Байдильдаева Лиза Байгараевна; Алдынова Шолпан Болатбаевна; Кенжебекова Жанна Еркасымовна


Шағын жинақты мектептің жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады: «Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде



бет5/8
Дата24.02.2022
өлшемі316,72 Kb.
#133091
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жоба Лиза, Шолпан, Жанна
Панорама Сабак Бегим, Пиза 2, Сағымбаева Гүлфайруз МОК 183 СӨЖ 1, история 60-80 года

Шағын жинақты мектептің жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады: «Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде: 1) бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін; 2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін; 3) орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді»

Шағын жинақталған мектепте оқытудың қиыншылығы

  • - мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
  • - сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
  • - мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
  • - мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
  • - өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
  • - белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
  • - оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
  • - ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет