Бағдарламасы Мәселенің өзектілігі


Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары



бет4/12
Дата21.02.2023
өлшемі55,02 Kb.
#169687
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дарынды балалар

Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары
Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогикалық әрекеттердің принциптері ескерілді:
- тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;
-оқытудың даралану және жіктелу принципі;
- мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;
- оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі
III кезең – ұйымдастырылған-әрекеттік.
Мақсаты:
Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмыстың ұйымдастырылуы.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқушылардың қабілетін дамыту үшін қажетті тәсілдерді қолданады. Мектеп психологтары балалардың дәстүрлі емес ойлауын анықтау үшін алдын ала сауалнама жүргізді. Әр сыныпқа сынып бойынша біртұтас және әр балаға жеке мінездеме материалдары жиналған папка арналады. Осы 2010-2011 оқу жылында портфолионы жаңалау және оқушылар арасында «Өзімді таныстырамын» атты сайыс өткізу жоспарланды. Бұл бағытта сынып жетекшілері өз жұмысының толық талдауын жүргізуі керек. Жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетіледі, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспары жасалады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты мектепте ынталандырудың келесі жүйесі жасалды:
Номинациялар:
1. «Еуропа бесігінде тербелгендер»номинациясына ( 1-11 сынып оқушылары) «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ие болады. Кубок иегерлері мен «Ақыл-ой Одиссеясы» республикалық конкурсының алтын белгі иелері
2. «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз»номинациясына (1-7 сынып оқушылары) республикалық және облыстық «Зерде» ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары, республикалық «Бастау» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ие болады.
3. «Талаптың мініп тұлпарын...»номинациясы (10-11 сынып оқушылары) халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына, тест-рейтингтік олимпиада жеңімпаздарына, халықаралық білім гранттарының иегерлеріне беріледі.
4. «Талап-қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар»номинациясы (8-10 сынып оқушылары) облыстық ғылыми жарыстардың, облыстық пән олимпиадаларының, халықаралық, республикалық конференциялардың, халықаралық Сәтпаев және басқа оқулардың жеңімпаздарына беріледі.
5. «Ақылмен қанат қаққандар»номинациясын (8-11 сынып оқушылары) республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық әртүрлі пәндік олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді.
6. «Абай ізбасары»номинациясына (11 сынып оқушылары) «Алтын белгіге» үміткерлер, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері; халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың, республикалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, халықаралық ғылыми студенттік конференциялардың жеңімпаздары, тек қана «5»-ке немесе «4-5»-ке үлгеруші оқушылар ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет