Бағдарламасы құрастырған: Кусаинова Гулимжан Бопиевна Екібастұз қаласы, 2017 жыл



бет36/36
Дата10.12.2021
өлшемі119,96 Kb.
#78718
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
sabaq-kz attachment sz-ner-2-synypa-arnalan-yrme-kursyny-badarlamasy

Тыңдауға үйренеміз.

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін оқу

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін оқушыларға мұқият тыңдатып оның мазмұнымен жұмыс жүргізу.Сұрақ- жауап арқылы.

-Қарлығаш ұясын қайда салады деп ойлайсыңдар? Неге қарлығаш көкектен көмек сұрады? Көкек не деп жауап берді? Карлығаш тағы қандай құстан көмек сұрады? Ол не деді? Қарлығашқа не көмек берді? Ертегі қалай аяқталды? Олар неге дос болды?

-Ертегіні сахналау.

Ойын «Кім жылдам».Топта оқушылар туған жердің табиғаты туралы ең әсерлі теңеулерді айтады.

Сабақты бекіту



Мәнерлеп оқы:

Туды көктем, шулы көктем

Кең даланы оятты.

Күн қызуын құйды көктен,

Сең бұзылды, су ақты.

«Сұрақ-қорытынды» кері байланыс әдісі: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатымен жүргізіледі. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.

-Сабақ не туралы болды?

-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

-Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

-Бұл мен үшін неге қиын болды?

-Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсере аламын?

Сабақтың тақырыбы: Сюжетті суретпен жұмыс

Сабақтың мақсаты: балалардың қолдануындағы күрделі және жай сөйлемдердің құрылымын дамыту; тілдерін жетілдіру;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Тілек шоғы..



Әдеби калейдоскоп:

Оқушылармен көктем тақырыбында жазылған шығармаларды еске түсіру.

Бұл шығармалардың негізгі ойын анықтату. Шығармалармен кешенді талдау арқылы жұмыс жүргізу.

Тіл дамыту: «Қызғалдақ»

Қар кетіп, жер жылыды.Жазық даланы қызғалдақ жапты. Балалар қызғалдақ теруге барды...

Әңгімені жалғастырып аяқта. Қызғалдақтардың суретін сал.

«Сюжетті суретпен жұмыс » Көктем келді

-Қандай жыл мезгілі бейнеленген?

-Қандай өзгерістер туралы айта аласыңдар?

-Қандай гүлдер бейнеленген? Неге?

-Балалар не істеп жатыр? Не үшін, неге?

Мәнерлеп оқу: М.Қуанышбеков «Отырғыз ағаш көктемде»

Мазмұнын қара сөзбен айтып беру.



Ойын «Диалог -әңгіме»: Оқушыларға ағаштардың суреттері таратылады.

-«Мен кеше орманға барып, бірнеше ағаштың түрін көрдім, онда тек қайың ғана жоқ екен», - дейді.

- «Қайың бар, шырша жоқ», - дейді келесі бала.Осылай әрі қарай жалғасады.

Сабақты бекіту



«Сұрақ-қорытынды» кері байланыс әдісі: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатымен жүргізіледі. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.

-Сабақ не туралы болды?

-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

-Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

-Бұл мен үшін неге қиын болды?

-Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсере аламын?

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сөйлеп үйренемін. Просвещение баспасы, 2003.

2. З. Бейсембаев Б.Игенбаева Г. Әріпова Әдебиеттік оқу хрестоматиясы

2013.


3. Әдебиеттік оқу. Жұмыс дәптері. Алматыкітап баспасы, 2013.

4. Қызықты грамматика. Жұмыс дәптері. Алматыкітап баспасы, 2013.



5. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.Астана, 2013.

6.Тіл дамытудың ғажайып әлемі.Алматы. «Аруна» баспасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет