Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5



Дата20.06.2018
өлшемі101,5 Kb.
#44037
«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5

қазандағы № 4106 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат қарастыратын болсын.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Бағдарламаға сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзірлеп, бекітсін және оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы



Президентінің

1998 жылғы 5 қазандағы

№ 4106 Жарлығымен

Бекітілген

 

Тілдерді қолдану мен дамытудың

мемлекеттік бағдарламасы

1. Кіріспе

Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 25-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына сәйкес әзірленген.

Бағдарламаны әзірлеудің көкейкестілігі қоғамдағы тіл проблемаларын шешу жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қолдану процесіне мемлекеттік қолдаудың қажеттілігімен айқындалады. Соңғы кезде республикада осы салада әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге байланысты біршама мақсатты жұмыстар атқарылуда. Тілдерді дамыту жөніндегі қызмет саласының ауқымы өте кең, өйткені кез-келген қоғамда тіл өз ықпалын тигізбейтін сала жоқ. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың факторы болып табылады. Тілдерді дамыту - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың аса өзекті бағыттарының бірі. Осы Бағдарламаны әзірлеу мен қабылдау аталмыш факторға негізделеді.

Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Осы мақсатта, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік тілдің басымдығы ескерілетін 23-бабына сәйкес Бағдарлама қазіргі тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде мынадай негізгі төрт бағыт бойынша нақты іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:

ел азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау;

мемлекеттік тілді барынша дамыту, оның қоғам өмірінің барлық салаларында, әсіресе ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, халықаралық қатынастар салаларында белсенді қызмет етуіне қажетті алғышарттар қалыптастыру;

ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшірудің нақты негізін жасау;

ел азаматтарының ана тілін қолдануына, олардың қарым-қатынас, тәрбие беру, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауы үшін қолайлы жағдайларды сақтау мен дамыту.

Бағдарламаны іске асыру мерзімі 1998-2000 жылдар кезеңіне есептелген.

Оның қысқа мерзімділігі республикадағы тілдерді дамыту жөніндегі жұмыс тәжірибесі мен әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып айқындалды. Болжалды кезеңде ұйымдастыру жұмыстарының тиімділігін, материалдықтехникалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық базаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін кезек күттірмейтін іс-шараларды орындау және тілдерді дамыту жөніндегі қысқа мерзімді жоспарларды жүзеге асыру белгіленген. Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың бастапқы кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға бағытталған.

Аймақтық және салалық бағдарламаларды Бағдарлама мен нақты тілдік ахуалдарға жүргізілген социолингвистикалық талдаулар негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар әзірлейді.

Бағдарламаға сәйкес осы уақытқа дейін қабылданған аймақтық және салалық бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс.



Бағдарламаның құрылымы мен мақсатқа қол жеткізудің ұсынылып

отырған тетіктері

Бағдарлама кіріспеден және:

Нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру

Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету

Тіл - бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет және білім беру салаларында

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Терминологиялық және ономастикалық жұмыстар деп аталатын бес тараудан тұрады.

Бағдарлама орталық және жергілікті атқарушы органдардан алынған ұсыныстар негізінде жасалған. Оларды атқару мерзімі мен орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелер айқындалған.

Бағдарламада белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай тоғыз негізгі міндетті шешу ұсынылады:

- тіл саласында нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қажетті ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету;

- тілдердің, ең алдымен мемлекеттік тілдің еліміздің қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту. Тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;

- тілді оқу орындарында оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту. Тілдің мектепке дейінгі балалар мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі күллі білім беру жүйесінде оқытылуында сабақтастықты қамтамасыз ету. Тілдерді оқытудың төлтума бағдарламалары мен жаңа технологияларын әзірлеу. Оқу орындарында қажетті техникалық құралдармен жабдықталған лингафондық және компьютерлік тіл кабинеттерін ашу. Оларды оқулықтармен, оқу материалдарымен және әдістемелік әдебиетпен жабдықтау. Қажеттігіне қарай елді мекендерде тіл үйрету кабинеттерін ашу. Тілдерді, соның ішінде шет тілдерін үйрету Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерді компьютерлендіру бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ажырамас бөлігі болуға тиіс;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қызметін жандандыру;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруге қажетті жағдайлар жасау. Қазақ тілінде іс жүргізу үлгілері мен нұсқаларын (шаблондарын) әзірлеп, компьютерге енгізу;

- қазақ әліпбиін, емлесі мен терминологиясын жетілдіру жөнінде кешенді шаралар қолдану. Мемлекеттік тілді қазіргі заманғы техника тіліне (компьютер, сканер, спутниктік байланыс және т.б.) көшіру бағдарламаларын жасау;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 21-баптарына сәйкес тарихи-географиялық топонимикалық атауларды қалпына келтіру мен деректемелерді және көрнекі ақпаратты ретке келтіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

- ел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін ынталандыру шараларын әзірлеу.



Бағдарламаны қаржыландыру

 

Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаражат жыл сайын республикалық бюджетте көзделеді. Аймақтық және салалық бағдарламалар жергілікті бюджеттер есебінен және бюджетте тиісті министрліктер мен ведомостволарға көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ басқа да көздерден қаржыландырылады.



 __________________________________________________________________________

| № |                                          |                |

|p\c|            Жұмыстың мазмұны              |  Орындаушылар  |  Мерзімі

|___|__________________________________________|________________|__________

| 1 |                    2                     |          3     |       4

|___|__________________________________________|________________|__________

               2. Нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру

__________________________________________________________________________

| 1 |Тілдердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз  |Ақпарат және қо.|1999 жылдың

|   |ету мақсатында Қазақстан Республикасының |ғамдық келісім. |II тоқсаны

|   |қолданыстағы заңдарына өзгерістер мен    |мині            |

|   |толықтырулар енгізу жөнінде заң жобаларын|                |

|   |әзірлеу                                  |                |

|___|_________________________________________|________________|___________

| 2 |Тілдердің қолданылуы мен дамуына қолайлы  |Ақпарат және қо|1999 жылдың

|   |жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Респуб.|ғамдық келісім.|III тоқсаны

|   |ликасының "Қазақстан Республикасындағы тіл|мині, Еңбек және|

|   |туралы" Заңының 23-бабының үшінші бөлігін |халықты әлеумет|

|   |іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу      |тік қорғаумині |

|___|__________________________________________|_______________|__________

| 3 |Тілдердің қолданылуы мен дамуының         |Ақпарат және қо|2000 жылдың

|   |2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік   |ғамдық келісім.|IV тоқсаны

|   |бағдарламасын әзірлеу                     |мині           |

|___|__________________________________________|_______________|___________

                 3. Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету

__________________________________________________________________________

| 4 |Қазақ тілінде өзекті ғылыми-зерттеу жұмыс.|Ғылыммині-Ғылым|1998 жылдан

|   |тарын жүргізуге жағдай жасау. Ғылыми-зерт.|   академиясы  |   бастап

|   |теу институттарын кезең-кезеңімен мемле.  |               |

|   |кеттік тілге көшіру іс-шараларын әзірлеу  |               |

|___|__________________________________________|_______________|___________

| 5 |Мынадай монографиялар әзірлеп, бастырып   |Ғылыммині-Ғылым|1998-1999

|   |шығару:                                   |академиясы     | жылдары

|   |   Қазақ тілінің академиялық грамматикасы |Ақпарат және қо|

|   |                                          |ғамдық келісім.|

|   |                                          |мині,          |

|   |   Қазақ әдеби тілінің тарихы             |Бұл да сол     |1998 жыл

|   |   Тіл мәдениетінің негіздері             |Бұл да сол     |1999 жыл

|   |                                          |               |

|   |   "Қазақтар ана тілі әлемінде"           |Бұл да сол     |1998 жыл

|   |   этнолингвистикалық сөздігі             |               |

|___|__________________________________________|_______________|___________

| 6 |Мыналарды даярлап, басып шығару:          |               |

|   | Орысша-қазақша сөздік (150 бас.т.)       |Бұл да сол     |1999 жыл

|   |  Қазақ тілінің орфографиялық             |Бұл да сол     |1998 жыл

|   |сөздігі (40,0 бас.т.)                     |               |

|   |  Қазақ тілінің орфоэпиялық               |Бұл да сол     |  - // -

|   |сөздігі (40,0 бас.т.)                     |               |

|___|__________________________________________|_______________|___________

| 7 |Қазақ тілінің компьютерлік сөздік         |Бұл да сол     |  - // -

|   |қорын (мәліметтер жинағы) құру            |               |

|___|__________________________________________|_______________|___________

| 8 |Қазақ тілін кандидаттық минимум тапсырылу.|Бұл да сол     |1999 жыл

|   |ға міндетті пәндер тізбесіне енгізу.      |               |

|   |Ғылыммині-Ғылым Академиясының ғылыми-зерт.|               |

|   |теу мекемелерінде аспиранттар мен іздену. |               |

|   |шілерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру   |               |

|   |   Диссертациялар қорғау жөніндегі диссер.|Бұл да сол     |2000 жылдан

|   |тациялық кеңестердің жұмысын кезең-кезеңі.|               |   бастап

|   |мен мемлекеттік тілге көшіруді қамтамасыз |               |

|   |ету                                       |               |

|___|__________________________________________|_______________|___________

| 9 |Қазақ әліпбиі мен емлесін жетілдіру       |Бұл да сол     |1998 жылдың

|   |жөнінде шаралар кешенін әзірлеу           |               |IV тоқсаны

|___|__________________________________________|_______________|___________

          4. Тіл бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет және

                           білім беру салаларында

__________________________________________________________________________

|10 |Республикада жұмыс істейтін ұлттық мәдени |Ақпарат және қо.|Ұдайы

|   |орталықтар мен қауымдастықтардың, шетелдік|ғамдық келісім. |

|   |әріптестермен іскерлік байланыстардың тә. |мині, Білім, мә.|

|   |жірибелерін пайдалана отырып, тілдерді    |дениет және ден.|

|   |оқытудың жаңа технологиясы мен озық прак. |саулық сақтау.  |

|   |тикасын қорыту және тарату                |мині, облыстар  |

|   |                                          |және Алматы,    |

|   |                                          |Астана қалалары.|

|   |                                          |ның әкімдері    |

|___|__________________________________________|________________|__________

|11 |Оқытушылардың, аудармашылардың, іс қағаз. |Бұл да сол      |  - // -

|   |дарын жүргізушілердің және басқа да маман.|                |

|   |дардың тілдік біліктігін арттыру жөніндегі|                |

|   |курстар ұйымдастыру                       |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|12 |Көлік пен байланыс, сауда, денсаулық сақ. |Көліккоммині,   |  - // -

|   |тау, тұрмыстық қызмет көрсету, анықтама-  |Энергетика, ин. |

|   |ақпараттық қызмет көрсету салаларында мем.|дустрия және    |

|   |лекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету|саудамині, Білім,

|   |                                          |мәдениет және   |

|   |                                          |денсаулық сақ.  |

|   |                                          |таумині         |

|___|__________________________________________|________________|__________

|13 |Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері      |Ақпарат және қо.|  - // -

|   |жөнінде республикалық, аймақтық, салалық  |ғамдық келісім. |

|   |кеңестер, конференциялар, коллоквиумдар   |мині            |

|   |және басқа да іс-шаралар өткізу           |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|14 |Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ ті. |Ақпарат және қо.|1999жылдың

|   |ліндегі суретті кітапшалармен және буклет.|ғамдық келісім. | I тоқсаны

|   |термен қамтамасыз ету жөніндегі арнайы    |мині, Білім, мә.|

|   |бағдарламалар әзірлеу                     |дениет және ден.|

|   |                                          |саулық сақтауми.|

|   |                                          |ні              |

|___|__________________________________________|________________|__________

|15 |Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының  |Бұл да сол      |1999-2000

|   |қазақ бөлімдеріне арналған оқулықтар мен  |                |  жылдары

|   |оқу құралдарын басып шығаруды ұйымдастыру |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|16 |Қазақ тілін жеделдетіп оқыту жөніндегі    |Бұл да сол      |1998-2000

|   |оқулықтарды, аудиобейне, компьютерлік бағ.|                |  жылдары

|   |дарламаларды конкурстық негізде әзірлеп,  |                |

|   |тарату                                    |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|17 |Басқа тілдерде (неміс, поляк, өзбек, ұйғыр|Білім, мәдениет |1998жылдың

|   |және т.б.) оқытатын оқу орындарына арнал. |және денсаулық  |IIIтоқсаны

|   |ған ана тілі мен әдебиетін оқытудың мемле.|сақтаумині      |

|   |кеттік стандарттарын әзірлеу және бекіту  |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|18 |Отандық мультипликациялық фильмдер серия. |Бұл да сол      |1998-2000

|   |сын шығару                                |                |  жылдары

|___|__________________________________________|________________|__________

|19 |Мектептерде тілдерді оқытудың компьютерлік|Білім, мәдениет |1998жылдың

|   |бағдарламаларын жасау                     |және денсаулық. |IIIтоқсаны

|   |                                          |мині            |

|___|__________________________________________|________________|__________

|20 |"Қазақ тілі мен әдебиеті", "Орыс тілі мен |Бұл да сол      |Ұдайы

|   |әдебиеті Қазақстан мектептерінде", "Отбасы|                |

|   |және балабақша" (қазақ, орыс тілдерінде)  |                |

|   |журналдарының жүйелі шығып тұруын қамтама.|                |

|   |сыз ету                                   |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|21 |Жалпы білім беретін мектептерге арналған  |Бұл да сол      |1998-2000

|   |төлтума оқулықтарды басып шығаруды жалғас.|                | жылдары

|   |тыру                                      |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|22 |Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы|Білім, мәдениет |  - // -

|   |қазақ бөлімдері санын көбейту             |және денсаулық  |

|   |                                          |сақтаумині      |

|___|__________________________________________|________________|__________

|23 |Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының  |Білім, мәдениет |1999жылдың

|   |бағдарламаларына "Мемлекеттік тілде іс    |және денсаулық  |IIIтоқсаны

|   |жүргізу" арнайы курсын енгізу;            |сақтаумині      |

|   |кәсіптік-техникалық мектептерде "Іс жүргі.|                |

|   |зуші", "Хатшы-референт" мамандықтары бой. |                |

|   |ынша мемлекеттік тілде мамандар даярлауды |                |

|   |ұлғайту                                   |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|24 |Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының  |Бұл да сол      |1998-2000

|   |орыс бөлімшелерінде қазақ тілін оқытуға   |                | жылдары

|   |арналған сағаттар санын көбейту, мемлекет.|                |

|   |тік тілді зерделеуші топтар құруды қамта. |                |

|   |масыз ету;                                |                |

|   |Жетім және панасыз қалған балаларға арнал.|                |

|   |ған қазақ тілінде оқытатын балалар үйлері |                |

|   |мен мектеп-интернаттар желісін ұлғайту    |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|25 |Сарань, Жаркент, Түркістан педагогикалық  |Бұл да сол      |Ұдайы

|   |колледждерінде неміс, ұйғыр, өзбек тілде. |                |

|   |рінде мамандар даярлауды жалғастыру       |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|26 |Мемлекеттік тілді үйрету жөнінде теле және|Ақпарат және қо.|  - // -

|   |радиодәрістер ұйымдастыру                 |ғамдық келісім. |

|   |                                          |мині            |

|___|__________________________________________|________________|__________

|27 |Жалпы білім беретін мектептер базасында   |Білім, мәдениет |  - // -

|   |оралмандарды қазақ әліпбиіне үйретуді     |және денсаулық  |

|   |ұйымдастыру                               |сақтаумині      |

|___|__________________________________________|________________|__________

|28 |Орыс тілінде тәрбие беретін мектепке      |Бұл да сол      |1998-2000

|   |дейінгі балалар мекемелерінде сәбилер мен |                | жылдары

|   |естиярлар топтарындағы қазақ тілі сабақта.|                |

|   |рының сағат санын аптасына 2 сағатқа      |                |

|   |дейін, ал мектепке даярлық топтарында ап. |                |

|   |тасына 3 сағатқа дейін жеткізу;           |                |

|   |орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін |                |

|   |мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ|                |

|   |тілі пәнінің сағат санын жалпы оқу сағат. |                |

|   |тары шегінде көбейту                      |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|29 |Қазақ мектептері мен орта арнаулы және жо.|Бұл да сол      |  - // -

|   |ғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде   |                |

|   |дене мәдениеті мен әскери даярлық пәндерін|                |

|   |мемлекеттік тілде оқытуға кірісу. Оларды  |                |

|   |қажетті оқу бағдарламаларымен, оқулықтар. |                |

|   |мен, оқу құралдарымен, педагогтік кадрлар.|                |

|   |мен қамтамасыз ету                        |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|30 |Қазақстан орта арнаулы және жоғары оқу    |Бұл да сол      |  - // -

|   |орындарында ұлт тілдері (неміс, украин,   |                |

|   |поляк, татар және т.б.) бойынша мамандар  |                |

|   |даярлауды ұлғайту                         |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|31 |Ұлт тілдерінде оқытатын жексенбілік мек.  |Бұл да сол      |Ұдайы

|   |тептерге мемлекеттік қолдау көрсету       |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|32 |Қазақстан телерадиокомпанияларының "Қазақ.|Ақпарат және қо.|  - // -

|   |стан Республикасындағы тіл туралы" Қазақ. |ғамдық келісім. |

|   |стан Республикасы Заңының 18-бабын орын.  |мині            |

|   |дауын қамтамасыз ету                      |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|33 |Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат  |Бұл да сол      |1999жылдың

|   |құралдары қызметкерлеріне арналған Тіл    |                |I тоқсаны

|   |мәдениеті кодексін жасау                  |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|34 |Бұқаралық ақпарат құралдарында тілдік нор.|Бұл да сол      |  - // -

|   |маларды сақтау және сөйлеу мәдениетін кө. |                |

|   |теру жөніндегі консультациялық кеңес құру |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|35 |Мемлекеттік тіл бойынша қажетті білім-бі. |Ақпарат және қо.|1999жылдың

|   |лікті бағалау үшін сынақтан өткізудің мем.|ғамдық келісім. |IIтоқсаны

|   |лекеттік стандартын және сынақтан мүдірмей|мині, Білім, мә.|

|   |өткен адамдарға берілетін сертификаттар   |дениет және ден.|

|   |үлгілерін даярлау                         |саулық сақтауми.|

|   |                                          |ні              |

|___|__________________________________________|________________|__________

|36 |Телерадио арналарында "Тіл мәдениеті",    |Ақпарат және қо.|Ұдайы

|   |"Дұрыс сөйлеп, жаза білейік", "Сөз сыры"  |ғамдық келісім. |

|   |тақырыптарына және басқа да хабарлар топ. |мині            |

|   |тамаларын ұйымдастыру                     |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|37 |Қазақ тілінде "Менің Отаным - Қазақстан"  |Бұл да сол      |1999жылдың

|   |бейнефильмдер сериясын орыс тіліндегі суб.|                |IIIтоқсаны

|   |титрімен шығаруға кірісу                  |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

                     5. Мемлекеттік тілде іс жүргізу

__________________________________________________________________________

|38 |Орталық және жергілікті мемлекеттік орган.|Ақпарат және қо.|1998жылдың

|   |дарда іс жүргізуге мемлекеттік тілді енгі.|ғамдық келісім. |IVтоқсаны

|   |зу жөнінде бөлімдер немесе секторлар құру |мині, орталық   |

|   |                                          |және жергілікті |

|   |                                          |мемлекеттік ор. |

|   |                                          |гандар          |

|___|__________________________________________|________________|__________

|39 |Мемлекеттік ұйымдардың штат кестесіне ау. |Ақпарат және қо.|  - // -

|   |дармашылар қызметін енгізу туралы мәселені|ғамдық келісім. |

|   |қарау                                     |мині, ұйымдардың|

|   |                                          |басшылары       |

|___|__________________________________________|________________|__________

|40 |Мемлекеттік тілде қызметтік хат-хабар, ақ.|Ақпарат және қо.|  - // -

|   |параттар алмасуды қамтамасыз етуге болатын|ғамдық келісім. |

|   |орталық және жергілікті мемлекеттік орган.|мині, орталық   |

|   |дар мен ұйымдарды, сондай-ақ шетелдегі    |және жергілікті |

|   |Қазақстан елшіліктері мен өкілдіктерін ай.|мемлекеттік ор. |

|   |қындау                                    |гандар          |

|___|__________________________________________|________________|__________

|41 |Іс қағаздарына мемлекеттік тілді қосымша  |Бұл да сол      |  - // -

|   |шығындарсыз енгізуге мүмкіндіктері жоқ ор.|                |

|   |талық және жергілікті мемлекеттік орган.  |                |

|   |дарда, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі   |                |

|   |елшіліктері мен өкілдіктерінде іс жүргізу.|                |

|   |ге мемлекеттік тілді енгізу шараларын     |                |

|   |әзірлеу және енгізудің тәртібін айқындау  |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|42 |Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік|Бұл да сол      |1998-2000

|   |органдарда мемлекеттік тілдегі іс қағазда.|                | жылдары

|   |рының үлгілерін (компьютерлік шаблондарын)|                |

|   |әзірлеп, басып шығару                     |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

             6. Терминологиялық және ономастикалық жұмыстар

__________________________________________________________________________

|43 |Республикада Қазақ терминологиясын жетіл. |Ақпарат және қо.|1998жылдың

|   |діру және ономастикалық жұмыстар жүргізу  |ғамдық келісім. |IVтоқсаны

|   |тұжырымдамасының жобасын әзірлеу          |мині, Ғылым ми. |

|   |                                          |нистрлігі-Ғылым |

|   |                                          |академиясы      |

|___|__________________________________________|________________|__________

|44 |Қазақ терминологиясының компьютерлік қорын|Бұл да сол      |  - // -

|   |жасау                                     |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|45 |Жалпы білім беретін мектептердің оқу пән. |Ақпарат және қо.|  - // -

|   |деріне арналған қысқаша терминологиялық   |ғамдық келісім. |

|   |сөздіктер, ғылымның барлық салалары бойын.|мині, Білім, мә.|

|   |ша сериялық басылымдар әзірлеу және Сөз.  |дениет және ден.|

|   |діктер шығару жөніндегі мамандандырылған  |саулық сақтауми.|

|   |бас редакция құру                         |ні, Ғылыммині - |

|   |                                          |Ғылым академиясы|

|___|__________________________________________|________________|__________

|46 |Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында.|Ақпарат және қо.|Ұдайы

|   |ғы Мемлекеттік терминология комиссиясының |ғамдық келісім. |

|   |бюллетеньдерін тұрақты түрде шығарып тұру.|мині            |

|   |ды қамтамасыз ету                         |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|47 |Қазақстан Республикасы Әкімшілік-аумақтық |Бұл да сол      |Ұдайы

|   |бірліктері атауларының анықтама сөздігін  |                |

|   |әзірлеуді және тұрақты түрде шығарылуын   |                |

|   |қамтамасыз ету                            |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|48 |Республика облыстары бойынша топонимдер   |Бұл да сол      |1999 жылы

|   |сөздігін (жеке жоспар бойынша) даярлап,   |                |

|   |шығаруды қамтамасыз ету                   |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|49 |Қазақстан пошта кәсіпорындарының әліпбилік|Көліккоммині    |1999жылдың

|   |анықтамалығын мемлекеттік тілде даярлап,  |                |IIIтоқсаны

|   |басып шығару                              |                |

|___|__________________________________________|________________|__________

|50 |Еліміздің және Қазақстан облыстарының     |Ақпарат және қо.|1998-2000

|   |әкімшілік-аумақтық карталарын мемлекеттік |ғамдық келісім. | жылдары

|   |тілде даярлау мен шығаруды қамтамасыз ету |мині, Ауылшарми.|

|   |                                          |ні, "Қазкарто.  |

|   |                                          |графиякәсіпорны"|

|   |                                          |мемлекеттік қа. |

|   |                                          |зыналық кәсіпор.|

|   |                                          |ны              |

|___|__________________________________________|________________|__________

|51 |Жаңа ономастикалық атаулар анықтамалығын  |Бұл да сол      |Ұдайы

|   |тұрақты түрде шығару                      |                |

|___|__________________________________________|________________|__________



 
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет