Бағдарламасы Пән мұғалімі: исакова л 2021-2022 оқу жылы. Т ү сінікха т І курстың мақсаты



бет1/3
Дата29.08.2022
өлшемі112 Kb.
#148320
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
10.ИЛЗ
10 Д.Тарих. ТЖБ. Жаратылыс-Матема Бағыт. 1 нұсқа, Баяндама






«Бекітемін» «Келісемін»


Мектеп директоры Әдістемелік кабинет
меңгерушісі:
__________ Ә.Оспанов __________ А.Шерова.


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ
«Ә. Бектаев атындағы ЖОББМ»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Алгебра
пәні қолданбалы курсының
10 -сыныпқа арналған «Функция» оқу
бағдарламасы
Пән мұғалімі: исакова Л


2021-2022 оқу жылы

.


Т ү с і н і к х а т
І Курстың мақсаты:
Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларына арналған, 34 сағатқа есептелген.
Бағдарлама білім берудің тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына толықтай жауап бере отырып, қабілетті, дарынды оқушыларды анықтайды. Шәкірттің өз бетімен жұмыс жасауына, оның шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. Алған білімін өмірге, практикада қолдануын қалыптастырып, математикаға қызығушылығын арттырады. Жалпы білім беретін мектептің мақсаты оқушыларға тек нақты білім беру ғана емес, сонымен қатар кез келген есептерді шығара білу, өмірде алған білімін қолдана білуге үйрету.
Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Оқушылардың шығармашылық ізденіс әдістерін іріктеуге, талдап ойлауға, ой өрісін дамытуға дағдыландырады.
Логикалық есептерді шығару- оқушыдан шығармашылықпен жұмыс істеуді талап етеді. Есепті шешу процесін мына кезеңдерге бөлуге болады:

  • Есеп шартын талдау;

  • Тірек- сызба құру;

  • Есепті шешу әдістерін іздестіру;

  • Есепті шешуді жүзеге асыру;

  • Есеп шешімін тексеру;

  • Есепті шешу тәсілдерін зерттеу.

  • Алынған нәтижені талдау

Осылайша оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет