Байырғы қазақ өлшемдері


Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі. Құлаш



бет3/4
Дата23.04.2024
өлшемі30,46 Kb.
#201222
1   2   3   4
Байланысты:
матем реферат
гост казак тили, ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі
Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі.
Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі.
Алақан - төрт еліден сәл үлкендеу өлшем, ашылған алақанның еніне тең.
Тұтам - таяқ немесе арқанды ұстап жұмылған жұдырықтың ені, шамамен 8-см-ге тең ұзындық, төрт еліден сәл үлкен.
Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады.
Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген.
Шынтақ - шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралықты білдіреді, шамамен 70см-ге тең болған.
Қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады.
Құлаш - иық деңгейінде екі жаққа кере созылған екі қол ұшының арасы, шамамен 165-175 см тең.
Қашықтық өлшемдері
Қашықтық өлшемдерінің ең көне әдісі - қашықтық бөліктерін уақыт бөліктерімен салыстыру арқылы анықтау тәсілі. Соның негізінде халықтық өлшемдер жүйесінде қашықтыққа қатысты түстік жол, түстік жер, күншілік жер/жол, айшылық жер/жол деген өлшемдік ұғымдар пайда болған.
Түстік жер - салт атпен түске дейін жүріп өтетін қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 40-50 км болады.
Күншілік жол - атпен бір күнде жүріп өтетін қашықтық - 60-80 км-ге тең болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет