Бағдарламасы туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



бет4/7
Дата30.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#8379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Проактивтік мемлекетке өту

Алғаш рет «электрондық үкіметті» құру идеясы 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті халық» атты жыл сайынғы жолдауында айтылған болатын. Он екі жылдың ішінде Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, оның негізгі құраушылары жасалды және «электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі - Портал) электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету іске асырылды. Халықты мемлекеттік қызметтермен кеңінен қамту мақсатында халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың баламалы арналары іске асырылды, олар Портал, «электрондық үкіметтің» мобильдік қосымшасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО), ашық үкімет және Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі - ББО).

Бүгінгі таңда 761 қызметтер мен сервистер электрондық нысанға ауыстырылды. 2014 жылы Порталда электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 35 миллионнан астам болды. 2015 жылы аталған көрсеткіш 5%-ға артты. Бұл ретте 2016 жылғы шілдедегі жағдай бойынша тіркелген бірегей пайдаланушылардың саны экономикалық белсенді 9 милион35 халықтың ішінен 5 миллионнан38 астам адамға жетті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер рұқсат беру құжаттары мен лицензияларды қамтиды. Осыған байланысты «электрондық үкіметті» дамыту шеңберінде мемлекет пен бизнестің рұқсат қағаздарын алу кезінде ашық өзара іс-қимыл жасауын іске асыру үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» АЖ енгізілген болатын. 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңде лицензиялар мен рұқсат қағаздарының барлық түрлері электрондық нысанға ауыстырылды және солай беріліп келеді.

Азаматтардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың және жалпы қоғамның мемлекеттік шешімдерді қабылдауға тартылудың деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Порталда Ашық үкімет алаңы құрылды, ол «ашық деректер», «ашық НҚА», «ашық диалог», «ашық бюджеттер» сияқты компоненттерден тұрады. Сондай-ақ 2016 жылдың аяғына дейін «Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау» компонентін құруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2016 жылғы шілде айындағы жағдай бойынша «ашық деректер» порталында 1550 деректер жинағы орналастырылды, 2 300 нормативтік құқықтық актілердің жобалары және заң жобаларының тұжырымдамалары талқыланды, 2 502 бюджеттік құжат жарияланды.

Мобильдік құрылғылар арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін 2014 жылы «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасы іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда 83 мобильдік қызмет іске асырылды, ол электрондық қызметтердің жалпы санының шамамен 11% құрайды. Сондай-ақ, шамамен 20% экономикалық белсенді азаматтар мобильді телефондарының нөмірлерін «электрондық үкімет» мобильді қосымшасында тіркеді.

Порталдың және «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер алумен қатар, азаматтар мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы алды. 2016 жылдың сәуір айына қарай елді 270 ХҚКО жұмыс істеді, олар «бір терезе» қағидатын іске асыруды және халықтың мемлекеттік органдармен тікелей әрекеттесуін төмендетуді қамтамасыз етті.

Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша сапалы консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы «электрондық үкіметтің» Call-орталығы негізінде 1414 тегін телефон нөмірімен БКО құрылған болатын. Бүгінгі таңда БКО жұмыстарының шеңберінде күн сайын азаматтардан кем дегенде 11 мың жүгіну келіп түседі19. Жылдан жылға БКО-ға жүгінулер саны артып келеді, және БКО-ның заңнамамен көзделген негізгі функцияларын кеңейтуді ескере отырып, жүгінулердің саны азаматтардың жыл сайынғы жүгінулерінің жалпы санынан орта есеппен 15%-ға артуы күтіледі19.

«Электрондық үкімет» шеңберінде атқарылған жұмыс халықаралық деңгейде бағаланды. Сонымен, БҰҰ негізіндегі WorldSummitontheInformationSociety (WSIS) конкурсында «электрондық үкіметті» дамыту шеңберіндегі бірқатар жобалар бірнеше бағыт бойынша ең жоғарғы марапаттарға ие болды. 2013 жылы, Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау жүйесі «e-Business»39 санатындағы ең жақсы жоба болды, 2015 жылы С6 – «Қолайлы орта» қызметінің бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық» жобасын әзірлегені үшін жеңіске жетті40, 2016 жылы «Мемлекеттік органдарына арналған деректерді өңдеу орталықтары» (ДӨО) жобасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымдар» WSIS41 - С2 қызмет бағыты бойынша ең жақсы жоба болып танылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржылық есептілік депозитарийі» жобасы «АКТ негізіндегі қосымша. Электрондық бизнес» - С7 санатындағы арнайы дипломмен марапатталды42.

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан ашықтық, клиентке бағытталу, проактивтілік және мемлекеттік органдардың қызметін жалпы автоматтандырумен байланысты проблемалар өзекті болып табылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда мемлекет алдына халыққа электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі ақпараттық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру міндеті тұр.

Автоматтандырудың жеткіліксіз деңгейі мен ақпараттық қауіпсіздікке байланысты проблемаларды шешу үшін мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр. Онымен қоса, ашықтық пен клиентке бағыттанушылық мәселелері мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасау арналарын жақсарту бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде шешілетін болады.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың архитектурасы. Ақпараттандыруды тұтас стратегиялық көруді қалыптастыру үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың архитектурасы қажет. Архитектуралық әдісті қолдану ақпараттандыруды орталықтандырып басқарудың әлемдік тәжірибемен расталған сапалы жаңа деңгейіне өтуді мүмкін етеді. Әлемнің қырықтан астам үкіметі және Fortune 500 тізімінен 60%-дан астам компания ақпараттандыруды жүргізудің архитектуралық әдісін қолданады. Архитектураны жасау АТ-жобаларды автоматтандырудың және қаржыландырудың басымдықтарын айқындауға және автоматтандыруды қамтуды және сапасын арттырудың жолдарын анықтауға, АТ-шығындарды оңтайландыруға, платформалар мен технологияларды бірегейлендіруге, азаматтар және бизнеспен өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ақпараттық технологияларды толыққанды пайдалану есебінен ішкі операцияларды орындауға бағытталған. Архитектураны құру және өзгерістерді басқару басқарудың тиімділігін және мемлекеттік органдардың қызметінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай арттыруды мүмкін етеді.

НҚА-ны жетілдіру. Мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру қорытындылары бойынша, АКТ саласындағы НҚА-ны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, байланыс және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерді оңтайландыру қажет.

АКТ саласындағы НҚА-ны жетілдіру «электрондық үкіметтің» Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты (бұдан әрі - ҚБЭМ), Ұлттық геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - ҰГАЖ), Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы (бұдан әрі - ҰКДИ) сияқты және т.б. қолданыстағы ақпараттандыру объектілерін жетілдіру және жаңа объектілер енгізу арқылы мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттырудың іргесін құруды мүмкін етеді.



Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты. Мемлекеттік сектордың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құнды құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін ҚБЭМ ақпараттық жүйесін енгізу арқылы құжаттардың бірыңғай деректер қорын құру қажет. Аталған жүйе талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізуді мүмкін етеді, мұрағаттық құжаттармен байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдерін айтарлықтай қысқартады, сондай-ақ халыққа мемлекеттік мұрағаттың құжаттарына онлайн қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы. Кеңістіктік деректерді бірегейлендіру, дамыту және өзекті қалпында сақтау үшін ҰҚДИ жүйесін әзірлеу қажет. Аталған жүйе ғарыштық жүйелердің ресурстарын, жоғары анықтықтағы спутниктік навигацияның жерүсті инфрақұрылымын тиімді пайдалануды, сондай-ақ құрылған деректерді өңдеу орталықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Онымен қоса, ҰҚДИ жүйесі нарықты кеңейту және неғұрлым келешекті технологиялық шешімдерге деген сұраныс арқылы кеңістікті деректерді құру саласына жеке инвестицияларды тартуға ынталандыруды мүмкін етеді. ҰҚДИ OpenGeospatialConsortium (OGC) халықаралық ұйымының ерекшеліктері және 19000 сериялы ISO халықаралық стандарттары негізінде техникалық нормативтік құқықтық актілердің жүйесін құруды қамтиды. Аталған халықаралық стандарттарға сай ҰҚДИ құру уақытты үнемдеуді және шығындарды қысқартуды мүмкін етеді, деректерді жинақтау кезінде қайталауды болдырмауды, географиялық деректердің қол жетімділік дәрежесін арттыруды, сондай-ақ кеңістіктік деректердің негізгі әлемдік инфрақұрылымдарының, оның ішінде Еуропалық одақтың INSPIRE директивасының қатысуымен серіктестік құруды мүмкін етеді.

Ұлттық геоақпараттық жүйе. Түрлі кадастрлерді интеграциялау және сервистік компанияларды бір ақпараттық кеңістікке біріктіру үшін ҰГАЖ құру қажет. Жүйенің негізгі ерекшелігі жаңадан пайда болған объектінің, үй болсын немесе жол болсын, мемлекеттік қызметтер рәсімдерінен өту кезінде картаны жаңарта отырып пайда болатынында. Осылайша, картографиялық материалдар бірыңғай жүйеде болады, тұрақты жаңартылып отырады және осы жердегі басқа жұмыстар жүргізілген кезде көп рет қолданылатын болады. Енгізу нәтижесінде халыққа жер қатынастары, архитектура, құрылыс, экология, геология, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігі мен сапасы артатын болады, сондай-ақ карталарды жаңартуға жұмсалатын шығындар төмендейді.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін артырумен қатар, мемлекеттік органдардың халықпен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау арналарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.



Автоматтандыру және оңтайландыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін арттыру шамасына қарай қызметтерді әрі қарай электрондық форматқа ауыстыру және Порталға немесе мобильдік құрылғыға шығару жоспарланып отыр. Бұл ретте «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін дамыту, сондай-ақ оларды интеграциялау және өзектендіру негізінде өзара байланысқан қызметтерді біріктіру арқылы композиттік қызметтерді құру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады.

«Электрондық үкіметтің» мобильдік қосымшасы. Порталды жетілдірумен қатар «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасын жаңарту жөніндегі жұмыстар жоспарланып отыр, 2016 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасына мобильдік байланыстың енуінің ағымдағы көрсеткіші елдің 100 тұрғынына шаққанда 176 нөмірді құрады43, ол мемлекеттік халықпен өзара іс-қимыл жасауының баламалы арналарының бірі ретіндегі оның артықшылығын көрсетеді.

Проактивтік қызметтерді іске асыру. Мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылдарын жақсарту мәселелері Оңтүстік Корея, Канада, Сингапур сияқты елдерде көтеріледі. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекет азаматтарға қажетті қызметтерді көрсетуді өзі бастамалайтын проактивтік қызметтерді көрсетуді іске асыру және соған көшу мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін және клиентке бағытталуын арттыруды, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жеңілдетуді мүмкін етеді.

Блокчейн технологиясы. Мемлекет, халық және бизнес арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың жаңа әдістерін қолдану мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеңілдететін инновациялық технологияларды енгізуді талап етеді. Блокчейн технологиясы осылардың бірі болып табылады. Бұл технология ақпараттық қауіпсіздікті, қызметтің тиімділігін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жеңілдетуді және өткен кезеңдердегі деректерді өзгерту немесе толықтырудың мүмкін болмауы арқылы мемлекет көрсететін қызметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді. Ұлыбритания, Эстония, Грузия, Украина, Гана, БАӘ, Греция және басқа елдерде блокчейн технологияларын қолдану арқылы мемлекеттік басқарудағы пилоттық жобалар енгізілуде. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде блокчейн платформасын талдау және пилоттық енгізу жоспарланып отыр, онысымен теориялық және практикалық тәжірибе жинауды, қолданудың басым салаларын айқындау және Қазақстанда тәжірибелік енгізудің тиімділігін арттыруды мүмкін етеді.

Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі. Бүгінгі таңда азаматтардың, заңды тұлғалардың нақты пошталық мекенжайларының болмауына байланысты және электрондық абоненттік пошта жәшіктеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін электрондық абоненттік жәшіктердің бірыңғай жүйесіне өту жұмыстары жүргізілуде. Осы өтудің шеңберінде бизнесті және азаматтарды мемлекеттік органдармен хат алмасу және мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардан электрондық форматта ресми хабарламалар алу үшін электрондық абоненттік пошта жәшіктеріне қосу жоспарланып отыр.

«Ашық үкімет». Мемлекеттің азаматтармен өзара іс-қимыл жасауы шеңберінде «Ашық үкіметті» одан әрі дамыту қажет, онымен мемлекеттік қызметтер көсетудің сапасы артады, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі де арта түседі. «Ашық үкімет» мемлекеттік ақпараттың ашықтығын, бюджеттік процестердің ашықтығын, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға белсенді қатысуын, мемлекеттік органдардың қызметін бағалау мүмкіндігін және НҚА жобаларына ұсыныстар енгізу, сондай-ақ тиімді қоғамдық бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған. «Ашық үкімет» қағидаты Канада, Ұлыбритания, АҚШ және әлемнің басқа да дамыған елдерінде тиімділігін көрсетті.

Мемлекеттік корпорация. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде «бір терезе» қағидатын әрі қарай дамытуды мүмкін ететін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдерін құру мақсатында 2016 жылдың басында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғам құрылған болатын. Мемлекеттік корпорация құрылғаннан кейін ел азаматтарының бірыңғай қол жеткізу нүктесі арқылы кем дегенде 500 мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндігі бар. Бағдарламаны іске асыру электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттырады, ол мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерінде көрініс береді және азаматтардың қызметті алу процестерін жеңілдетеді, Мемлекеттік корпорация қызметінің шеңберінде азаматтардың барлық санаттары үшін мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар іске асырылатын болады.

БКО дамыту. Сонымен қатар, мемлекеттік ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызметтерді алу әдістері туралы ақпараттылығын арттыру, сондай-ақ БКО-ға жүгінулер санының болжамды артуын тиімді басқару үшін оны дамыту қажет. Омниарналылық тұжырымдаманы енгізу азаматтардың оған дейінгі жүгіну арналарына байланыссыз әрекеттесу мәтінін сақтау мүмкіндігін ұсынады. Азаматпен әрбір жаңа байланыс кезінде оператор оның барлық арналар бойынша әрекеттесу тарихын көреді. Омниарналылық азаматтың БКО-ға қалай, қашан және қай жерде жүгінуді қалайтынына қарамастан, оған үздіксіз және бірізді жоғары деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған іс-шараларды Бағдарлама аясында жүргізу мемлекеттік басқаруға бірыңғай ақпараттық ландшафт ретінде тұтас көзқарасты қалыптастыруға жағдай жасайды.




Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет