Үштілдік білім беру дамуының жаңаша беталысы



Дата15.02.2022
өлшемі20,89 Kb.
#131780
Байланысты:
үштіл
1814, зертханалық жинақ дайын-1, ПИЗА

Үштілдік білім беру дамуының жаңаша беталысы


Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей [5, 4], бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.. Бұл - заман талабы» Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер -ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.
Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.
Өз іс-тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Кел, сайысайық!», ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу.

Мақал-мәтелдер
тақырыбы

қазақша

орысша

ағылшынша





Бұл жерде оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына назар аударылады. Ал осы тақырып бойынша қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық бағыттағы тапсырма «Мақал-мәтелдердің баламасын жаз» ұсынуға болады. Бұл жерде оқушылар өздері таңдаған тақырыпта үш-тілде мақал-мәтел ойлап, баламасын жазуға талаптанады. Шығармашылық бағыттағы тапсырманың бір түрі: «Физикалық құбылыстар ақындар жырында».

Қазақша

Орысша

Ағылшын

Үндестігі

ерекшелігі






 Бұл тапсырмалар оқушылардың ізденушілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болды. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамытты. Пәнаралық байланыстың негізінде оқушылар әр пәннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланды. Үштілділікті физика сабағында да жүйелі түрде қолданып келеміз. Мәселен, физика сабағында 9-сыныпта «қозғалыс » тақырыбын өткенде іздендіру-зерттеу бағытындағы тапсырма ұсынуға болады. Яғни, «Түзу сызықты ,айнымалы, және шеңбер бойымен қозғалыс » тақырыбы бойынша оқушылар салыстыру жұмысын жасап, тапқан деректерін топпен бірлесе отырып, үш тілде баяндап беруге талаптанады.
Зертханалық жұмыстар жүргізген сабақтарда үштілділікті қолдану аясында оқушылардың, зерттеушілік әрекеттерін дамытып, салыстыру, талдау, дәлелдеу сынды дағдылары қалыптасады. Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет