БАҒдарламасы өскемен қ., 2016 жыл Мазмұны Паспорт 3 2


Мемлекеттік қызмет көрсету



бет16/19
Дата09.04.2018
өлшемі5,9 Mb.
#40117
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Мемлекеттік қызмет көрсету


Мемлекеттік басқару


Облыс мемлекеттік органдарының құрылымын облыстық және 19 қалалық және аудандық мәслихаттарының аппараты, 272 барлық деңгейдегі әкімдердің аппараты (облыс әкімінің аппараты, 19 аудандық (қалалық) әкімдердің аппараты, 252 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер және ауылдық округ әкімдерінің аппараты), жергілікті бюджеттен қаржыланатын 253 атқарушы орган (аудандардағы 229 бөлім және 24 облыстық басқарма) және орталық органдардың 23 аумақтық бөлімшесі құрайды.

Ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыру мақсатында «Облыс әкімінің ситуациялық орталығы» құрылды, онда 729 аса көрсеткіштер және денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, құрылыс салалары бойынша 1500 аса көрсеткіштер бар.

Мемлекеттік органдардың Интернет-порталы жұмыс істейді, онда
2 200 аса мемлекеттік қызметшілердің есептік жазбалары тіркелген.

«Диалог» атты азаматтардың бейне өтініштері жүйесі құрылған.


Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен «Диалог» азаматтардың бейне-өтініштері жүйесін «электронды үкімет» порталымен e-gov.kz ықпалдастыра отырып, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарының ХҚКО-да таратуды жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жыл сайын жергілікті атқарушы органдармен, ХҚКО-мен, Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілетін қызметтердің өсу тенденциясы байқалады.

Осылайша, 2013 жылы қызметтердің саны 78, 2014 жылы - 131,
2015 жылы 162 қызмет түрін құрады.

2015 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысының халқына 3 679 170 мемлекеттік қызмет көрсету түрі, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы баламасыз қызметтер бойынша 2 034 616 қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы баламалы қызметтер бойынша 1 458 939 қызмет, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 148 509 қызмет көрсетілді (баламалы қызметтердің жалпы санынан 10,1 %). Электронды түрде - 37106 қызмет (баламалы қызметтердің жалпы санынан 2,54 %), оның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 34968, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы 2138 лицензия түрі берілген.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет сапасын арттыру екі басты құралды дамыту жолымен қамтамасыз етілген: халыққа қызмет көрсету орталықтарын (ХҚКО) және «электронды үкімет» веб-порталын, осылайша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. жергілікті атқарушы органдардың жеткілікті техникалық жабдықталуы;

  2. мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингісін жүргізу үшін негіздің бар болуы;

  3. виртуалдық қабылдау іске асырылды;

  4. ауданның дербес бөлімдерінің бірыңғай көліктік ортасының бар болуы;

  5. электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің бар болуы;

  6. мемлекеттік органдар міндеттерінің бизнес – процестерін автоматтандыру;

  7. мүмкінді қысқа мерзімде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету.

Әлсіз жақтары (W):

    1. электрондық мемлекеттік қызмет тұтынушысымен жауапты мемлекеттік органның өзара әрекетінің тәртібін реттеу үшін нормативтік – құқықтық базасының шалағайы;

    2. халықаралық тәжірибесінің ең заманауи практикасының есебімен мемлекекеттік қызмет көрсету тиімділігі мен сапасын бағалау және мониторингілеу әдістемесінің шалағайы;

    3. қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы (мемлекеттік органдарда тікелей орындаушылардың қанағаттандырылмаған жұмысы);

    4. әлсіз бағдарламалық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету;

    5. халықтың хабарландырылмауы (қызмет алушылар қайда қызмет алуға болады екендігін білмейді - ХҚКО-да немесе мемлекеттік органда);

    6. «электрондық үкімет» порталымен жұмыстың қиындылығы.

Мүмкіндіктері (O):

  1. электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға өңір тұрғындарының қызығушылығы;

  2. ұялы телефондарды кең тарату «е - әкімдік» қолжетімділігін қамтамасыз ету және «е - үкімет» құру үшін басқа елдердің халықаралық тәжірибесін пайдалану мүмкін;

  3. мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттанарлық деңгейін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамытудың жеткілікті деңгейі бар, бірақ әлсіз жақтарының эпизодтары да бар;

  4. электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін оңтайландыру және оңайлату үшін орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану.

Қауіптер (T):

  1. Е- үкіметтің базалық компоненттері мен ақпараттық жүйелері арасында интеграциялық шиналардың дұрыс салғандығы жоқ болғаннан электрондық мемлекеттік қызмет ұсынуға ЖАО дайындалмағаны;

  2. облыстың ауылдық аумақтарында халықтың төмен цифрлық сауатсыздығы;

  3. интернет желісіне шектеулі қолжетімділігіне байланысты электрондық мемлекеттік қызметтің талап етпеушілігі;

  4. электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін сапасымен тұрғындардың қанағаттандырылмаған алыс аудандарда ХҚКО аумақтық қолжетімділіксіздігі.

Негізгі проблемалар:

1) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі анықсыздық.

Соңғы жылдары мерзімдер мен сұратылатын құжаттарды қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі күнге дейін елеулі жетістікке әкелген жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік органда өтетін артық, бірін-бірі қайталайтын бизнес-процестер санының көптігі оларды ұсыну мерзімдерінің себепсіз арттырудың басты себебі болып калып отыр.

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кешенді және нақты статистикалық ақпараттың болмауы.

ҚР МҚІ және ЖҚІҚА-да (бақылау аясында), ҚР ИДМ-да (ХҚКО «e-gov» жүйелерінің әкімшісі ретінде) және облыс әкімдігінің өзінде (қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша) бар деректер әр түрлі.

Ортақтастырылған, нақты ақпараттың жоқтығы бүкіл саланы талдау, тұжырымдық және болжамалық әзірлемелер жүргізу, құрылымдық және жүйелік шешімдерді қабылдау мәселелерін қиындатады.

3) мемлекеттік қызмет сапасының ішкі бақылау қызметтерінің тиімсіз жұмыс істеуі.

Облыс мемлекеттік мекемелері тарапынан ішкі бақылаудың болмау көрсетілетін қызметті берушілермен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтау мерзімдерін бұзуға әкеледі, ол мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің төмендеуіне әкеледі.


Жергілікті өзін - өзі басқару

Жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту жергілікті өзін - өзі басқарудың қалыптасуы мен дамытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Негізгі бағыттардың бірі қоғамдық кеңестердің жұмысы болып табылады.

Өкілеттілікті кеңейту шеңберінде азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және жергілікті деңгейде талқылау мен шешім қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін есептеу болып табылатын облыстың барлық 19 қалалары және аудандарында қоғамдық кеңестер құрылған.

Атқарушы органдардың нысаналы трансферттерге қол жеткізу туралы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан ақша түсімі мен шығысының жоспарын орындау туралы, қайырымдылық ақшаның келіп түсуі және жұмсалуы туралы есептерді, 2017 - 2019 жылдарға облыстық бюджет жобасын талқылау жоспарлануда.

Жұмыстың тағы бір бағыты болып аумақтық кеңестерді құру болып табылады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмысының, аумақтардың санитарлық жағдайының жәнеқұқық бұзушылықтардың алдын алудың мәселелерін шешу үшін облыстың 4 қаласында аумақтық кеңестер құрылған (Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов).

Кеңестің негізгі міндеттері аумақтық мақсаттағы мәселелерді шешу мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша азаматтардың құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу және азаматтармен жұмыс істеуде өкілді және атқарушы органдарға жәрдемдесу болып табылады. Жеке құрам мен аумақтық кеңестер туралы ереже бекітілген. Тұрақты негізде қоғамдық қабылдау бөлімдері жұмыс істеуде.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін шешу үшін облыста Еуропалық одақтың «Қазақстанды өңірлік дамыту» жобасының ұсынысы бойынша үш деңгейден тұратын кеңестік жұмыс тобы құрылған: облыстық, аудандық және ауылдық, мәселелер мен қажеттіліктерді түсінуге және оларды шешудегі тәсілдерге қатысты келісімге қол жеткізу үшін ауылдық жоспарлау процесін ұйымдастыру мен жүргізуде икемдері бар фасилитаторлар тобы құрылып оқытылған.

Жоба сарапшыларымен бірлескен жұмыс нәтижесінде инклюзивті жоспарлау және ЖӨБ-қа жәрдемдесу тәсілі әзірленген.

Заңнамаға сәйкес 2013 жылы ауылдық округтерде барлық 246 ауылдық және кенттік округтарда қолма - қол ақшаны бақылау шоттары ашылған.

Ауылдың тұрақты жиналыстары мен жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының түсуі мен жұмсауы бойынша операциялар жүзеге асырылуда.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін заңнамалық деңгейде кеңейту;

2) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру үшін қоғамдық кеңестерді құру және жергілікті деңгейде талқылау және шешім қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескерту;

3) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығының қызмет етуі, аумақтардың санитарлық жағдайы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін шешу үшін қоғамдық кеңестерді құру.



Әлсіз жақтары (W):

1) ауылдың тұрақты жиналыстары мен жергілікті қоғамдастықтың жиындарын тұрақсыз өткізу;

2) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына меншікті кірістердің төмен түсуі.


Мүмкіндіктер (O):

1) ЖӨБ органдары үшін қосымша кіріс көзін тапсыру;

2) жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалануды мониторингілеуге жергілікті халықтың қатысуы;

3) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде төменгі деңгейіндегі әкімдердің дербестігін кезеңдік және жүйелі нығайту.



Қатерлер (T):

1) 4-ші деңгейлі дербес бюджетті енгізу кезінде салықтық әлеуеттегі айырмашылыққа байланысты, ауылдық округтердің теңгерімсіздік проблемасы.


Негізгі проблемалар:

1) бөлек өңірлерде ауылдың тұрақты жиналыстары мен жергілікті қоғамдастықтың жиындарын тұрақсыз өткізу, нәтижесінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражаттың шамалы түсімдері мен жұмсауы;

2) салық төлеушілер, салық органдарына салық салу объектілерін тіркеу туралы қажетті ақпаратты ұсыну арқылы салықтық базаны ұлғайтуда, салық жинамдылығын арттыруда қызығушылық танытпаушылық;

3) ауылдық жерде білікті кадрлардың жоқтығы.
Облыстың бюджеті

Облыс бюджетінің көлемі 2015 жылы 248,3 млрд. теңгені құрады.

Салықтық және салықтан тыс түсімдер жыл сайын ұлғайып келеді
(2013 жылы – 67,2 млрд. теңге, 2014 жылы – 72,7 млрд. теңге,
2015 жылы – 78,3 млрд. теңге).

Республикалық бюджеттен трасферттер үлесі 65 %, меншікті кірістер үлесі – 32,7 % құрады (24 сурет).


24 сурет – 2013 - 2015 жылдарға облыстың бюджет құрылымы,

млн. теңге
2015 жылы экономика салаларындағы өсімінің қол жеткізіліген оңды қарқындары және облыста кіріс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша жүргізілетін жұмыстың арқасында меншікті кіріс түсімдері өткен жылға 5,5 % - ға өсті.

Облыс бюджетінің шығыстары соңғы үш жыл ішінде 3,4 % - ға азайып, 248,3 млрд. теңгені45 құрады.

Облыс бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттемелер сақталған, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 3 % - ға артты.

Бюджетті қалыптастыру шығыстық қажеттіліктерді бағалау негізінде бюджеттік қызметтер тұтынушыларының санына және әртүрлі өңірлерде айырмашылықтарды шарттайтын объективтік факторлардың есебіне сүйеніп жүзеге асырылды. «Сметалық» тәсілден ағымдағы шығындарды бюджеттік қызметтер тұтынушыларының санына формулалық сызба бойынша шығындар деңгейінде айырмашылықтарды шарттайтын объективті факторлардың есебіне сүйеніп бағалауға ауысу жүзеге асырылды (демографиялық құрам, халықтың жиілігі, ауа райы жағдайлары, көліктік қолжетімділік және басқа).

Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды, және шығыстарды жоспарлағанда негізгі басым әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ облыстағы экономиканың сапалы өсімі үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Ауылдық округі, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала деңгейінде «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» іске асыру аясында жергілікті өзін - өзі басқарудың (бұдан әрі – ЖӨБ) қорларымен қамтамасыздығын көтеру үшін ЖӨБ - тің дербес бюджеті енгізіледі.

ЖӨБ - тің дербес бюджеті жергілікті қоғамдастықпен көрсетілген және келісілген бірінші кезектегі қажеттілікке ақша ағындарын жедел бағыттауға мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың кіріс көздері әкімдер басқаруындағы мүлікті жалдаудан (жалға алудан), жеке және заңды тұлғалардан ерікті жинаулардан, стационарлы орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама үшін төлемнен, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін өндірілетін айыппұлдардың бөлек түрлерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.

2015 жылы Бюджет кодексіне ЖӨБ органдарына, сондай-ақ бұрында аудандар бюджеттеріне түскен салықтың 6 түрі тапсырылған: төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден жеке табыс салығы (жеке кәсіпкерлерді), жеке тұлғалардан мүлікке салынатын салық, жеке және заңды тұлғалардан көлікке салынатын салық, жеке тұлғалардан жер салығы, жеке және заңды тұлғалардан елді мекендердің жеріне салынатын салық.

Аталған салық түрлері орнықты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсерінен байланысты емес, нақты аумақтық байланыс және жоғары дәрежедегі жеткілікті жинақтылығы бар салық базасынан төленеді.



2015 жыл ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 160,1 млн. теңге, оның ішінде бюджеттен трансферттер 119,4 млн. теңге, жергілікті өзін-өзі басқарудың меншікті кірістер 40,7 млн. теңге немесе жалпы сомадан 25,4 %.


    1. Негізгі мәселелер, қауіптер, ұстаушы факторлар, бәсекелес басымдылықтары және орта мерзімді келешектегі орнықты әлеуметтік – экономикалық даму мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы




Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

Халық және орналасқан жері

Шығыс Қазақстан облысында мемлекет халқының 8 % шоғырланған. Халық саны бойынша облыс Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласынан кейін 4-ші орында орналасқан

Халық тығыздығы төмен - 4,9 адам/км2 (ҚР – 6,3 адам/км2). Павлодар (6,0), Солтүстік Қазақстан (5,9), Акмола (5,0), Жамбыл (7,6), Алматы (8,5) облыстарына қарағанда халық тығыздығы төмен. Ең көп қоныстанған болып облыстағы солтүстік және солтүстік-шығыс аудандары болып табылады

Облыста урбанизация деңгейі жоғары – республиканың облыстары арасында Қарағанды (79,2 %), Павлодар (70,5 %) және Ақтөбе (62,4 %) облыстарынан кейін 4-ші орында

Шығыс Қазақстан облысында 15 ауылдық аудандар бар (Ақмола (17), Алматы (16) және Қостанай (16) облыстарынан кейін республика бойынша 4-ші орында

Өңірдің этно құрылымы көп ұлтты. Облыста 105 этнос тұрады

Жастардың үлес салмағының төмендігі есебінен демографиялық тұрғыдан облыс халқы қартаюға беталысы бар

Облыс халқының 45,8 %-ы екі қалада тұрады: Өскемен (23 %) және Семей (22,8 %)

Халықтың табиғи өсімінің деңгей бойынша өңір 16 өңірдің ішінде 14 орында орналасқан

Еңбекке қабілетті жастағы халықтың жоғары үлесі 61,8 % (ҚР – 60,8 %)

Халықтың табиғи өсімінің теріс көрсеткіші жыл сайын Глубокое, Шемонаиха және Зырян аудандарында

Сумен ең қамтамасыз етілген облыс. Басты су артериясы Ертіс өзені болып табылады

Тәліктік, мезгілдік және орташа жылдық ауа - райы температурасының жоғары амплитудасымен облыс климаты күрт континенталды

Өңір аумағының 7 % ормандармен жамылған




Облыс аумағында жалпы республикалық қордың 27 % қорғасынның баланстық қоры, 47,7 % - мырыш, 47,9 % - мыс шоғырланған, 50 алтын кен орындары орналасқан




Қолжетімділік және байланыс

ҚР бойынша ең ұзын және жалпы қолданыстағы авто көлік жолдарының дамыған желісі – 11,9 мың км

Облыстың теңізге шығуы жоқ

Облыс аумағында Өскемен қала-хабы бар (транзиттік әлеуеті мен қол жетімділік, ішкі байланысты жоғарылату)

Автожол көпірлері мен жол өтпелердің айтарлықтай тозуы (тозу деңгейі 85 % жетеді)

Жақсы және қанағаттандырылған жағдайда болып табылатын жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 71 % - дан 76 % - ға дейін ұлғайту

Алыстағы елді мекендерді жүйелі түрде жолаушы қатынасымен қамтамасыздығы (елді мекендерді қамту 64 % құрайды)

Халықаралық (Өскемен) және өңірлік әуежайлардың (Семей,Үржар) бар болуы, сол арқылы облыс ҚР басқа өңірлерімен, басқа елдермен, сондай - ақ облыстың аудандар арасымен байланысты

Бір жолмен жүретін және электрленген темір жолдары, бұл жүк және жолаушы тасымалдауға әсер етеді, сондай-ақ олардың құнын ұлғайтады

1000 адамнан астам санымен ауылдық елді мекендерді ұялы байланысымен қамту 100 % құрайды

Қысқы – көктемгі кезеңде облыстың бөлек аудандарына қиындаған қолжетімділік

Интернеттің кен таралуы (соның ішінде тіркелген желілер арқылы кең жолақты)

(123,9 мың абоненттер немесе ҚР абоненттер санынан 5,8 % , ҚР 4-ші орын)






Экономикалық даму (жалпы шолу)

3 жыл бойынша халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ өсім қарқыны орта республикалықтан жоғары (ШҚО – 11,9 %, ҚР – 10,3 %)

ЖӨӨ абсолюттік маңызы ел бойынша орташадан төмен (2015 ж. ШҚО – 1656,2 мың теңге, ҚР – 2330,4 мың теңге)

Елдің ЖӨӨ өңір үлесі тұрақты – 5,65 %

Тауарлар экспорты 2013 ж. 2,1 млрд. АҚШ доллардан 2015 ж. 1,9 млрд. АҚШ долларына дейін немесе 10,5 %-ға дейін азайды. Экспорт көлемдерінің ең көп қысқаруы ағаш, ағаш материалдары (28,6 есе), тоқыма және тоқыма ұйымдары (15 есе), құрылыс материалдары (108 есе), машиналар, жабдықтар, көліктік құралдар, аспаптар мен аппараттар (3,1 есе)

Экономика құрылымы

Аграрлық және индустриялық секторындағы арақатынасы 1:3 баланстандырылған (ҚР бойынша 1:6)

ЖӨӨ байланыс қызметтерінің үлесі ҚР бойынша (2,6 %) орта деңгейден (1 %) төмен

ЖӨӨ өңдеу өнеркәсібінің жоғары үлесі – 19,6 % (ҚР бойынша – 10,3 %)

Өңдеу құрамындағы металлургиялық өнеркәсіп үлесі 62,2 % - дан көбірек (әлем нарығындағы жағдайына өте тәуелді)

3 жыл ішінде ҚР облыстың машина жасау үлесі 17 % - дан 24 % - ға дейін, ағаш өңдеу 20 - дан 25 % - ға дейін, химиялық өнеркәсіп 9 - дан 11 % - ға дейін өсті

3 жыл ішінде ЖӨӨ - де ШОБ үлесі
14,6 % - дан 15,4 % - ға өсті (ҚР бойынша өсім 20,6 % - дан 25 % - ға дейін)

ШҚО бойынша 3 жыл ішінде туризм саласында орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 1,1 есе өсті (ҚР бойынша – 1,2 ретке)

ШҚО бойынша 3 жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік инвестициялар үлесі - 16,8 % (ҚР бойынша – 18,3 %)

2015 ж. ШҚО негізгі капиталға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2013 ж. салыстырғанда 3,5 өсті (ҚР бойынша – 8 % - ға)




3 жыл ішінде ШҚО бойынша негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде меншікіт қаражат үлесі – 59,8 % (ҚР бойынша – 49,6 %)




ШҚО бойынша 3 жыл ішінде ЖӨӨ қатысты негізгі капиталға инвестициялар мөлшері 11,6 % - дан 15,1 % - ға дейін өсті (ҚР бойынша – 21,3 % - дан 17 % - ға дейін)




Өнеркәсіп және инновация

«АзияАвто» АҚ базасында автомобиль жасауды кластерлеу үшін әлеуеттің бар болуы

2015 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО бойынша инновация саласында белсенділік деңгейі – 11,5 % ( ҚР бойынша орташа – 8,1 %)

2015 ж. қорытындысы бойынша өңір инновациялық өнімдер көлемінде ҚР - да 8 орын алады

Энергия тапшылық өңір (тапшылық 0,8 млрд. кВтс)

Дамыған инновациялық инфрақұрылымның бар болуы: Ұлттық ядролық орталық, ядролық технологиялар паркісі, өңірлік Алтай технопаркісі, тау-кен металлургиялық құрал - жабдықтар, ВНИИ Цветмет, «ҚазГипроЦветмет» инженерлік компаниясы және басқалар




Суэлектрстансаларымен электр энергия өндірісінің жоғары үлесі (жалпы облыстық өндіріс көлемінен 74 % жуық, ҚР - да 1 орын)




Ауыл шаруашылығы

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша Республиканың 16 аймағының ішінде Шығыс Қазақстан облысы 4 орында тұр (11,1 %)

Ауыл шаруашылығы шикізатының төменгі қайта өндеу үлесі: ет бойынша - 38,3 %, сүт - 27,2 %

Облыстың ЖӨӨ-де ауыл шаруашылығының үлесі 9,6 % құрайды

Егін шаруашылығына қатерлі аймақ

Облыс республикада мына өнімдер бойынша алда келеді: сүт өндіру, майлы күнбағыс, бал және панты өнімдері (1 орын), ет және картоп – 3 орын

Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың тұрақсыздығы

Облыстың мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында: сүтті және етті ірі қара шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы




Марал шаруашылығы дамыған жалғыз облыс (Катонқарағай ауданы)




Облыста республикада өндірілетін барлық күнбағыс көлемінің 63,5 % өндіріледі




Туризм

2015 жыл қорытындысы бойынша облыс орналастыру орындарының саны, ішкі туризм көлемі бойынша ҚР ішінде 1-ші орынға ие, соңғы 3 жылдың ішінде өңір Астана және Алматы қалаларынан кейін
3-ші орында

Негізгі туристік зоналардың төмен қолжетімділігі

Өңір «Шығыс Қазақстан» Ұлттық туристік кластерді қалыптастыру үшін негізгі аймақ болып табылады

Үржар ауданындағы Алакөл көлінде туризмді дамытуға кедергі жасайтын фактор ретінде әлеуметтік, транспорттық инфрақұрылым және ТКШ (жылына 400 мың туристерді қабылдауға әлеуеті бар)




Туризм саласындағы қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі

Жұмыспен қамту, білім беру, біліктілік пен еңбек нарығы

2015 ж. 3 - 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99,1 % құрады
(ҚР бойынша – 78,6 %)

2015 ж. облыс бойынша балабақша кезектілігі – 22 мың бала, соның ішінде Семей қаласында – 11 мың бала

2015 ж. өңірдегі ҰБТ орташа балы 80,5 құрады (ҚР бойынша – 79,4 %)

2015 ж. ҰБТ қорытындысы бойынша ЖОО түсу үшін жинайтын балды жалпы білім беретін мектептердің жартысынан көбі өтпеген

2015 ж. өңірде облыстағы колледж студенттерін тәжірибе базасымен жүз пайыздық қамтамасыз етуге жағдайлар жасалған

2015 ж. өңір бойынша ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру 63 %, ҚР бойынша – 68,6 % құрады




2015 ж. облыстың 11 мектебі - 1,6 % апатты деп танылды (ҚР бойынша – 1,8 %)




2015 ж. қорытындысы бойынша ағылшын тілімен меңгеретін халық үлесі – 3,5 %

ШҚО жұмыссыздық деңгейі ҚР (4,9 %) қарағанда (5,0 %) төмен

Өзін – өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі – 30,7 %, ҚР (27 %) қарағанда жоғары




Аумақтық бөлінісінде жұмыссыздық деңгейі орта облыстықтан жоғары Өскемен және Семей қ., сондай-ақ Зайсан және Күршім аудандарында байқалады




Жұмыссыздар арасында ең көп үлесін орта жастағы адамдар (69,8 %) құрайды, атап айқанда 29 - 54 жастағы

ШҚО 2016 - 2018 жылдарға еңбек қорларында жалпы қажеттілігі анықталды - 54,0 мың жұмыс орны. Ауыл шаруашылықтағы мамандарды талап етеді (ветеринарлық техникалар, механизаторлар, тракторшылар және басқалар), өнеркәсіпте (әртүрлі маманданудағы инженерлер, автоматтық желілердің жөндеушілері, өндірістің операторлары, машина жүргізушілері, темір ұстасы және басқалар), құрылыс саласында және басқалар

Облыстың еңбек нарығындағы аумақтық сәйкессіздігі және жеткіліксіз жұмыс орнының саны, әсіресе ауылдық мекенде




Демографиялық жүктеме коэфициенті 2013 ж. 543 адамнан 576 адамға дейін, 2015 жылы еңбекке қабілетті халықтың 1000 адамына шаққанда (ҚР – 604 адам)




Ауылдық мекенде білікті кадрлар жетіспеушілігі.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер/ әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік интеграция және теңдікті қорғау

Облыстағы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемдерінің өсімі 28,6 % - ға
(2013 - 2015 жж. 848,8 мың ш.м.)

Халықтың тұрғын үймен қамтамасыздығы - 19,4 шаршы.м/адам. ҚР қарағанда төмен
(20,9 шаршы м/адам)




Тұрғын үй қорының 19,5 % - ы жөндеуді талап етеді, 9 %-ы апаттық жағдайда.

Жалпы ұзындығы 1226 км жылумен жабдықтау жүйелерінің 10,5 % - ы жөндеуді талап етеді.

Жалпы ұзындығы 34 548,1 км электрмен жабдықтау жүйелерінің 64 % - ы жөндеуді талап етеді.

Жалпы ұзындығы 82,8 км газбен жабдықтау жүйелерінің 85 % - ы жөндеуді талап етеді



Аналық өлім көрсеткіші – 2015 ж. 100 мың тірі туғанға шаққанда 4,3, 2013 ж. салыстырғанда 3 ретке төмендеу (13,2), тиісінше ҚР бойынша көрсеткіште – 2015 ж. 100 мың тірі туғанға шаққанда 11,7

Облыста күтілетін өмір ұзақтығы – ҚР
(72 жас) қарағанда 70,9 жасқа (2015 ж.) төмен.

Еркектер арасында күтілетін өмір ұзақтығы – ҚР (67,5) қарағанда 6681 жасқа төмен



Нәрестелік өлім көрсеткішінің төмендеуі 1000 мың тірі туғанға шаққанда 2013 ж. 15,8 - ден 2015 ж. 10,8 дейін немесе 32 %

Өлім деңгейі - 10,42, ҚР (7,65) қарағанда жоғары

Облыста кардиохирургиялық көмек көрсететін қызмет жұмысы жақсартылды

Қан айналымы жүйесінің ауруы (ШҚО – 2 662,4, ҚР – 2 394,6) және жаңа құрулар ауруларының (ШҚО – 299, ҚР – 197,7) жоғары деңгейі




Жаңа құрулар ауырудың жоғары көрсеткіштері облыстың өнеркәсіпті дамыған аудандарда және бұрыңғы Семей сынақ полигонына іргелетін аумақтарда белгіленді: Глубокое және Шемонаиха аудандарында, Өскемен, Зырян, Риддер қалаларында




Ең көп дәрігерлік кадрлар (153 дәрігер) тапшылығы Өскемен, Риддер, Зырян қалаларында, ауылдық мекенде – Үржар, Глубокое, Көкпекті аудандарында

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық үлесі 2,4 % - дан 2,0 % - ға дейін төмендеді (ҚР - 2,7 %)




3 жылда атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) жүгінгендер саны 54,6 % - ға төмендеу

АӘК алушылар санында ауыл тұрғындарының үлесі 56,6 % құрады

АӘК алушылар құрамында еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы
35,4 % - дан 26,1 % - ға дейін төмендеу




Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж болған адамдардың жалпы санында) 2013 ж. 56,5 % - дан 2015 ж. 91,3 % - ға дейін өсті




Жұмысқа орналасқан мүгедектер санының артуы 2013 ж. 147 адамнан 2015 ж.
442 адамға дейін

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді мекендеу ортасының жетіспеушілігі

2015 ж. ата - аналардың қамқорлығысыз қалған балалар және жетім балаларды қолдау бойынша облыстық жоспары шеңберінде - 1887 ұйым 2040 баланы қамқорлыққа алды (демеушілердің ақшаларына 9 пәтер сатып алынды, әкімдіктермен 128 пәтер бөлінді)

2015 ж.арнаулы біліммен қамтылған шектелген мүмкіндіктерімен балалар саны 31,4 % (ҚР – 66 %) құрады

2015 ж. облыста шектеулі мүмкіндіктерімен 2000 адам дене шынықтыру және спортпен айналысқан (ҚР бойынша – 22 600)




Қоршаған орта және қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтер

Сапалы ауыз суға халықтың қолжетімділігі 85,1 % - ға (2013 жылы 80,9 %), ҚР – 76,4 % - ға дейін

Сумен жабдықтау желілері мен объектілердің жоғары тозу дәрежесінің бар болуы: тозу дәрежесі 65 % - дан аса. Желілерде су шығындары 25 % ұлғаяды

Ағынды сулардың жалпы көлемінде тазартылған су үлесі 97,4 % (ҚР – 90,7 %) құрайды

80 % кәріз желілері қанағаттанбаған жағдайда болып табылады және алмастыруды қажет етеді




Орталықтандырылған су бұру қызметтерімен (5,5 %) ауылдық елді мекендерді қамтудың төмен пайызы




Қалалық мекенде су бұру қызметтеріне халықтың төмен қолжетімділігі 53,5 %
(ҚР – 78 %)

2013 - 2015 жылдар аралығындағы кезеңінде облыс бойынша ауаға ластаушы заттардың барлық жалпы шығарындылары 140,1 мың тоннадан 129,6 мың тоннаға дейін азайды

Дамымаған жинау жүйесі, соның ішінде қатты - тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау

ШҚО бойынша сыртқы су объектілеріне ластанған ағынды сулар шығарындылары 2013 жылы 40,9 млн. текше метрден 2015 жылы 7,9 млн. текше метрге дейін азайды

Қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану көлемі төмен (2015 жылы 0,1 %) ҚР – 4,2 %




Тарихи ластанулар объектілерінің бар болуы (Семей ядролық полигоны, ірі металлургия кәсіпорындарының қалдықтары)




ШҚО ең көп ластанған аумақтар Өскемен, Риддер, Семей, және Зырян ауданы, оларға облыс бойынша ауаға барлық қалдықтардың 80 % тәртібімен келеді




2013 - 2015 жылдарға автокөліктік құралдар саны 310,9 мың бірліктен 358,3 мың бірлікке дейін ұлғайды, соның ішінде Өскемен қаласы бойынша 92,7 мың бірліктен 105,5 мың бірлікке дейін

Сумен қамту

Жерасты тұщы суының жаңа кен орындарын игеру арқылы облыстың АЕМ-дері мен қалаларын сапалы сумен қамтылуын арттыру

Ұңғымаларды пайдалану режимінің бұзылуы, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп болуы, жерасты суының техногендік ластануының нәтижесінде жерасты су көзі сапасының төмендеуі

Сумен жабдықтаушы инфрақұрылымды жаңғырту арқылы желілердегі шығындарды азайту




Әлеуметтік бірлік, қатысуы және сәйкестік

Ұлтаралық қақтығыстың жоқтығы, облыстың аумағында барлық ұлттардың жарасымды бірлесіп өмір сүруі, этномәдени бірлестіктердің (ЭМБ) дамыған инфрақұрылымы - 110, соның ішінде ең көбі: орыстар, славяндар және казактар - 20, татарлар мен немістер - 10




2015 ж. облыс бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі – 76,1 %
(ҚР бойынша – 76 %)




Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 93 %

2015 ж. қорытындысы бойынша облыста 1 театр 700 мың тұрғынға шаққанда келеді
(ҚР бойынша 285 мың тұрғынға шаққанда)

2015 ж. ШҚО бойынша ауылдық мекенде клубтық түрде 1 мәдениет мекемесі
2000 тұрғынға шаққанда келеді
(ҚР бойынша – 2 600)

Облыста қолда бар спорт залдардан – 84,1 % білім беретін мектептерге жатады. 2015 ж. қорытындысы бойынша өңір бойынша спорт залдар қажеттілігі – 381 бірлік

2015 ж. өңір тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен қамту - 30,3% (ҚР бойынша – 26,3%)




Азаматтарға мемлкеттік қызмет көрсету және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара әрекет

Өңірде электрондық құжатайналымның бірыңғай көліктік ортасы құрылды (БКО). БКО облыс әкімінің аппараты, 21 облыстық басқарма, 19 аудан мен қала әкімдіктері, 131 дербес бөлімдерге қосылған

Мемлекеттік қызмет алу туралы халықтың хабарландырылмауы (қызмет алушылар қызметті қайдан алуға болатынын білмейді – ХҚКО немесе мемлекеттік органда)

ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының өсуі (2013 жылы
78 - ден 2015 жылы 162 дейін)

«Электрондық үкімет» порталымен жұмыстың қиындылығы: E-Gov порталының қиындаған интерфейсы және халық үшін бөлек қызметтерге қолжетімділіктің төмендеуі

Облыста дамыған жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі

Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінде қаражаттың жетіспеушілігі

Мүмкіндіктер

Қатерлер

Халық және орналасқан жері

Пайдалы қазбалалар кен орнының бар болуы және әзірлеу

Шекаралас аумақтардың елсізденуі

Урбанизацияланған аумақтардың базасында орнықты дамуы

Халық құрылымында балалардың төмен үлесі (20,8 %) ҚР – 25,9 %




Қарлы борандар мен тасқындар қауіптері

Қолжетімділік және байланыс

ҚХР мен РФ-на шығуы бар өңірдің дамыған көліктік желісі есебінен транзиттік әлеуетті дамыту

Техникалық жағдайдың нашарлануына әкелетін автожолдарды салу және қайта құруға бюджеттік қаржыландыруды қысқарту

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жаңа автожолдар құрылысы есебінен облыстың ішкі және сыртқы байланыстылықтың көтерілуі




Авто және темір жолдың өткізу қабілеті резервтарының бар болуы




Экономика құрылымы

Машина жасау саласының жайылтпаушылық деңгейін көтеру

Облыстың негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағадағы конъюктурасының нашарлануы

Еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті көтеру мақсатында өндірісті жаңғырту

Өңірдің мономамандануы: өңірдің экономика құрылымында жұмыспен қамтудың кейінгі қысқаруы және бюджетке түсетін түсімдермен тау - кен металлургия кешеніндегі үлестің қысқару қаупі

Облыстың экономика құрылымында агроөнеркәсіптік кешендегі үлестің ұлғайуы




Көліктік - логистикалық қызметтері мен жаңа сауда форматтарын дамыту




Өнеркәсіп және инновациялар

Машина жасау және агро азық - түлік кластерлерін дамыту

Тау - кен металлургия кешендегі өнімдер экспортының шикізат бағыттылығын сақтау

Ағаш өндеу өндірісінің дамуы (облыста 12,6 % орманды аудан және Қазақстандағы негізгі орманды құрайтын 49,6 % ағаштың қоры орналасқан)




Курчатов қ. ғылым қаласы ретінде дамыту

Серебрянск және Зырян ққ. қала құрушы кәсіпорындардың тоқтап қалу қауіпі
(Зырян ауданы)

«500 кВт - тық Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік» транзитінің құрылысы» жобасын іске асыру есебінен энергия тапшылықтың төмендеуі

Орналасқан және орнатылған қуаттар арасындағы қуаттар үзілуінің артуы, жұмыс істеп тұрған электр стансаларда негізгі құрал - жабдықтың істен шығуы

Жаңғырылатын энергия көздерінің әлеуеті - 20 млрд.кВтс пайдалануға техникалық тиімді




Ауыл шаруашылығы

Мал азығы дақылдарының үлесін арттыру үшін егістіктерді әртараптандыру

Табиғи-климаттық жағдайдың кері әсерлері

Ауылшаруашылық кооперацияларын дамыту

Қазақстан Республикасының БЭК және
ІСҰ - ға кіруі аясында агроөнеркәсіп нарығында бәсекелестіктің күшеюі

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ынталандыру және мемлекеттік қолдау көрсету арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру




Дайындау ұйымдарының торабын дамыту




Сүт және сүт өнімдері өндірісін, ет өнімдерін қайта өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту
(«100 нақты қадам» бағдарламасы аясында)




Туризм

Семей қ. медициналық туризімнің кластерін дамыту




Жұмыспен қамту, білім беру, біліктілік пен еңбек нарығы




Дағдарыс жағдайда кәсіпорындардың жабылуына байланысты жұмыссыздық өсімінің қауіпі




Еңбекке жарамды халықтың қартаюы және еңбекке жарамды жаста халықтың көшіп-қонуы




Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының ұлғайуы

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер/әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік интеграция және теңдікті қорғау

«Нұрлы жол», «ЖҚЖК - 2020», «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламаларының іс -шараларын іске асыру есебінен тұрғын үй құрылысын арттыру




Қоршаған орта және қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтер

Тұщы жер асты сулардың жаңа кен орныларын игеру есебінен сапалы сумен облыстың қалалары мен АЕМ қамтамасыздығын көтеру

Пайдалану тәртіптерінің бұзылуы, күтімсіз қалған сугеологиялық ұңғымалардың бар болуы, жер асты суларының техногендік ластануы нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі

Сумен қамтамасыз етілетін инфрақұрылымды жаңарту есебінен желілерде шығындарды қысқарту




Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану бойынша технологиялар енгізу. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту

Күтімсіз қалған өнеркәсіптік, уландырғыш және тұрмыстық қалдықтар шоғырландырудың жалғастырылатын беталысы, сондай-ақ екінші рет қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялардың жоқтығы.

Сумен қамту

Халықтың сапалы ауыз суға 85,1 % - ға дейін қол жеткізуі (2013 жылы 80,9 %),
ҚР бойынша – 76,4 %

Сумен қамту нысандары мен желілері тозуының жоғары деңгейде болуы: тозу деңгейі 65 % - дан астам. Желілердегі су шығыны 25 % - дан асады

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара
іс - әрекет

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет алуға өңір тұрғындарының қызығушылығын көтеру

Интернет желісіне шектелген мүмкіндігіне байланысты электрондық мемлекеттік қызметтің сұранымсыздығы

Ұялы телефондарды кең тарату «е-әкімдік» қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкін

Алыстағы аудандарда ХҚКО – ның аумақтық қол жетпеушілік




  1. Каталог: assets
    assets -> Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар «Сайтты Интернеттен іздеу»
    assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
    assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
    assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
    assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
    assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
    assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет