Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



бет1/5
Дата27.05.2018
өлшемі1,03 Mb.
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚ ТІЛІ

Оқу бағдарламасы

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

Бастауыш білім беру (оқыту қазақ тілінде емес 1-4 сыныптар үшін)

Наурыз 2016 ж.





_________Е.Н. Иманғалиев

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі



___________К.Н. Шәмшидинова

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы




______________Ж.А. Жонтаева

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры




__________Ж.О. Жылбаев

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті






__________ Ж.Н. Абдильдина

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының директоры




Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 56 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған



Мазмұны

1. «Қазақ тілі» пәнінің мақсаты мен міндеттері.........................................................................7

2. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер.......................8

3. Оқу жетістігін бағалау түрлері ..............................................................................................10

4. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру......................................................................11

4.1. Оқу жүктемесінің бөлінуі....................................................................................................11

4.2. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны..............................................................................................12

4.3. Оқу мақсаттарының жүйесі................................................................................................14

4.4. Ұзақ мерзімді жоспар..........................................................................................................24



Түсіндірме
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады

Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.

Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдеме әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады

Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

Оқу бағдарламаларын әзірлеудің негізі болып табылатын тұжырымдамалық ережелер мен идеялар сурет түрінде визуалды берілді (1-қосымша). Суреттің ортасында құндылықтар мектепте берілетін білімнің мазмұндық және іс жүргізу аспектілерін анықтаудың негізгі бағыты ретінде, сонан соң кең ауқымды дағдылар мектепті бітірген кездегі нәтижелер ретінде берілген. Келесі шеңберде білім салалары білім беру мазмұнының функционалдық толыққандылығының көрсеткіші ретінде берілген. Соңғы шеңберде оқу үдерісіне енгізілген барлық инновациялар ұсынылды.





  1. «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.

Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті.

«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың тұрмыста, қоғамдық орында, мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу негізгі ұстаным болып табылады.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.



«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері:

  • шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;

  • қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;

  • қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

  • сөз тіркестерін және жай сөйлемдер құру, сол сияқты айтылым дағдылары негізінде қазақша ойлау дағдыларын қалыптастыру;

  • тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  • қазақ тілінде меңгерген білім, білік дағдыларына сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету;

  • қазақ тілінің саяси-әлеуметтік әлеуетін ұғындыру;

  • тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту.

«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытып, қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады.
2. Оқу үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдемелер
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алып үйрену» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:



  • зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

  • әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);

  • дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  • уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);

  • оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

  • саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).

Оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

Стратегиялар: өзін-өзі басқару, эксперименттік, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік.

Технологиялар: шағын топтағы жұмыс (командада), кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту.

Әдістер: жеке оқыту, проблемалық оқыту.

Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістіктер критерийлерін алдын ала белгілеу керек.



Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда оқитын оқушылардың өз ойын, сезімін қазақша білдіруге, танып-білген нәрселерін қазақша санасына түюге, пікір алысуға, оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге, репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындата отырып үйрету.

Оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда оқылатын «Қазақ тілі» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар жасау;

  • сөздің лексикалық мағынасын түсіну;

  • тыңдау-көру оқу материалдарын тыңдап, көріп түсіну;

  • сөздік қорды толықтыру;

  • тыңдау-көру материалдарының мазмұнын айту;

  • мәтіннің кейбір оқиғаларын қимылмен, ым-ишарамен көрсету;

  • тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;

  • тыңдалған мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну;

  • мәтіннің жанрларын анықтау;

  • өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;

  • белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;

  • жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);

  • берілген тақырып (сол сабақта оқылған әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.

  • сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты шағын рөлдік ойындар;

  • суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау, сахналау.



Оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда оқылатын «Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • графикалық сызба арқылы «оқу»;

  • мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;

  • сұрақтар қоя білу және жауап беру;

  • «көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;

  • мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;

  • сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);

  • мәнерлеп оқу;

  • рөлге бөліп оқу;

  • оқылған әңгіменің, ертегінің, т.б. картасын жасау.



«Қазақ тілі» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтау;

  • сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;

  • мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;

  • мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;

  • сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;

  • шағын хат жазу;

  • есте сақтау арқылы жазу;

  • байқағаны, ұнататын істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;

  • сурет бойынша жазу;

  • өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.


3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Қазақ тілі» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
4. Оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда оқылатын «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4.1. Оқу жүктемесін бөлу


Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1-сынып

2 сағат

66 сағат

2-сынып

2 сағат

68 сағат

3-сынып

3 сағат

102 сағат

4-сынып

3 сағат

102 сағат

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау, т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2) негізге алып айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.















































Каталог: files -> npb
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
npb -> «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары
npb -> 1-сынып Мазмұны Тілдік мақсаттар туралы 8


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу