БАҒдарламасы (syllabus) Пәннің атауы: «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары»



бет1/4
Дата30.11.2019
өлшемі90,19 Kb.
#52787
  1   2   3   4
Байланысты:
Құқық қорғау органдары
Тамо-ое делопр. и статистика, УМК, силлабус, тест пси, Силлабус Русский язык 2019, мақала қыз тәрбиесі, 52831
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы: «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары»



Мамандық:

«5В030100- Заңтану»



Оқыту формасы

Дистанциондық технологияны қолдану арқылы сырттай оқу

Барлығы

3 кредит

Курс

1

Семестр

1









А С Т А Н А

1. Оқытушы туралы мәліметтер: Рысжанова Гульнур Саматқызы., аға оқытушы, заң магистрі g.s.ryszhanova@mail.ru
2. Пәннің пререквизиттері: Аталған курсты оқыту басталғанға дейін студенттердің колледжден алынуы тиісті құқықтық, тарихи және қоғамтану білімдері болуы қажет.Олардың қатарына Қазақстан және Жалпы тарих, Құқық негіздері, Мемлекет және Құқық теориясы кіреді.

3. Пәннің постреквизиттері: Пәнді оқып меңгергеннен кейін «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Қылмыстық құқығы», «ҚР Прокурорлық қадағалау», «Адвокатура» және «Криминалистика» өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып үйрену керек.

4. Пәннің сипаттамасы: «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәні ретінде, ол барлық құқық қорғау қызметтері мен құқық қорғау органдарының қызметтеріне байланысты мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәні студенттерге мемлекеттегі құқық қорғау органдары туралы, қазіргі қоғам өміріндегі құқық қорғау қызметінің орны мен рөлі туралы, заңдылық, құқық шығармашылық пен құқық қолданушылық, құқық бұзушылық пен адам құқықтары мен бостандықтары туралы қазіргі білім жүйесін беруге арналған.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге құқық қорғау қызметінің, құқық қорғау органдарының қызметтерін құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, құқық қорғау органдары туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәнін оқып-үйрену барысында студенттер, сонымен бірге құқық қорғау қызметтерінің салалары бойынша білімдерді игереді, олардың қызметтерін реттейтін заңдармен танысады, заңнаманы даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардың тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының құқықтық мемлекетті қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады.


5. Пәнді оқудың мақсаты: «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» атты оқу пәнi ең маңызды құқықтық пәндердiң бiрi, өйткенi бұл курс шегiнде еліміздің құқық қорғау органдарын ұйымдастыру қызметі мен өкiлеттiктерiнің мәселелері қарастырылады.


«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәнi ретiнде өсiп келе жатқан заңгерлерге соттар, Конституциялық Кеңес, прокуратура органдары, әдiлет органдары, алдын - ала тергеу мен анықтау органдары, адвокатура мен нотариаттың мемлекетте заңдылық және құқықтық тәртiптi бекiту функциясын, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын басқа органдары туралы қажетті мәлiметтердi беру болып табылады.

Пәннің жүйесi соттар қызметiнiң ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiне арналған Конституциялық Кеңес, прокурорлық қадағалау мен прокуратура органдарының қызметiнiң басқа бағыттары, қылмысты ашу, тергеу, құқықтық көмек көрсету мәселелерін қамтиды. Бұл пәндi бiлмей «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқығы», «ҚР Прокурорлық қадағалау» және т.б. сияқты пәндердi түсiну мүмкiн емес.

Сондықтан, әрбiр студентте құқық қорғау қызметi, сот билiгi, сот төрелігі, сот төрелігінің принциптері, сот жүйесi, сот сатылары алдын-ала тергеу мен анықтау органдары сияқты ұғымдар туралы нақты түсiнiгi болуы керек.

6. Пәнді зерттеудің міндеттері:

Құқық қорғау органдарының қызметi мен ұйымдастырылуы заңмен қатаң реттеледi. Сондықтан, бұл курсты менгеру тiкелей заңдар мен нормативтiк - құқықтық актiлердi тiкелей оқуды талап етедi.

Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестiң қаулылары, нұсқаулары, ережелері прокуратура органдарының бұйрықтары, инструкциялары мен басқа нормативтiк актiлерi Қазақстан Республикасының министерлiктерi мен ведомстваларының нормативтiк актiлердің бюллетенiнде жарияланады.

Оқу пәнінің тақырыптарын тереңiрек зерттеу үшiн қосымша материалды қазақстандық және шетелдiк ғалымдардың ғылыми зерттеулерiнде және «Тураби», «Государство и право», «Законность», «Правоведение», «Юридический мир», «Фемида», «Закон и время», «Юридическая газета», «Заң газетасы», «Заң журналы», «Заң және заман», «Прокурорская и следственная практика», «Закон», «Право», «Человек и право», «Правовая форма», «Правовая реформа», «Адвокат» сияқты журналдардан оқуға болады.



7. Тематикалық жоспар




Тақырып

Мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет