Бағдарламасының «Тәрбие және Білім»


Ә) Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі



бет2/2
Дата14.12.2021
өлшемі46,23 Kb.
#100465
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Мен елімнің ертеңімін

Ә) Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watc

  • Елбасы неше құндылықты ұсынған екен?

  • Басты назарда бірінші нені ұстау керек?

Б) Топтық жұмыс

-Оқушылар, Астана қаласында өткен халықаралық көрме не деп аталады?



Тапсырмасы:

1-топ: «ЕХРО-дағы ғажайыптар» қабырға газетін шығару.

2-топ:«Болашақ Қазақстан»10 жылдан кейін менің көзіммен. Жоба қорғау.

3-топ:«Ұлттық құндылықтарымызды қастерлейік» жарнамалау.



В) «Мен кім болам?» тақырыбында  ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

«Мақалды тап» ойынын ойнайық.



Отан -   да ыстық.

Отан  -нан басталады. Т.б

  • Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар?

1-оқушы: Отан (М.Мақатаев )

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.  

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!  

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...



2-оқушы: Туған өлкем ( Өтебай Тұрманжанов)

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

3-оқушы:Туған жер (Қасым Аманжолов)
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?  

Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадіріңді келсем  білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.  



4-оқушы: «Отан»
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

Мұғалім:

Рухани жаңғыруға байланысты сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр.

- Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?

- Өздерің білетін ірі тұлғаларды атаңыздаршы?



-Жақсы.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. 

Месседжи:

Өтетін орны: ZOOM бағдарламасы

Жалпы қамту: 22 оқушы

Мақсатты аудитория: оқушылар

Спикерлер:

Жауапты орындаушылар, ұйымдастырушылар: бастауыш сынып мұғалімі Қасенова Әдемі Русланқызы ademi_2611@mail.ru 87026722462

Шақырылған журналист: Садықова Нүргүл Құдайбергенқызы Қазақстан Семей


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет