Бағдарламасының атауы және шифры «6В01902-Арнайы педагогика»



бет3/5
Дата19.10.2022
өлшемі35,95 Kb.
#153866
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тілге оқыту. Лого силлабус 2022-2023 жыл
14 апта
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы.
Сөйлеу тілі зақымдалған балаларға тілді оқыту әдістемесінің теориалық жағдайлары және оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Арнайы мектеп бағдарламасының жеке тақырыптары бойынша сыналған жұмыстың әдістері мен тәсілдерінің жүйесі. Мектеп бағдарламасын талдау, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қазақ тілін оқытудың практикалық және түзетушілік бағыттылығы, сонымен қатар дидактикалық және әдістемелік қағидалардың жүзеге асу шарттылығы. Оқушылар тілін дамыту әдістемесі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қазақ тілінде оқытуда ауызша және жазбаша тілдегі қарым-қатынасын дамыту бағыты. Сауатты оқу, грамматика және сауатты жазу әдіс-тәсілдері. Қазақ тіліне оқытудың арнайы әдістемесінің негізгі мақсаты: сөйлеу тілі зақымдалған оқушыларды оқыту, қарым–қатынас құралы ретінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру. Таным процестерін түзету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Оқу курсының типі: ЖООК
«Сөйлеу тілі зақымдалған балаларды тілге оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі грамматикасын» оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
«Сөйлеу тілі зақымдалған балаларды тілге оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеті білім беру - бойынша оқытудың мынадай нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
1. Жалпылау: арнайы білім беру жүйесіндегі тілге оқытудың мәні мен функцияларын білу және түсіну туралы мағлұматтарын; нормативтік құжаттар мен бақылау объектілерінің талаптарын ескере отырып, жоспарланған оқыту нәтижелерін бағалаудың оңтайлы технологияларын таңдау мүмкіндігін
2. Жіктеу: ЕББҚ білім алушыларды тиімді оқыту әдістері мен құралдарын; инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолданудағы шығармашылық жұмыстарды;
3. Бағалау: бағалау рәсімін ұйымдастыруда ЕББҚ балалардың оқу-танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдау және ескеру қабілетін; педагогикалық қызметке жоғары ынталандыруды;
4. Түсіндіру: тілге оқытуда ЕББҚ балалардың оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін ескере отырып оқу процесін бейімдеу ерекшелігін;
5. Шешім қабылдау: ЕББҚ балалардың оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін ескере отырып критериалды бағалау шкаласын құруды, тиісті әдістемелік құралдарды, әдістерді қолдануды таңдауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет