Бағдарламасын бекіту туралы Жалпы ереже



бет4/37
Дата13.02.2017
өлшемі5,88 Mb.
#9344
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

4 Параграф. Ұшу даярлықтары
92. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

93. LAPL (Н) үміткердің ұшақта кемі 40 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:

1) Ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта пилот-нұсқаушымен 20 сағат;

2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемі 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның ішінде 1 (бір) маршрут тың қашықтығы 150 км-дан кем болмауы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек;

3) 40 ұшу сағатының 34 сағатында студент-пилот Жеке пилот куәлігін алуға даярлығын тексеру үшін қолданылып отырған тікұшақ типінде ұшып-қонуы тиіс.

94. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:

1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде тікұшақ салмағы мен орталықтандыру есептеулері, тікұшақпен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;

2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедуларын зерттеу;

3) тікұшақты сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;

4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгі жылдамдығында);

5) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

7) тікұшақта қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

8) тікұшақта максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауіпсіздік шаралары;

10) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;

11) жергілікті жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;

12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар, әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін сақтау;

13) шектеулі жолаққа қондыру; қону үшін әуежайдан тыс жерді таңдау, айналып ұшу және қону кезіндегі қауіптер, мақтандыру шаралары;

14) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерін, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.

95. Студентке алғаш рет бір өзі ұшуға рұқсат бермес бұрын нұсқаушы студенттің радиобайланысты қолдануын қамтамасыз етуі тиіс.

96. Студентке сәтсіз ұшу болса, қайғылы оқиғаның орын алу қауіптілігін түсіндіру және барынша мұқият болуға ықпал ету үшін, минимумды орындай алмай қалған жағдайда қандай салдарға тап болатынын көрсету үшін мүмкіндігінше ұшудың моделін жасап беруі керек.

97. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.

98. PPL(Н) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде тікұшақ пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:

қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;

әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;

барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;

дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;

аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;

ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.



7 Бөлімше. Ұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы

(Рrivatе pilot licenсe–PPL (A)



1 Параграф. Теориялық даярлық
99. Міндетті теориялық даярлық ұшу жарамдылығы сертификаты бар ұшақтарда ұшатын барлық жеке пилоттар үшін жалпыға ортақ болып табылады.

100. Теориялық даярлық оқу сағаттарын пәндер мен тақырыптарға бөліп қарастыратын оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.

Жалпы оқу сабақтарының көлемі 150 сағаттан кем емес.

101. Авиациялық оқу орталығы нақты ұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.

Ұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 8-қосымшасында берілген.

102. PPL (A) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеке пилот куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Privat pilot license-PPL);

ұшу негіздері;

осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;

күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;

осы әуе кемесі типіндегі мен олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;

ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;

ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;

пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;

ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;

әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;

адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;

авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;

аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;

аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;

көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.

ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.



2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу құрылғысы
103. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін ұшақтың кабинасында жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемін белгілейді.

104. Ұшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.

105. Ұшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

Тапсырма №1. Ұшақты пайдалану

Тапсырма №2. Ұшақтың ұшу техникасы

Тапсырма №3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар

106. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегі даярлық
107. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.

Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:

1) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу

2) әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу

3) ұшу ауданын зерттеу

4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу

5) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу

6) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу

7) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу

8) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу

9) ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу

10) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері.

11) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру

4 Параграф. Ұшу даярлықтары
108. Студент-пилот 1, 2. и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

109. PPL (А) үміткердің ұшақта кемі 45 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:

1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта пилот-нұсқаушымен 25 сағат; сонымен қатар кемі 2 сағат ең төменгі жылдамдықта ұшу жаттығуларын орындау және кемі 3 сағат құралдармен жаттығу өткізу;

2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемі 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның ішінде 1 (бір) маршрут тың қашықтығы 270 км-дан кем болмауы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек.

110. Ұшу даярлығы бағдарламасы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:

1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК жүктеу есептеулері мен орталығық білігі, ӘК ұшуалды даярлығы мен қызмет көрсетулер;

2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедуларын зерттеу;

3) ӘК сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;

4) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

6) қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

7) ӘК максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

8) құалдар бойынша ұшу, оның ішінде 180 ° кілт бұрылу;

9) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару, сандық және радионавигациялық құралдарды қолдану;

10) төтенше операциялар кезінде айрықша жағдайда ұшу әрекет ету, оның ішінде борт жабдығының істен шығуын да қарастыру;

11) бақылау әуежайна ұшып келу және кету, соқпай өте шығу, әуе қозғалысына қызмет көрсетулер ережелерін сақтау, байланыс және фразеологиялар процедуралары.

Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.

111. PPL(А) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде пилот тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:

қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;

әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;

барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;

дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;

аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;

ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.



8 Бөлімше. Тікұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы

(Рrivate pilot licenсe PPL (Н))





1 Параграф. Теориялық даярлық
112. Міндетті теориялық даярлық бір пилот басқаруы сертификацияланған, ұшу салмағына шектеу қойылмаған тікұшақтарға жеке пилоттар даярлау бойынша жалпыға ортақ болып табылады.

113. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.

114. Авиациялық оқу орталығы нақты тікұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.

Тікұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 9-қосымшасында берілген.

115. PPL (Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеке пилоттың куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Privatе pilot license-PPL(Н));

ұшу негіздері;

осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;

күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;

осы әуе кемесі типіндегі мен олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;

ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;

ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;

пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;

ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;

әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;

адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;

авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;

аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;

аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;

көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.

ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.



2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу құрылғысы
116. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін тікұшақтың кабинасында жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемін белгілейді.

117. Тікұшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.

118. Тікұшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

Тапсырма №1. Тікұшақты пайдалану

Тапсырма №2. Тікұшақтың ұшу техникасы

Тапсырма №3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар

119. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жерде даярлау
120. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.

1) жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары

2) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу

3) әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу

4) ұшу ауданын зерттеу

5) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу

6) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу

7) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу

8) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу

9) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу

10) ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу

11) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері.

12) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру

4 Параграф. Ұшуға даярлық
121. Студент-пилот теориялық, жаттығу және 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетілген жердегі дайындықтарды өткеннен кейін бастапқы ұшу даярлық бағдарламасына жіберіледі.

122. PPL (Н) талапкер жазғы дайындықта тікұшақта 45 сағаттан кем емес шабуылдан (ұшудан) өтуі тиіс, соның ішінде ең кем дегенде:

1) 25 сағат өздігінше ұшуға дайындығын тексеретін, тікұшақта пилот-нұсқаушымен ұшу;

2) 10 сағат өздігінен ұшу, соның ішінде 5 сағат маршрут бойынша өздігінен ұшу, сондай-ақ оның 1 (бір) сағаты ұшқан аэродромнан өзгеше 2 әртүрлі аэродромдарда толық тоқтағанға дейінгі, ұзақтығы 185 км кем емес маршрут бойынша ұшу;

3) ұшу даярлықтың 45 сағатының 35 сағаты студент-пилоттың жеке пилот Куәлігін алуға дайындығын тексеру үшін қолданған тікұшақтың сол түрінде аяқталуы тиіс.

123. Ұшу дайындықта қауіп-қатер және жаңылыс факторларын басшылыққа алу қағидаларын ескере отыру керек, соның ішінде:

1) ұшу алдындағы дайындық, соған қоса салмақ пен ортаны көздеу есебі, ұшар алдындағы тексеру мен тікұшақтың қызметі;

2) қозғалыс пен ұшудың аэродромдық кестесін білу, қақтығысудың алдын-алу бойынша іс-шаралары мен тәртіптерін білу;

3) сыртқы көзбен шолып тұспалдауды қолданумен тікұшақты басқару;

4) ұшу, тікұшақты қондыру, салбырау режимі, абайлаушылық, салбырау режиміне қалыпты ауысы және одан шығу;

5) апаттық тәртіптер, автоайналымның негіздері, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсату, егер бұл нақты тікұшақтың типіне сай болса жердегі резонанстан шығу;

6) салбырау режимінде жанына және кейін ауысы, орнында айналу;

7) бастапқы дәрежеде құйындатып айналуды анықтау және қорытынды жасау;

8) автоайналыммен қону, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсатумен қону, амалсыздан қону тәжірибесін орындау;

9) жабдықтардың тоқтап қалуын ұқсату және қозғалтқыштың, басқару, электроникалық және гидровикалық жүйелердің бұзылған жағдайындағы апаттықтық тәртіптер;

10) жантаюдың ең үлкен бұрышымен бұрылу;

11) ауысулар, жылдам тоқтау, қума желмен оңтайландыру, баурайларға қону және ұшу;

12) әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін дайындалмаған алаңдарды таңдауды ескере отыра, шектелген кеңістікте және шектелген қуаттылықпен жағдайды оңтайландыру;

13) тек қана негізгі пилоттық құралдарды қолданумен ұшу, соның ішінде аяқасты бұлтты жағдайға тап болуды ұқсатумен, 180° бұрылуды орындау және әдеттен тыс жағдайдан шығу (бұл оқу түрі нұсқаушымен ғана орындалады);

14) көзбен шолып тұспалдауды, жолы есептеу және радионавигациялық құралдарды қолданумен маршрут бойынша ұшу; ауа-райының бұзылуын ұқсату және содағы кері қайту немесе амалсыздан қонуды орындау бойынша әрекеттер;

15) ұшып келу және ұшу, бақыланбалы аэродроммен транзиттік ұшу, әде қозғалысына қызмет ету ережелері, байланыс және фразеология тәртіптері.

Студенттің бірінші өзіндік ұшуына рұқсат берердің алдында, нұсқаушы студенттің радиобайланыспен қолдана алуын қамтамасыз етуі тиіс.

124. Минимумнан төмен жағдайлардағы ұшудың салдарын студенке көрсету үшін мүмкіндік бойынша ұшуды модельдеуді қолданған дұрыс, сол арқылы оның пилоттардың әлеуетті қатерерден құтылу түсінігі мен маңыздылығын бекіту.

Ұшу-оқу бағдарламасының әрбір жаттығуы студент-пилот үшін жазғы дайындығын үнемі жетілдіру үшін қажетті, олар: оқиғанын нақты жағдайын түсіну және ұшудағы абайлаушылық, түскен ақпаратты жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.

125. PPL(Н) бағдарламасы курсын аяқтағаннан кейін тікұшақтың пилоты әуе кемесінің командирі ретінде, ұшу типіне сәйкес ұшулар мен лайықты қауіпсіз дәрежеде маневрларды орындауға қабілеті болуы тиіс, сонымен қатар келесілерді білуі тиіс:

қауіп-қатер мен жаңылыстар факторларын анықтау және бақылау;

әуе кемесін оның сипаттамасынан шектеулі шамаларда басқару;

барлық маневрларды байсалды және нақты орындау;

мерзімді шашім қабылдау және ұшудағы бақылауды білікті орындау;

аэронавигация саласындағы білімін қолдану;

әр кез әуе кемесін басқарғанда ұшу кестесі мен маневрлардың нақты орындалуын қадағалау.

9 Бөлімше. PPL және LAPL курсы бойынша теориялық дайындықтың тақырыптары
Ұшақтар мен тікұшақтар
126. Кестеде белгіленген 'х' белгісі бұл тақырыптың міндетті түрде оқытылу қажеттігін көрсетеді және ол осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты. Пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 10-қосымшасында берілген.


10 Бөлімше. Коммерциялы авиациялар пилоттары, сызықты пилоттар үшін және аспаптар бойынша ұшуды орындауға жіберілу үшін біліктілікті алу үміткерлеріне аранлған теориялық дайындық
127. Әр куәлік немесе біліктілік белгілерінің міндетті тақырыптары «х» белгісімен белгіленген. «х» белгісі негізінен әр оқу пәні бойынша басы болып келеді, сондықтан бұл пәннің барлық тақырыптары оқытылуы тиіс.

Кестеде берілген тақырыптар мен пәндер куәлік немесе біліктілік белгілерінің міндетті тақырыптары осы Үлгілік бағдарламаның 11-қосымшасында берілген.



11 Бөлімше. Ұшу нұсқаушыларын бастапқы дайындау бағдарламасы
1 Параграф. Жалпы ережелер
128. Ұшу нұсқаушыларын бастапқы дайындау бағдарламасының мақсаты (FI, TRI/SFI, CRI,) азаматтық авиацияның пилоттар үйретуiнiң нұсқаушылары қызметі саласының әлемдік тәжірибеге сәйкес, білікті дәрежеге дейін қолданушы пилот куәлігін дайындау болып табылады. Курс бағдарламасы ізденушілерде білікті нұсқаушылықты дамытуға бағытталған.

129. Нұсқаушының дайындығын бағытқа түсу (FI, TRI/SFI, CRI,), үшiн тиiстi кепiлдеменi c алу мақсатыменмен саралауға кандидат, бағыттың басы, ӘК алдын ала пилоттар тексерiс алдыңғы ағымында 6 айларын өтедi немесе бiлiктi нұсқаушымен тренажер немесе азаматтық авиация уәкiлеттi орган тағайындалған емтихан алушымен, үшiн нұсқаушы жұмысқа қабiлеттiлiк олардың бағалау. Тексеру сәйкес ӘК түрі мен класына қатысты біліктілікті тексеру көлемінде жүргізіледі

130. Ұшу нұсқаушылары сертификатын алуға үміткерлер теориялық және ұшу нұсқаушылары курсынан өтеді.

131. Ұшу нұсқаушыларын дайындаудың негізгі бағдарламалары негізінен адами факторларға, адам мен көлік әрекеті кезінде әр бөлігін анықтауға, экипаж ресурстарын, қауіп пен қателік факторларын басқаруға бағытталған.

Нұсқаушыларды дайындау бойынша бағдарламасының міндеттері:

1) нұсқаушылардың техникалық білімдерін бағдарлама бойынша қайталау және толықтыру,

2) нұсқаушыны жердегі тәртіптер мен ұшу жаттыұуларын үйретуге оқыту,

3) ұшу нұсқаушыларының білімі жоғары дәрежеде болғанына кепілдену,

4) ұшу нұсқаушыларын нұсқаушы негіздерініғ қағидаттарына үйрету және оларды өзінің біліктілігіне (FI, TRI/SFI, CRI,) сәйкес қолдану,

5) Бағдарлама келесі міндеттерге қол жеткізу үшін бағытталған:

қорларды дайындау және оқыту үшін қолайлы жағдайларды жасау,

тәжірибелік оқыту әдістері,

жердегі дайындықтар орындалатын пән тақырыптары бойынша студенттердің үлгерімін тексеру,

материалды меңгеру, бақылау үдерісі және нәтижелерді талдау,

нәтижелі білім беру жолдары, оқу процесін жеңілдеті жолдары,

студенттердің білімін бағалау және тексеру, оқыту теориясы,

дайындық бағдарламасын қңдеу, оқу мақсатына қол жеткізу үшін уақытты басқару,

сабақты жоспарлау,

аудиториялық оқыту әдісі,

оқыту оқу құралдарын қолдану,

оқушылардың қателерін түзету және талдау,

қауіп-қатер факторын басқару және экипаж ресурстарын басқару принциптерін есепке ала отыра, ұшу нұсқаушыларын дайындауға қатысты адам мүмкіндіктері.



Каталог: images -> npa
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
npa -> Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы
npa -> Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылдың І жартыжылдық анықтамасы
npa -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет