Бағдарламасы Нысан ф со пгу 18. 3/30 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/4
Дата24.11.2016
өлшемі0,64 Mb.
#2447
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

8-тақырып. Әдеби тұлға, орта, автор. Кейіпкер және көркем образ. Образ және архетип.

Таңба және көркем образ. Қаһарман типтері. Архетип және образ. К.Юнгтің сана және ырықсыздық туралы ілімі. Архетип және жеке психиканың даралығы. Архетип түрлері. Сарын ұғымы. А.Веселовский, В.Пропп, Е.Мелетинский еңбектеріндегі кейіпкер және көркем образ туралы. М.Әуезовтың «Көксерек», О.Бөкеевтің «Кербұғы», М.Мағауиннің «Шақан шері», А.Алтайдың «Алтайдың алқызыл модағайы», К.Сегізбаевтың «Аюдың өті» шығармаларындағы образ.



9-тақырып. Шығарманы пайымдау. Шығарманы қабылдау. Автор және шығарма.

Шығарманы зерделеу. Шығарманы қабылдау. Автор және шығарма. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», М.Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесіндегі автор позициясы.



10-тақырып. Әдеби туынды. Теориялық поэтика ұғымы. Шығарма әлемі. Әлем және шығарма.

Шығарманың көркемдік әлемі. Көркемдік психологизм. Уақыт пен кеңістік. Сюжет пен тартыс. Сюжет элементтері. Композиция түрлері. А.Алтайдың «Алтайдың алқызыл модағайы» романы, К.Сегізбаевтың «Аюдың өті» повесінің сюжеттік-композициялық ерекшеліктері. Қазақ романдарындағы уақыт пен кеңістік.



11-тақырып. Көркем сөз бен мәтін. Шығармашылық әлем және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері.

Лингвистикалық поэтика мен стилистика. Мәтін және диалогтық қатынас. Мәтін құрамы. Мәтін туралы пікірлер (М.Бахтин, Ю.Лотман, Ж.Деррида, Р.Барт).

Шығармашылық процестегі ой өзегі. Мақсатты ізденіс. Жазушы өмірбаяны. Жоспар құру, қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау. Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің шығармашылық процесі.

12-тақырып. Әдеби тек. Эпос, лирика, драма

Әдеби тек туралы пікірлер. Эпос, лирика, драманың шыгу тегі. Драма. Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті. Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар. Лирика. Көңіл күй ахуалы. Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы. Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер» әдебиеті.



13-тақырып. Әдеби жанрлар. Роман. Повесть. Поэма. Әңгіме және новелла. Лирикалық жанрлар. Баллада. Трагедия. Драма.

Жанр жіктемесінің күрделі сипаты. Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт Жанр мен композицияның төркіндестігі. Роман. Романдағы адам мен тағдырдың «сәйкессіздігі» (Бахтин). Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы. Мазмұн тереңдігіне мән арту. Повесть пен поэма сюжеттік-композициялық құрылымы. Әңгіме және новелла. Әңгімедегі көлем және айтар ойдың жарасымды өрімі. Лирика жанрлары. Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика. Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық



14-тақырып. Әдеби процесс. Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Стиль.

Әдеби процесс. Көркемдік даму заңдылықтары. Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі: реализм және романтизм. Стиль. Ж.Аймауытов, М.Әуезов стилі.



15-тақырып. Көркемдік тәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық

Гуманистік реализм. Антикалық реализм. Орта ғасырлық символизм. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Баракко, ояну дәуірі. Классицизм қағидалары. Ағартушылық реализм, сентиментализммен байланысы. Романтизм. Сыншыл реализм. Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшеліктері. Натурализм, позитивизм. Модернизм, экспрессионизм, символизм, футуризм, сюррерализм, абстракционизм, т.б. тенденциялар. Модернистік дүниетанымы. Дәстүр мен жаңашылдық ажырамас бірлігі. Дәстүр жалғастығы – аралық буын. Жаңашылдық-талант пен шеберліктің жемісі. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романындағы дәстүр мен жаңашылдық.



4.4 СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

45

2

Практикалық сабақтарға

дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)



Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген қосымша материалды меңгеру

Конспект

(және т.б.)



Коллоквиум

(және т.б.)



60

7

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ , коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.

10

Барлығы:

60


Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. Әдебиет теориясы және эстетика. Әдебиет пен өнердегі сұлулық пен әсемдік мұраттары. Әдебиеттің көркемдік мәні. Әдебиеттің қоғамдық мәні. Әдебиеттің тәрбиелік мәні.

Ұсынылатын әдебиет: [2], бет, [7],беттер, [12], беттер, [32], беттер.

2. Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштер және эстетика. Антикалық дәуір эстетикасы. Платонның өнер мен әдебиет теориясына қатысты тұжырымдары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель. «Поэтика» еңбегінің құндылығы.

Ұсынылатын әдебиет: [3], бет, [12],беттер, [24]беттер, [26],беттер, [29]беттер.

3. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы. Ерте орта ғасыр және Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинскийдің әсемдік туралы тұжырымдары. Ұлттық эстетиканың алғашқы көздері. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралар және эстетика туралы ой-тұжырымдар. X-XII ғасырлар әдебиетінің құндылығы. Әбунасыр әл-Фараби және әдебиет әлемі.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 3-50 бет, [30], 5-40 беттер, [32], 3-30 беттер.

4. Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі. Классицизм эстетикасы. Дидро мен Лессинг, И.Гердердің эстетикасы. И.Кант және эстетикалық талғам. Г.В.Гегельдің өнер туралы қағидалары. Орыс ойшыл-демократтары және сұлулық, әдемілік туралы ой-тұжырымдары.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 3-30 бет, [24], 3-50 беттер, [28], 3-17 беттер.

5. Шығармашылық тұлға категориясының эстетикалық мәні және теориялық негіздері. Автор-көркем шығармадағы авторитет тұлға. Көркем шығарманы тудырудағы автордың бірегей болмысы.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 3-25 бет, [9], 5-100 беттер, [19], 5-56 беттер, [28],17-73 беттер.

6. Шығармашылық процестегі ойлау табиғаты мен «бейсаналық». Суреткер санасындағы эстетикалық дарашылдық..

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-50 бет, [6], 3-60 беттер, [20], 3-135 беттер, [22], 5-25 беттер, [28], 73-86 беттер.

7. Авторлық субъективизм және қаһарман болмысы. Тип және әлеуметтік характердің ашылуы. Талдауға: С.Мұратбековтың «Жусан исі» повесі. Ж.Қорғасбектің «Өлі көл», «Қасқыр адам» повесі, «Жансебіл», «Үрей» әңгімелері. Р.Мұқанова «Тұл», «Мәңгілік бала бейнесі», «Мұқағали» әңгімелері.

Ұсынылатын әдебиет: [11], 5-100 бет, [13], 5-80 беттер, [28], 87-237 беттер.

8. Эстетикалық әлемдегі авторлық позиция. Астарлы позиция және оның жүзеге асу жолдары. Көпқырлы позицияның көркем мазмұнға ықпалы. Талдауға: С.Сматаев «Елім-ай» дилогиясы, Ә.Кекілбаев «Үркер» романы.

Ұсынылатын әдебиет: [10],100-150 бет, [22], 5-70 беттер, [28], 299-466 беттер.

9. Жанр табиғаты. Әдебиет теориясы ғылымында жанр туралы ғалымдардың көзқарастары. Роман. Қазақ әдебиетінде роман жанрының ттуу, қалыптасуы. Повестің романнан айырмашылығы. Әңгіме мен новелланың ұқсастығы мен айырмашылығы. С.Ерубаев новеллары. Поэма. Сюжетті, сюжеттсіз поэмалардың жанрлық сипаты. Лирика жанрлары. Баллада жазу дәстүрі. Драма: трагедия, комедия, трагикомедия.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 3-70 бет, [14], 3-100 беттер, [15], 3-50 беттер, [16], 3-96 беттер, [18], 5-120 беттер, [21], 3-135 беттер, [23], 5-100 беттер.

10. Әдеби қозғалыс. Көркемдік әдіс және бейнелілік. Стиль және бейнелілік. Сөз және стиль.



Ұсынылатын әдебиет: [8], 3-20 бет, [17],3-376 беттер, [25], 5-35 беттер, [27], 5- 100 беттер, [31], 3-120 беттер.
5 Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Атымов М. Идея және композиция. –А., 1970.

  2. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А., 1986.

  3. Байтұрсынов А. Шығармалары. –А.,1989.

  4. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов- драматург. –А.,1982.

  5. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. –А.,1991.

  6. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. –А., 1997.

  7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –А.,1964.

  8. Жұмалиев Қ. Стиль- өнер ерекшелігі. –А., 1996.

  9. Ысмайлов Е. Ақындар. –А.,1956.

  10. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. –А.,1994.

  11. Кенжебаев Б. Шындық пен шеберлік. –А.,1986.

  12. Қабдолов З. Сөз өнері. –А., 1992.

  13. Қаратаев М.Эпостан эпопеяға.- А.,1969.

  14. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А.,1984.

  15. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. –А.,1996.

  16. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Өлең-сөздің патшасы. –А.,1992.

  17. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік.

  18. Нұрғалиев Р. Айдын. –А.,1985.

  19. Нұрқатов А. Идея және образ. –А.,1962.

  20. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.- А.,1968.

  21. Негімов С. Өлең өрімі. –А.,1981.

  22. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. –А.,1996.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ахметов З. Казахское стихосложение. –А.,1969.

  2. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

  3. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

  4. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

  5. Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

  6. Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

  7. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

  8. Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

  9. Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

  10. Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.



Мамандықтың оқу жұмыс

жоспарынан көшірме Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.1/10



050117 «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Пәннің атауы Әдебиет теориясы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі ОКБ негізінде

7
















90

30

60

1-семестр

2- семестр

15

15

15

45













Кафедра меңгерушісі ______ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «___» ________



(қолы)
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет