Байсеитова н. М



бет17/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
2 – ж ұ м ы с. Төменгі ағыс жолы. Төменгі ағыс жолының негізгі бөліктерімен – сүзгілі түтік және оның серіктерінің клетка құрылымымен танысу үшін асқабақ сабағынан жасалған препаратты пайдаланады. Осы препаратқа зер салып қараса, оның ішінде қысқарақ сүзгілі түтіктер көрінеді. Бұлар ұштары келте келген паренхималық клеткалар. Сүзгілі түтіктің осы сияқты паренхималық клеткалары тік бағытта орналасып, бір-бірімен өзара ұштасып жалғасады. Екеуінің ұштасқан беттері кәдімгі сүзгінің түбі сияқты, тесік-тесік болып торланып бітеді, сондықтан мұны сүзгілі тақта дейді. Сүзгілі түтіктердің тек екі ұшында ғана емес, оларға қосымша бүйірлерінде де тор тесіктері болада. Бұл тесіктер арқылы өзіне коршілес орналасқан клеткаларға органикалық қорек заттары өтіп, оларды нәрлендіреді. Төменгі ағыс жолының негізгі бөлшектерінің бірі – оның серік клеткалары. Сүзгілі түтік пен сүзгілі клетканың жанасқан беттерінде поралар болады, солар арқылы сүзгілі түтік пен сүзгілі клеткалар бірімен-бірі қатынасады. Бір сүзгілі түтік пен сүзгілі клеткасының саны екеу не үшеу болуы мүмкін.


Тапсырмалар:
1. Ақжелкен (хрен) тамырын мацерияциялап, олардың түтіктеріндегі және клетка қабырғаларындағы қарапайым, жиекті пораларын қарау.
2. Асқабақ сабағы өткізгіш шоғының кесіндісінен ксилема мен флоэма элементтерін бақылау.
3. Қыранот (орляк) папоротнигі тамыр сабағының ұзын кесіндісінен сатылы түтіктерді қарау.
4. Қарағай сүрегінің ұзын кесіндісінен жиекті поралы трахеидтерді көру.
3-жұмыс. Өткізгіш талшық шоқтар.


Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Жүгерінің (Zea mays) жас сабағы, плаунның (Lycopodium hioppuris), сүйелшөптің (Chelidonium majus), асқабақтың (Cucurbita Pepo), қиярдың (Cucumis sativus) сабақтары, інжугүлдің (Convallaria majalis) қыраноттың (Pteridium aguilinum) тамырсабақтары. 2. Осы аталған өсімдіктердің дайын препараттары. 3. Реактивтер: глицерин, хлор-цинк-йод, флороглюцин ерітіндісі, тұз қышқылы, суға ерітілген анилин немесс метал көгі, суға ерітілген сафранин, абсолюттік спирт. 4. Микроскоп және онымен жұмыс жасау үшін қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет