Байдулина Баян Омархановна жаса, жайна, ТӘуелсіз елім!



бет11/11
Дата25.08.2017
өлшемі2,52 Mb.
#26127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5-оқушы: Түйе табан –алыс сапар белгісі, «жүргенге жөргем ілінеді» дегені.

6-оқушы: Түйе мойын – қайраттың,қажымас еңбекқорлықтың белгісі,еңсеңді көтер деген сөз.





7-оқушы: Омыртқа –бірліктің,ынтымақтың,беріктіктің белгісі.

8-оқушы: Құстаңдай – шешендердің,ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды,жан жұбатарлық болсын деген тілекпен өнер адамдарының шапанына кестелеп тігіледі.

9-оқушы: Қолтық ою –қазақ халқы жерге төселетін текеметке салатын нақышы. Бұл төсегің жайлы болсын дегенді меңзейді.

10-оқушы: Себебі,бұл ою келдіңіздер,өз үйіңіздей көріп бүйір таяна отырып дем алыңыз деген қошемет,қонақжайлылықтың белгісі.

11-оқушы: Шебер –қолөнерге жол ашады.

Мұғалім: «Өнерсіз адам өнерден сасар,

Өнердің өзі шеберге қашар»

- деп келесі сөзді он саусағынан өнер тамған қолөнердің шеберлері әжелерімізге береміз (Ол кісілер оюлап тіккен бұйымдарымен таныстырады).

12-оқушы: Ән мен күйді төгілтіп

Інжу-маржан шашайық,

Әнші өнерін құрметтеп

Қошеметтеп қарсы алайық.



Ән: «Әнші балапан»

1-оқушы: Енгендейсің гүл-баққа

Неткен әсем сырмағы.

Көшіп қонған сырмаққа

Бар сұлулық қырдағы.

2-оқушы: Оюларға сүйеніп,

Қайран қалып тұрасың.

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғасың.

Тәрбие сағатымыздың ІІІ-бөлімінде көрмеге шолу жасалынады.

Мұғалім: -Балалар, келесі ІҮ-бөлімде

«Он саусағы майысқан,

Шебер болар ма екенбіз» атты жарысымызды бастайық.

-Жарыс бойынша топтарды бағалау әжейлерімізге тапсырылады.



1.«Мақал құрастыру»

1.Тілі-бізі (Шешеннің тілі-шебердің бізі)

2.Қолы-тоны (Қай біреудің қолы өнер,

Қолымен тіккен тоны өнер)

3.Жақсы-жаман (Жақсыдан үйрен-

Жаманнан жирен.)



2. Ою ою.

Таңдаған ою үлгісін алып,салу,оны ою.(үстел үстінде бірнеше ою үлгілері болады)

Матаға жеңіл сурет салу.

3. Ою жапсыру және тігу.

Қиып алған оюларын матаның бетіне жапсырмалайды.

Салған суретті кезек-кезек тігу.

Мұғалім:

-Жарыс бойынша топтарды марапаттау әжейлерімізге тапсырылады. «Ісмерлер» және «Оюшылар» атты номинация беріледі. (медальдар)

-Сонымен,балалар,

«Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,

Таспаны үйренбесең өре алмайсың,

- демекші біз әжейлерімізден және бүгінгі тәрбие сағатымызда көп нәрсені біліп үйрендік деп есептеймін.

«Қолөнер-мол өнер» атты тәрбие сағатымызды «Айгөлек» әнімен аяқтаймыз.



Ү. Рефлексия:

Бүгінгі ертеңгілікте алған әсерлері және қорытынды ой-пікірлерін тыңдау.



Казангапова Сулушаш Аугановна

Тақырыбы: ҚР рәміздері Әнұран,Елтаңба,Ту.

Мақсаты:Оқушыларға мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейту,оның мәні мен маңызы жайлы ұғымын дамыту.Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Еліміздің рәміздері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Әнұранды орындай отырып,тәрбие сағатымызды бастау.



ІІ. Викториналық сұрақтарға жауап алу.

ІІІ.Мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы жайлы не білеміз?

Әнұран әрқашан түрегеліп орындалады.Бұл өз елі-не,халқына деген құрмет.Өлеңнің мазмұнына көңіл бө-лу.Сөздерінің дұрыс айтылып,мәнерлі орындалуы қа-жет.

Әнұранның сөзін жазғандар:Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нажмиденов әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов.

Ту –ортасында шұғылалы алтын күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген,сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір мата.

Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар,бейбітшіліктің белгісі саналатын ашық аспанды бейнелейді.Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық,тазалық,үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді.

Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе,қазақ ұғымында қыран-дарқандық пен қы-рағылық,биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба.Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының негізіне шыңырақ алынған.Ол Елтаңбаның жүрегі іс-петтес.


Шаңырақ әлемнің біртұтастығын,мемлекеттің бас-тауы отбасы екенін бейнелейді.Қанатты пырақ мәңгі-лік өмір,шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңы-ақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани бай-лығының белгісі.Қанатты пырақ - болашаққа үміт ар-тар жас ұрпақтың арманы,самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес жұлдыз бар.Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады.Мемлекет-тің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба-сының авторлары – сәулетшілер

Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.

ІҮ.Рефлексия. “Қарлы кесек” ойыны арқылы бір-біріне сұрақ-жауап қоя отырып, Мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы жайлы білімін тексеру.

Ү.Тәрбие сағатын әнұранмен аяқтау.

Урюмова Сайраш Рахадыловна

« Дос болайық, бәріміз!»

Мақсаты: достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту,бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөз,мақал-мәтелдер, шарлар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің «Дос болайық, бәріміз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Кәне балалар барлығымыз, достық шеңберіне тұрып, қолдарымыздан ұстап достығымызды білдірейік.



Шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Қуанамыз, күлеміз

Бар әлемді сүйеміз

Қол ұстасып, қуанып,

Достармен бір жүреміз.

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:

-Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма?Ойлап көріңдерші?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос, жолдас керек.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз деп,

Исмаилді шақырайық, «Достық» әнін тамашалаңыздар.

Әнді орындайды

Жүргізуші:

Дос деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дос- қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын, қолындағысымен бөлісетін, үнемі бірге жүріп, қуаныштарын бөлісіп,қиналғанда бір-бірінің жанынан табылатын адамдарды айтамыз.

Достардың барлығын,

Сыйлап жақсы көреміз.

Өлеңіміз арқылы

Жылулықты береміз – деп,

Ортаға Айзат, Алена, Арыстан, Толқын, Сағидоланы шақырамыз.



Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.

Жүргізуші:

Көңілденіп күлеміз,

Бақытты боп жүреміз

Бәрін жаттап алатын

Біз ақылды баламыз.

Кезекті балаларға берейік, ортаға Нұрасыл,Альбина, Қанағат, Әлібек, Айдананы шақырамыз.

Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.

Жүргізуші:

Біздің сынып көп ұлтты,барлығымыз доспыз,бірге ойнаймыз,күлеміз, бірге жүреміз.

Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз астыда,

Бірге сайран құрамыз –деп Аяжан, Нұрсұлтан, Махаббаттың орындауларында «Ағайынбыз бәріміз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән орындалады.

Жүргізуші:

Достық ережесі



  • Жолдастарыңа көмектес.Егер қолыңнан бір нәрсе келсе оларға да үйрет.

  • Жолдастарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс.

  • Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін айтып, түсіндір.

  • Тату ойна, мақтанып кетпе.

  • Жолдасыңның жетістігіне қуан.

Келесі кезекті «Дос – бәрінен де қымбат»-деп, мақал – мәтелдерге берейік,

  • Айзат,Толқын,Нұрасыл,Махаббат, Бекзат.

  • Нұрсұлтан, Аяжан, Исмаил, Ақерке, Қанағат

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз,

Біз тату достармыз,

Біз үнемі біргеміз!

Ақерке мен Бекзаттың орындауында «Дос болайық бәріміз» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Балалар, барлықтарың бір сыныптың балаларысыңдар, достар қандай болу керек?

Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі,бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Барлықтарың дос болып жүрулерің керек.

Құрметті қонақтармен ата-аналар ,бүгінгі даярлық сыныбының балалары дос тақырыбына дайындаған ертеңгілігі аяқталды, келгендеріңізге рахмет!



Урюмова Сайраш Рахадыловна
Әдептен озбайық!

Мақсаты: Балаларды «Амансың ба?», «Саумысың», «Сау болыңыз», «Өтінемін» т.б. сиқырлы сөздердің мағынасы жөнінде білімдерін бекіту; баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,сезімдерін дамыту;сөйлеушіні тыңдай білу; тақпақты мәнерлеп айту.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, шарлар.

Жүргізуші: Армысыңдар құрметті ата-аналар,қонақтар!Бүгінгі біздің «Әдептен озбайық» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Ашық тәрбие сағаты мектепалды даярлық тобы мен шағын орталық бүлдіршіндерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Тәрбие сағатымыз 8 кезеңнен тұрады.

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз, күлеміз

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашанда біргеміз дей отыра,

І - кезеңімізді «Не деу керек?» әнімен бастайық, қабыл алыңыздар!

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілерінің орындауында ән орындалады.

Жүргізуші: Білер қазақ баласы: «Сәлем – сөздің анасы» демекші,

ΙΙ- кезең: «Сәлем беру» көрінісін тамашалаңыздар!

Балалар көріністерін көрсетеді.

Жүргізуші: ΙΙΙ – кезең: Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз

Біз – ынталы баламыз

Істен қызық табамыз.

«Мәнерлеп оқу» балалардың әдептілікке байланысты тақпақтарын тыңдайық.

Жүргізуші: ΙΥ- кезең: «Құпия хаттарға жауап».

І – жағдай. Анасы қызына алма сатып әкеледі.Анасы қызына түскі тамақтан соң жерсің дейді.Алма сондай қызыл, дәмді еді.Қыз: Анашым, маған алма жеуге рұқсат беріңізші.Түскі тамақты тауысып, ішіп қоюға уәде беремін, - деп сұрады.

Анасы қызына рұқсат берді ме?

/Рұқсат берді, себебі қызы анасына беріңізші деп сиқырлы сөз қолданып сұрады./

2 – жағдай. 2 бала жасырынбақ ойнап жүрді.Бірі ағаш артына тығылмақ болып жүгіргенде құлап, аяғын жарақаттап алды. Екіншісі оған тұруына көмектесіп, былай деді: сен жылама,үлкенсің ғой, қазір сенің аяғыңды байлап береміз.

Сұрақ:Мысалы Арсен дұрыс жасады ма? Сен қалай ойлайсың? Неге?

3 – жағдай. Әже ауырып жатыр.Ернар теледидардың дауысын қатты шығарып, күліп отыр.Ернардікі дұрыс па? Неге? т.сс. сұрақтар қою, жауап алу.

4 – жағдай.Назерке көйлегін жыртып алды. Қалай жұбатар едің?

Тәрбиеші: Балалар әдепті бала ақылды, білімді болуы керек. Білімдеріңді көрейік деп ойын ұсынады.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы жауап алады. Мысалы: тәрбиеші жағдайды оқиды, бала ойланып жауап беруге тырысады.

Жүргізуші: Υ- кезең: «Әдепті сөздер» ойынын бастайық. Ойынға 8 бала қатысады. Барлығымыз шеңберге тұрамыз. Допты лақтырып қағып алу арқылы бір – бірімізге әдепті сөздер айтамыз. Мысалы: Сәлем, Рахмет, Қалың қалай?

Жүргізуші: ΥΙ- кезең: «Әдептілік ережелері». Түрлі суреттер арқылы әдептілік ережелері туралы айту.


  1. Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады,көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

2.Әрқашан сыпайы болу керек.Сыпайылық айналадағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету.Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

3. Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

4. Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

5. Ескертусіз үйден, балабақшадан кетіп қалмайды.

Жүргізуші: ΥΙΙ- кезең: «Жақсы сөз – жарым ырыс», дейді халық,

Әрқашан жүргей соны есіңе алып. Ортаға даярлық сыныбының бүлдіршіндерін шақырайық, мақал - мәтелдер.

Әдепсіз өскен адамнан Әдепсіз бала

Тәртіппен өскен тал жақсы. Аяққа басылған шала.


Әдепті бала Әдепті елдің баласы

Ата-анасын мақтатар Алыстан сәлем береді

Әдепсіз бала

Ата – анасын қақсатар.


Сіз деген әдеп Әдепті бала арлы бала

Біз деген көмек. Әдепсіз бала сорлы бала.


Аға әдепті болса, іні әдепті Мейірімділікті анадан үйрен

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті. Әдептілікті данадан үйрен.

Жүргізуші: ΥΙΙΙ- кезең: «Ән – көңілдің ажары».

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз!

Бүлдіршіндердің орындауларында «Біз өмірдің гүліміз» атты әнді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп, тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Урюмова Сайраш Рахадыловна
«Жайнай бер, жасай бер - Қазақстан»

Топ іші әсем безендірілген, шарлар, нақыл сөздер ілініп тұр. Көңілді әуен ойнап тұрады.


Жүргізуші: Құрметті ата- аналар мен қонақтар сіздерді 16-шы желтоқсан

тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі Қазақстан

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жайнай бер, жасай бер -

Қазақстан» атты ертеңгілікті шағын орталық бүлдіршіндері ұсынады.

Ата – бабам арман еткен,

Егеменді қазақ жерім

Қуанышын көптен күткен

Құтты болсын, дарқан елім



Жүргізуші: Сахнаға кішкентай бүлдіршінімізді шақырайық. «Ел қорғауға әзірміз» әнін қабыл алыңыздар. (Ақжан,Бекзат, Диас)
Жүргізуші: Бала,бала баламыз

Балдай тәтті баламыз

Бала болып ән салып

Би де билей аламыз

Ақерке, Махаббат, Айдана, Алсудың орындауларында «Ақ көгершін» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Ортаға өз «Туған жер, Отан» туралы тақпақтарды мәнерлеп оқуға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.(Диас, Айхан, Алсу, Нұркелді, Айзат,Арсен)
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз бен ертегідей бізге жеткен,

Құрметті әншілерді қарсы алайық

Ортаға Махаббатпен Жансұлудың орындауларында «Жан сырым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде

0Ешкі жүні бөртеде ... деп ертегілер еліне саяхатқа барайық. Сіздердің назарларыңызға шағын орталық бүлдіршіндердің қатысуымен «Жеті лақ» ертегісін тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Ризагүл

Лақтардың анасы: Ақерке

Лақтар: Алсу, Айхан, Арсен, Айзат, Әлібек, Айдана, Нұркелді

Қасқыр: Ақжан

Ісмер: Диас
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

дей отыра «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін Айдана мен Ризагүлдің орындауларында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Тәлім алған отбасынан өнегелі

Өнерлілер таң қалдырған талай елді

Ән салсақ, би де билеп, жыр жырласақ

Ешкімнен қалыспаймыз біздер енді

Ортаға Ақжан мен Диастың орындауларында «Қара жорға » биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Тәуелсіздік - тұғырым

Егемендік ұлы ұғым

Жаса, алға Қазақстан

Шашып елге күн нұрын


Жайнай бер, елім мәңгілік

Арайлап атсын таң күліп

Шыңдардан шырқау көрінсін

Сұңқарың мен сәйгүлік

Осымен бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған «Жайнай бер, жасай бер - Қазақстан» атты ертеңгілігіміз аяқталды! Көріп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.


Урюмова Сайраш Рахадыловна
Ертеңгіліктің тақырыбы: «Туған тілім-ана тілім»

Мақсаты: Тәрбиеленушілерді өз тілін ардақ тұтып, құрметтеуге үйрету,ана тілінің қадір қасиетін түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар таза, инабатты, сыпайы болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Топ іші әсем безендірілген, шарлар, нақыл сөздер ілініп тұр. Көңілді әуен ойнап тұрады.

Ертеңгіліктің барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші:

-Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар және қонақтар! Бүгінгі біздің тіл мерекесіне арналып, ұйымдастырылған «Туған тілім – ана тілім» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Егеменді ел болып, тереземіз теңесіп,елімізді басқа ел танып жатқанда, ұйымдастырылып отырған мұндай мерекелік іс-шараның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор.

Ал енді даярлық сыныбының балаларын тыңдайық, не дейді екен.Ол үшін бүлдіршіндерге мына сұрақтарды қоялық:



  • Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Қазақстанда.

  • Мемлекетіміздің ел ордасы қалай аталады?

  • Астана

  • Дұрыс айтасыңдар, Астана қаласы.

  • Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

  • Қазақ тілі.

  • Қазақ тілі , ана тіліміз, ана тілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Ортаға Дариғаны, Айаруды, Адияны шақырамыз.

Дариға Айару

Ана тілім - бал тілім Ана тілі қаның бұл

Өзің барда шалқыдым Жан бітірер тасқа да

Өз тілімде ән шырқап Қуат берер нәрің бұл

Термелетіп балқыдым Үлкенге де, жасқа да.
Адия

Ақыл – ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның

/Балалар өз тақпақтарын айтады/

Жүргізуші:

- Жарайсыңдар балалар.

- Кәне айтайықшы, біз қай ұлтпыз?

- Біздің ұлтымыз қазақ.

- Дұрыс айтасыңдар.Біздің ұлтымыз қазақ, біздің тіліміз қазақ тілі.Басқа

ұлттармен сөйлескен кезде орыс тілінде сөйлейміз.Өйткені орыс тілі-

көптеген ұлттардың ортақ тілі екен.

Ортаға Алдиарды, Гульнараны және Мирасты шақырамыз.



Алдиар Гульнара

Өсірген ой, білімді Өзге тілді үйренсең

Сүйем туған тілімді Өркендейді адамдық

Мақсат етем әр сөздің Өз тіліңнен жиренсең

Мәнін терең білуді Өлім, қылмыс, надандық
Мирас

Тіліңді үйрен күнде сен

Ол іс деме жай ғана

Өз тіліңді білмесең

Білгішпін деп ойлама

/Балалар өз тақпақтарын айтады/

Жүргізуші:

Ана тілім – тірегім

Ана тілім – жүрегім

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін

Барлық балалардың орындауында «Ана тілі» әнін қабыл алыңыздар.



/Балалар хормен ән айтады/

Жүргізуші: Ана тілім- өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңдесемде жарасар,

Ана тілім – баға жетпес өнерсің деп ортаға Інкарды, Ринатты, Нұрайды шақырамыз.



Інкар Ринат

Ана тілі-біздің туған анамыз Ана тілің арың бұл

Анамыздай сыйлап, бағып – қағамыз Ұятың боп тұр бетте

Ана тілін бағаласақ қалай біз Өзге тілдің бәрін біл

Өзіміздің сондай болмақ бағымыз Өз тіліңді құрметте
Нұрай

Ан тілін білмесең

Қадірлісің кімге сен

Ана тілі арқылы

Тарихыммен тілдесем

/Балалар өз тақпақтарын айтады/
Жүргізуші: Келесі кезекті мақал –мәтелдерге береміз,тіл туралы қандай мақал- мәтел білеміз?

Алдиар

Тілмен бидай қуырады



Гульнара

Басқа пәле-тілден



Інкар

Тіл – көңілдің кілті



Айару

Тіл тәтті, бауыр қатты



Нұрай

Тіл қылыштан өткір.



Ринат

Ең тәтті де-тіл,

Ең ащы да – тіл.

Дариға

Ең жұмсақ та – тіл,

Ең қатты да –тіл.

Адия

Тіл буынсыз, ой түпсіз.



Мирас

Он пәленің тоғызы-тілден.



Жүргізуші: Біз балдырған баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.

Бейбіт таңда бас қосып,

Шырқап әнге саламыз деп кезекті әнге береміз.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындайтындар даярлық сыныбының бүлдіршіндері

/ барлық балалар ән шырқайды/

Жүргізуші: Балалар, көңілімізді бір сергітіп алайық,ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты: «Ойнаймыз да, ойлаймыз»

Ойынның шарты: жүргізуші қазақ, орыс тілдерінде сөздер айтады, қатысушылар жауап береді. Қандай бала көп сөз айтса, сол балаға жұлдызша беріледі.Жұлдызшаны көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мысалы: Орыс тілінде мына сөздерді қалай айтамыз: Мысық –кошка, гүл-цветы,түлкі –лиса, аю-медьвед, нан-хлеб, қасық –лошка, су-вода,бақа- лягушка, қасқыр – волк, жаңбыр- дождь, қалам- ручка, көз – глаза, қой- баран, жылан- змея,күн- солнце,үй – дом,бумага – қағаз. т.б.

Қазақ тілінде мына сөздерді қалай айтамыз: корова –сиыр, зонтик-қолшатыр, игрушка – ойыншық, книга – кітап, морковь-сәбіз, огурцы-қияр,снег-қар, заяц- қоян, курица-тауық. ножница –қайшы,молоко – сүт .т.б

/ ойынның жеңімпазын анықтап, барлық балаға сыйлық тарату/



Жүргізуші: Туған жері – түп қазығы, айбынды,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт – санасы тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі – деп бүгінгі Тіл мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз, бүлдіршіндердің өнерлерін көріп, тамашалағандарыңызға рахмет.Осындай мерекелерге келіп, бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап отырыңыздар. Келесі кездескенше аман болыңыздар.








Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет