Бағдарламасының жетекшісі Г. Азретбергенова 20 ж


Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесі құрылымына тоқталыңыз



бет2/9
Дата16.12.2021
өлшемі102,03 Kb.
#101656
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қаржы теориясы база
Қаржы теориясы база, Қаржы теориясы база, Қаржы теориясы база
Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесі құрылымына тоқталыңыз

-"Қаржы жүйесінің" ұғымы қаржы ұғымының одан əрі дамуы жəне нақтылана түсуі болып табылады.тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын айтады.

Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйесінің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындарының өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.

Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады жəне елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын айтады.

Бүгінде Қазақстан Республикасының макро жəне микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржы қаты- настарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

- мемлекеттің бюджет жүйесі;

- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік кредит;

- жергілікті қаржы;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

- халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі: жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады жəне макродеңгейдегі экономика мен əлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады жəне микродеңгейдегі экономика мен əлеуметтік реттеу жəне ынталандыру үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидалары қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демокротизмнің үйлесу қағидаты. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына жəне шаруашылық жүргізуші субектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағида жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті əкімшілікке жəне жоғары қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындалады.
Ұлттық жəне аймақтық мүдделерді сақтау қағидаты. Аймақтарды дамытудың əлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағиданың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесінің құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымның ұлттық мемлекеттік жəне əкімшілік аймақтық құрылымына сай келеді.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидалары. Орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттары мен алдын ала айқындалып отырады. Қаржының барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық жəне нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өз ара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отырады.

Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялдық арналымының қағидасы. Қаржының əр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сəйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, жинақтық ұлттық табыстың, қаржылық ресурстардың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, қоғамдық өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есептерді нығайту болып табылады.


  1. Қаржы саясаты және қолдану жолдарын тұжырымдаңыз

Қаржы саясаты - бұл қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуы

жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің

нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы

нəтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып

табылады.

Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға жəне кеден

саясатын қамтиды. Өз кезегіндегіі мемлекеттің қаржы саясаты тек оның

экономикалық жəне əлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып

келеді, яғни қосалқы рольді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да

бағыттарын — ұлттық, геосаясатты, əскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы

болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына

негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық жəне атқарушы

тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық

ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол

жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға жəне перспективаға арналған

қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы

дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру жəне қоғамдағы əлеуметтік

тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-

қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі

ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын

жасайды жəне оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

Мезгілінің ұзақтығына жəне шешілетін мəселердің сипатына қарай

мемлекеттің қаржы саясаты: қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы

болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық жəне əлеуметтік стратегиямен

анықталып, перспективаға есептелген жəне ipi ауқымды міндеттерді шешуді

қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде

өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды

дамытудың нақтылы кезеңінің мəселелерін шешуге бағытталған.

Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты

міндеттері:

А) Елдің дамуының əрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы

ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын

қамтамасыз ету.

В) Қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық

шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу жəне пайдалану,

ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау.

Б) Экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті

қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті-экономиканы

экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың

құрылымын одан əрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру,

кəсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекттік бөліктің үлесін оңтайландыра

отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып,

жандандыру, əлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар

жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Қаржы саясатының мақсаты- қоғам дамуының аса манызды

қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық

жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кəсіпкерлік қызметті

жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаларын жүзеге асырады.

- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз

ету;

- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен



шығыстардың теңгерімділігі;

- қаржы резевтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан

жəне салалық қаржыларда қаржы резевтерінің асып түсуі)



  1. Қаржы механизмі және қолдану жолдарын тұжырымдаңыз

Қаржылық механизм – экономикалық жəне əлеуметтік даму

үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық

қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын

қалыптастырып пайдалану əдістерінің жиынтығы.

Ол қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлері, нысандарын жəне

əдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. Механизм

– бұл ақшалай табыстар мен қорларды ұалыптастырумен жəне пайдаланумен

байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары

жəне əдістері.

Қаржы механизмінің құрылымы қоғамдық шаруашылықтың жеке

бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай жəне қаржы қатынастарының сфералары

мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші

субъектілердіц қаржы .механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының

механизмі болып бөлінеді. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік

механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.

Аумақтық бөлініске сөйкес республиканың биліктің жергілікті органдарының

қаржы механизмі деп бөлуге болады

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды

қорғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық құрылым, қаржы тұтқалар

мен ынталандырмалы, ұйымдық құрылым жəне қаржы жүйесінің құқықтық

режімі, қаржыны ұйымдастыру.




  1. Қаржыны басқару мәнін түсіндіре отырып, нәтижесін көрсетіңіз

Қаржыны басқару — бұл қаржыны жəне шектесуші экономикалық жəне

əлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру жəне дамыту мақсатымен ықпал

жасау процесі жəне қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді

жұмыс істеуіне жетуді жəне мүның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді

қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының

жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің

мақсаты; қаржы механизмі — бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты —

қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нəтижесі. Бул

орайда қажетті нəтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың

əдістерімен тəсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды

арнаулы аппарат ерекше төсілдер мен əдістердің, соның ішінде əр түрлі

ынталандырмалардың жəне санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте,

бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның

беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің

экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (үштасуында) көрінетін қаржының

тұрақтылығы мен қаржының тəуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажыратісі бар: біріншіден,

мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен əлеуметтік сфераны

басқарудың тетігі, түтқасы ретінде пайдалана-ды жəне сөйтіп, қоғамдық

ендірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі

басқарудың объектісі, қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары,


қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

басқарудағы демократизм;

қаржы мəселелеріне саяси тəсілдеме (көзқарас);

басқарудағы экономикалық жəне өкімшілік əдістердің оңтай-лы үйлесуі

(үштасуы);

басқарудың ғылымилығы;

орталықтандырылған, салалық жəне аумақтық басқарудағы келісушілік;

басқарудағы жауапкершілік;

шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржы қатынастарының əрбір сферасы мен əрбір буынында басқару

субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік əдістері мен нысандарын

пайдаланады. Мəселен қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара

байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау

(болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.



  1. Қаржыны басқарудың функциялық элементтері атап өтіңіз

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржылық тұрақтылық пен қаржылық тәуелсіздік болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

1. басқарудағы демократизм;

2. қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;

3. басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;

4. басқарудың ғылымилығы;

5. орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудын келісімдігі;

6. басқарудағы жауапкершілік;

7. шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржылық қатынастардың әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақикат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделген.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.

Үйымдастыру - басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу - бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік (сақтық) қорлар, жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынаспен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржылық үдерістерді (операцияларды) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржылық аппараттың қызметін қамтиды. Бақылау қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға, қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді


  1. Қаржы аппараттары, оның құрылымын анықтаңыз

- Қаржы аппараты - қаржыны басқарумен айналысатын барлық ұйымдық құрылымдардын жиынтығы. Қаржы аппаратына қаржыны қаржы және қаржы саясаты комиссиялары мен комитеттері арқылы басқаратың заң шығарушы жоғары билік органы — екі палатадан — Мәжілістен және Сенаттан тұратын Парламент, қаржыны қаржы органдары жүйесі арқылы баскаратын жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілдікті органдары, мемлеке биліктің және өзін-өзі басқарудың атқарушы органдары, салық қызметі мен салық полициясы (қаржы полициясы) кызметі кеден қызметі органдары; министрліктер мен идаралардын қаржы басқармалары; бюджеттен тыс қорлар мен сақтандыру ұйымдарының дирекциялары; түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржы қызметтері мен бөлімдері жатады.


  1. Қаржылық жоспарлау мәніне түсініктеме беріңіз

-Қаржылық жоспарлау — қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Пайдасы


экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)

қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);

тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) адамдарға пайда келтіреді.

Тәсілдемелері

Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі).. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);

нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

Негізінен, қаржылық жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер әр салада әртүрлі.Олардың ең танымал түрлері мыналар:
өнімді өткізуден түсетін табыс;

өткізілген өнімнің өзіндік құны;

жалпы табыс;

кезең шығысы;

негізгі қызметтен түсетін табыс;

табыс салығының сомасы




  1. Қаржылық бақылау мәніне түсініктеме беріңіз

-Қаржылық бақылау - каржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрыкшалык кызмет және каржыны баскарудың функциялык элементтерінің бірі. Ол баскарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі каржыға бақылау функциясының тэн болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен толыктырғанда; бұл органдардың құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бакылаудың кұралы ретінде пайда- лану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде колдану коғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, каржыны басқарү элементтерінің (жоспарлау, есеп және талдаумен катар) бірі ретіндегі каржылық бакылау кондырмалық категория болып табыла- ды. Практикада каржының бақылау функциясы қаржылык бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бацылау функ- циясы - каржының ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау каржыға тэн объективті мазмұн ретіндегі бакылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Қаржылык бакылау жеке емес, баска функциялармен етене байланысты іс-әрекет етеді.


  1. Қаржы қатынастарын құқықтық реттеу жолдарын анықтаңыз

-Қаржы қатынастарын құқықтық реттеу, нормалар, әдістер, актілер

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржы құқығы — бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; сонымен бірге валюта және сақтық, зањнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық; реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар — құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мөжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.

Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.

Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу өдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.

Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бүзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бүзушыларға мәжбурлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыпп±лдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық ж±мсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т.б. жатады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару (атқарушы-өкімші қызмет) түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің биліктің жоғары органы — Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары — депутаттардың жиналысы — мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-µкімші қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде — басшылар (өкімдер) және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.


  1. Қаржы саясатының мақсаты неде және нақтылаңыз

Қаржы саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы.
Қаржы саясатының мақсаты- қоғам дамуының аса манызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаларын жүзеге асырады.

1. қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

2. қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

3. қаржы резевтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резевтерінің асып түсуі);

4. Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу;




  1. Мемлекеттің экономикалық іс-әрекеттеріе нелер жататынын анықтаңыз

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру.
Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.


  1. Қоғамдық тауарлары, игіліктері мен қызметтеріне құрылымдаңыз

Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер - өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттік тікелей қатысу нұскалары мүмкін бола алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдімгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды.

Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға кол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

Шығарып тастау қағидасы тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.


  1. Мемлекеттік қаржылар туралы жалпы түжырымдаңыз

Мемлекеттік каржы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі; экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттерін, қорғаныс, мемлекеттік басқару, мемлекеттік борышты өтеу мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған мемлекеттік ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қаты- настары. Экономикалық мазмұнына қарай мемлекеттік каржы әр текті, онда: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. Ол мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлуге және қайта бөлуге байланысты ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік каржы атқарымының нысандары — мемлекеттік кіріс пен мемлекеггік шығыс


  1. Мемлекеттік табыстардың мәніне түсініктеме беріңіз және жіктелу жолдарын көрсетіңіз

Табыстар (кірістер) - қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық қатегория. Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір цызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аральщ сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің жаңа стадиясына - айырбасқа көше отырып, (түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті табыстар деп корланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады) қызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары баска субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кэсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе элеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылатындығына көрініп білінеді.


  1. Мемлекеттің шығыстарының мәніне түсініктеме беріңіз және құрамын нақтылаңыз

Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды біддіреді.

Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.





  1. Салықтар туралы жалпы тұжырымдама беріңіз

Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады.

Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің ( бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.

Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.

Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы — салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.

Салықтың объектісі — салық есептелетін табыс немесе мүлік

(жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б.).

Табыс көзі — есебін салық төленетін табыс.

Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

Тұрақты прапорционалдық прогрессивтік салық ставкалары болды. Тұрақты ставкалар табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.

Прапорционалдықтар — салық объектісіне, оның жіктелінуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.

Прогресивтік ставкалар — табыстың өсіп отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа ставкас өсіп отырады. Салық салуда прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы бар адамдар тартады.

Регрессивтік — табыстың өсіп отыруына сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға пайданы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.

Салық салу — бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған.

Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады:

• Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту;

• Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;

• Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;

• Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі;

• Әлеуметтік-әділеттілік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау;

Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады.

Бұған кіретіндер:

1. Салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндетін артырған тұлға, ол заңды және жеке тұлға бола алады.

2. Сaлық нысан, яғни табыс және мүлік, осылардың салық есептеу ( жалақы, табыс, бағалы қағаз, қозғалмайтын мүлік).

Cалық көзі – бұл қоғамның таза табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.

Cалық мөлшері — салықтың маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.


  1. Салықтардың функциялары және қызметін нақтылаңыз

Салықтардың бірінші функциясы – фискалдық функция. Бұл барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Осы қызмет арқылы бюджет қоры қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тауар-ақщалай қатынастардың, өндірістің дамуына қарай бұл функция мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін айқындайды.

Салықтардың екінші маңызды функциясы – қайта бөлу. Бұл функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекеттерінің ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Ол ұлттық табысты мемлекеттік ету деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1998 жылғы – 16,6%-дан 2008 дылы 22,0%-ға дейін болды (ал Ұлттық қорды есепке алғанда – 26,4%).

Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.

Салық қызметінің міндеті – бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.

Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

Бұл шараның мақсаты – мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.

Мемлекет салық жинау арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топтары арасындағы кірісті қайта бөледі, тұрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және тағы басқа қызметтерді жүзеге асырады. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары.

Салықтардың үшінші функциясы – реттеушілік. Ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл ретте салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер қолданылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Реттеушілік функциясы салық механизмі арқылы іске асырылады. Осы функциясымен реттеуші тұтқалар арқылы ел экономикасына ықпал жасалады. Реттеуші тұтқаларға мыналар жатады:

— салық түрлері;

— салық преференциялары;

— салық санкциясы;

— салық мөлшерлемесі;

— салық салу әдістері.

Салықтың реттеуші тетіктері тек қана өндіріс сферасына ықпал жасап қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясатына, шетелдік инвесторларды ынталандыруға, шағын және орта бизнеске ықпал жасайды. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.

Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық мөлшерлемесін шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған салық мөлшерлемесі салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.




  1. Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру құрылымын атаңыз

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен

аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.




  1. Салықтар алымдарын ұйымдастыруда қандай элементтер қолданылады

Алым – қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті біржолғы жарна. Немесе алым дегеніміз, белгілі бір құқықты беру үшін төленетін міндетті жарна.

Төлемақы – қайтарылатын және эквивалентті төлем, ол мемлекет азаматтық құқық субъектісі болған жағдайда, азаматтық-құқықтық қатынастарға жанама түрде жүреді. Төлемақы сонымен қатар – уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келген тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, кейде, өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса, соларға байланысты рұқсаттарды бергені үшін заңды немесе жеке тұлғалардан эквивалентті түрде алынатын алым.


Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

Салық көзі – салық салынатын табыс.

Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады




  1. Салықтың түрлерін атап өтіңіз

Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Тура салықтарға мына салықтар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтар;

- мүлік салығы;

- жер салығы;

- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;

- көлік құралдарына салынатын салық.

Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстем түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты салықтар. Жанама салықтарға:

- қосылған құнға салынатын салық;

- акциздер;

- баж салығы жатады.

Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де жатады.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.

Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерді шоғырландырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.

Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады.

Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез-келген объектіден алған табыстарынан алынады.

Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар

Салық салу объектісіне бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес болып жіктеледі.

Нақтылы салықтар – салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы бейнесіне қарай алынады.

Дербес салықтар – салық төлеушінің салық төлейтін объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады.



  1. Бюджеттен тыс қорлардың мәніне түсініктеме беріңіз

Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінін маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын жəне заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бµлу жəне пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады:
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте əр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық жəне əлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік
Жəне аймақтық болып бөлінеді.

Бюджеттен тыс қорлардың көздері турақты жəне уақытша болуы мүмкін.


Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар: жарғылық қызмет; артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау; коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мəні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді жəне оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу жəне пайдалану нысаны.


  1. Қазақстан Респуликасының Ұлттық қорына түсініктеме беріңіз

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақ- станның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюнктурасына республикалық жəне жергілікті бюджеттердің төуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекелің тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің жəне материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына төуелділігін жəне қолайсыз сырт-қы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ үрпақ үшін қорланымды жəне елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардаң қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады.
Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы жəне тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің жəне материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарынның қалыптасуы мен пайдаланылуының қолдакылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына əлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тəуелділігін төмендетуге арналган. Қордьің тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмқіндік береді.


  1. Ақша-кредит саясатының мәні мен маңыздылығын нақтылаңыз

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол жəне қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге жəне қатаң шарт белгілеуге, сондай- ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың əлсіздігімен жəне сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.




  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтерін атаңыз

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сəйкес мынадай кызметтер мен операцияларды орындайды:

• айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасы аумағында шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

• кепіл берүшісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі жəне сыртқы қарызына қызмет көрсетүге қатысады;

• Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;

• Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісім жəне банк операцияларын жүргізүге лицензия береді;

• Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тəртіп пен міндетті сараптауын жүргізеді;

• Ол банктерге несие берүге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие берушы болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

• Банктердің жұмысына жəне шетелдік валютаны сатып алу, сату жəне айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, əрі пруденциялдық нормативтер белгілейді;

• Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

• Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі əдістерімен бəсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу жəне пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге береді;

• Қазақстан Республикасында есеп айырысу тəртібін, жүйесін жəне нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде жəне үзіліссіз жүргізүін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;

• Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады жəне валюталық операциялардың барлық түрін жүргізүге болады;

• Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жəне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жəне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;

• Бақылау жəне қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдікғ валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп брудің тізімін, формасын жəне мерзімін бекітеді;

• Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің жəне басқа шаруашылық субъектілермен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік жəне басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;

• Ұлттық банкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жəне оларды басқаруға қатысуға құқылы;

• Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу жəне инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды жəне инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;

• Қазақстан Респупликасы банктерінің жиынтық балансын құруда жəне тұрақты түрде жариялайды;

• Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құруда жəне тұрақты түрде жариялайды;

• Ішкі жəне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;

• Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған

Жағдайда клиенттердің жəне банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;

• Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады


  1. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен қызметтеріне тоқталыңыз

Қаржылық қатынас кез-келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді жəне оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтык экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан əлемдік тəжірибе мен əрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай əр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде колданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.

Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тəжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға жəне олардан кері бағыттайтын қаржы- несие институттарының жиынтығын білдіреді.


  1. Қаржы нарықтарының құрылымын ашыңыз

Қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын,дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.

1.Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары функциясын орындайтын нарық.Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады,егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса,жағымды рөл ойнауы мүмкін.

2.Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа мерзімді арзан несие болған емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны сенімді қамтамасыз ету әрі жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді.Негізгі қорларды құруға және жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі пайыз мөлшермесі бойынша алуға болады.

3.Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған жоқ.Және 90- жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен және мемлекет қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей байланысты.Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерге емес,мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды.Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады:әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарды қандай да бір нарыққа жұмсау.




  1. Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктеріне негіздеме беріңіз

ретке келтірілген тауар нарығының болуы (кез келген түрдегі және бағыттағы тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерілімдігі);

ақша айналысын реттеу, елдің Үлттық банк тарапынан қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз айналымдар бойынша эмиссияны бақылау;

несие нарығьш толык белсендендіру және коммерциялау




  1. Коммерциялық банктер және олардың жіктелу құрылымын анықтаңыз

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кəсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп, бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

- мемлекеттік;

- акционерлік;

- жеке;


- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

- аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

- əмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей жəне кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

- маманданған, яғни бір ған салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

- халықаралық;

- мемлекетаралық

- ұлттық;

- аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

- өнеркісəптік банктер;

- сауда банктері;

- ауылшаруашылық банктері;

- құрылыс банктері;

5. Филиалдар санына қарай:

- филиалсыз;
-көп филиалды


  1. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру жолдарын көрсетіңіз

Коммерциялық банктердің ұымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына жəне оның функционалдық бөлімшелері мен əр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады. Акционерлік банктерді басқару құрылымы суретте берілген.




  1. Банктің пассивтік операцияларының қызметтері мен маңызын ашыңыз

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нəтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы жəне несие сөздігінде: ''пассивтік операциялар - бұл несиелік жəне активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары’’ - делінеді.

Ал, соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нəтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.




  1. Банктердің активтік операцияларының қызметтері мен маңызын ашыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет