Бағдарламасының жетекшісі Г. Азретбергенова 20 ж


Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері мен қаржы қорлары



бет7/9
Дата16.12.2021
өлшемі102,03 Kb.
#101656
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қаржы теориясы база
Қаржы теориясы база, Қаржы теориясы база, Қаржы теориясы база
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері мен қаржы қорлары.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп- өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаларға негізделген:



- коммерциялық шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шарушылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау болып табылады.

  • жоспарлылық;

  • меншіктің барлық нысандарының теңдігі;

  • қаржы резевтерінің болуы.

Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маныздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

Жарғылық капитал- мемлекет басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады.

Тұтыну қоры мыналарды кіргізеді- бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары; ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар; материалдық көмек; еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар; Қорлану қоры: кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс; негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар; шығып қалған мүлікті өткізуден түсім-ақша; банктердің несиелері; басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Жөндеу қоры: кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады.

Валюта ќорлары: кєсіпорындар мен ±йымдардыњ валюта ќаражаттарыныњ есебінен мына кµздерден ќалыптасады: экспорттыќ валюталыќ т‰сім-аќшадан; жарѓылыќ капиталѓа т‰сетін жарналардан; банктердіњ, солардыњ ішінде шетел, басќа ќаржы мекемелерініњ жєне шетелдік зањды т±лѓалардыњ валюталыќ несиелерінен; ішкі валюта рыногында µкілетті банктер мен айырбастау пунктері арќылы валюта сатып алу; бейрезиденттер кµрсететін ќаржы кµмегі:


  1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру жолдары көрсетіңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет