ықпалымен жұмыс қабілеттілігіндегі өзгерістері ескеріледі. Соңында қимыл машықтары мен дене сапалықтарының дамуы мен байқалуы үрдісінің өзара байланысын ажырата түсіну.

Иілгіштік және оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері – сұрақты талдауда иілгіштікті тәрбиелеу мәселесін анықтаудан бастау қажет.

Иілгіштік – бұл қозғалысты үлкен амплитуда орындау қабілеттілігі (көріну түрі – белсенді; пассивті иілгіштік; иілгіштіктің көріну тәсіліне байланысты – динамикалық және статикалық). Иілгіштік әсіресе 15-17 жаста дамиды. Мақсатты түрде иілгіштікті дамыту 6-7 жастан басталуы қажет.

Дене тәрбиесінде басты мәселе жан-жақты иілгіштік дамыту, өмірге қажетті қимыл әрекеттегі қабілеттіліктер – күштік, жылдамдық, төзімділікті осы деңгейде қамтамасыз ету. Иілгіштікті дамыту құралы ретінде, максималды амплитуда орындалатын жаттығулар қолданылады. Оларды немесе созылу жаттығулары (белсенді,пассивті ,статикалық) деп те атайды. Иілгіштікті жетілдіріп және дамытуда әдістемелік тұрғыда созылу жаттығуларын тиімді үлесін, жүктеменің дұрыс мөлшерін анықтау қажет.

Иілгіштікті жоғары амплитуда арқылы бағалайды, сыналушы тарапынан мүмкіндігіне байланысты. Қозғалыс амплитудасын бұрыш градустары арқылы сызық өлшемімен белгілейді, арнайы аппаратура мен педагогикалық тесті қолдана отырып. Аппаратура құралымен өлшеу тәсілі – механикалық (гониометр көмегімен), механоэлектрлі (электрогониометр көмегімен), оптикалық, ренгенографикалық. Негізгі педагогикалық тесті бағалауда қарапайым бақылау жаттығулары жатады (бұѓана буындағы, омыртқа бағанасындағы, жамбас буындағы, тізе буынындағы, жамбас буындағы сергектік).

Оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері және ептілігін анықтау үшін бірінші, жаңа қозғалыстарды тез меңгеру қабілеттілігі екіншіден, аяқ-асты өзгеретін жағдайға талабына сәйкес қимыл әрекетін қалыптастыру. Ептілік координациялық қабілеттіліктердің жиынтығы арқылы көрінеді, дене тұрақтылығын және қозғалыс амплитудасы қажеттілігін сақтау бойынша. Ептілікті тәрбиелеу барысында мәселелердің екі тобы шешіледі – дамуы үшін жанжақты және арнайы бағытталған. Осыдан шыға отырып, келесі мәселелер анықталады – дене бөліктері қозғалыстарымен келісе отырып қабілеттілігін жақсарту; қабілеттілікті дамыту қозғалысты өлшеу кеңістіктегі, уақыт және күш параметрлері бойынша; және т.б.

Дене тәрбиесі және спорт тәжірибесі ептілікті тәрбиелеу үшін үлкен деңгейде артықшылығы бар – жоғары координациялы күрделі және жаңашылдық элементтерін ұстайтын дене жаттығулары. Ептілікті тәрбиелеуде келесі әдістемелік қадам негіздері қолданылады – координациялық күрделілікті өсіру арқылы жаңа әртүрлі жаттығуларды оқыту; аяқ-асты өзгеретін жағдайға талабына сәйкес қимыл әрекетін қалыптастыру арқылы қабілеттілікті тәрбиелеу; қимылдық қабылдау және сезіну негізінде кеңістік, уақыттық және күштік дәлдікті көтеру: рационалды емес бұлшық кернеулігін жеңу.

Қимыл координациялық онтогенетикалық дамуда бала қабілеттілігі 11-12 жасында жаңа қимыл бағдарламаларын жасаудың жоғары деңгейіне қол жеткізеді.

Дене тәрбиесі және спортта координациялық қабілеттіліктерді дамытуда келесі әдістер қолданылады – стандартты-қайталамалы жаттығулар: вариативті жаттығулар; ойындық; сайыстық.

Қимыл координациялық қабілеттіліктердің әртүрлілігі олардың даму деңгейін бірыңғайлы бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан дене тәрбиесі және спортта әртүрлі көрсеткіштерді қолданылады, оның ішіндегі ең маңыздысы – қандай да бір комбинация, қозғалысты меңгеруге жіберілген уақыт; өзгерген жағдайға сәйкес қимыл әрекетін қайта құруға қажет уақыт; қимыл қрекетін техниканың негізгі сипаты бойынша нақты орындау; тепе-теңдік бұзылғанда тұрақтылықты сақтау; координациялық қатынаста күрделі қимыл тапсырмасын орындау тұрақтылығы.

Осы негізде, аталған сұрақты оқу барысында ептілікті тәрбиелеуде негізгі талап үнемі жаңашылдық пен құралдың әртүрлілігі екендігіне мән беру қажет. Оқу құралында ептілікті тәрбиелеуде келтірілген әдістемелік тәсілдерді оқу қажет.

Шапшаңдық және оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері - адамның функционалдық өзіндік ерекшілік кешені, қимыл сипатының шапшаңдығын қимыл реакциясының уақытын анықтайтын, шапшаңдық ұғымы арқылы түсіндіріледі. Шапшаңдық байқалғанда бағалау барысында ажыратады - шапшаңдық реакциясын алғыз жылдамдық қозқалысы; қозғалыс жиілігін. Шапшаңдықтың байқалуы бір-бірімен тәуелді емес. Адам жасайтын барлық қимыл реакциялары екі топқа бөлінеді: күрделі және қарапайым. Шапшаңдық пен жылдамдық түрлерінің байқалуы бірқатар факторларға байланысты – орталық жүйке жүйесінің және адамның жүйке-бұлшық аппаратының жағдайы; бұлшық ұлпасының морфологиялық ерекшеліктеріне; бұлшық күшіне; бұлшықтың қысымнан сабырлы қалыпқа тез түсу қабілеттілігіне; қозғалыс амплитудасына; жылдам жұмыс барысында қозғалыс координациясына қабілеттілік; жасы мен жынысы; адамның табиғи жылдамдық қабілеттілігі.

Жылдамдықты дамыту үшін қолайлы кезең 7-11 жас саналады. Жылдамдық қабілеттілігін үшін негізгі мәселе ретінде келесі - жылдамдық қабілеттілігін жан-жақты дамыту; жылдамдық қабілеттілігін, жылдамдық және шапшаңдық қимылы маңызды рол атқаратын мамандық бойынша максималді дамыту; белгілі бір еңбек іскерлігінде жетістік тәуелді жылдамдық қабілеттілігін жетілдіру.

Дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қойылған мәселелерді шешу үшін шектеулі немесе мөлшерлі жылдамдықта орындалатын жылдамдықты дамыту құралдары қолданылады. Оларды үш негізгі топқа бөлуге болады – жылдамдық қабылеттілігінің жекелей компоненттеріне әсер етуге бағытталған жаттығулар; барлық негізгі жылдамдық компоненттеріне кешенді әсер ететін жаттығулар; жанасып әсер ететін жаттығулар.

Жылдамдық қабілеттілігін тәрбиелеудің негізгі әдістері саналады: қатаң регламентацияланған жаттығулар әдістемесі (максималды жылдамдық қозғалысына қойылған қимылды қайталау); сайыстық әдіс; ойындық әдіс.

Жылдамдық қабілеттілігін бағалау үшін төмендегідей бақылау жаттығуларының тобын қолданады (тесттер) – жылдамдықтың қарапайым және күрделі реакциясын бағалау үшін; жалғыздық қозғалыстың жылдамдығын бағалау үшін; әр түрлі бұлшық еттередегі қозғалыстың максималдық жылдамдығын бағалау үшін; біртұтас қимыл әрекетінде байқалатын, көп жағдайда қысқа қашықтықта жүгіруде жылдамдықты бағалау үшін.

Осы орайда аталған сұрақты оқу барысында қимыл реакциясының шапшаңдығы мен қозғалыс шапшаңдығы (сондай-ақ жиілігі) бір-біріне тәуелсіз.

Максималды жылдамдыққа жүйке жүйесінің оңтайлы қозу жағдайымен және шаршамаған тұсында қол жеткізуге болады. Қимыл реакциясын және қозғалыс шапшаңдығын дамытуға ықпал ететін әдістемелік тәсілдерді меңгеру қажет.

Күш және оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері - бұл адамның бұлшық еттерінің күші есебінен қарсылықты жеңу және оған қарсы тұра білу қабілеттілігі. Күш қабілеттілігі өздігінен емес, қандайда бір қимыл әрекеті негізінде пайда болады. Осы тұста күш қабілеттілігінің көрінуі әр түрлі факторлар әсер етеді, оған үлес әр жағдайда өзгеріп отырады қимыл әрекетінің байланысына байланысты, адамның жас ерекшелігі, жынысы және тұлғалық қабілеттеріне байланысты. Осылардан ерекшелеп алады: өзіндік бұлшық еттер; орталық-жүйке: тұлғалық-психикалық; биомеханикалық, физиологиялық факторлар сондай-ақ қимыл әрекеті жүзеге асатын сыртқы ортаның әсері.

Өзіндік-күш қабілеттілігін және оны басқа дене қабілеттерімен (жылдамдық-күш, жылдамдық ептілік, күш төзімділігі) біріктіруді ерекшелейді.

Күш қабілеттілігін дамытуда негізгі мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызамыз: адамның тірек-қимыл аппаратындағы барлық бұлшық еттерінің жалпы үйлесімділі дамуы; өмірге қажетті қимыл әрекеттерін күш қабілеттілігімен біртұтас жан-жақты дамуы; күш қабілеттілігін спорттың нақты бір түрі немесе кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі бойынша дамуына мүмкіндік және жағдай жасау.

Күшті дамыту құралы болып бұлшық еттердің кернеулік деңгейін көтеруге бағытталған, жоғарғы деңгейдегі қарсылық күші бар жаттығулар табылады. Мұндай құралдарды күштік деп атайды. Олар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі құралдар қатарына: сыртқы заттар күшімен; өз дене салмағымен; жаттығу құралдарын қолдану; жұлқына-тежеу жаттығулары; изометриялық жүйедегі статикалық жаттығулар жатады.

Қосымша күштік жаттығу құралдарына қатарына: сыртқы ортаны қолдану жаттығулары; өзге заттардың қарсылығын қолдану арқылы.

Бұлшықтық топтарға күштік жаттығулардың әсер ету деңгейіне байланысты жергілікті, аймақтық және жалпы немесе жалпы әсер етуші болып бөлінеді.

Күштік жаттығуларды қолдану барысында салмақ салу көлемін көтерілетін жүк арқылы, немесе бір ретте қайталау мүмкіншілік санын максималды көлем пайызымен мөлшерлейді, қайталамалы макимум деген арнайы терминмен анықталады (ІМ).

Бірінші жағдайда салмағы минималды болуы мүмкін (максимумнан 60 %), аз мөлшерлі (максимумнан 60 тан 70 %), орта (максимумнан 70 тан 80 %), үлкен (максимумнан 80 тан 90 %), максималды (максимумнан 90 % жоғары) (Р.Роман).

Екінші жағдайда салмақ төмендегідей болуы мүмкін:

Шектеулі – 1 ІМ;

Шектеулімөлшерлі – 2-3 ІМ;

Үлкен – 4-7 ІМ;

Мөлшерлі үлкен – 8-12 ІМ;

Кіші – 19-25 ІМ;

Өте кіші - 25 ІМ жоғары (В.М.Зациорский, 1970).

Дене тәрбиесі тәжірибесінде әртүрлі күштік қабілеттерді тәрбиелеуге бағытталған көп мөлшердегі әдістер қолданылады. Олардың ішіндегі кең таралғаны: максималды күш салу әдісі; шектеулі емес күш салу; динамикалық күш салу; “соққы” әдісі; статикалық әдіс (изометриялық күш салу; статодинамикалық әдіс; айнымалы жаттығу әдісі; ойын әдісі).

Ұл баланың күшінің дамуындағы қолайлы кезең 13-14 тен 17-18 жас, ал қыз балаларда 11-12ден 15-16 жас саналады.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде мөлшерлі-күштік мүмкіндіктер екі тәсілмен бағаланады: өлшеу құралдары көмегімен – динамометр; динамографтар, тензометрлік күшөлшеуші құралдар; арнайы бақылау жаттығуларымен, күшке тестілер (жіп арқылы секіру, қолѓа тіреліп жерден итерілу, белаѓашта айналмалы көтерілу және т.б.).

Берілген сұрақ негізінде қосымша және негізгі әдебиеттерді оқи отырып, күшті тәрбиелеудің (күш жаттығулары) арнайы құралдары жайлы нақты түсінік алу қажет.

Бұлшық еттің әр тобына максималды мүмкіндігң 50 % төмен емес жаттығуларды күштік жаттығу қатарын санайды.

Салмақ салу көлемін таңдау сұрағын қарастырған кезде, жаңабастағандарға алғашқыда орта салмақ салуды, ал жаттыққандарға мөлшерлі шектеулі және шектеулі салмақты қолдану қажеттілігін анықтап алу қажет. Күшті тәрбиелеудің – жаттығу әдістері қайталамалы және прогрессивті нұсқалары қандай негізгі әдістері ретінде қолданылатыны жайлы ары қарай нақты түсінік алу қажет. Күштік жаттығуларды қолдану тиімділігін (аптасына сабақ саны қанша, апта циклінде күштік жаттығулар орны және т.б.) қортындыда анықтау қажет.

Төзімділік және оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері - бұлшық қабілеттілік үрдісі кезінде дене басқаруына қарсы тұра білу қабілеттілігі. Төзімділіктің байқалуы қимыл әрекетінің әр түрінде көрініс беруі көптеген факторларға байланысты: биоэнергетикалық, функционалдық және биохимиялық экономикаландыру, функционалдық тұрақтылық, тұлғалық-психикалық, генотипі (тектік), орта және т.б.

Төзімділіктің дамуы мектеп жасына деінгі уақыттан 30 жасқа дейін созылады. Неғұрлым қарқынды тұсы 14тен 20 жас аралығы саналады. Төзімділікті дамытудағы негізгі мәселе әртүрлі қимыл әрекеті барысында талапты жағдай жасау; жылдамдықты дамытуда, күштік және координациялық-қимыл төзімділігін; спорт түрі барысында маңызды роль атқаратын төзімділік түрін жоғары деңгейде максималды жағдайға жеткізу.

Жүрек-тамырларын және тыныс жүйесіне максималды өндіруді итермелейтін жаттығулар жалпы (аэробты) төзімділікті дамыту құралы ретінде саналады.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде циклдік және ацеклді сипаттағы әртүрлі дене жаттығулары қолданылады, мысалы жалғаспалы жүгіріс, велосипед тебу, жүзу және т.б. Негізгі талаптар, төмендегі тізіммен ұсынылады: жаттығулар мөлшерлі және үлкен күштегі жұмыстар ауқымында орындалу қажет: оның ұзақтығы бірнеше минуттан 60-90 минутқа созылады; жұмыс бұлшықеттердің ауқымды қызмететуімен жүзеге асырылады.

Көптеген дене жаттығуларын орындау барысында қосылған жүктеменің ағзаға түсуі келесі компономенттермен сипатталады (В.М.Зациорский, 1966) – жаттығу интенсивтігі; жаттығу ұзақтығы; қайталау саны; демалыс интервалының ұзақтығы; демалыс сипаты.

Мысалы, жаттығулар арасында демалысты жоспарлағанда немесе бір сабақ шегінде әртүрлі жаттығулармен интервалдың үш типін ажырату қажет: толық интервалдар; кернеулі интервалдар; минимакс интервалдар.

Жекелей жаттығулар арасында демалыс сипаты белсенді және пассивті болуы мүмкін.

Төзімділікті дамытудағы негізгі әдістер қатарына: ауыспалы интенссивтілігімен бірлік негіздегі жаттығулар әдістемесі; айнымалы жаттығулар әдістемесі; ойын әдістемесі; сайыстық әдіс. Осы негізде келесі ереже сақталады: қолжетімділік, жүйелілік.

Төзімділіктің негізгі бір критериі уақыт саналады, уақыт бойы адам әрекеті барысындағы берілген қарқынын ұстайды. Спортта төзімділік өзге тест топтары арқылы өлшенеді, тест нәтижелері әлеуметтік мүмкіндіктердің жүзеге асу деңгейін байқатады.

Дене тәрбиесі және спортта төзімділіктің салыстырмалы көрсеткіші танымалы саналатын: жылдамдық қоры, төзімділік индексі, төзімділік коэфиценті.

Берілген тақырыпты қарастыру барысында жалпы және арнайы төзімділікті, олардың сипаттық ерекшеліктерін, спортта арнайы төзімділіктің қай түрлері орын алатынын ажырата білу қажет (жылдамдық, күштік, төзімділік ).

Әртүрлі әдістемелік жаттығулар қалай қолданылады, демалыс интервалына жүктеме интенсивтілігі мен көлемінің сәйкестігі, жалпы және арнайы төзімділіктің әдістемелік ерекшеліктері қандай екендігін ұғыну маңызды. Төзімділікті тәрбиелеу әдістемесі жайлы айтылған мәліметке қосымша ретінде оқу құралында келесіні назарда ұстау қажет:жоғары мөлшердегі жұмысқа төзімділікті тәрбиелеуде жетекші ретінде қайталамалы-интервалды жаттығулар әдістемесі саналады, ағзаның қышқылемес тағамның жинақтылуы жағдайында жұмысқа қабілеттілігін қалыптастырады. Максималды қуаттың циклдік жұмыстағы төзімділігін тәрбиелеуде қысқа және ұзартылған (ұзақ спринт) бөліктегі қайталамалы жаттығулар негізгісі болады. Күштік төзімділікті тәрбиелеуде жетекші әдіс ретінде салмақ салудағы бір ретте 10-12 рет игеретін қайталамалы жаттығу саналады. Төзімділікті тәрбиелеуде мінезді (гимнастикада, спорттық ойындарда, күресте және т.б.) құрамдастыруда интервалды жаттығулардың әртүрлі нұсқалары, айналмалы ағынды жаттығу әдістері қолданылады.

Қимыл сапаларының дамуы дене мүсінін сақтауға және адам үшін өмірдегі қажетті қозғалысын жүзеге асыруға қажет.

Дене мүсіні сыртқы пішінімен көрінеді, әр адам үшін денесін түзу ұстау үшін. Сапалы дене мүсінін қалыптастыру бала кезден бекіп және жетілдіруде дене тәрбиесінің маңызды мәселесі сналады.

Дене мүсінін негізгі антропометрлік белгілері ретінде: дене бөліктерінің сәйкестілік орналасуы (бас, дене және аяқ) тиістік жазықтық пен омыртқа профилінде (мойын, кеуде және бел бөліктеріндегі иірім көлемі).

Дене мүсінін бес түрін ажыратады: тік, бүкір, шалқайған, иілген. Дене мүсінің тік түрінен басқалары ауытқушылық саналады. Дене мүсінін сапалы тұрғыда қалыптастыру денетәрбиесінің маңызды бөлімі саналады. Балалармен сабақта тәртіп болу қажет: әр сабақ, әр денеминуты, денемәдениеті үзілісі және күнделікті таңертеңгілік гимнастика денемүсінін түзететін жаттығулардан және денемүсінін бақылаудан бастау қажет.

Дене салмағы және дене салмағын түсіру әдістемесі жайлы сұрақты ашу туралы бірер сөз. Денежаттығулары барысында, әсіресе күштік негізде бұлшықеттердің көлемінің (гипертрофии) өсуіне әкеледі. Күштік жаттығулармен айналысу әдістемесі сабақтары, бұлшықеттер салмағының ұлғайуына бағыттала отырып денежаратылысын жақсартумен қатар спортсменнің күшін көбейту мақсатында қолдануға болады. Айтылған мәселе бойынша қортынды шығады, бұлшықеттерді ұлғайтуға бағытталған жаттығуларға талап қойу: бұлшықеттер кернеулігі шектен тыс болмау қажет. Сонымен қатар жаттығудың басқа әдісін қолдана отырыпдене салмағын төмендетуге болады. Алдымен дені сау,жақсы жетілген ағза үшін майдың кішігірім жиналуы байқалады (ерлерде мөлшермен Ѕ дене салмағынан, әйелдерде мөлшермен 1/16). Естен шығармау керек май басу – қатерлі де қауіпті ауру. Сондықтан осыған қарсы қомақты, толық адамдарға максималды қарқынды жаттығулардан, ұзақ сарынды – жүріс, ескек есу, жүзу, шаңғыда сырғанау және т.б. ұзақ жұмыс барысында дене майы жойыла бастайды. Жүктеменің ұзақтығы мен қарқындылығы ағзаның мүмкіндігіне байланысты. Ай мөлшерінде дене салмағының төмендеуі қарт адамдарда 2-3 кг, жастарда 3-4 кг аспау қажет.



Негізгі әдебиеттер:


  1. 1. Теория и методика физического воспитания и спорта Учебное пособие для студентов вузов. Под редактированием Ж.К.Холодова, В.С.Кузнецова. М., 2001.стр.74-143.

  2. 2. Теория и методика физического воспитания. Учебное пособие для институтов физической культуры. Под редактированием А.Д.Новикова, Л.П.Матвеева. – М.,“ФиС”, 1976 стр.169-245 (т 1).

  3. 3. Основы теории и методики физической культуры и спорта Под редакцией В.П.Русанов Учебное посбие. Усть Каменогорск, изд. ВКГУ им С.Аманжолова, 2003, стр. 53-65.

  4. Қосымша әдебиеттер:




  1. 1. Шиян Б.М. Теория и методика физического воспитания. Учебное пособие М., 1988, стр.65-80.

  2. 2. Ашмарин Б.А.- Теория и методика физического воспитания.-М.,1979,1990. Учебное пособие факультетов физического воспитания.,стр.76-93, стр.118-157.

  3. 3. Зациорский В.М., Вопросы методики воспитания физических качеств. 1961.

  4. 4. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. Учебное пособие для ИФК-М.,1996, стр.158-315.


Бақылау сұрақтары

  1. Дене жүктемесі дегеніміз не?

  2. Дене жүктемесі мен демалыс дене сапасын дамытудағы негізгі бап саналады?

  3. Жүктеменің көлемі дегеніміз не?

  4. Жүктеменің интенсивтілігі дегеніміз не?

  5. Жүктеменің стандартты және стандартты емес түрінің маңызы қандай?

  6. Қандай демалыс интервалдары қолданылады және мағынасы қандай?

  7. Жүктеменің критерилері қандай және оны реттеу тәсілдері?

  8. Сапалардың жағымды және жағымсыз өзара әсері мысалдары олардың даму үрдісінде қандай ?

  9. Икемділікті тәрбиелейтін негізгі құралдарды сипаттаныз?

  10. Икемділікті тәрбиелеудегі жүктеме және демалысты тәрбиелеудегі ерекшеліктерді сипаттаныз?

  11. Икемділікті тәрбиелеудегі жаттығу қандай жаттығулармен сәйкестенеді?

  12. Икемділікті әртүрлі жас кезеңіндегі ерекшеліктер?

  13. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі құралдарды сипаттаныз?

  14. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі қосымша әдістерін сипаттаныз?

  15. Икемділікті тәрбиелеудегі жүктемені реттеу ерекшеліктері қандай?

  16. Икемділікті тәрбиелеу әдістемесі жаттығушылардың жас ерекшелігіне қарай тәуелділігі қандай?

  17. Шапшаңдықты тәрбиелеу қандай құралдармен жүзеге асады?

  18. Шапшаңдықты тәрбиелеудің негізгі және қосымша әдістерін және әдістемелік тәсілдерін сипаттаныз?

  19. Шапшаңдықты тәрбиелеудегі жүктеме және демалыс мөлшері қандай?

  20. Жылдамдық жаттығуларын орындаудағы демалыс интервалдарының ерекшеліктері қандай?

  21. Шапшаңдықты тәрбиелеуде сабақты жиі біртұтас өткізу мақсатқа лайытылығы қандай?

  22. Шапшаңдықтың өзге сапалықтарымен өзара байланысы неден тұрады?

  23. Күшті тәрбиелеу қандай құралдармен қол жеткізіледі?

  24. Күшті тәрбиелеудің негізгі және қосымша әдістері жайлы әңгімеленіз?

  25. Жаңа бастаған спортшыларда күшті тәрбиелеу не үшін және қандай жүктемеден бастау керек?

  26. Жаңа бастаѓан спортшылармен сабақта қандай күш жүктемелерін қолдану мүмкін?

  27. Күш жүктемелері жаттығу сабағы барысында интервалдар қандай болуы мүмкін?

  28. Дайындықтың апталық циклінде күш жаттығуларымен біртұтас өткізу мақсатқа лайықтылығы қандай?

  29. Жалпы төзімділіктің мағынасы қандай?

  30. Жалпы төзімділікті іњ негізгі құралын сипаттаныз?

  31. Жалпы төзімділікті тәрбиелеудегі жүктеменің динамикалық және демалыс интервалдрының ерекшеліктері қандай?

  32. Төзімділікті үлкен және субмаксималды қуаттылықта тәрбиелеу әдістемесінің ерекшеліктері қандай?

  33. Циклдік жұмыста максималды қуатта төзімділікті тәрбиелеу ерекшеліктері жайлы әңгімеленіз?

  34. Күштік төзімділікті тәрбиелеу әдістемесінің ерекшеліктері жайлы әңгімеленіз?

  35. Төзімділікті тәрбиелеудің әдістемесінің ерекшеліктерінің құрамдастыру сипаты жайлы әңгімеленіз?

  36. Денемүсін дегеніміз не?

  37. Денемүсінді анықтайтын факторларды атаныз?

  38. Денемүсіннің негізгі типтері қандай және олардың бұзылу себептерін атаңыз?

  39. Бұлшықеттерді өсіруге негізінен бағытталған жаттығуларға қандай талаптар қойылады?

  40. Дене салмағын кемітуге арналған жаттығулар әдістемесінің мағынасы қандай?


Тақырып: Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-машықтануүрдісін ұйымдастыру
Бұл сұрақты оқу барысында тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған факторларды анық түсіну қажет, негізінен дене тәрбиесі оқытушысы дене тәрбие үрдісінде қандай интелектуалды, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің тәсіл, әдістерін қолданады.

Алдымен негізгі ұғымдарды білу қажет – тәрбе ұғымын кең және тар мағынада, тәрбие үрдісі дегеніміз не? Педагогикада бұл ұғым нақтыланып қарастырылған (Белоусов В.В. 1968).

Адамның жас тұрғысынан дамуында дене тәрбиесіне өте маңызды роль беріледі. Бұл мәселе өскелең ағзаның қалыпты денелік дамуына және оның денсаулықты нығайтып, тұлғалық рухани сапалықтарды қалыптастырып жетілуіне қатысты. Мұның барлығы дене тәрбиесін дұрыс жолға қойуымен шынайы және мүмкін болады, оны дене тәрбиесінің тікелей қатысты басқа түрлерімен үйлесімді жүзеге асырады: интелектуалды, адамгершілік, еңбек және эстетикалық. Дене тәрбиесінің бұл түрлерінің гимнастика, ойын, спорт және туризм сабақтары үрдісінде ерекшеліктерін анықтау қажет. Сонымен қатар, дене тәрбиесі оқытушысына қойылатын ғылыми-әдістемелік әзірлік және адамгершілік келбеті талаптарын жақсы түсіну керек.

Бұл тақырыптың барлық сұрақтары оқу құралында жетерліктей ашылған, қажеттілікке орай оқып және түсініктемесін жазып алу қажет. Бірақ біз Сіздерге жекелей сұрақтарды, алдымен дене мәдениеті және спорты оқытушысының тәрбие қайраткерлігінің технологиясын түсіндіреміз. Тәрбие қайраткерлігі технологиясы дегеніміз не? Бұл дегеніміз тәрбие құралдарының жиынтығын және әрекет ету ретін іріктеуді анықтайтын, әдістемелік және ұйымдастыру-әдістемелік н±с±аулары. Ол дене мәдениеті және спорт саласында стратегияны, әдіс және тәсіл, техникасын анықтайды. Тәрбиелік технологияның құрамдас бөлігі, қабылдау, байланыстырушы тізбек, бау саналады. Технологияның негізгі элементі ретінде әрине, дене мәдениеті және спортпен жаттығатындарға және ұжымға біртекті педагогикалық ықпал жасайтын нақты тәсілдерді және олармен өзара байланыста тұлғаның мақсатына жетудегі тәрбие әдістемесі саналады.

Тәрбие әдістемесі негізін өзара байланысқан құралдар мен тәсілдер құрайды, ал тәжірибесінде бірлікте қолданылады.

Тәрбие әдістемесі жүйесінде студент түсінуі міндетті, әр нақты әдісті өзгелерден жеке әмбебап ретінде қарастырмау керек. Тәрбие әдістемесінің жиынтығын қолдану технологиялық өзара байланысында қолдану тәрбиелікке мақсатқа қол жеткізеді. Тәрбие әдістемесінің ешқандай жекеленіп алынғаны адамда жоғары саналықты, сенімділікті және жоғарғы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырмайды. Басқалай айтсақ, ешқандай әдіс әмбебап саналмайды және тәрбиеліктің барлық мәселесін шеше алмайды.

Тәрбие әдістемесінде неғұрлым әрекеті жоғары саналатыны:


  1. Дәстүрлі қабылданғандар – сендіру,жаттығу, марапаттау, көндіру және мысал;

  2. Инновациялық-әрекеттілік (жаңа тәрбие технологиясын ендірумен ескертілген) – моделді-мақсатты қадам, жобалау, алгоритимдеу, шығармашылық өзгермеу және т.б);

  3. Тұлғалы-ресми емес (беделді адамдар арқылы, таныс дәне тустар арасынан);

  4. Тренингті-ойынды (арнайы берілген жағдайдағы әрекетте,тұлғалық және топтықтәжірибені қамтамасыз етеді) - әлеуметтік-психологиялық тренингтер, іскер ойндар және т.б.;

  5. Шарттылар (шынайы негіздегі өзіндікталдау және өзіндік құндылықты түсіну, жекетұлғалы әсерленушілікке негізделген).

Студентке дене тәрбиесі үрдісіндегі тәрбиенің әртүрлерінің негізгі аспектілерін, осы орайда қоғамға қажетті тұлғаны қалыптастыруда қолданатын құралдар мен әдістерді оқу қажет.

Дене тәрбиесі үрдісіндегі интелектуалды тәрбиелеу: дене мәдениеті және спортпен айналысудың интелектке әсерінің обьективті жағы, ақыл-ой және дене әрекеттілігі біртұтас және өзара әрекеттеболады. Дене тәрбиесі ілімінде Лесгафт П.Ф. толыққанды және ғылыми сенімділікпен көрсетті. Студентке осы сұрақтың жалпы түсінігін қалыптастыру үшін, біз интелект тәрбиелеудің тәсіл және әдістерінің негізгі міндеттеріне тоқталамыз.

Міндеттер: жаттығушылардың дене мәдениеті саласындағы арнайы білімдермен байыту және осы негізде дене мәдениеттік және спортттық әрекетке саналы қатынасты қалыптастыру, қажетті дүниеге көзқарасты қалыптастыру; ақыл-ой қабілеттілігін, қимыл әрекетіндегі саналылық белсендігін және шығармашылықты дамыту; өзін тануға, өзін тәрбиелеуге және өзін жетілдіруге қажеттілік және қабілеттілікті дамытуды ынталандыру.

Құрал ретінде дене мәдениеті сабақтары саналады. Олардың мазмұны және көлемі жалпы орта білім беру мектебі, лицей, колледж, ЖОО-дардың дене тәрбиесі бағдарламасымен анықталады. Интелектуалды тәрбие құралдарына ұйымдасқан мәселелік жағдайлар (ақпаратты қабылдау және өндеу, шешім қабылдау т.б. саналады).

Әдістерге қатысты: оқытылатын материал бойынша сауал: бақылау мен салыстыру; оқытылатын материалды талдау және байыту; қимыл әрекетін бағалау және талдау. Сонымен, дене мәдениеті және спорт сабақтары интелекетің келесі жақтарының дамуына әсер етеді: ынта, байқампаздық, тапқырлық және шапшаң ойлау және т.б.

Дене тәрбиесі үрдісіндегі адамгершілік тәрбиесі адамның адамгершілік сенімділігін, адамгершілік сезімін дамытуды және қоғамда өзін-өзі ұстау машық және әдеттерін мақсатты түрде қалыптастырады.

Міндеттері: адамгершілік санасын қалыптастыру, қайраткерліктегі идеялы сенімділікті және сарынды, жоғары адамгешілікпен келісетін нормасын қалыптастырады; адамгешілік сезімін қалыптастыру; адамгешілік сапасын, әдетін, этикалық норманы сақтау, қоғамдық ақталған тәртіп машығын; тұлғаның еркіндік тұсын және сапасын қалыптастыру.

Құралдар қатарына: оқу-жаттығу сабақтарының мазмұны және ұйымдастыру, сайыстың спорттық жүйесі, оқытушы қайраткерлігі және т.б.

Әдістер өз қатарына: ұстаным нормасының қалыптасқан дәстүр негізінде түсіндіру арқылы ссендіру; әңгімелесу; этика тақырыбына диспуттар, көрнекілік мысал; тәжірибелік оқыту; марапаттау (мақұлдау, мақтау, алғыс жариялау, мақтау қағазымен марапаттау және т.б.): оқытушы көмекшісі ретінде сенім көрсету, сайыс қортындысын шығаруда топқа ынталандыру ұпайын санау және т.б.; жасалған қылығына жазалау – ескерту, сөгіс, ұжым (спорттық команда) жиынында талқылау, командадан уақытша шығару және т.б.

Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану тұлғада төмендегідей сипат қалыптастырады – патриотизм, азаматтылық, еңбексүйгіштік, ұжымдасу, жолдастық көмек, саналы тәртіп, шыдамдылық, шешімділік, батырлық және т.б.

Дене тәрбиесі үрдісіндегі еңбек тәрбиесі. Тұлғаны тәрбиелеудегі маңызды критериінің бірі еңбекке қатынасы. Еңбекке қатынас тәртіпті сақтаумен, тапсырманы орындаумен, еңбекте шешімділік қабылдау, ұжымдық жұмыста жеке үлес қосумеен сипатталады.

Дене және еңбек тәрбиесінің өзара байланысы, дене тәрбиесі еңбекке, адамның еңбек қабілеттілігінің көтерілуіне тікелей әсер етеді, ал еңбек тәрбиесі өз кезегінде дене тәрбиесіне адамның өмірге дайындығына және еңбекке нақты бағыттылық береді.

Міндеттері – еңбекке сүйіспеншілікті тәрбиелеу; еңбекке саналы қатынасты қалыптастыру; қарапайым еңбек қабілеттіліктері және машықтарын меңгеру.

Құралдары қатарына – оқу еңбегі (дене тәрбиесі бойынша академиялық сабақ үрдісінде, спорттағы салмақты жаттығуларда, сайыстарда, топқа тәжірибелік өзара қызмет көрсетуде (сабақ орнын дайындап және құралдарды жинастыруда, спорттық құралдарды күтіп, әзірлеуде және т.б.), дене тәрбиесі сабақтары бойынша қоғамдық пайдалы жұмыс (спорттық-сауықтыру лагерінде және т.б.).

Дене тәрбиесі үрдісінін арнайы әдісіне: еңбекке тәжірибелік баулу; әңгімелесу; еңбек нәтижесін бағалау; үлгілі еңбек мысалы.

Сонымен, дене тәрбиесі үрдісінде және онымен тығыз байланыста мынандай сапаларды тәрбиелеуге болады, ұқыптылық, үнемділік, адам еңбегін және қоғамдық меншікті бағалау, шыдамдылық, жігерлілік, тәртіптілік және т.б.

Дене тәрбиесі үрдісінде эстетикалық тәрбие адамдарда эстетикалық қабылдауды, өмірге деген өзіне деген талғамды қалыптастыруға итермелейді. Осымен қатар сұлулықпен тек ләззаттануды емес, бастысы өз қадамдарында тәрбиелеп, шынайы жүзеге асыру.

Міндеттері: дене мәдениеті саласында эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелеу; адамның денесі мен қозғалысында эстетикалық бағаны қалыптастыру; қоршаған ортада жолдастардың тамаша тәртібін танып және бағалауды тәрбиелеу.

Құралдары қатарына дене тәрбиесінің (оқу сабағы, спорттық секциялар, мейрамдар, қойылымдар, табиғи және гигеналық талаптар, сабақ құрылымы, музыка, өнер шығармалары және т.б.) әр түрлері жатады.

Дене тәрбиесі үрдісінде эстетикалық тәрбие келесі әдістермен сипатталады: бейнелі сөз, дене жаттығуларын эмоциялы-мәнерлі түсіндіру; жаттығуды эмоциялы-мәнерлі және техникалы жетілген түрде көрсету; қимыл және әрекетте шабыттандырушы мысал; дене жаттығулары сабағы үрдісінде тәжірибелік оқыту қимыл әрекеттегі сұлулықтың шығармашылық көрінісінде көрсете білу.

Танымал сөздегі тәрбиеге жалпы талаптың ерекше көрінуі: “Тәрбиеші өзі тәрбиеленушіден кімді жасағысы келсе сол болуы қажет … немесе, қайткеде барлық күш жігерімен соған ұмтылуы қажет”. (Чернышевский Н.Г., 75 б.).

Педагогикалық жұмыста келесі тәрбиелік міндеттерді жоспарлап және жүзеге асырады: келешектік және жақын мерзімдік, ұжымдық және даралық, жекелей және нақты оқушыларға байланысты.

Осыған байланысты, студент білуі қажет, педагог әрбір спортшыға дұрыс қадам жасауы, оның бойында жақсы сапаны демеп және дамытуы, өз шәкіртінің тек спорттық жетістіктеріне ғана емс сабағына, мәдени өсуінде назардан тыс қалдырмау керек. Дене тәрбиесі ұстазының тәрбиелік қайраткерлігінде тиімділікке қол жеткізуі: қайраткерлік-тәрбие үрдісінің біртұтас ұйымдастырылуы; тәрбиенің әлеуметтік- құндылық мақсаттық және тәрбиенің мазмұнды бағытталуы жетістіктері; дене жаттығуы және спорт сабақтары үрдісіндежағымды сарынды қамтамасыз етуі; спорттық ұжымның бірлігіне қол жеткізу; міндеткерлікке жекелей қатынасты жоғары кәсіби, шығармашылық деңгейде орындау; тәрбие үрдісін жан-жақты қамтамасыз ету.

Дене мәдениеті оқытушысына қойылатын талап, тәжірибелік қайраткерлік және білімнің кез-келген саласының мамандықтарымен сәйкес. Біз оқытушының, жаттықтырушының тәрбиеші ретінде тұлғалық келбетіне қойылатын талаптарға тоқталамыз. Көп жағдайда оқытушыға байланысты шәкіртінің тұлға ретінде қалыптасуы. Педагогикалық шеберлік критерилері оқытушының іскерлік және тұлғалық сапа жиынтығынан қалыптасады.

Дене тәрбиесі (спорттың түрі бойынша жаттықтырушы) оқытушысының міндетті іскерлік сапасы ретінде: елдегі тәрбиенің идеялық негізі; өз ісің білу; қозғалысқа оқытуды білу және дене сапасын тәрбиелеу; өз ісің білу; жаттығушылардың ұжымын ұйымдастыру және әр оқушыға маңызды қадам жасай білу; оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесін ескеру және бақылауды меңгеру; мәдениетті болу.

Оқытушының бойында болуы шарт негізгі тұлғалық сапа қасиеттеріне: шығармашылық белсенділік; ақыл-ой ептілігі; еңбексүйгіштік; шыншылдық; риясыздық; принциптілік; сабырлық; талап қоя білу; қарапайымдылық; мәдениет.

Педагог өзің ұстау әрекетімен ұжымда оптимистік, шырайылық, сергектік, таусылмас энергияны орнықтыруға ықпал ету керек. Дүниеге шырайлық сезім ортақ істе табысқа жетуде, әркімнің өз күшіне деген сенімділікті нығайтады.Осы негізде,барлық тәрбиенің өзара үйлесімділігінің обьективті негізі тәрбиенің барлық әлеумтеттік жүйесінің ұйымдастыру заңдылығында адамның дене және рухани дамуынының бірлігі саналады.

Негізгі әдебиет


  1. 1. Теория и методика физического воспитания. Учебное пособие для ИФК под редактированием А.Д.Новикова, Л.П.Матвеева. – М.,“ФиС”, 1976 стр.245-267 (т 1).

  2. 2. Теория и методика физического воспитания и спорта Учебное пособие для студентов вузов под редакцией Ж.К.Холодова, В.С.Кузнецова. М., 2001.стр.19-31.

  3. Қосымша әдебиет

  1. 1. Ашмарин Б.А.- Теория и методика физического воспитания. Учебник для ФФК - М.,1990. стр.167-175.

  2. 2. Белорусова В.В. Педагогика. Учебное пособие для студентов ИФК-М., “ФиС” 1972, стр.115-197.

  3. 3. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры (т-1). Учебник для ИФК-М.,“ФиС”, стр.298-322.

Бақылау сұрақтары:

1. Дене тәрбиесі үрдісінде интелектуалды тәрбиенің қандай компоненттері орын алады?

2. Дене тәрбиесі үрдісінде адамгершілік тәрбиенің мазмұны қандай?

3. Дене тәрбиесі үрдісінде еңбек тәрбиесінің мазмұны қандай?

4. Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиеге қандай деңгейде әсер ете алады?

5. Дене тәрбиесі үрдісінде оқыту мен тәрбие бірлігі неде?

6. Адамның рухани келбетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің ролі қандай?

7. Дене тәрбиесі үрдісінде интелектуалды тәрбиенің қандай әдістері қолданылады?

8. Гимнастика, ойын, спорт және туризм үрдісінде адамгершілікті тәрбиелеуде тәжірибелік оқудың әдісінің ролі қандай?

9. Адамгершілікті тәрбиесі үшін мысалдың маңызы қандай?

10. Адамгершілікті тәрбиесін жүзеге асыруда ұжым қандай роль атқарады?

11. Адамгершілікті тәрбиесі үшін қошеметтеу және марапаттау әдісін қолдану маңызы қандай?

12. Жазалау және ұялту әдістері қашан және қайда қолданылады?

13. Адамгершілікті тәрбиесі үшін түсіндіру және көз жеткізу әдісін қолдану маңызы қандай?

14. Дене тәрбиесі үрдісінде еңбек тәрбиесінің қандай әдістері қолданылады?

15. Дене тәрбиесі үрдісінде қоршаған ортаға эстетикалық тәрбиелеуде тәжірибелік оқу әдісінің қандай әдістері қолданылады?

16. Эстетикалық тәрбиеге қозғалыс көрінісінің маңызы қандай?

17. Эстетикалық тәрбие мақсатында түсіндіру және әңгіме әдісін қолдану ерекшелігі қандай?

18. Гимнастика, ойын, спорт және туризм сабақтары үрдісінде қозғалыстың, әрекеттің, қимылдың эстетикалық бағалаудың маңызы қандай?

19. Тәрбиелеу қайраткерлігінің технологиясы дегеніміз не, және оған қандай компоненттер кіреді?

20. Спорттың түрі бойынша жаттықтырушыға, дене тәрбиесі мұғалімі тұлғасына қандай талаптар қойылады?

Тақырып: Жас өспірімдер спорт мектептерінің жұмыс ерекшеліктері, маңызы (1сағат)

Дене жаттығуларымен айналысудыњ түрлері негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәсілі түсіндіріледі, әрқайсысы оқытушы мен жаттығушының нақты типтегі өзарабайланысымен, сабақтың тиісті талаптарымен сипатталады.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде дене жаттығулары сабағының көптеген түрлері бар. Сабақ түрлері: сабақтағы және сабақтан тыс болып бөлінеді.

Сабақ түрлері – бұл сабақ, оқытушы тарапынан (жаттықтырушы) тұрақты жаттығушылар құрамымен өткізіледі. Оның қатарына: дене мәдениеті сабақтары; спорттық-жаттығу сабақтары кіреді.

Сабақтан тыс түріне – бұл сабақ, мамандар, жаттығушылар тарапынанда (өздігінен) денсаулықты қалыптастыруға, белсенді демалысқа, жұмыс қабілеттілігін сақтап және көтеру, дене сапалығын дамыту, қимыл әрекетін жетілдіруге т.б. мақсатта өткізіледі, қатарына:


  1. Сабақтың кіші түрлері (таңғы гимнастика, су гимнастикасы, денемәдениеті үзілісі, микроүзіліс), дене жағдайын опреативті (ағынды) басқаруда қолданылады. Бұл форма өзініңқысқа мезеттілік әсерінен, жаттықтырушы, дамытушы сипаттағы міндеттерді шешпейді.

  2. Сабақтың ірі формалары яғни, абақтар тиісінше жалғаспалы, мазмұны бойынша (мысалы, аэробика, шейпинг, калланетика, атлеттік гимнастика) бір және көппәнді (кешенді), бұл сабақ түрлері жаттықтырушы, сауықтыру-реабилитациялы немесе рекреационды сипатта болады.

  3. Сабақтың сайыстық түрлері, яғни денемәдениет-спортты қайраткерлік түрлері, сайыстық күресте жеңімпаз, орын, дене және техникалық дайындығы анықталыд және т.б. (мысалы, ресми сайыстар жүйесі, іріктеу сайысы, біріншілік, чемпионаттар, бақылау шамалауы және жарыстар және т.б.).

Дене жаттығуларымен сабақтың құрылымын оқығанда, анықтау қажет, сабақ қандай бөліктерден тұрады, оның мінездемелік сипаты және жалғасымдылығы қандай, физиологиялық заңдылықтар және психологиялық тұстары жасау барысында ескерілді. Мән беру қажет, нақтыланған құрылым сабаққа, сабақтан тыс сабақ түрлеріне қатысты. Дене жаттығуларымен сабақ құрылымы жаттығушылардың жұмыс қабілеттілігігің қалыпты өзгерулерімен анықталады (1 зона – “мәреалды” жағдай; 2 зона – жұмысқа кірісіп кеткен; 3 зона – салыстырмалы тұрақты жағдай; 4 зона – жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі).

Сабақтың сабақ түрлері. Жеке сабақ шеңберінде нңбек қабілеттілігінің өзгеруінің негізгі зонасының өзгеретіндігін ескере, жаттығушылардың қайраткерлігін ұйымдастыра жеке ізділіктен шыға отырып сабақты құру үрдісінде алдымен үш бөлігін жекелейді: дайындық, негізгі және қортынды. Әрқайсысы өз кезегінде сабақтардың мазмұны ерекшелігіне орай бөліктерден тұрады.

Барлық сабақтық дене жаттығуларымен сабақ түрлерін дайындық негізгі бағыттары бойынша ерекшелігіне қарай бөлуге болады, кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабақтары, спорттық-жаттығу сабақтары,әдістмелік-тәжірибелік сабақтар; міндеттерді шешу белгісіне орай (жаңа материалды игеру, оқу материалын бекіту және жетілдіру) бақылау сабақтары, аралас (кешенді сабақтар); спорттың түрі боынша (гимнастика, жеңіл атлетика, жүзу сабақтары және т.б.).

Сабақты дене жаттығуларымен негізгі сабақ ретінде қарастыра, оның ерекшелік сипаттарын оқу қажет, мазмұнының және құрылым ерекшеліктерін, ұйымдастыру мәселелері жәнеоны өткізу әдістемесімен (біруақытта, біркезекте, жекелй, айналмалы жаттығу және т.б.). Оқытушы әрекетін келесі әтаптарда қарастыру қажет: а)сабаққа әзірлік; б)міндетті түрде оны өткізу; в)сабақты талдау және бағалау. Оқытушының сабаққа әзірлігі конспект құрастырудан, сабақ орнын және құралды дайындау, сабақ материалы бойыншаоқушылардың жекелй әзірліктерінтексеруден тұрады. Сабақ үстіндегі оқытушы әрекеті құрамынажаттығушылардың жұмысын ұйымдастыру, оқу-әдістемелік міндеттерін қойу, сақтандыруды қамтамасыз ету, жүктеме мен демалысты реттеу, сабақтын толыққанды тығыздығын қамтамасыз ету. Ары қарай сабақтың талдау мен сабақты өткізу барысы жайлы бағалау әдістемесін (өзге оқытушының және өз сабағынды талдау және хронометраж), залда, алаңқайда және жергілікті жерде сабақты өткізу әдістемесін түсіндіру керек. Сабаққа қатысты барлық сауалды, студент оқу құралы көмегімен, өз спорттық және педагогикалық шеберлігін қолдана отырып бөлшектеп талдауы қажет.

Сабақтан тыс сабақтар. Сабақтан тыс сабақ түрлерін оқи отырып, жоғарыда айтқандай денемәдени-спорттық тәжірибеде – кіші, ірі және сайыстық сабақтан тыс сабақ түрлерінің типі сипатталуы қажет.

Сабақтың кіші түрлеріне тән:



  1. Жаттығушылардың қайраткерлігіндегі салыстырмалы тар бағыттылық сабақтық және сабақтың ірі түрлерімен салыстырғанда (мысалы, таңғы гигиеналық гимнастика, судағы өндірістік гимнастика, денемәдениүзілісі, денемәдениминуты, микроүзіліс, микроүзіліс белсенді демалыста, дене тәрбиесі және спортта мектеп курсы бойынша үй тапсырмасы және т.б.);

  2. Сабақтың болмашы ұзақтығы (2-3-тен15-20 минут);

  3. Сабақтың құрылымының жоқтығы және ажарсыздығы, яғни дайындық, негізгі және қортынды бөлімінде (мысалы сауықтыру жүгірісі, гигиеналық гимнастика, денемәдени минуттары және т.б.).

  4. Қызметтік жүктеменін жоғары емес деңгейі. Атап кету керек, кіші түрлер міндеттердің (тонусты көтеру, жұмыс қабілеттіліігн ынталандыру және т.б.) жекелй бөліктерін шешеді және дене мәдениеті сабағының жалпы жүйесінде қосымша роль атқарады.

Сабақтың сабақтан тыс ірі түрлері саналатындар:



  1. Өздік жаттығу сабақтары (мысалы атлеттік гимнастикада және т.б. жаттығушыдан қажетті деңгейде “денемәдениеті сауаттылығын”талап етеді, әсіресе әдістемелік сипатта);

  2. Сауықтыру-реаблитациялы немесе рекреациялы сипаттағы міндеттерді шешумен байланысты сабақ. Оған аэробика, шейпинг, калланетика, ушу, туржорық, шаңғыдағы жүріс, бұқаралық ойындар және т.б. жатқызуға болады. Бұл сабақтардың негізгі сипаттық ерекшеліктері: шаршатпайтын, жүктемесі шектеулі; қатаң реттеу жоқ; еркін тәртіп негізде.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет