Бағдарламасы Өткізілетін күні: 023 жыл қыркүйек Өткізілетін жері: мектеп алаңы Өткізілетін уақыты: сағат 10 : 00



бет1/3
Дата04.09.2023
өлшемі26,23 Kb.
#180137
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Сценарий 1 қыркүйек 2023
БЖБ 10-сынып 1 т Биология 1,2,3

1 қыркүйек білім күні «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
атты салтанатты жиынның бағдарламасы

Өткізілетін күні: 2023 жыл 1 қыркүйек


Өткізілетін жері: мектеп алаңы
Өткізілетін уақыты: сағат 10 :00


Мектеп алды безендірілген
Мектеп алаңында оқушылар сапта тұрады
Қонақтар кіріп келе жатқанды Тәттімбеттің «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.
Фан-фар


1-Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қадірменді ата-аналар!
1 қыркүйек білім күні «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!


2-Жүргізуші:
Сыңғырлай соққан қоңырау үніне сағына келген оқушылар Сіздерді 1 қыркүйек білім күнімен құттықтаймыз!

Мектеп деген білім күні, жыр күні,


Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!
Жүргізуші:_2023-2024_оқу_жылында_мектеп_табалдырығын_аттағалы_отырған_1_сынып_бүлдіршіндерін_ортамызға_шақырайық.'>1-Жүргізуші:
2023-2024 оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған
1 сынып бүлдіршіндерін ортамызға шақырайық.

Алдарыңызда 1 а сыныбы. Алғаш мектеп партасына отырғалы отырған білімге құштар оқушыларымызға қошемет көрсетейік. 1 а сыныбы


жетекшісі Изембаева Қатипа Тұрдақынқызы
Жүргізуші:
2-Жүргізуші:
Келесі кезекте 1 б сыныбын қарсы алыңыздар. 1 б сыныбының жетекшісі Байсеитова Гульнара Ерғалиқызы
«Ұстазсыз шәкірт тұл » демекші өз шәкірттеріне мейіріммен қарайтын апайларымызға кішкентай бүлдіршіндерімізді асқар таудай, азамат етеді деген сеніміміз мол.


1-Жүргізуші:
Қай кезеңде де қазақстандық қоғам білім құндылығы жоғары дәріптелген. ХІХ ғасырдың ІІ артысында ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды оқу білімге шақырды. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі де жастарды білім алуға шақырып,оқу, өнер ,ғылым- білімнің жалпыхалық үшін даму жолы екендігін насихаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет