Бағдарламасының жетекшісі Г. Азретбергенова 20 ж


Банктің активті операциялары



бет3/9
Дата16.12.2021
өлшемі102,03 Kb.
#101656
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қаржы теориясы база
Қаржы теориясы база, Қаржы теориясы база, Қаржы теориясы база
Банктің активті операциялары. Банктің активтік операциялары оның операцияларының маңызды белігін құрайды.

Банктің активі операциясы бұл банктердің кipic табуы мен өтімділікті көтеру  мақсатында  ресурстарды  орналастыру операциясы.

Банктің активті операциялары негізгі кipic көзін құрайтын операция болып табылады.

Бұл оперцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз операциясын, бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар, активті депозитгер мен банкаралық несиелік және депозитік операцияларды жатқызуға болады.

Банк активтерінің құрылымы деп банк балнсының активінің сапасы бойынша әртүрлі баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.

Әp6ip банк активтердің ұтымды құрылымын белгілеу және


сақтау кезінде біршамa мәселелерге тап болады. Сонымен қатар,
активтердің құрылымы көбінесе елде қалыптасқан ұлттық
epeкшeлiктepiмeн де аныкталады.

Біріншi топқа: қолма-қол ақша және оған теңестірілген қаражаттар жатады, яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденток шоттағы, Орталық банктегі міндетті резервтік қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз уақыт ішінде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалган қаражаттар (мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекет кепілдендірген қысқа мерзімді қарыздар және тағы басқалары) жатады.

Екінші топқа: басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі біріншi және үшінші топтың активтерінің өтімділік деңгейіне қарағанда төмен қaзipri уақытта өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға банктердің бағалы қағаздарын (акциялар, депозиттік сертификаттар және тағы басқаларын) жатқызуға болады.

Yшіншi топқа: кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі қарыздың берілу мерзімі мен мақсатына, қарыз алушыға байланысты болады. Өтімділігі жоғары құнды қагаздарға басқа банктерге берілген және біріншi классты құнды қағаздар жатады.

Төртінші топқа: банктің негізгі құралдары жатады: ғимараттар, құрылғылар есептеу техникалары, көлік құралдары және тағы басқалары. Бұл активтер өтімділігі төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әpбip кезеңде елдегі экономикалық жағдайды ескеріп отыру қажет.

Банк өз активтерінің құрылымын олардың жекелеген топтары және түpлepi тұрғысынан алынғанда, белгілі-бір уақытқа яғни, белгілі-бір күнге, сонымен қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негізінде ол қаражаттарды активтердің бip түрінен келесі түріне ауыстыра алады. Бұл кезде қаражаттар кезі өзгермей қалуы да мүмкін немесе ақшалай қаражаттардың жаңа көздері есебінен де ауыстырылу жүргізілуі мүмкін. Банк активтерді бip түрінен екінші бip түріне ауыстырған кезде орналастырудың сенімділігі және табыстың деңгейі тұрғысынан активтерді ұтымды құрылымын қалыптастыру қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жағдайда пассивтердің құрылымы және тартылған қарыз қаражаттарынын мepзiмi де ecкepiлyi қажет.

Осы операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтімпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.

Бұған жататындар:

Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін, қысқа, орта, ұзак, мерзімді несие беру;

Халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімді пайдалынатын мүліктерді сатып алуға);

Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;

Лизингтік операцияларға несие беру;

Факторингтік операцияларға несие беру;

Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие).

Көрсетілген активтік опсрациялардың ішіндегі ең бастысы кайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының  80%-інен асып кетеді. Сонғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен катар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй сатып алуға берілетін несие үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өндеу жүргізу үшін берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер телімін жақсартуға, берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімш өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит берілетін болды.

Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді .

несиелеу операциялары – (есептеу-несиелеу);

есеп айырысу операциялары;

кассалық операциялар;

инвестициялық, қорлық операциялар;

кепілді операциялар.


  1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні мен маңыздылығын ашыңыз

-Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік жəне əлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен əл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық жəне аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немеее резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары əдетте резерв жəне сақтық, қорлары түрінде қалыптасады.Сақтандырудың экономикалық мəні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру дегеніміз — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқигалар болған кезде жеке жəне заңи тұлгалардың мүліктік мұдделерін қоргау жəне оларға материалдык, зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру жəне пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет